2. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілік құқық субъектісі ретінде. Қазақстан Республикасы мемлекет басшысының құқықтық мәртебесі 1995 жылғы 26 желтоксандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заң күші бар Президенттің Жарлығымен және Конституциямен анықталады. ТМД елдерінде заң шығарушы салыстырмалы сараптама кезінде осы мемлекеттердің әр қағидасында Президент мәртебесінің жалпы және ерекше аспектілерінің болуы, осындай мемлекеттік институт қалыптасқан жерлерден көрінеді. Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілік-кұқықтық мәртебесі:
-
жоғары лауазымды тұлғаның мемлекеттік органдар жүйесінде әлеуметтік-құқықтық тағайындалуы;
-
сайлау тәртібі (құрылуы, тағайындалуы).
-
кұзіреттері (компетенция) мен өкілеттіліктері;
-
басқа органдармен қарым-қатынас тәртібі;
-
жауапкершілік;
-
әрекет кепілдігі;
Қазіргі заң шығаруға сәйкес Президент Қазақстан Республикасының басшысы және жоғарғы лауазымды тұлға болып танылады. Халық бірлігінің және мемлекеттік биліктің, Конституцияның тұрақтылығының, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының символы, гаранты болып саналатын Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жұмыс атқаруын және халық алдында билік ұйымдарының жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Кандидатқа қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;
- активті сайлау құқығына ие;
- жас мөлшері 40 - (шексіз);
- Қазақстан Республикасының территориясында тұрақты 15 жылдан кем емес өмір сүруі керек;
- соттылығы болмау керек;
- мемлекеттік тілді жетік меңгерген болуы шарт;
- бір тұлға екі реттен артық Президент бола алмайды;
- өкілетті органның депутаты болмауы қажет;
- оқытушылық қызметтен басқа кәсікерліктің немесе жалақы төленетін кәсіптің кез-келген түрімен айналысуға тыйым салынады.
Президент жалпы халықтық жасырын дауыс берумен, жалпы, тең, тікелей сайлау арқылы 7 жыл мерзімге сайланады. Президент өзінің қызметін қаңтардың 2 сәрсенбісінде ант беруден бастайды, оған Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелері, Жоғары Сот өкілдері және республиканың бұрынғы Президенттері қатысады. Егер Президент кезектен тыс сайлау арқылы сайланса, онда ант беру сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап, бір аи Ішінде жүзеге асады. Мемлекет басшысы өз міндеттерін орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясы және басқада заң актілері құқықтық, ұйымдық, әлеуметтік кепілдіктер орнатады. Берілетін құқықтық кепілдіктер:
Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай құқықтары бар:
- халықтың және мемлекеттің атынан сөз сөйлеуге;
- халық бірлігі және мемлекеттік биліктің, сонымен қатар Конституция тұрақтылығының кепілі болуға;
- мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жүмыс атқаруын қамтамасыз етеді;
- Конституцияның 44-бабында бекітілген кең өкілеттіктерге ие. Әрекеттің негізгі бағытына байланысты келесі өкілеттіктері атап өтуімізге болады.
- мемлекеттік егемендігінің және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық қатынастарда, ішкі саяси өмірде жүзеге асырады;
- мемлекеттік билік институттарын және органдардың лауазымдарын айқындау, қалыптастыру, кұру;
- жарғылар мен бұйрықтар шығару, олар республиканын барлық территориясында заңды күшіне ие, сонымен қатар Конституцияда қаралған жағдайда заң күшіне ие заңдар шығару;
- Президент өкілдерін жүйелеуді (классификациялауды) бірнеше негізге байланысты жүргізуге болады, мысалы түрақты және уақытша жіберілген өкілдер.
Ұйымдық кепілдік:
- кезекті және кезектен тыс Парламент сайлауларын тағайындайды;
- Парламент және Үкімет өкілдерін Конституцияда қарастырылған жағдайға сәйкес мерзімінен ерте тоқтату құқығы бар;
- Үлттық Қауіпсіздік Комитетін және Мемлекеттік Тергеу комитетін кұруға құқылы;
- атқарушы және биліктің басқа тармақтарын ұйымдастыру жүйесіне әсер ету;
- ерекше маңызды мәселелер жөнінде Үкімет отырыстарын басқарады;
- Президент әкімшілігін құру.
Әлеуметтік кепілдік:
-
Президент және оның жанұясының қорғалуы, олардың қамтамасыз етілуі мемлекет есебінен жүзеге асырылады;
-
төте және белсенді сайлау құқығы, сайлау институттары арқылы халықпен үнемі байланыста болу, референдум және жыл сайынғы халыққа жолдауы арқылы жүзеге асырылады. Жауапкершілік Президент мәртебесінің әкімшілік-құқықтық әлементі ретінде өзіне тән ерекшеліктерге ие болады.
Президент Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабына сәйкес тек мемлекетке опасыздық жасағанда жауапқа, тартылады және лауазымынан тек Парламент айыруы мүмкін. Кінасын қарастырып, шешімге келу үшін Парламенттің төменгі палатасының депутаттары, яғни Мәжілістің 1/3 депутаты қатысады. Кінәсін анықтау Сенатпен ұйымдастырылып, Сенаттың жалпы депутаттар санының көпшілік дауысы арқылы шешіліп, Парламент Палаталарының бірлескен отырысына қаралуға беріледі. Нақты шешім бұл сұрақ бойынша Жоғарғы Соттын қорытындысымен депутаттардын 4\3 дауысы арқылы шешіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі. Үкімет Қазақстан Республикасының атқару билігін жүзеге асырады. Конституцияға сәйкес ол атқарушы органдар жүйесін басқарып, қызметтеріне жетекшілік етеді. Үкіметтің қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасы Конституциясы, 1995 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы бойынша қабылданған «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» және ұйымды анықтайтын, сонымен бірге органның қызметін анықтайтын Президент пен Парламеттің актілері болып табылады.
Үкімет құрамы - Премьер-Министр және үкіметтің мүшелері кіретін ұжымдық орган. Онын, әкімшілік-құқықтық мәртебесі бірнеше ерекшеліктермен ерекшеленеді: құрылу тәртібі, қызметінен кетіру (отставка) мен өкілеттілігін тоқтату институтымен;
1 Үкімет басшысы тағайындалғаннан кейін 10 күндік мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылысы мен құрамы жөнінде ұсыныс жасайды;
2. Үкімет Президенттің қатысуымен кұрылады;
3. Үкімет мүшелері халыққа және Президентке ант береді;
4. Үкімет барлық істерінде Президент алдында жауапты және Парламентке Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырылған тәртіп бойынша есеп береді. Үкімет атқарушы билікке қатысты сүрақтарды шешуге байланысты өкілеттілікке ие; 5. бұл негізгі бағыттағы әлеуметтік-әкономикалық саясат, қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және көрсетілген бағыттар бойынша орталық және жергіліқті атқару органдарына жетекшілік етуді жүзеге асыру;
6. Парламентке республикалық бюджетті дайындап, таныстыру және оның орындалуын қамтамасыз етіп, ол туралы есеп беріп отырады;
7. мемлекеттік меншікті басқарады;
8. Мәжіліске заң жобаларын енгізіп, олардың орындалуын қамтамасыз ету;
9. Ішкі саясатты жүргізу туралы шаралар қабылдау.
Халық шаруашылығымен байланысты сұрақтарды шұғыл шешу үшін тұрақты орган ретінде Үкіметтің Президиумы қызмет етеді. Оның құрамына Премьер-Министр; бірінші орынбасар және Премьер-Министрдің орынбасары кіреді. Премьер-Министр үкімет жұмысында алқалылықты (коллегиялықты) қамтамасыз етеді. Президенттің тапсырмасы бойынша, ол Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастарда таныстырып, үкіметаралық келісімдерге қол қояды және үкімет кеңесінде қарастыруды талап етпейтіні мемлекеттік басқару туралы мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Премьер-Министрдің орынбасары атқаратын міндетіне сәйкес министрліктер мен үкіметтің ведомстваларына тәуелді органдардың қызметтерін үйлестіруді (координациялауды) жүзеге асырады. Заңның орындалу және Парламенттің басқа да актілері, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен қаулысы негізінде Үкімет қаулы шығарып, оның орындалуын ведомстваға тәуелді органдар арқылы тексереді.
Үкіметтің мүшелері үкімет қабылдаған шешімдерге, олар шешім қабылдауға дауыстарын бермесе, сонымен қатар өз келісімдерін бермесе де жауапты болады. Заң бойынша үкімет мүшелерінің құқықтары белгілі органның депутаты болуға, басқа лауазымды міндет атқаруға және кәсіпкерлікпен айналысуға шектеу қояды. Сонымен қатар оларға дәріс беруге және ғылыми басқа да шығармашылықпен айналысуға рұқсат беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттілігі Президенттің өкілеттілік мерзімімен өлшенеді. Сонымен қатар Үкімет өзінің өкілеттілігіне сәйкес құқықтық, ұйымдық және әлеуметтік кепілдікке ие болады.
Құқықтық кепілдік:
-
үкіметтің қызметі Конституция және заң негізінде, биліктің жеке және тәуелсіз болып тармақталу негізінде жүзеге асады;
-
өкілеттілік негізінде бүкіл территорияға міндеттілік күшіне ие қаулы қабылдайды;
-
өкілеттілік негізінде Конституция және заң, Президент қаулысы бойынша билік көздерін (ресурстарын) бөледі. (әкономика-қаржылық, кадрлық және ақпараттық);
Үйымдык кепілдік:
- атқарушы органдардың қызметіне жетекшілік ету;
- үкімет құрамына кірмейтін жетекшілерді лауазымды міндетке тағайындап, одан босатады;
- ақпараттық-сараптама, атқару және шаруашылық функцияларын атқаратын үкімет аппаратын құрады.. Әлеуметтік кепілдік:
- еңбек ақы және қамтамасыз ету, яғни, асырау мемлекеттік бюджеттен бөлінеді;
- қорғау, медициналық қызмет көрсету және басқа да әлеуметтік төлемдер мемлекет бюджеті есебінен жүзеге асырылады.
Заң бойынша үкімет өкілеттілігінің тоқтатылу және қызметінен кету (отставкаға) институты қарастырылған. Үкімет өздерінің өкілеттілігі мен функциясын әрі қарай жүзеге асыруын мүмкін емес деп тапса, онда өздерінің өкілеттілігін тоқтату жайлы Президентке хабардар етуге құқылы. Қазақстан Республикасының Президенті 10 күн ішінде өкілеттілігінің тоқтатылуы немесе тоқтатылмауы жайлы сұрақты қарастыруға тиіс. Егер тоқтатылуын қабылдаса, онда үкіметтің және оның мүшелерінің кызметі тоқтатылады. Премьер-Министр отставкаға кетсе, онда үкіметтің өкілеттілігі де тоқтайды. Егер үкіметтің және оның мүшелерінің отставкаға кетуі кабылданбаса, онда Президент әрі қарай міндеттерін атқару туралы тапсырма береді. Егер, үкіметтің отставкаға кетуі Парламенттің сенімсіздік вотумымен байланысты болса, Президент Парламентті таратуға құқығы бар. Президент өз бастамасы (инициативасы) бойынша да үкіметтің өкілеттілігін тоқтатуға және кез келген мүшесін лауазымды міндетінен босату туралы шешім қабылдауға құқылы.
Министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомствалар -атқарушы биліктің орталық органы. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомствалар заңды атқарушы биліктің мемлекеттік органдары жүйесінің орталық органы ретінде қарастырылады. Олар мемлекет өміріндегі әр саладағы басқаруды жүзеге асырады. Сонымен бірге үкіметтің заңдары мен актілерінің орындалуын қалыптастырады.
Министрлік - мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты ұйымдық форма. Дәстүр бойынша әкімшілік құқықта министрлік әкімшілік-саяси, әкономикалык, әлеуметтік-мәдени сферада, қандай да бір сала арқылы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырушы орган ретінде қарастырылады. Мемлекеттік комитетке - салааралық басқару функциясын атқару тән. Министрліктер мен Мемлекеттік комитет Қазакстан Республикасы Президентінің қатысуымен құрылып, қайта құрылады, олардың жетекшілері лауазымды орынға Президент тарапынан тағайындалып, орнынан босатылады. Ал Бас Прокурор мен Үлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасын тағайындау кезінде Конституцияға сәйкес Сенаттың келісімі қажет. Министрліктер мен мемлекеттік комитеттің құқықтық және әкімшілік-құқыктық мәртебелері әр түрлі заңдар мен актілерде көрсетіледі, олардың кызметтері бірінші жетекшілері және орынбасарлары арқылы жүзеге асырылады. Орынбасарларды Министрлердің ұсынысы бойынша үкімет тағайындайды. Ал ведомстваларға тек орталық органдар ғана емес, сондай-ақ Департаменттер, мемлекеттік комиссия және инспекциялар да жатады. Ал орталық мемлекеттік органдағы ведомства - ол белгілі бір министрлік немесе мемлекеттік комитет негізінде жеке салааралық басқару немесе арнайы салалық функцияларды атқарады. Ведомствалар ішінде 2 топты бөліп көрсетуге болады: 1) үкіметте құрылатын ведомства; мұнда ведомства Президенттің қатысуымен құрылып, ұйымдастырылады. 2) министрлік құрамында құрылып, қызмет ететін ведомства (қаржы министрлік жүйесінде құрылған қаржы-валюталық бақылау комитеті). Екінші топтағы ведомствалар өз тарапынан актілер шығарып, әкімшілік жауапкершілікке тарта алмайды және жеке билік өкілеттілігін жүргізе алмайды. Сонымен бірге тағы да бір айта кететін жағдай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заң бойынша оған жатпаса да, республикалық мәртебесі бойынша орталық мемлекеттік органға жатқызылады. Бұл органдар өзіндік ведомствалар рөлін атқарады.
Жергілікті атқару органдары. Атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын облыстар, аудандар, қалалар, қала аудандарындағы әкімнің басқаруымен жергілікті орган атқарады. Жергілікті атқару органдарының қызметтері белгілі қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
- Үкіметке, Президентке және жоғары тұрған әкімшіліктердің басшыларына есеп береді;
- заңдылық;
- азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтары және бостандықтарын қамтамасыз ету;
- өзінің қызметі мен қабыддаған шешіміне жауапкершілік.
Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңды актілері арқылы анықталады. Әкімдердің қызметтерін үйымдық, құқықтық және материалды-техникамен камтамасыз ету үшін аппарат құрылады. Сондай-ақ, консультативтік - кеңесші орган - коллегия құрылуы мүмкін, оның құрамын әкім тағайындайды. Коллегияның отырысы, қажет кезде маслихат хатшысының шақырылуымен өтеді. Облыс, қала және астана әкімдерін лауазымды міндетке Қазақстан Республикасының Президенті тағайындап, міндетінен босата алады: Барлық әкімшілік-территориялық бірліктің әкімдері:
-
өз құзіреті бойынша мемлекеттік-реттеу өкілеттілігін орындайды;
-
территорияға сәйкес белгілі күшке ие шешімдер қабылдайды
Әкімдердің қызметтерінің негізгі бағытына мыналар жатады:
-
белгілі территорияға сәйкес әкономикалық және әлеуметті даму туралы бағдарлама жобасын жасап; маслихаттың бекітуін ұсыну;
-
мәслихаттың бекітуіне бюджет жобасын ұсынып, онын орындалуын қамтамасыз ету;
-
коммуналдық жеке меншікті басқару;
-
жергілікті әкімшілікке лауазымды қызметке тағайындау және босату;
-
Қазақстан Республикасының «жер туралы заңы» бойынша жер қатынастарын реттеу;
-
қарыз (ссуда) және басқа да ұзақ мерзімдік міндеттемеліктер бойынша шешім қабылдау. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңы бойынша әкім әкімшілік бірлікке сәйкес облыста, ауданда, қапада басқа өкілеттелік атқара алады. Әкім жалпы қаулы мен жарлық қабылдап, орынбасарлары тапсырыстар береді.
Жергілікті әкімшіліктің актілері Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келмеуі керек, егер қайшы келетіндей жағдай туындаса, онда жоғары тұрған атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Президенті немесе сот тарапынан алынып тасталынуы мүмкін.
Ұйымдар әкімшілік құқық субъектісі ретінде. Әкімшілік құқықтың субъектісі болып кәсіпорындар мен мекемелер саналады. Негізгі кәсіпорындарға шаруашылық-коммерциялық қызмет атқаратын үйымдар жатады. Олардың негізгі мақсаты - пайда табу. Кәсіпорынға карағанда мекемелер әкімшілік-саяси, ғылыми, мәдени-әлеуметтік және басқа пайда түсірмейтін сферада функция атқарады. Кәсіпорын мен мекеме қызметінің нормативтік-құқықтық негізі болып Азаматтық кодекс, заң және заңга тәуелді актілер саналады. Кәсіпорындар мен мекемелердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі олардың түрлеріне байланысты. Ұйымдарды мына жағдайларға қатысты жіктеуге (классификациялауға) болады:
1. меншік нысанына (формасына) қарай: мемлекеттік, жеке меншік, заңды немесе жеке тулғалардың жеке меншігіне негізделген, аралас және т.б;
2. негізгі қызметіне қарай: өндірістік, ауылшаруашылық, сауда, транспорттық, банктік, сақтандыру, құрылыс кәсіпорындары және т.б.
Денсаулық сақтау, білім, мәдениет, ғылым, спорттық мекемелер. Өз кезегінде кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанына қарай кооперативті; акционерлік қоғамға, қоғамдық және діни ұйымдардың кәсіпорны, концерн, корпарация, фирма және т.б. бөлінеді.
Ұйымның әкімшілік-құқықтық субъектілігі, Әділет Министрлігінен тіркеуден өткеннен кейін қалыптасады. Тіркеу оларға мемлекеттік басқару және әртүрлі сферада құқықтар мен міндеттер береді. Бұл сферада құқық пен міндет олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіндегі ең басты әлемент болып табылады. Мемлекеттік ұйымдарға мемлекет өз тарапынан тапсырамалар беріп, кұрылу нысанымен, функциясын, құрылысын анықтайды. Ал жеке ұйымдар бұл мәселелерді өздері қарастырғанымен жалпы заң ережелеріне бағынады. Үйымдар мемлекеттік басқару сферасында мынадай құқықтармен белгіленеді:
- әр түрлі істермен айналысып, олардың жүзеге асуына рұқсат алу;
- кұзіреттеріне кірмейтін мәселелер бойынша тексеріс жүргізетін мемлекеттік органдарының талабын орындамау;
- құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге;
Сондай-ақ мемлекет мынадай құқықтарын шектейді:
-
мемлекеттік құнды қағаз жасауға, қару және жарылғыш заттар жасауға, жұқпалы және психикалық аурумен ауыратын науқастарды емдеуге тыйым салынады. Бұл тек мемлекеттік ұйымдарға ғана беріледі. Сонымен қатар ұйымдарға мынадай міндеттер жүктеледі:
-
мемлекеттік органдарға статистикалық ақпарат жеткізу;
-
мемлекеттік және стандарттық, техникалық шарттарды сақтау; әртүрлі істер атқару үшін лицензиялар алу; антимонополиялық және әкологиялық шарттарды сақтау. Арнайы ұйымдарға келесі міндеттер қойылады:
-
денсаулық сақтау мекемелерінің азаматқа жедел дәрігерлік көмек көрсетуі;
-
транспорт козғалыстарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ұйымдар әкімшілік жауапқа тартылғанда мемлекет тарапынан бақылау болады. Құқықтар мен заң мүдделері ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің бір әлементі. Оған келесі заң ережелері жатады:
-
ұйымның ісіне мемлекеттік орган араласпайды;
-
ұйымның құқықтық және заңды мүддесін бұзушы мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылады;
-
мемлекеттік органмен жүргізілетін тексеріс заңды түрде шектеледі;
-
ұйымдардың меншік нысанына және басқа да ресурстарға қарамастан тең құқыққа ие болу кепілдігі;
-
ұйымдарды қорғау, сонымен бірге мемлекет денсаулық сақтау және билік мекемелерін қаржыландырады. Көптеген мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарының кепілдігі деп қарастыруға болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік баға және антимонополиялық саясат жөніндегі комитеті нарыкта монополиялык әрекеттің болмауын және алдын ала ескертуі туралы шаралар қабылдайды. Ұйымдарда өздерінің басқару органдары бар. Ал мемлекеттік ұйымдарда жетекшілерді тағайындау және босатуды, құқықтық актіге сәйкес мемлекеттік басқарудың өкілетті органы жүзеге асырады. Үйымдардың құқықтық және әкімшілік субъектілігін мемлекеттік басқару органдары реттейді. Жеке және аралас ұйымдардың басқару органдары меншік иелері арқылы құрылады және олардың мемлекеттік-билік өкілетгілігі болмайды. Ола басқару әкімшілік актісіз,ұйымдық норма және құқық саласының басқа нормаларымен жүргізіледі.
Ұйымдар құқықтық норманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады және айып тағылып лицензияларынан айырылады. Күрделі жағдайларда үйымды жояды. Ол ерікті түрде де жүргізіледі. Ерікті түрде меншік иесінің өз шешімі бойынша жүзеге асады. Сонымен бірге оның екінші түрі - мәжбүрлеп тарату - бұл сот органының шешімімен қабылданады.
Қорыта келе, әкімшілік-құқықтық субъектілердің жеке және ұжымдық субъектілер болып екіге бөлінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары бар.
Жеке әкімшілік-құқықтық субъектілерде жеке және жалғыз субъектілердің құқықтары мен міндеттері, сонымен бірге субъектінің мемлекеттік орган арасындағы кұқықтық қатынастары, олардың әкімшілік-құқықтық мәртебелері жеке тұлғаға ғана бағытталады. Сондай-ақ, жеке субъектілердің қоғамдық қатынастары мен әрекеттері Қазақстан Республикасының Конституциясы және басқа да заңды актілер арқылы жүзеге асады.
Ал ұжымдық әкімшілік-құқықтық субъектісінде белгілі бір ұйымның немесе мемлекеттің басқару органдарының, яғни бірнеше жеке субъектілердің топтасуы нәтижесінде қалыптасқан қатынастар мен әрекеттер қарастырылады. Сонымен қатар олардың әкімшілік-құқықтық мәртебелері, сондай-ақ, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, олардың қоғамдык және мемлекеттік органдар арасындағы қатынастары бірнеше тұлғаларға бағытталады. Сонымен қатар ұжымдық субъектілердің де іс-әрекеттері мен қарым-қатынастары белгілі заңды күшке ие ережелер мен актілер арқылы атқарылады
Талқылау сұрақтары:
-
Әкімшілік құқық субъектілеріне жалпы сипаттама беріңіз?
-
Әкімшілік құқық субъектілерінің азаматтық құқық субъектілерінен айырмашылығы неде?
-
Әкімшілік құқық субъектілерінің жекелеген түрлерін атаңыз?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
-
Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.
-
Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
-
Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
-
Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
ДӘРІС 5
ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
Мақсаты: Әкімшілік құқықтық жауапкершілік туралы толық мағлұмат беру.
Жоспар:
-
Әкімшілік жауапкершілік түсінігі.
-
Әкімшілік жауапкершілік қағидалары.
-
Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары.
1.Қоғам қашанда белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа сүйене отырып, өмір сүреді. Ол әрбір азаматтың саналы, жақсы тіршілігі мен жарқын болашағына жол ашады. Ал қоғамда тәртіп болмаса,ол қулдырайды, ондай қоғамның келешегі болмайды. Сол себепті қоғамды белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып, тәртіп орнатудың маңызы зор. Қоғамдағы тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Барлық қарым-қатынасты құқықтық тұрғыдан реттеу өте күрделі; ол көп салалы және көп жүйелі процесс. Дегенмен, қазіргі уақытта реттелу субъектілері мен объектілеріне байланысты, белгілі жағдай мен аумақ аясында қолданылатын реттеу түрлері мен тәсілдері қалыптасқан.Соның бірі - заңды жауапкершілік.
Заңды жауапкершілік-жеке адамның, коғамның, мемлекеттің мақсат-мүддесін қорғаудағы өте күрделі, өте маңызды шара. Оның әрбір салаға байланысты бөлінетін түрлері бар, солардың ішіндегі ең маңыздысы - әкімшілік жауапкершілік болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз - әкімшілік құқық нормаларына сүйене отырып үкіметтің арнайы органы немесе лауазымды өкілінің құқық бұзушыға әкімшілік жауапқа тарту, қалпына келтіру шараларын қолдануда көрініс табатын заңды жауапкершіліктің маңызды түрі. Басқа заңды жауапкершіліктің түрлеріндегідей, әкімшілік жауапкершіліктің өзіне тән қағидалары бар. Бұл қағидалар заңды жауапкершіліктің негізінде құрылып, әкімшілік құқықтың қағидаларымен айқындалады. Сол сияқты, әкімшілік жауапкершіліктің, нақты мақсат-мүдделерін және міндеттерін айқындайды.
2. Әкімшілік жауапкершілік қағидалары:
а)әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі заңмен, заңға тәуелді актілермен және оның нормаларымен бекітіледі. Демек, әкімшілік жауапкершіліктің жеке нормативтік-құқықтық жүйесі бар. Әкімшілік жауапкершілік нормалары жеке әкімшілік құқық институтын қалыптастырады. Мысалы, қылмыстық жауапкершілік – арнайы заңмен; тәртіптік жауапкершілік - мемлекеттік қызметшілердің категориялық бөлінісіне сәйкес заңдар мен заңға тәуелді актілермен және Еңбек туралы заңмен; материалдық (қаржылық) жауапкершілік Еңбек туралы, Азаматтық жөніндегі заңдармен, кейбір жағдайда әкімшілік құқық нормаларымен бекітіледі немесе жауапкершілікке тартылады.;
б) әкімшілік құқық бұзушылық - әкімшілік жауапкершіліктің ұйтқысы болып табылады. Олар қылмыс, тәртіптік іс немесе материалдық залал келтіру немесе азаматтық-құқықтық деликт (құқық бұзушылық) болуы мүмкін;
в) әкімшілік құқық бұзушылардың іс-әрекеттеріне негізделген арнайы заңдарға сүйеніп әкімшілік жауапкершілік түрлі негізде әдістер қолданады. Әрбір жағдай белгілі бір нормаларға бағытталып, заңды түрде қарастырылуы тиіс. Жасалған құқық бұзушылық немесе теріс қылық үшін әкімшілік жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады;
г) қоғамда құқықтық тәртіп орнатудың құралы болып есептеледі;
д) құқық бұзушылармен үнемі күрес жүргізеді және іс- әрекеттері оларға қарсы бағытталады.
Айтылғандарға қоса әкімшілік құқықтың өзіне ғана тән қағидалары арқылы, оның басқа жауапкершіліктерден айрықша ететін ерекешеліктері бар:
1. Қылмыстық жауапкершіліктен айырмашылығы - әкімшілік жауапкершілікті сот және басқа да уәкілетті органдар да қадағалай отырып, сонымен қатар олар әкімшілік жауапкершілікке тарта алады.
2. Азаматтық құқықтық жауапкершілікте басты көңілге алынатын материалдық залал - әкімшілік жауапкершіліктің қажетті қағидасы болып саналмайды.
3. Тәртіптік жауапкершілікте құқық бұзушылық атқаратын қызметі әсер етеді, ал әкімшілік құқықта ешбір қызмет немесе қызмет бағыныштылығы әсер етпейді. Демек, әкімшілік жауапкершілік барлық азаматтарға бірдей жүреді және оның алдында барлық азаматтар тең құқылы.
Әкімшілік жауапкершілік жөнінде қалыптасқан заңдарға сүйене отырып мемлекеттің жергілікті атқарушы билік органдары да шешім қабылдауға құқылы. Яғни, олар «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдары туралы» заңға сәйкес, маслихат депутаттар жиналысы мына сұрақтарға әкімшілік жауапкершілікті міндеттейтін ережелер қалыптастыруына болады: халық қоныстанған аумақтағы жаңа құрылыстардың дұрыс орналасуы жөніндегі мәселе; жер, орман алқаптарын, су ресустары мен табиғи объектілерді, тарихи ескерткіштер мен мәдениет ошақтарын қорғау жөніндегі мәселе; қоғамдық тәртіп пен жол және өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік жөніндегі мәселе; қоғамдық көліктерді пайдалану мен автокөліктердің тұрақтарын ұйымдастыру сияқты және т.б. мәселелерді ішінара ұйымдастыру сияқты жолдармен шешуге үкімет тарапынан рұқсат берілген. Бұл ережелер қабылданған күннен бастап 2 апта аралығында заңды күшіне енеді. Тек әпидемиялық, күтпеген жағдайдағы оқиғалар мен әпизоотиялық мәселелерін шешу және заңды күшіне ендіру мәселесінің мерзімі нақты белгіленбейді. Ал бұл ережелердің дұрыс қолданылуын әкімшілік басшылары - әкімдер, мәслихат депутаттары қадағалайды.
Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акті-Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекс болып есептеледі. Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін немесе жоятын актілер кері күшке ие, яғни олардың басылымына дейінгі жасалған құқық бұзушылыққа да танылады. Әкімшілік жауапкершілікті қиындататын және бекітетін актілердің кері күші жоқ. Жауапкершілікке қатысушылардың жастық ерекшеліктері де маңызды. Мысалы, 16 жастан 18 жасқа дейінгі құқық бұзушыларға кәмелеттік жасқа дейін қолданылатын шаралар арнайы комиссия мүшелерінің қаулысымен қадағаланады.
Ал әскер қызметкерлері мен әскерде әскери борышын өтеушілерге, ішкі істер органының төменгі және басқарушы өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл азаматтарға қазба байлықтарды, жер және су ресурстарын, атмосфералық ауа мен өсімдік және жануарлар әлемін, жол жүру ережелері мен кеден ережелерін, өсімдіктердің карантины жайлы ережелер мен қонтрабандалық әрекеттерге жол бермеуді қадағалайтын нормаларды орындамаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке жалпы түрде тартылады. Аталған азаматтарға әкімшілік қадағалау орындалмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданатын жалпы әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады. Ал Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтары жасаған құқық бұзушылыққа әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану дипломатиялық келісімдер арқылы шешіледі.
Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар.
Қажетті қорғану.
1. Қажетті қорғану жағдайында, яғни жеке басын,тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғушыға зиян келтіру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезінде, егер бүл ретте қажетті қорғану шегінен шығып кетуге жол берілмеген болса, осы Кодексте көзделген әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Өздерінің кәсіби немесе өзгеде арнаулы даярлықтарына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар бірдей дәрежеде етті қорғаныс құқығына ие. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттік органдарға көмек сурап жүгіну мүмкіндігі болғанына қарамастан, бұл құқық адамға тиесілі болады.
3. Қол сұғу сипаты мен дәрежесіне қорғанудың айқын сәикес келмеуі, осынын нәтижесінде қол сұғушыға жағдайдан туындамаған шектен тыс айқын зиян келтіру қажетті қорғану шегінен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
4. Құқыққа қарсы қол сұғудан туындаған үрейдің, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан қажетті қорғаныс шегінен асып кеткен адам әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс емес.
Аса қажеттілік.
1. Аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтар мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру, егер бұл қауіпті өзге құралдармен жою мүмкін болмаса және бүл орайда аса қажеттілік шегінен асуға жол берілмесе, әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Қатер төндірген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және қауіп жойылған, құқық қорғау мүдделеріне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбірек зиян келтірген жағдайға анық сәйкес келмейтін зиян келтіру аса кажеттілік шегінен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтірген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
Негізді тәуекел.
1. Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізді тәуекел жасалған кезде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Егер тәуекелмен байланысты емес іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) аталған мақсатқа қол жеткізу мүмкін болмағанда және тәуекел жасаған адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келуін болдырмау үшін жеткілікті шаралар қолданса, тәуекел негізді деп танылады.
Бұйрықты немесе өкімді орындау.
1. Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау үшін әрекет еткен адамның осы Кодексте көзделген әрекетті жасауы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды. Осындай әрекеттің жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам әкімшілік жауаптылықта болады.
2. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау үшін қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау әкімшілік жауаптылықты болдырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |