Семинар сабағының жоспары:
1.Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы.
2.Қала құрылысының өркендеуі.
3.Алтын Орда кезеңіндегі Дешті Қыпшақтың мәдени дамуы (жаңа археологиялық ашылымдар).
Семинар сабағының мақсаты: Алтын Орданың мәдени-өркениеттік мұрасының ерекшеліктеріне талдау жасап, зерттеу еңбектері арқылы кешенді түрде қарастыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Алтын Орданың мәдени-өркениеттік мұрасының ерекшеліктеріне, зерттелу мәселесіне жаңаша талдау жасап, қала мәдениеті, архитектурасы, өнер, білім, діни көзқарастардың қалыптасуы туралы деректер мен зерттеу еңбектеріндегі жаңа көзқарастарға ауызша жауап береді. Өнер мен діннің, рухани мұрасының қалыптасуы мен аймақтық ерекшелігін анықтап, қала мәдениетіне сараптама жасауды үйренеді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Алтын Ордада әдеби тіл қалыптасты қашан қалыптасты?
2. Қандай хандардың тұсында мемлекеттің мәдени өркендеуін байқаймыз?
3. Алтын Ордада қала құрылысы қалай өркендеді?
4. Алтын Орда билеушілері қандай елдермен мәдени және діни байланыстар жасады?
АЛТЫНШЫ ТАҚЫРЫП: Қазақтардың XIV – XVIII ғғ. басындағы мәдениеті
Сабақтың мазмұны: Моңғол шапқыншылығы кезінде біршама әлсіреген шаруашылық XIII ғасырдың екінші жартысы мен XIV ғасырда қайта жандана бастады. Көшпелі тұрмыс үйдегі қолөнер мен кәсіпшіліктің одан әрі дамуын және жетілдірілуін қажет етті. Сол кездегі жазбаша деректер мен археологиялық материалдар моңғол шапқыншылығы дәуірінен кейін-ақ бірқатар кәсіби қолөнердің болғанын көрсетеді. Әсіресе, көшпелі тұрмысқа лайықталған ұсталық, теріден былғары илеу, тоқымашылық, тігіншілік, киіз басу, зергерлік, қару-жарақ жасау, ыдыс жасау қолөнерлері басым дамыды. Оңтүстіктегі қалалардың қайта жандануы да қолөнер кәсіпшілігінің одан әрі дамуын тездете түсті. Көшпелі халық пен отырықшы халықтың мәдени байланысы үзілген жоқ.
Көшпелілердің негізгі баспанасы киіз үй одан әрі жетілдірілді. Киіз үйдің сүйегін — кереге, уық, шаңырағын жасайтын ағаш шеберлері болды. Ибн-Рузбиханның мәліметтеріне қарағанда көшпелі халықтар ағаш өндеуді, киіз үйлер мен арбалар жасауды жетік меңгерген. Орта ғасырлық деректер бойынша олар арбаға орнатылған үйлерді де жасай білген. Ағаштан жасалған кереге, уық, шаңырақтары мінсіз келген. Үйдің жан-жағы және үсті неше түрлі киізбен, қой терісімен жабылған. Бұл үйлер өте әсем және демалып жатқанда жиырмадан астам адам сиятын болған.
Ислам діні халық санасына бейбіт жолмен сіңісті. Қазақстанның кең-байтақ территориясы мен Еуразия аумағын мекендеген түркі ұлыстары ІХ ғ. басында Ислам дінін қабылдап, кейін осы территорияға иелік еткен ұлыстардың ұрпақ жалғастырған халықтары өз дүниетанымына, мәдениетіне Ислам құндылықтарын дәстүрлі бағдар етіп салт-дәстүрімен біріктірген. Халқымыздың асыл қазынасы ауыз әдебиетіміз арқылы Ислам құндылықтарының діни-рухани насихаты – поэзия, музыка, шешендік, көркем сөздің көмегімен жүрген, әрі ондай діни насихаттың әсері ерекше болғандығын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |