Сене ала ма? Сенім және ғылым жайлы сұхбат


КИЕЛІ КІТАП ПЕН ҒЫЛЫМ ӨЗАРА СЫЙЫСА МА?



бет13/18
Дата03.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#175509
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

КИЕЛІ КІТАП ПЕН ҒЫЛЫМ ӨЗАРА СЫЙЫСА МА?


Ербол, айтшы: Киелі кітаптағы мәліметтер ғылымға қайшы емес пе?

Осы сұрағыңа жауап беру үшін Киелі кітаптың мақсаты қандай екеніне назар аударуымыз қажет. Киелі кітапта аталған түрлі жануар, жәндік, өсімдік, ағаш пен геологиялық құрылымдардың сипаттаулары сияқты нәрселердің ғылымға қатысы болса да, Киелі кітаптың өзі ғылыми таным жүйесін енгізбейді. Оның жазбаларында ғылымға қатысы бар нәрселер туралы айтылғанда, кейде олар біз үйренгендей нақты сипатталып емес, жалпылама айтылса да, олар біздің қазіргі білімімізге сай келеді. Себебі Құдайдың Рухының жетелеуімен Киелі кітаптың бөлімдерін жазып қалдырғандар өздеріне дүниені бүгінгі ғылымға сай нақты сипаттау мақса- тын қоймады. Мысалы, жер шары өз осінен айналатындықтан ғана Күн шыққан, батқан сияқты болып көрінетінін біз қазір білсек те, «күннің шығуы», «күннің батуы» деп айта береміз. Сол сияқты, Киелі кітапта бейнеленген тұлғалар да қоршаған дүниені өз көргендері бойынша сипаттайтын еді. Бірақ олардың айтқан сөздері ғылымға қайшы келеді деп те айтуға болмайды.

Кейбіреулер Киелі кітапқа жерді шар тәрізді емес, жалпақ деп үйретеді деген мін тағады, ал шын мәнінде Киелі кітапта мұндай пікір тәлім ретінде берілмеген. Жер жалпақ деген ұғымды алға тартқан — ежелгі грек ойшылдары әрі жұлдыз санаушылары Аристотель мен Птолемей болатын. Сол сияқты, Киелі кітапта көптеген жануарлар да суреттелген. Олардың жалпы дұрыс екендігі осы заманда анықталды. «Уағыздаушы» деген жазбада ежелгі пайғамбар әрі патша Сүлеймен желдің пайда болуын, табиғаттағы судың айналымын ғалымдардан көп бұрын сипаттап берді (Уағыздаушы 1:6-7). Таураттағы тамаққа байланысты ережелерден де түрлі жануарлардың етін тамаққа қолданудың пайдасы мен зиянының дұрыс топшыланғанын көре аламыз. Осы заманғы тоңазытқыштар мен тамақты сақтаудың басқа да тәсілдері ежелгі заманда қауіпті болған тамақты жей беруге мүмкіндік береді. Ал сол ережелер ежелдегі исраилдіктерге одан аулақ болуға көмектесті. Мұса пайғамбар жұрт ішетін ауыз суы (Леуілік. 11:29-36) және тазалық сақтау (Заң. қайтал. 23:12-14) туралы да өте маңызды ережелерді тапсырды. Сонымен Киелі кітап ғылымға қатысты көптеген мәселелерге байланысты сөз қозғаған жайттарды бүгіндері көп ғалымдар тәптіштеп зерттеп келеді. Олар қазіргі заманғы ғылым тілімен емес, сол кездегі тілдерде берілген болса да, әрқашан шындыққа сәйкес болып шығатындары анықталған.

Ал эволюция ше? О л Киелі кітаща қайшы келмей ме?

Мұрат, бұл өте күрделі тақырып, оны толығымен қамтып шығуға үзақ уақыт керек. Бірақ сенің сұрағыңа ауыз тұшытарлық жауап беретін біраз жайттарды айта аламын.

Біріншіден, сол даму іліміне сенетін ғалымдар оның бір-бірінен алшақ екі түрі туралы айтып, соларды «микроэволюңия» және «макроэволюңия» деп атайды.

Микроэволюңия тірі ағзалардың (организмдердің) бір түрінен басқа бір түр шығады демейді. Қайта, ол Құдай жаратқан жануарлар мен өсімдіктердің түрлерінің өз ішіндегі шағын өзгерістерін ғана сипаттайды. Сондықтан оны вариация деп атаған дұрыс. Киелі кітап бұндай вариацияны жоққа шығармайды.

Ал макроэволюңия болса, қазіргі тіршілік иелерінің барлығы бастапқы зат пен энергиядан табиғи заңдардың негізінде, кездейсоқ жайттардың ықпалымен бірте-бірте өрбіген дейді. Макроэволюциялық болжамды жақтаушылар «Үлкен жарылыстан» бастап, осы күнгі екеуімізге дейінгі барлық нәрсе кездейсоқ пайда болды дейді. Расында бұл тәлімді ғылыми ілім емес, пәлсапалық көзқарас деген жөн. Себебі оны ғылыми тәжірибе мен бақылау арқылы дәлелдеуге болмайды. Оның көп қағидаларының, мысалы, табиғи сұрыпталу теориясының көмескілеу анықталғандығы себепті оларды нақты тексеруге болмайды. Сондықтан бұл теорияны нақты ғылымға емес, пәлсапаға жатқызуға тура келеді. Бүгінгі күнгі ғалымдардың көбі мұны ашық мойындайды. (Өкінішке орай, мектеп оқулықтарының басым көпшілігі макроэволюцияны әлі де ғылым деп түсіндіреді.)

Макроэволюцияны ғылыми әдістермен тексеруге болмайтынымен қатар, ол физиканың негізгі заңдарының бірі — Термодинамиканың екінші заңына да қайшы. Макроэволюцияның айтатыны — зат пен энергия өз-өзінен ұйымдасып, қарапайым қалыптардан күрделі қалыптарға дами береді дейді. Ал термодинамиканың екінші заңы болса, егер сырттан еш әсер жасалмаса, кез келген жүйе (тірі организм, зат не адам қоғамы болсын) күрделіден қарапайымға дамып, ыдырауға, өлуге, өшуге бейім тұрады дейді. Қазірге дейін бүкіл дүниеде осы заңды бұзатын, оған қайшы келетін ешқандай құбылыс байқалған емес.

Макроэволюцияның тіршіліктің қалай пайда болғанын түсіндіретін болжамын, яғни, баяғы заманда химиялық заттар бір-бірімен кездейсоқ қосылыс түзеп, тіршілік пайда болды деген болжамын растайтын дәлелдері де жоқ. Ғалымдардың өз зертханаларында түрлі химиялық қосылыстарды бір-бірімен қосып, тіршіліктің қасиетіне ие затты алуға тырыса бастағандарына ондаған жылдардың жүзі болды. Олар өз істерін жеңілдету үшін тәжірибелерін жай химиялық әлементтермен емес, күрделі химиялық қосылыстармен жүргізсе де, шын мәнінде тірі затты ешқашан ала алған жоқ. Олардың әзірше қол жеткізгендері — тіршіліктің кейбір қасиеттеріне ие заттар. Бірақ осыған да ғалымдар «кездейсоқ» емес, көп еңбектің және тәжірибе жасағанда белгілі талаптар мен жағдайларды қатаң сақтаудың арқасында ғана қол жеткізді. Әрине, бұл жерде мен олар ешқашан зертханада тіршілікті қолдан жасауға жете алмайды деп кесіп айтқым келмейді. Өз басым ғалымдардың осыны жүзеге асыра алатынына қатты күмәндансам да, менің айтпағым басқа: тіршіліктің өлі заттан кездейсоқ, өзінен-өзі пайда болуы мүмкін емес, тіршілікті жасау үшін зор ақыл керек, басқаша айтқанда, бұл тек Құдайдың қолынан ғана келеді.

Дүниедегі алдыңғы қатарлы астрофизик ғалымдардың бірі — Н. Чандра Викрамасингхе, өзі тегі бойынша Шри-Ланкалық, қазір Уельстегі Кардифф қаласының Университет колледжінде ғылыми зерттеумен шүғылданып, дәріс те береді. Ғылым докторы Викрамасингхе сонымен бірге математиканың және ықтималдықтар теориясының кең танымал тұлғасы. Оған тіршіліктің өзінен-өзі пайда болуының ықтималдығы қандай деген сұрақ қойылды. Ғалымның жауабы мынау болды: «Тіршіліктің өзінен-өзі пайда болуының ықтималдығы — металл қалдықтары жиналған базаға үлкен құйын тұрып, ол металл қалдықтарын жоғары көтеріп әкетіп, содан Боинг-747 жолаушы ұшағын құрастырумен бірдей!» Ғалым жасаған зерттеулерінің нәтижесінде, Жаратушы міндетті түрде болуы керек, себебі осы тіршілік әлемнің ешбір бөлігінде өздігінен пайда бола алмайды деген тұжырымға келді. Ғалымның өзінің айтуы бойынша, бұндай шешімге ол буддашыл агностик болғанына қарамастан ғылыми жұмысының қорытындысынан келген. Бұл оған оңай болмағаны анық, себебі бұндай тұжырым жасау оның бұрынгы көзқарасына қарама-қайшы.

Эволюциялық теория тағы тірі ағзаларда болатын мутациялық өзгерістер кейде пайдалы болады деп айтады. Бірақ әзірше табиғатта да, зертханаларда да пайдалы мутациялар байқалған емес. Ал эволюцияны жақтаушылар макроэволюцияның орын алуы үшін пайдалы, қара- пайымдырақ организмді күрделірек ететін мутациялық өзгерістер міндетті түрде болуы керек дегенді мойындайды. Алайда тіршілік иелері үшін пайдалы мутациялар ешқашан байқалған емес. Олардың күні бүгінге дейін байқалғандары зиянды немесе бейтарап, солардың ішінде зияндылары басым көпшілікті құрайды да, бейтараптары бірен-саран ғана. Бұл Термодинамиканың екінші заңына толығымен сәйкес келеді. Сол заң бойынша, барлық жүйелер бұрынғыдан күрделірек емес, қарапайымдырақ күйге түсуге бейім болады. Бірақ кейбір адамдар макроэволюцияга нық сенетін болғандықтан, пайдалы мутациялар орын алуға тиіс деп болжайды, өйткені онсыз макроэволюция жоқ. Басқаша айтқанда, макроэволюцияға деген сенімдері олардың табиғатқа және ғылымға деген көзқарастарын белгілеп, бұрмалайды. Ал шынайы ғалымдар болса, өз көзқарастарын ұстанған ілімдерін тек нақты жайттар мен деректерге ғана негіздейді.

Ықтималдық теориясына қайта келер болсақ, оның өзі де эволюцияның болғанына қатты күмән туғызады. Осы заманғы жетекші эволюцияшыл ғалымдардың бірі — Сэр Жулиан Хаксли мутациялық өзгерістер арқылы бір тірі жәндіктің өзінен жоғары дамыған басқа жәндікке айналуының ықтималдығына баға бере былай дейді:

«Мың мутацияның ішіндегі біреуі пайдалы болады дейік. Бұл бізге көп сияқты болып көрінбейді, бірақ бұның өзі де асыра айтылған сан... Бір миллион мутация көп болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл да жеткіліксіз... Бірақ сонда да, осы сандар шындыққа үйлеседі, оларға негізделуге болады дейік. Осындай пропорцияларды сақтай отырып, бірақ ешқандай сұрыптаусыз, екі пайдалы қасиетке ие тіршілік иесін алу үшін миллион (1000х1000=10002) ұрпақ алмастыру керек. Осылай жалғастыра беріп, тірі организмде бір миллион қажетті мутациялық өзгеріс болуы үшін мыңның миллион дәрежесі (10001000000) мөлшерінде ұрпақ алмастыру керек. Әрине, іс жүзінде бұның өзі де болуы мүмкін емес, бірақ бір әулет арқылы кездейсоқ мутациялар орын алып, керекті қасиеттерге ие ағзаның пайда болуының ықтималдығының адам сеніп болмайтындай қандай мардымсыз екенін білдіре алады. Егер 10001000000 санын үйреншікті тәсілмен жазсақ, бірден кейін үш миллион нөлі бар сан шығады. Осы санның өзін ғана жазу үшін әр томы 500 беттен тұратын үш томдық кітап керек болады!... Осындай кішкентай мүмкіндікке ешкім де бәстесе қоймас еді».

Жан-жануар, өсімдіктер бір-бірінен пайда болып отыр дейтін даму тәлімін (эволюционизмді) де, бәрін Құдай жаратты дейтін жарату тәлімін (креационизмді) де ғылыми тұрғыдан дәлелдеу мүмкін емес, себебі екеуі де көзбен көріп болмайтын үрдістер туралы. Даму тәлімінің дәлелдеуге келмейтінінің себебі — ол өте баяу орын алатындықтан оның жүріп-жүрмей жатқанын ешкім, тіпті әлденеше ұрпақтың өкілдері, бақылай алмайды. Ал жарату тәлімі бойынша, Құдай барлық тіршілікті бастапқыда бір-ақ рет жаратқандықтан, ежелде өтіп кеткен оқиғаны біз қазір көре алмаймыз (уақыт машинасы арқылы болмаса). Өзім жарату тәлімінің растығына сенемін, өйткені ол Термодинамиканың екінші заңына сәйкес келеді, әрі мутациялардың барлығының зияндылығын түсіндіре алады. Ал даму тәлімі осы екі жайтпен сыйыса алмайды. Өз басым даму тәлімінің мүмкіндігін есептеген жаңағы болар-болмас ықтималдылықтарға қарап сол тәлімге сенім артуды дұрыс көрмес едім!

Эволюцияның дұрыс-бұрыстығы туралы нақты шешім қабылдауға дайын емеспін. Сенің жаңағы түсіндіріп келгенің мені түгелдей сендіріп отыр деп те айта алмаймын.

Мұрат, мұның өте күрделі тақырып екенімен келісемін. Егер саған қызық болса, менде осы мәселені жан- жақты тереңдетіп қарастыратын бірсыпыра кітаптар бар.

Алайда мен басқа бір ұсыныс жасағым келіп отыр. Қойып отырған негізгі сұрағым — сенің даму тәліміне сенер-сенбесің емес, Құтқарушы Исаның айтқандарына қалай жауап бересің, міне осы. Даму тәліміне деген көзқарасың Исаға сенуге шешім қабылдауыңа кедергі болмауға тиіс. Сенушілердің көпшілігі макроэволюция Киелі кітапқа қайшы келеді деп ойласа да, бірқатар беделді сенуші ғалымдар дүниені жаратқан — Құдай және бәрі эволюция арқылы пайда болды деген екі көзқарасты өзара сыйыстыруға болады деп санайды. Олардың біразы Құдай барлық тіршілік иелерін ұзақ уақыт бойы, тарихтың көптеген кезеңдерінде әр алуан жануарлар мен өсімдіктер түрлері етіп жаратып отырды деген пікірді ұстанады. Басқа біреулер әуел баста Құдай тіршілік иелерінің белгілі бір түрлерін жаратып, кейін олардың бірте-бірте өзгеріп жаңа түрлерге айналуларына бағыт берді дейді. Осы сенушілер Киелі кітапқа да, барлық жан-жануарлар ұзақ уақыттың ішінде пайда болған-деген ой-пікірге де сенеді. Кейбіреулері «прогрессивті креационистер» деп аталады, олар түрлі тіршілік иелерін Құдай түрлі кезеңдерде жаратқан деп болжайды. Басқалары «теистік эволюционистер» деп аталып, Құдай барлық тіршілік иелерін жаратып, кейін олардың басқа түрлерге айналуларына себепші болды дегенге сенеді. Осы екі көзқарасты ұстанатындар түрлердің пайда болуын кездейсоқтықпен емес, Құдайдың саналы жаратуымен түсіндіреді. Менің ойымша, тіршіліктің өздігінен дамуының мардымсыз математикалық ықтималдықтарын назарға алмайтын макроэволюцияға сенім артудан гөрі, бұл көзқарас әлдеқайда артық.

Сен қандай көзқарасты қабылдасаң да, әлемнің пайда болуы туралы ойларың Құтқарушы Исаға сенуіңе кедергі болмауға тиіс деп есептеймін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет