4 тақырып Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет
1 Бұқаралық ақпарат және бұқаралық коммуникациялар.
2 Қазіргі заманғы технологиялар. Бұқаралық медиа түрлері. Медиа
жаһандану.
3 Әлеуметтік коммуникация және оның түрлері.
Әдістемелік кеңестер.
Бірінші сұрақты дайындауды келесі мәселені шешуден бастаған
дұрыс: бұқаралық коммуникация әлеуметтану саласы нені зерттейді?
АҚШ және Батыс Европа елдерінде «бұқаралық коммуникация
теориясы» (MassCommunicationTheory) деп аталған жаңа гуманитарлық
ғылыми бағыт қалыптасты. Заманауи кезеңдегі бұқаралық коммуникация
әлеуметтануы мәселесінің мәселелері сандық технологиялардың таралуы,
интернеттің және жаңа медианың пайда болуының әлеуметтік салдаруын
зерттеумен тығыз байланысты.
Сандық технологиялардың кеңінен таралуының қандай әлеуметтік
салдарын білесіз?
Жаһанданудың заманауи дәуірінде қоғамдық сананы қалыптастыруда
Интернеттің рөлі едәуір өсіп келеді. Ғаламдық сипаты мен Интернеттің
танымалдылығы әлемдік қоғамдастыққа оң және теріс әсер етеді.
Интернеттің қоғамға ықпалын ашыңыз. Мысалдар келтіріңіз.
Ақпараттық терроризм (кибертерроризм) дегеніміз не?
Екінші сұрақ.Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр –
ақпараттандыру ғасыры деп бекітілген болатын. Бұқаралық ақпаратты
тұтыну мен таралу әдістерінде, коммуникатор мен аудиторияның өзара
әрекеттесу қағидаларында түбегейлі өзгерістерге алып келген цифрландыру
БАҚ қызметін қайта құрылымдауға, оның әлеуметтік институт ретінде
жұмыс жасауындағы түбегейлі өзгерістерге алып келді, ал бұл бұқаралық
коммуникациялар теориясын қайта ой елегінен өткізуді талап етеді.
Бұқаралық медиа түрлерін атап шығыңыз.
Мұндағы басты теориялық мәселе бұқаралық коммуникацияның
заңдылықтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының (баспа, радио,
телевидение, кино, жарнама) институттар ретіндегі билігі мен беделін, БАҚ
қызметкерлерінің кәсіби мәдениет, бұқаралық коммуникациялардың
аудиториясын, БАҚ-тың қоғамның саяси, экономикалық өміріндегі әсері,
қоғамдық пікірдің қалыптасуын зерттеу арқылы бұқаралық ақпарат
құралдары мен қоғам арасындағы қатынастарды қайта ой елегінен өткізу.
Коммуникациялық
үрдістерді
зерттеу
барысында
әлеуметтік
коммуникацияның әртүрлі модельдері қалыптасты:
1) Сызықтық модель (авторы Г. Лассуэл, америкалық әлеуметтанушы).
2) Интеракционистік модель (авторы Т. Ньюкомб).
3) Коммуникацияның жалпы теориясы (авторы Г. Маклуэн, канадалық
социолог).
4)
Инфосфералық модель (авторы О. Тоффлер, америкалық
әлеуметтанушы және футуролог).
5)
Аутопойетикалық модель (авторы Николас Луман, неміс
әлеуметтанушысы).
Жоғарыда аталған әлеуметтік коммуникация модельдерін толығырақ
сипаттаңыз.
Баяндамалар тақырыптары
1 Бұқаралық сана және цифрландыру.
2 Әлеуметтік өзара әрекеттесу механизмі.
3 БАҚ және бұқаралық коммуникацияның адамның күнделікті өміріне
әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |