Серік Мырзалы философия оқу құралы


Н.Коперниктің дүниеге деген көзқарасқа енгізген төңкерісі



Pdf көрінісі
бет102/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   422
Н.Коперниктің дүниеге деген көзқарасқа енгізген төңкерісі
Астрономия ғылымы көне заманда пайда болған ілімдердің біріне 
жатады. Ертедегі көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға 
қарап, өздерінің бағыттарынан таймай, көшіп-қонып отырған. Біздің 
қарастырып жатқан Қайта өрлеу заманындағы астрономияның ары 
қарай дамуына түрткі болған теңіз сауда-саттығын жасау, алыс елдерге 
мұхитты қақ жарып бару болды. Ол үшін теңіз жолдарын ары қарай 
мұқият анықтау қажеттігі астрономиялық ізденістерді жандандырды. 
Екінші үлкен мәселе – Юлий Цезарь заманында жасалған күнтізбені 
түзеу, ол да астрономиялық зерттеулермен байланысты болды. 


153
Үшіншіден, сонау көне заманда жасалған Птоломейдің геоцентрлік 
жүйесі діннің қағидаларына сай келгенмен, жаңа уақытта іс жүзінде 
ескірді. 
Осындай жағдайда поляк ғалымы Н.Коперник (1473-1543 жж.) 
астрономия ғылымына өзінің түбегейлі өзгерісін енгізді. Негізгі 
еңбегі – «Аспан аймақтарының айналуы туралы». Бұл еңбектегі негізгі 
идея – Жер ғарыштың ортасы емес, ол, біріншіден, өзінің діңгегінен 
айналады, екіншіден, Күнді айналады; Күн – дүниенің ортасында 
тұрған шамшырақ (гелиоцентризм) Бұл жаңа болжам күн мен түннің 
ауысуын, планеталардың орбиталарын жете түсінуге мүмкіндік берді. 
Н.Коперник Айдың Жерді айналатыны жөнінде де алғаш болжам 
жасады. 
Сонымен қатар Н.Коперник бұрынғы аристотельдік-птоломейлік 
жүйенің кейбір қағидаларын қалдырды. Ол – алыстағы қозғалмайтын 
жұлдыздарды бұл дүниенің шеті деп түсіну және жер мен басқа 
планеталардың орбиталарының бәрі де дөңгелек, ал қозғалыстары 
біртекті деген пікірлер. 
Бірақ мұндай кемшіліктеріне қарамастан, Н.Коперниктің ашқан 
жаңалығы діни көзқарасқа үлкен соққы жасап, Жаңа дәуірдегі ғылымға 
аттанатын жол ашты. 
Джордано Бруноның натур-философиялық ілімі
Қайта өрлеу заманының ұлы тұлғасы Джордано Бруно (1548-
1600 жж.) ғылыми ақиқатты батыл қорғап, сол кездегі инквизицияға 
қарсы шықты. 
Ол дүниеге деген пантеистік көзқараста болды. «Құдай дегеніміз – 
шексіздіктегі шексіздік, ол барлығында: барлық жерде, олардан бөлек, 
я болмаса жоғары емес…». «Табиғат дегеніміз – ол заттардың ішіндегі 
Құдай» деген пікір таратқан. «Барлық заттар ғарыштың ішінде, 
ғарыш барлық заттарда, біз оның ішінде, ол бізде», – деген Д.Бруно 
ойы ертедегі философиядағы микро және макрокосмның теңдігін 
көрсеткендей болады. 
Құдайдың өзі сол табиғат болғаннан кейін, Д.Бруно бүкіл дүниенің 
жаны бар деп түсінеді. Дүниежүзілік жан – заттарды қалыптастыратын, 
олардың ішкі күш-қуаты. Олай болса, бары де мақсатқа лайықты өмір 
сүреді (телеологизм). Ал оны білу – ғылымның негізгі ісі, – деп түсінді 
Д.Бруно. 
Д.Бруно тағдырына аянышты әсерін тигізіп, оны тарихи тұлғалық 
дәрежеге көтерген, әрине, оның космологиялық идеялары. Ол 
Н.Коперниктің идеяларын ары қарай дамытып, «Күн – біздің дүниенің 
орталығы ғана, ал ғарышты алатын болсақ, ондағы саны шексіз 


154
жұлдыздардың әрбіреуі – өзінше Күн және олардың да планеталары 
бар. Ал онда өмір, рух болуы мүмкін», – деген батыл болжам айтты. 
Әрине, мұндай көзқарастың тарауына христиан шіркеуі үзілді-кесілді 
қарсы болды. 
Сондықтан ол 1592 ж. ұсталып, түрмеге түсті. Инквизиторлар сегіз 
жыл бойы ұлы ойшылға: «Көзқарастарыңнан бас тартсаң, өміріңді 
қалдырамыз», – деді. Бірақ Д.Бруно олардың ықтиярына көнбей, 
ақырында отқа жағылды. 
Қорыта келе, философия бірте-бірте діни көзқарастан алшақтап, 
ақыл-ой елегінен өткізілген нақтылы өмірден алған тәжірибеге сүйене 
бастады. Табиғат жөніндегі ғылыми деректердің, табиғи құқық және 
моральдық мәселелердің мәні өсе бастады. Ал бұл үдерістер Жаңа 
дәуірдегі ғылымның, жалпы танымның негіздерін қайта қарауға, 
философияның жеке ғылымдармен тығыз байланысының орнығуына 
әкелді. Сонымен, келесі тарауда жаңа капиталистік қоғам дүниеге келіп 
тудырған философияға тоқталатын боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет