Семинар сабақтарны өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚАУ


–Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі



бет3/8
Дата27.06.2016
өлшемі1.3 Mb.
#161134
1   2   3   4   5   6   7   8

3 –Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі
3.1. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқару органының құрылымы және оның қызметі туралы

3.2. Келешектегі экономикалық даму көрсеткіштерінің негізделу әдістері
3.1. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқару органының құрылымы және оның қызметі туралы

Біздің мемлекеттің Конституциясында: «Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет және өзін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады», деп атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде төмендегіге қатысты негізгі ережелерді бекітеді:


  • республиканың мемлекеттілігін;

  • басқару нысаны;

  • мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің өзара қатынастарының тәсілдерін

  • адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін.

Мемлекеттік құрылғы құрылымында мемлекеттік билікті заңдық, атқарушылық және соттық бөлулер деп бар екенін атап өтеді.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтайтын және Қазақстанды ел ішінде халықаралық қатынастарда таныстыратын мемлекет басшысы және оның лауазымды тұлғасы болып табылады.

Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғары өкілетті орган, сенат пен мәжілістен тұратын парламент болып табылады.

Заң шығарушы билік экономиканы басқару тетігінің негізі болып табылатын заң актілерін әзірлейді және қабылдайды.

Үкімет республикада атқарушы органдар жүйесін басқарады және оның қызметіне жетекшілік етеді. Өзінің барлық қызметімен ол президен алдында жауапты, сондай –ақ парламент алдында жауап береді. Экономиканы реттеу аясында үкіметтің міндеті – елдің барлық азаматтарының игілігі үшін, экономиканың дағдарыссыз және тиімді дамуы үшін жағдай тудыру.

Премьер министрдің міндетіне салалық министрліктер мен ведомстваларды басқару және бағыттау енеді. Сот билігі биліктің заң органдарымен қабылданған заңдардың қатаң сақталуын қадағалайды. Ол Жоғары сот және Конституциялық Кеңесті жүзеге асырады. Елдегі экономикалық жағдайыға жауапты, маңызды органдардың қатарына: Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, елдің Ұлттық банкі жатады.



3.2. Келешектегі экономикалық даму көрсеткіштерінің негізделу әдістері

Әлеуметтік экономикалық дамудың шешімін қабылдау барысында негізделуі көрсеткіштердің әдістері:



  • экономиканың математикалық, құрылымдық логикалық модельдері;

  • келешектегі экономикалық көрсеткіштердің баланстық және факторлық әдістері;

  • «мақсат ағашы» құралын пайдаланумен әлеуметтік экономикалық дамуды мақсатты белгілеудің әдістерін әзірлеу;

  • әлеуметтік экономикалық даму түрлерінің оңтайлы әдістері және осы негізде мемлекет тарапынан басымды қолдау бағытын айқындау;

  • салааралық баланс келешектегі экономиканың салалық құрылымының негіздеме құралы ретінде;

  • аймақаралық байланыстарды ұтымды қамтамасыз етудің баланстық әдісі.

Қайталау сұрақтары:

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың маңызды теориялық проблемасы.

  2. Мемлекеттің экономикалық функцияларын құқықтық негізбен қамтамасыз ету.

  3. ҚР-ның Конституциясы ЭМР-ді ұйымдастырудың негізі ретінде.

4 - Тақырып.Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары



4.1.Транзиттік экономика: мәні, негізгі мінездемелері және трансформациялық процестердегі мемлекеттің ролі.

4.2. Нарық құрылымы. IS-LM үлгісі

4.3. Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі мен олардың дамуын реттеу әдістері
1.Транзиттік экономика: мәні, негізгі мінездемелері және трансформациялық процестердегі мемлекеттің ролі.
Транзит- жолаушыларды немесе жүктерді жөнелтілген жерден жеткізілетін жерге дейін аралық бекеттерде қайта отырғызбай және қайта тиемей тасымалдау.

Транзит операциялары- жүкті жөнелтушілердің жеткізушілермен жасасылған шарт бойынша шикізатты,материалдарды,отынды және басқа материялдық құндылықтарды жүк алушыға тікелей жөнелтуіне байланысты операциялар.

Транзиттік тауар айналымы- көтерме сауда айналымның бір түрі, мұнда көтерме сауда кәсіпорындары тауарларды өз қоймаларына әкелместен өндірістік кәсіпорындардан немесе жеткізушілерден тікелей сатып алушыларға жөнелте отырып, сатады.
2.Нарық құрылымы. IS-LM үлгісі
IS-LM үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс 1937 жылы ұсынған. А. Хансенің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды. Содан кейін ол Хикс- Хансен үлгісі деп аталып кетті.

IS-LM үлгісі (инвестиция- қор жинағы үнамды өтімділік- ақша)- жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті экономикалық факторы айқындайтын тауар- ақша тепе- теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе- теңдік қалыптасу үшін қажетті табыс көлемі У пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R-дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді.

Сондықтан да IS-LM үлгісі АD- AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.

Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді.Бұл теңдеулердің айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде IS-LM үлгісінің негізгі теңдеулері:

1.Y=C+I+G+Xn негізігі макроэкономикалық тепе- теңдік

2.C=a+b (У-Т)

3. I=e-d *R

4. Xn =g-m*Y-n :R

5.M= k*Y-h*R

P

Үлгінің ішкі айнымалылары:



Y (табыс), С(тұтыну), І (инвестиция), Xn (таза экспорт), R (пайыздық мөлшерлеме)

Үлгінің сыртқы айнымалылары:

G (мемлекеттік шығындар), М (ақша ұсынысы), Т(салық мөлшерлемесі)

Эмпирикалық коэффициенттер:

(a, b,e,d,g,m,n,k,h) мәндер және салыстырмалы
3.Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі мен олардың дамуын реттеу әдістері
Қазіргі заманда теория «нарықтық», «нарықтық экономика» немесе әлеуметтік реттелінетін нарықтық экономика түсініктеріне қандай экономикалық мазмұн береді.

Нарық, қазіргі кезде басты элементтері «сұраным», «баға» және «ұсыным» болып табылатын дербес қосалқы жүйеге айналды. Дәл осылардың бірлігі «нарық» түсінігімен аталады. Нарықтық экономика түсінігі «нарық» түсінігіне тағы да екі саланы «өндірісті » және «тұтынуды қосу» есебінен кеңейіп отыр.

Әлеуметтік- реттелінетін нарықтық «экономика» түсінігі де ерекше кең; нарықтық экономика (яғни сұранымға, бағаға, ұсынымға, өніріс пен тұтынуға) ол нарықтық экономиканың реттеу (тікелей және жанама) механизімін құрайтын факторларын –мемлекетті, нарықтық мекемелерді дүние жүзілік экономика ықпалын үстемелейді.

Өзге нарықтар үшін «мемлекеттік нарықтың» маңызы ерекше, өйткені оған тән белгіленген бағлар және кепілді өткізу барлық нарықтың қозғалысына реттегіш ықпалын тигізеді. «Монопольдік нарық» та әдетте өзіне тән тұрақты бағаларымен түрақтанушы міндет атқарды.

Нарықтық дамыған инфрақұрылымы- қоғамның экономикалық байлығы болып табылады.Оның қалыптасуы –нарықтық экономикаға қатысушылардың тұтас ұрпағы еңбегінің нәтижесі.
5 -Тақырып: Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар
1. Экономикалық өсудің мәні.

2. Экономикалық өсудің факторлары мен негіздері.

3. Елдің экономикалық өсуінің негізгі көрсеткіштері.

1. Экономикалық өсудің мәні

Экономикалық өсу деп экономикалық өмірдің қозғалысы, экономика элементтерінің даму үрдісі (өндіру көлемі, баға деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және т.б.) түсініледі.

Экономиканың сандық және сапалық өзгерістері, өсу мен құлдырауы – экономиканың дамуын құрастырушылар. Құлдырау

экономика дамуының кері серпінінде көрінеді. Экономикалық өсу тұрғындардың, өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз ету үшін

қажет.

Экономикалық өсудің тұрақтылығы – экономикалық саясаттың



ең бір басты мақсаты.

Ұлттық экономиканың өсуін мөлшерлеу үшін келесі көрсеткіштерді пайдаланады: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ).

ЖҰӨ - елде жыл ішінде шығарылған барлық дайын өнімдер мен қызметтердің жалпы рыноктың құны.

2-сурақ. Экономикалық ғылымда экономикалық өсудің үш негізгі факторларының тұрпаттары бөліп көрсетіледі ұсыныс фак­торы және сұраныс факторы, бөлу факторы.

Ұсыныс факторы деп өндіріс көлемінің өсуін жүзеге асыру мүмкіндігінің жағдайы түсініледі. Олардың құрамына енетіндер:

а) табиғи ресурстардың саны мен сапасы;

ә) еңбек ресурстарының саны мен сапасы;

б) негізгі капиталдың көлемі мен сапасы;

в) пайдаланылатын технологиялар;

ғ) ғылыми жұмыстар.

Ұсыныс факторы экономикалық өсу үшін, әлеуетті мүмкіндіктерді көрсетеді. Шынайы экономикалық өсу өсіп келе жатқан ресурстар көлемін нақты пайдаланумен байланысты, яғни соларға сұранысты қамтамасыз етудің қажеттігі.

Экономикалық өсу факторларының екінші турпаты сұраныс факторы болып табылады:

а) қоғамдағы жиынтықты табыс пен шығындардың деңгейі;

ә) табыстар мен шығындардың құрылымы;

б) қоғамдағы еркін капиталдың болуы;

в) кредиттік қатынастар жүйесінің дамуы;

ғ) тутынушылардың кредит алуының мумкіндігі. Факторлардың үшінші турпаты – бөлу факторы.

Мәселе, тиімді бөлу жолға қойылған жағдайда ғана, қолда бар ресурстардың үдемелі саны өнім көлемінің өсуіне жол ашады.

Бөлу факторына темендегілерді жатқызуға болады:

а) өндіріс факторлары мен өндіріс ресурстарын оңтайлы орналастыру;

ә) қоғамдағы табыстарды бөлу сипаты;

б) елдің экономикалық құрылымының өзгерістері;

в) елдегі баға серпіні;

ғ) экономикадағы инфляциялық беталыстар.

Бөлу факторының маңызды элементтері өндіріс ауқымының бірі болып табылады.

Экономикалық дамудың турпаттары

Экстенсивті. Өндіріс факторын молайту-яғни, өндірістің бұрынғы техникалық негіздерін сақтау кезіндегі қолданатын ресурстардың сандық көбеюі (жұмыспен қамтамасыз етудің санын көбейту, негізгі өндіріс қорларының сапасын сақтау кезіндегі инвестиция көлемінің өсуі және т. б.).

Интенсивті. Өндіріс үдерісінде өндірістің көбірек жетілген факторларын пайдалану, сондай-ақ өндіріс әлеуетін пайдалануды жақсарту (ҒТП), шеберлікті көтеру, өндірістің ұйымдастырылуын жақсарту, экономиканы құрылымдық қайта құру)

3-сұрақ. Елдің экономикалық өсуін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қарастырамыз. Бұрын атап өткендей, ондай көрсеткіштер – ЖІӨ, ЖҰӨ, ҰТ, сондай-ақ осы көрсеткштер елдің тұрғындарының санына да қатысты болып табылады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір кезең уақытында оның экономикалық аумағында елдің экономикалық резидентімен шығарылған, соңғы тауарлар мен қызметтердің сомалық рыноктық құны.

Экономикалық ғылымда «экономикалық резидент» түсінігінің ерекше мәні бар. Экономикалық резидент, сол елдің экономикасына жыл бойына немесе одан көбірек мерзімде өзінің экономикалық мүддесіне байланысты, оның ұлты мен азаматтығына тәуелсіз, экономикалық бірлік (кәсіпорын немесе үй шаруашылығы) болып табылады.

Сөйтіп, ЖІӨ ні есептегенде, материалдық өндіріс пен қызмет көрсету аясындағы кәсіпорындардың өнімдерінің жиынтық кұны есептеледі (олардың ұлттық ерекшелігінен тәуелсіз), сондай-ақ сол елдің экономикалық аумағында орналасқан, үй щаруашылығының табыстары, сонымен бірге олардың мүддесі, оны қабылдаған елдің экономикасымен ұзак кезең уакыты ішінде байланысты болуы тиісті (жылдан кем емес).

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) - өзінің қызметін жүзеге асыратын, аумақта тәуелділіктен тыс, ұлттық экономикалық бірлікпен шығарылған, барлық соңғы тауар мен қызметтердің рыноктық құнының сомасы.

ЖҰӨ мөлшерлеу үшін ЖІӨ көрсеткіштері бір жағынан, сол елдің шетелден кәсіпорынмен және жеке тұлғамен алынған пайдалары мен табыстары арасындағы айырмашылықты, екінші жағынан, сол елде шетел кәсіпорнымен және шетел жеке тұлғасымен алынған пайдалар мен табысты қосады.

ЖІӨ және ЖҰӨ-нің көрсеткіштері жалпы көрсеткіштер бо­лып табылатындықтан негізгі капиталдық (өтелем) тұтынуынан шегерусіз есептеледі.

Өтелім,, яғни негізгі капиталды тұтыну, оның физикалық және моральдық тозуы нәтижесінде, есептік кезең ішінде негізгі капиталдың құнының азаюын керсетеді.

Ішкі және ұлттық өнім теория жүзінде таза негізде, яғни негізгі капиталды тұтынуды шегерумен анықталады. Мұндай жағдайда, елдің, экономикалық дамуын сипаттайтын тағы да екі макроэкономикалық көрсеткіш - таза ішкі өнім (ТІӨ) және таза ұлттық өнім (ТҰӨ) пайда болады.

Ұлттық шоттар жүйесіне (ҰШЖ) сәйкес, ЖІӨ көрсеткіштерін пайдалану ұсынылатын елдердің экономикалық дамуын бағалау үшін БҰҰ мүшелері елдерінің статистикалық органы жұмыс істеуі тиіс.

Жалпы ішкі өнім үш негізгі әдіспен есептелуі мүмкін:

1. Өндірістік әдіспен - елде шығарылған, жалпы қосымша кұн сомасы ретінде.

2. Соңғы пайдалану әдісімен.

3. Бөлінген әдіспен - қоғамдағы бастапқы табыстар сомасы ретінде.

Жалпы ішкі өнім есеп айырысуы кезінде өндірістік әдіспен салалар немесе секторлар бойынша топтастырылған, барлық өндірістік –резиденттердің жалпы қосымша қуны жиынтықталады.

Шығындар бойынша ЖЮ-нщ есеп айырысуы кезшде (соңғы пайдалану эдшмен) ЖЮ-ш пайдаланатын елдщ барлық экономикалық ағен - үй шаруашылығының, фирманың, мемлекеттщ, сондай-ақ сол елден тауарлар мен қызметтерді экспорттайтын, шетел экономикалық ағенттершщ шығындары жиынтыңталады.

Сөйтіп, біз төмендегідей формуланы аламыз:

ЖІӨ = С+G + I + NХ,

мұнда С - тауар мен қызметтерді сатып алуға үй шаруашылығының шығындарын қосатын (тұрғын үй сатып алу шығынынан басқа) жеке тұтыну шығыны;

G - аппаратты, әскерді, қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың мемлекеттік шығындары;

I – ғимараттың құрылысын, құрылыска, жабдықтарды сатып алуға, тауарлық-материалдық қорларды жасауға шығындарды, тұрғын үй сатып алуға үй шаруашылығының шығындарын қосатын жалпы жеке инвестициялар;

NХ - елден тауарлар мен қызметтер экспортының түрлілігін анықтайтын және елге әкелінетін импортты анықтайтын, шетелдегі тауар мен қызметтің таза экспорты.

Табыстар бойынша ЖІӨ -нің есеп айырысуы кезінде елдегі факторлық табыстардың барлық түрлері, сондай-ақ бизнеске жанама салық және өтелім аударымы жиынтықталады.

ЖІӨ құрамына қосылатындар:

- жалданған жұмысшылардың еңбекақысы;

- салық төлемін, жұмысшыларға және кредит берушілерге төленгеннен кейін, кәсіпорында қалатын таза пайда;

- жеке немесе отбасы меншігінің иелігінде қалатын, кәсіпорынның, табыстары және жалға жұмыс істемейтін, өз бетімен жұмыс істейтін, аралас табыстар;

- ренталық табыс;

- несиелік капиталға пайыз;

- өтелім аударымы;

- бизнеске жанама салық (қосымша құнға салық, сатуға салық, монополиялық қызметке салық, экспорттық-импорттық баж салығы).

Ұлттық табыс (ҰТ) сол елдің экономикалық резидентінің жиынтықты табысын көрсетеді. ЖІӨ мен өтелім айырмашылығының арасындағы айырмашылық ретінде есеп айырысады.

Келесі экономикалық өсудің бағалық маңызды көрсеткіші атаулық және нақты ЖІӨ болып табылады.



Атаулы ЖІӨ іс жүзіндегі бағада (ағымдағы жылда) есеп айы­рысады.

Нақты ЖІӨ - бұл бағаның өзгерісті есебіндегі көлемі, яғни салыстырмалы бағадағы (базистік) ЖІӨ.

Инфляцияның жоғары қарқыны жағдайындағы базистік кезең дегі баға өткен кезендегі баға болып табылады:

Нақты ЖІӨ = Атаулы ЖІӨ / тұтыну бағасының индексі

Немесе


Нақты ЖІӨ = Атаулы ЖІӨ / ЖІӨ дефляторы

Тұтыну бағасының индексі шығарылатын ЖІӨ-нің құрылымын сақтау кезіндегі, белгілі бір уакыт кезеңіндегі, жеке тұтынушымен сатып алынатын өнімге бағаның өзгерістерін көрсетеді.

ЖІӨ -нің дефляторы — үй шаруашылығы өнімдеріне ғана емес, мемлекеттік кәсшорындардың өнімдеріне бағаны қосатын, бағаның екінші индексі

Қосымша тапсырма
Тапсырманың аты: Экономикалық өсуді тұрақтандыру жағдайындағы ақша-несиелік реттеудің ерекшеліктері «талқылау»

Тапсырманың мазмұны: экономикалық өсуді тұрақтандыру жағдайындағы ақша-несиелік реттеудің ерекшеліктері

Тапсырманы орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар:

- Берілген тапсырма студенттердің «Экономикалық өсу» мәні, фак-торлары, оның құрылымы, негіздері туралы білімдерін жетілдіруге негізделген.

- Берілген тапсырма кіші топтармен орындалады. Кіші топтың құрамы-2 адамнан тұрады. Тапсырманы өткізуге студенттер топпен келеді.

Тапсырманы орындаудағы оқытушының талаптары:

- Әрбір топ жұмыстарын жазбаша және ауызша тапсырады.

- Берілген тапсырма бойынша топқа сұрақ қойылады

- Студенттер арасында бөлінген топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы жұмыстың қаншалықты дәрежеде орындалғандығын көрсете білуі керек.

- Тапсырма компьютерлік машинада теріліп, беті 2-3 бетке дейін болуы керек.

- Жұмыс талапқа сай орындалуы керек. Шрифт-14, интервал-1,2; оң жағы-2 см, сол жағы-2 см, үсті-2 см, асты-2 см.

- Интернеттен дайын күйінде алынған түсініксіз материалдар қабылданбайды.
6-Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау, бағдарламалау және болжамдау
6.1. Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемллекеттік реттеудің әдістері мен нысаны

6.2. Болжамдау және индикативтік жоспарлау.

6.3. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау
6.1 Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемллекеттік реттеудің әдістері мен нысаны

Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау – елдің әлеуметтік –экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғары нысаны. Мемлекеттік бағдаарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.

Бағдарламалау –жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Жоспарлау, болжау, бағдарламалау – ЭМР –дің құралдары. Мемлекеттік бағдарламалау – стратегиялық жоспарлаудың маңызды құралы.

Бағдарлама –директивтіктің белгілі бір ждәрежесіне тән нақты құжат.

Бағдарламада анықталатындар;


  • реттеу мақсаты;

  • мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, экономикалық саясаттың нұсқалары;

  • жобаларды, олардың бюджетін, басқару жүйесін және бағдарламаны жүзеге асыруды бақылауды ресурстық жабу;

  • экономикалық саясаттың оңтайлы нұсқасын таңдау критьерийі.

Бағдарламалар бір және көп мақсатты, аймақтық, құрылымдық, ұлттық және интернационалдық сипатта болуы мүмкін.

Экономиканы жоспарлау және болжауда жүйелі –кешенді және бағдарламалы – мақсатты тәсіл деп бөліп көрсетеді.

Жүйелі кешенді тәсіл ғылыми негізделу және тиімді басқару қағидасы бойынша құрылады.

Бағдарламалық – мақсатты тәсілдеме мақсатты бағыттың, белгеленген шаралардың кешенділігін, тапсырманың мекен жайын, міндеттілігін және шараларды жүзеге асыру мерзімінің белгеленгенін, реурстардың негізгі көздерінің қатаң бірлігін көрсетеді.


6.2. Болжамдау және индикативтік жоспарлау.
Ұлттық болжау ұлттық экономиканы дамыту бағыты туралы ғылыми негізделген жүйенің қалыптасу үдерісін көрсетеді. Оның мазмұны ұлттық экономиканың дамуының мүмкін түрлі нұсқаларының спектрін анықтауда оңтайлы шешім қабылдауға байланысты.

  • Болжау – әлеуметтік –экономикалық үдерістерінің дамуын ғылыми алдын ала көру қағидалары, әдістері туралы ғылым.

  • Болжау – объектінің жағдайының ғылыми негізделген гипотезасы.

  • Болжау – стратегиялық жоспарлаудың ғылыми сатысы; алдағы кезеңдегі экономиканы реттеу бойынша үкіметтің атқарымдық шешімдері және жоспарлы ғылыми базасы.

Ұлттық болжаудың мақсаттары:

- экономиканың даму үрдісіне ғылыми талдауды қосатын, ғылыми алғышартты құру;

- қалыптасқан үрдіс, белгіленген мақсаттар ретінде есептелетін, алда тұрған қоғамдық ұдайы өндірісті, алдын ала көре білу нұсқасы

- қабылданған шешімдердің мүмкін нәтижелерін бағалау;

- басқару шешімдерін қабылдау үшін әлеуметтік –экономикалық және ғылыми –техникалық даму бағыттарын негіздеу.

Аралықтары бойынша болжаулар жедел (ай, тоқсан), қысқа мерзімді (1-3), орта мерзімді (5-7жыл) , ұзақ мерзімді (15-20 жыл) және алыс мерзімді (20 жылдан жоғары) болуы мүмкін.


6.3. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау

Индикативті жоспарлау бұл нарық экономикасының қызметіне ықпал етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік –экономикалық саясатын жүргізу құралы. Ол мемлекет шараларының ықпалынсыз қиын тиетін, тек нарықтық әдістермен жүзеге асырылуға тиісті, экономикалық өмірдің көптеген мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Индикативті жоспарлау параметрлердің жүйесін қалыптастыру үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар нарығы және бағалы қағаздар, баға қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және т.б. тәрізді көрсеткіштер болуы мүмкін.

Индикативтік жоспарлау нарық экономикасының жағдайы мен мемлекеттік реттеу әдістерінің бүкіл әлемде кең тарауы үшін ең қолайлы болып табылады.

7- Тақырып. Ғылыми-техникалық процестердің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі



7.1. Экономикалық басқарудың маңызды тапсырмасы- қоғамның ғылыми техникалық және инновациялық саясатының қалыптасу негіздері

7.2. ҒТП-ті жеделдету мен оның тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі
1.Экономикалық басқарудың маңызды тапсырмасы- қоғамның ғылыми техникалық және инновациялық саясатының қалыптасу негіздері

1. Жобалауда, әзірлеуде және жаңа тнхниеа мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау 4 кезеңнен тұрады:

1-кезең: бұл инновациялық шаоаларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;

2-кезең: бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;

3-кезең: жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;

4-кезең: экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.

Кәсіпорынның инновациялық қызметі – бұл – жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы. ҒТ-қ және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланады.

Инновациялық 2 түрі бар: өнімділік, үдерістік.

Процестік инновация дегеніміз – жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
2.ҒТП-ті жеделдету мен оның тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі

Экономикалық нәтижелік –бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сыйымдылықтарлды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеиіту, пайданы өсіру және пайдалылықты онан әрі арттыру.

Ресурстық нәтижелік – бұл кәсіпорын ресурстарда босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы.

Техникалық нәтижелік – бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.

Әлеуметтік нәтижелік – бұл халықты материалдық және мәдени – тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету және т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет