Серпілтер сезім сұлуы!



бет1/4
Дата10.06.2016
өлшемі314.5 Kb.
#126158
  1   2   3   4
Серпілтер сезім сұлуы!

Кермарал көркем келбетсің,

Жылытып жырым тербетсін!

Жүректе болып жеңбексің.

Тағдырдан жаурап қамыққан,

Сағыныш болып сағынтқан,

Өлеңмен өзін емдетсін!
Білінбес күннің суығы,

Жаныңның болса жылуы,

Киелі өлең тууы.

Сыйлаған сөздің асылын,

Жырымнан тапсын ғашығын,

Серпілтер сезім сұлуы.


Арманмен ару асқақсың,

Бақытқа жолды бастапсың,

Ақылмен алға аспақсың.

Мөлдірсің тұнық бұлақтай,

Жыр жаздым шабыт шыдатпай,

Қыз жолы қылдай, тастақ, сын.


Өмірдің өзі-сайыс-ты,

Жандағы күрес-ой ішкі,

Тағдырдан көп жан майысты...

Жарқырап жүрші күн болып,

Қалмасын жүрек-гүл солып,

Қабырғам қайта қайысты.


Қасиет-қуат құраған,

Ашылар көңіл, тұрағы-ән,

Өзіңді сақта сұранам.

Көркейіп көңіл күздегі,

Тағы да сені іздеді,

Бағыңды тілей мың алаң...

30.10.2009жыл.


Сағыныш

Сағыныш мені кетті орап,

Үніңе тағы құштармын.

Сырласым болып ақ парақ,

Аңсауға тағы ұсталдым.
Елжіреп, елітіп елеске,

Күн кештім өткен күнменен.

Шуақты сәттер бәрі есте,

Ұмытылмас кезім гүлменен.


Жайнаған кезім жалынмен,

Сұлулық бойды тербетті.

Арпалыс өтті ағынмен,

Көңілде тұрар келбетті.


Үміттен тұрар дүние,

Тілеулес жанмен тартымды.

Құрметке өмір иіле,

Абыройға салмақ артылды.


Күйім боп тұрсың күмбірлеп,

Ән болып әсем шырқалдың.

Жүректе мәңгі үн жүрмек,

Аңсаумен іздеп буырқандым.


Көңілдің болып көктемі,

Жаз болып келдің жаңарып.

Жемісті күзсің, көп кені,

Қыстағы әппақ жаңалық!


Сағыныш мені кетті орап,

Үніңе тағы құштармын.

Сырласым болып ақ парақ,

Аңсауға тағы ұсталдым.

02.11.2009жыл.

Әсем таң.

Ажарыңды әсем таңға ұқсаттым,

Келбетіңді көрсеткендей нұсқап түн.

Бір тамаша сезім билеп санамды,

Уайымдау мен алаңдаудан тыс қаппын.
Таң шырайың нұрландырып тау жақты,

Көркіңе еніп, естен танып, бау жатты.

Рахатқа бөленгенде бар әлем,

Махаббаттың жалынымен лаулапты.


Гүл сезімге бой алдырдым таң атпай,

Бүкіл болмыс гүлденіп тұр жаннаттай.

Осы бір сәт көзден ұшып кете ме?

Дауыл-уақыт ұрлап артқа қаратпай.


Жүрегімнің дірілімен еске алғам,

Таңғы елес күн жылжыса кешкі арман.

Жырым болған жауқазындай жәудіреп,

Бір сәті жоқ көңілімнен тыс қалған.


Таңғы сәттен жылылыққа бөленіп,

Көңіл көркем жылы сөзбен еленіп.

Сен мәңгілік шуағыңды төге бер,

Мен келемін кереметке кенеліп!

03.11.2009жыл.

Айзере.
Сұлуды көрдім сымбатты,

Сезіндім керім ырғақты.

Түндегі айдай жарық қыз,

Жүрекке тиер үн қатты.


Сақталар сезім қымбатты,

Таңқалдым көріп сұңғақты.

Ұйқым да келмес түнұзақ,

Білмеймін қандай жын қақты?!


Қоштасам қалай, қия алмай?

Сезімде қалдым сия алмай.

Жыраққа кетпей жанымнан,

Жылына тұршы ұялмай.


Еліктей ерке көркемсің,

Жақсылықтарға желкенсің.

Аяулы сәтте қоштасып,

Қайтарсың қимай ертең шын.


Тұмарды тұнық тағынып,

Тағдырға тағы бағынып,

Шымкенттің жылы шуағын,

Жүрерсің әлі-ақ сағынып...

13.11.2009жыл.
Жаңа жыл құт бол баршаға!
Еркіндік туын гүлдентіп,

Жаңа Жыл жайнап келерсің.

Табыстың түрін түрлентіп,

Әр үйге ерте енерсің.


Бақыттың балын базарын,

Әр жанға өзің сыйларсың.

Рухани байлық ғажабын,

Әр адам таңдап сыйға алсын.


Жаңа Жыл құт бол баршаға!

Бақ келіп, Қыдыр дарысын!

Шаттықпен шаттан шаршама,

Бассыншы алға әр ісің.


Денсаулық әкел, Жаңа Жыл!

Амандық болсын адамдар.

Көбейсін елде саналы ұл,

Қазағым үшін алаңдар.


Жаңа Жыл құтты болсыншы!

Жыр болсын есте қалатын.

Береке, ырыс қонсыншы,

Кеңпейіл елім дара-тың.


Жаңа Жыл мерей өсірсін!

Жақсылық жанға жинасын!

Бір-бірін адам кешірсін!

Бір-бірін адам сыйласын!


Нұр тілек бүгін ағылсын!

Жаңа Жыл әкел ынтымақ!

Бір-бірін адам сағынсын!

Бірлікте болсын үн құрап!

22.12.2004жыл.

Жанартау жүрек.

Сағына бердім, ынтығып сағым елеске,

Жағымды күндер, жалынды түндер бәрі есте.

Жанартау болып жүрегім тағы жарылды,

Тартылыс саған емес пе?
Сағына бердім бау жаққа қарай елеңдеп,

Сол бақта ғана көңілім нұрға бөленбек.

Аңсарым ауып сен жаққа қарай тартады,

Күн сайын сезім тереңдеп.


Әсем бау екен көңілдің мәңгі тұрағы,

Шешілер мұнда өмірдің мәнді сұрағы.

Осында мені ай ару күтіп тұрардай,

Жанымның сөнбес шырағы.


Сағына берем тартады ағаш, шыршалар,

Жалғыздау қалса адамды тағы мұң шалар.

Алыстан аңсап жете алмай жүрген өзіңді,

Хабарлап, бұлбұл күн санар.

Сағына бердім, ойламай жанды жүдеген,

Қиналу менен қорлыққа түсу бұл деген.

Сабырға көшіп, ақылға салып барлығын,

Амандық саған тілегем...

15.12.2009жыл.
Қиыспас тағдыр.

Осы күнді аңсайтын да шығармыз,

Тек алыста жақындықты ұғармыз.

Тағдырымыз табиғаттай түрленер,

Екі жақта өмірі өтер сыңармыз...
Тәтті тілек жүректерде дір еткен,

Сағынумен, алаңдаумен күн өткен.

Сол бір сезім сыйластыққа ұласты,

Қиын сәтте шығаратын түнектен...


Арман бізді жетеледі алдағы,

Сағынышым саған қарай самғады.

Қыс келсе де сол көктемді аңсадым,

Гүл көңілім өзін алдай алмады...


Тек өзіңмен аштым көңіл сарайын,

Елесіңдей жайқалады маңайым.

Абыройдың асқарында ажарлан,

Тілеулес боп биігіңде қалайын...


Ардақ тұтар бар адамзат арын да,

Намыс билеп, ұятты ұлықтау қамында.

Тектіліктің тұғырында толысар,

Жайнай берер жанашыры барында!!!

22.12.2009жыл.
Арман.

Сен менен ешқашанда алыстама,

Жүйріксің алда шабар намыстана.

Жүрегім тілегіңнен жылу сезіп,

Жүремін қиялыммен ғарышта да.

Сезіліп дидарыңның назданғаны,

Күндердің Жаңа Жылға аз қалғаны.

Көңілім көктем еді қыс келгенмен,

Өмірім тұр ғой жырмен басталғалы.
Туылғам сұлулыққа құштар болып,

Суынғам сатқындықтан бүгін толық.

Жаураса жалғандықтан жаным бір сәт,

Ойлаймын қалмаса деп сені тоңып.


Адамда таусылған ба арман шіркін?

Ғаламда толастамас күрес бір күн.

Өмірде табындырар биіктерді,

Ұрпағым бағындырар бәрі мүмкін.


Үміттің мәңгілікке сөнбесі анық,

Реттер бәрін уақыт жөнге салып.

Көсемдер көзге көкте көрінгенмен,

Түбінде бағалайтын дана халық...

23.12.2009жыл.

Гүл өмір.

Үлбіреп өскен гүлдейсің,

Шаршауды тағы білмейсің.

Намыс пен ар, ұят жетелеп,

Кей түні кірпік ілмейсің.
Үмітті алға жалғайсың,

Арманмен аққу самғайсың.

Тілекте жанды толқытып,

Жүректе мәңгі қалғайсың.


Алысты адам аңсамақ,

Жақыннан кейде шаршамақ.

Мейірім тілер жүрекке,

Түседі күнде қанша дақ.


Елжірей таңды қарсы алмақ,

Бақытын елге жар салмақ.

Жігіттің жаны гүл болса,

Демеуші-қызы-қызғалдақ.


Сағыныштан сырлы сыз қармап,

Өтеді-ау өмір бізді алдап.

Көркейтер көңіл көктемін,

Адамдық атты із қалмақ!

28.12.2009жыл.
Шың биік.

Сағындым да хабарластым дембе-дем,

Сағынышты жүрек мәңгі жеңбеген.

Ешкімменен сөйлескің де келмесе,

Соның бірі болғым сірә келмеген...
Тым жұмбақсың, жазылмаған парағым,

Өзіңді-өзің қинай берме қарағым.

Уайымыңды көтерермін мәңгілік,

Таңдап алған ең құпия аралым.


Бұлбұл сайрап, сен туралы сыр шертті,

Өзіңсің ғой демеушім де шын текті.

Сені ойласам көңіл кетті құлпырып,

Өзіңді аңсап, жүрек толқып, дір етті...


Үміт еттік, өмір сүрдік ертеңмен,

Көңілімді көрікті етер көркем бе ең?

Алыстағы ай аруға айналдың,

Жанға жақын жайқалатын өркенмен.


Жауап таппай мың бір тағы сұраққа,

Жыр демеушің болдым саған жырақта.

Шың биіксің көңіліңді құлатпа,

Жүрегімнің төрінде бол, тұрақта...

30.12.2009жыл.
Өмірім менің...

Өмірім неткен шырынсың,

Құпия сақтар сырымсың.

Жүректе жалын жырымсың.

Адамдық атты ардақтап,

Саналы ойды салмақтап,

Қасиетте қалу-бүгін сын!
Арманмен жүрміз аптығып,

Ынтымақты үйде шаттық ұқ.

Бірліктен келем бақты ұғып.

Үмітті үзбей ертеңнен,

Көркейдік көңіл көркемнен

Жолатпа жанға жат қылық!


Мәңгілік бәрін санаппыз,

Өмірге тағы қонақпыз.

Бәріне жеңіл қараппыз.

Түсіну үшін жаныңды,

Сезіну үшін бағыңды,

Сананы ойға талатқыз!


Әр жанға керек бір өмір,

Тіршілік тілер гүл өңір.

Ортаңа судай сіңе біл.

Тағдырға адам көнгенде,

Қиындықтарды жеңгенде,

Үміті қызда, тілегі-ұл.


Өмірім неткен қымбатсың,

Жаныма жақын ырғақсың.

Көктем боп көңіл тұрмақсың.

Қасиет-қазына, құт-арың,

Адамдық абырой ұтарың,

Ертең боп еркін тіл қатсын!

05.01.2010жыл.
Құштармын өмір...

Сағынып сені, емірене сүйдім суретті,

Уақыт пен ара арманды тағы күйретті.

Өзімді жеңсем құшақ жаятын гүл өмір,

Бәрін де бойға үйретті...
Жазылмас жаным жеміске толы күз емес,

Көңілде қалды көктемгі нұрлы қыз елес.

Құпияға толы өмірдің жұмбақ сыры мол,

Талқылайтын да біз емес...


Қызық қой өмір, шуаққа толы жан жағым,

Құштармын өмір, келеді көкте самғағым.

Өмірді сүйдім, мың ойлап оны, өзімсіз,

Елестете тағы алмадым...

05.01.2010жыл.
Алыс арман...

Ызғарын төксе қыс күні,

Уайымның шығар ұшқыны.

Басылмас, өртер сағыныш,

Жүректің саған ыстығы.
Жүретін жансың аялап,

Шуағымды күтер саябақ.

Өзіңмен көңіл көркейіп,

Шабытым қанат жая алмақ.


Алыстан аттың ақ таңдай,

Үміттің отын жаққандай.

Тілекте өнер жауқазын,

Жүректе қалған ақ маңдай.


Әлемді жалын өртеді,

Сағыныш сезім ерітеді.

Жаралы жалғыз жүрегім,

Аңсаудың күйін шертеді.


Ешкімге етпей қиянат,

Жанымда қалдың ұялап.

Алыста арман болсаң да,

Көңілімде өскен гүл алап.


Жалын боп жанда жанарсың,

Жанарда жас боп тамарсың.

Санамда сыр боп сақталып,

Құпиям болып қаларсың...

10.01.2010жыл.
Асыл тілек.

Биік еткім келді сені бас ұрып,

Жүрегімде құпия етіп, жасырып.

Бәлкім сені көре алмай да өтермін,

Түсіне біл, тілегімсің асыл, ұқ.
Сағыныштан тілек қостым алыстан,

Уақыт шіркін ерік бермес жарысқан.

Мен өзіңе қорған болып жүремін,

Арманыммен, қиялыммен табысқан.


Сені ойласам жанарымда шық тұрды,

Жақын болып алыстықты ұқтырды.

Жақсы көріп жылытылған бұл әлем,

Құпиямен ұстап тұр ғой нық сырды.


Мен өзіңді құрмет еттім қиялмен,

Көп нәрсені айта алмадым, ұяң ба ем?

Жүрегіммен демеу болып өзіңе,

Тілегіңмен бар жақсылық жиям мен!


Ашылмас дүниенің ерек сыры,

Жазылар жан арымның желек жыры.

Сарғайған сағыныштан сая таптым,

Бұл бәлкім бал бақыттың бөлек түрі...

11.01.2010жыл.
Өмір...

Өмірге сондай ғашықпын,

Жақсылықтарға асықпын.

Көңілді көкке тасыттым,

Өйткені сен барсың!
Өмірді сүрсем құнығып,

Күреспен келем шынығып.

Ертеңде сенім, шын үміт,

Заңғарсың!


Өзіңмен өсер өркенмін,

Жылы леп іздер желкенмін.

Бақыттың күйін шертермін,

Самғарсың.


Өнерде өрдім кісілік,

Ардақтар халқым түсініп.

Ұлылық түбі-кішілік,

Таңдарсың.


Сәйгүлік сәні жалы ғой,

Өмірде ұтар-абырой,

Адамдық атың, салып ой,

Мән қалсын!

12.01.2010жыл.

Ғажап әлем.

Арманға қарай асықтым,

Үмітпен қарап ертеңге.

Адал адамға ашықпын,

Жан дүнием ынтық көркемге.
Еңбекпен келер жемісің,

Ынтымақ алға апарар.

Түсінісуге жетсе келісім,

Биікті ар мен ұят алар.


Өмірде бәрі өткінші,

Қарбалас тірлік қым қиғаш.

Жақсылықтарға жетсінші,

Қамқоршы жандар ұмытылмас.


Бір Алла тапқан ретін,

Бәріне қойған кезегін.

Қамқор боп сырттай жүретін,

Аяулы жанды сеземін.


Әлемнен тылсым сыр ұғып,

Қуаныштарға толдым мен.

Өмірді сүйіп, құнығып,

Өмірге ғашық болдым мен!!!

13.01.2010жыл.
Сәби сезім.

Өмірге сәби келгенде,

Өзгеше өрнек өргенде.

Арыласың уайымнан,

Кереметті көргенде.
Бал-бақытқа жетесің,

Бала болып кетесің.

Тіршілігін тынысын,

Өзіңе сыңар етесің.


Перзентпен адам гүлдемек,

Арманы ылғи жүр демеп.

Мағынасы мәні өмірдің,

Бар қызығы бұл демек.


Өмірің мәңгі жалғасар,

Қуаныш түнмен таңға асар.

Көңілің күнмен теңесіп,

Жаныңды шуақ ән басар.


Тәттіліктің үлгісі,

Жаңалықтың үрдісі.

Елжіретер әлемді,

Сәбидің ғана күлкісі.

14.01.2010жыл.
Өзіңде өмір бақытың.

Жақсымен сырлас өткен күн,

Өмірде немен тең келер?

Жақсылық ісің, жеткенің,

Алдыңнан шығып, өң берер.
Аз ғана мынау өмірде,

Сыйласу, сыйлау керегі.

Ертеңгі күнге сенімде,

Бүгінгі күннің дерегі.


Сананы шырмар ой серік,

Іздейді жүрек сыңарын.

Жан дүнием үнге кенеліп,

Сен жақтан табар ұнарын.


Құламас рухың тірегің,

Өзіңде өмір бақытың.

Лүпілдер соққан жүрегің,

Айқындар алтын уақытын.


Жылы сөз емдер жаныңды,

Өмірде барсың, жар салғын!

Қырандай қайсар таңыңды,

Көсем боп күліп қарсы алғын!

15.01.2010жыл.
Жарық күн.

Ғұмырын сыйлар, жылуын төгер жарық күн,

Жаратушының құдіретіне тағы қанықтым.

Өмірді аңсар әлемге жар сап тіршілік,

Алладан әмір анық бұл!
Бар әлем ұйып, мейірім құйып тіршілік,

Қыс өтсе тағы көктеммен ағаш бүр шығып.

Тартылыс күшпен ұсталып тұрған табиғат,

Сезіммен құштар ынтығып.


Жарық күн құяр жылуын беріп санаға,

Мейірім толы әке мен бала, анада.

Жаныңа жақын жылы сөз бейне жарық күн,

Жазылар жүрек жара да.

Бір сәттік сәуле көңілді кетер тазартып,

Жақсылығы мен қуанышын өтер қоса артып.

Қапаста мәңгі қараңғы болып қалғаннан,

Жалындап жану-осы артық!


Пір тұттық мәңгі адамдық бейне алыпты,

Бағасын берер әр іске түбі халық-ты.

Қадірін біліп, аялап әркез өтейік,

Жандағы жылу жарықты!

19.01.2010жыл.
Байлық жоқ асқан бауырдан!!!
Бауырдың жөні бір бөлек,

Елеңдеп соғар жүрегің.

Қамқорлығымен жүр демеп,

Туыспен өмір-гүл егін!


Құрсақта жатқан кезінен,

Қанменен келген жақындық.

Бауырға деген сезіммен,

Ашылар бағың, батылдық!


Ынтымақ, бірлік жарасқан,

Өмірде қалар сыйластық!

Ұтылар итше таласқан,

Қадірлі қымбат қимастық!


Бауырдың жайын білгенде,

Жан жағың ырыс түп-түгел.

Жаныңда жайнап жүргенде,

Қайыспас нарсың, мықты бел!


Бауырды бауыр түсінер,

Жаны ашыр, жаны ауырған.

Бауырмен сезер күшін ер,

Байлық жоқ асқан бауырдан!!!

20.01.2010жыл.

Сен кімсің?

Ежелден қазақ ұлысың,

Ғаламмен келген ырысың.

Танылдың «Алтын адам» боп,

Ұғынды әлем мұны шын.
Тамырың өжет тектісің,

Ешкімнің төзбес тепкісін.

Көкбөрі болып болып айға ұлып,

Қырандай қайсар бек-мүсін.


Айбары асқан алыпсың,

Әр жанға қамқор халықсың.

Ұстаздық ұлы ісімен,

Фараби мәңгі анық шың!


Ғылыммен келген олжа анық,

Әлемге мәшһүр Таңжарық.

Өлмеудің жолын іздеген,

Білімді бар ма мұншалық?!


Намыстың биік шынары,

Ерліктің мәңгі сыңары.

Тамырың текті үңілсең,

Аяулы ардың Тұмары!


Бұлақтай мөлдір тұнық көп,

Тұншыққан бәрі құрық кеп.

Ғаламды зерттеп, құнығып,

Айға да жеткен Ұлықбек!


Арманда кеткен қанша арыс,

Бойларын билеп ар намыс.

Құрсауын қиған құлдықтың,

Белгілі сұлтан Бейбарыс!

Жүрекке толып иманың,

Жақсылық болып жиғаның.

Ем болған бүкіл әлемге,

Медеті Ибн Синаның.


Қара бұлт төнген қаншама,

Қазақтың соры соншама.

Көгеріп мәңгі тұратын,

Ұқсайды елім аршаға.


Соғыстан аман қалғансың,

Аштықтан өнген ормансың.

Қажымұқан-күштің атасы,

Әлемге әлі арман шың!


Еркіндік бақты жандырды,

Желтоқсан жұмбақ сан қырлы.

Қырандай қайтпас Қайратты,

Еске алсам жаным жаңбырлы.


«Құртам»-деп құрған жоңғар да,

Мың жаның барын аңғар да.

Мәңгілік қазақ жасай бер!

Иманмен жетіп таңдарға!


Салт дәстүр ана тіліңде,

Рухың асқақ діліңде.

Иманың ислам дінінде,

Алға ұмтыл қазақ бүгін де!


Қырандай қайсарлығыңмен,

Адамдық асыл ұғыммен.

Мәңгілік алда келесің,

Кең парасаттылығыңмен!


Өнермен өрге өрлегін!

Намысты қолдан бермегін!

Бар ұлтқа болдың қамқоршы,

Жамандық енді көрмегін!!!

25.01.2010жыл.

Ардагер.
Әні мен сөзін жазған Бертай Төкеев.

Намыстың туын жықпаған,

Ерлікке бастар нық далам.

Еліне қауіп төнгенде,

Қорғаны болған мықты адам!
Қайырмасы:

Ардагер келген жеңіспен,

Қайраты бойға келіскен.

Ерлігі үлгі еліме, 2рет

Жігері жалын ең үстем.
Отанның болған тірегі,

Болашақ арман тілегі.

Қырандай қайсар ардагер,

«Ұрпақ»-деп соғар жүрегі.

26.01.2010жыл.

Бақыт құс.

Үйімізге шуақ келді гүл ашып,

Көңіл шіркін күннен биік тұр асып.

Ағайынның ынтымағын ұйытып,

Бірлік келді берекеге ұласып.
Гүл келінмен ағайын да шаттанып,

Бір атадан таралғанын мақтанып.

Көптен бері көріспеген туыстар,

Сыр шертеді ішкі шерін ақтарып.


Әсел келін қызымыздай көрінген,

Бұл есімі берілмепті-ау тегіннен.

Имандылық өн бойына жарасып,

Сұлулық пен ақылдылық өрілген!


Жаңалық боп келін келді сағынған,

Жеңіс үйде күнде кешке табылған.

Ағам жеңгем сыбырласып сөйлесіп,

Сыр шертеді кешегі жас шағынан...


Бақыт деген осы екен-ау басталған,

Үлкенде үміт, ұлы тілек, жаста арман!

Нұртайым жүр жеңгесімен қуанып,

Шын бақыт құс келгені де расталған!!!


Айгерімнің сағынышы тым бөлек,

Қыз-қамқоршы, жанды ерітер-гүл дер ек.

Деніміз сау, туыс аман, көңіл тоқ,

Алға бастар осы бақыт шын керек!!!

Адамзатқа осы бақыт шын керек!!!
01.02.2010жыл.
Саналы сағыныш.

Жылы сөз ғой адамдарға керегі,

Тілек есітіп, жаның нұрға енеді.

Асқар таудай елді ойлаған азамат,

Ана алдында сәби болып келеді.
Өмір қызық, қартаймайды көңіл де,

Шерді тарқат, уайымды ұмыт, жеңілде.

Әрбір сәтті қызықты ету өзіңнен,

Күнің мәнді абырой мен сенімде.


Жастық шақтың арқасында жалындап,

Өміріңе небір өрнек салынбақ.

Адам болып қалу екен ұтарың,

Қасиетің-қазынаң мен қалың бақ!


Күн көңілің теңеседі көктеммен,

Арман шіркін таусылмайды жеткенмен.

Адам бәрін тырысады көруге,

Барлық нәрсе құдіретпен шектелген.


Сабыр сақтап, жақсылыққа жайландық,

Арды ойлап, намыс, ұятқа байландық.

Аз өмірді абыроймен ардақтап,

Саналы боп сағынышқа айналдық!

27.01.2010жыл.
Қыс келбет.
Әппақ түске боялды да тал шыбық,

Ақ көрпемен дала жатыр жаншылып.

Сұлулықпен сыршыл етті сананы,

Табиғаттай мөлдіреді тамшы үміт.


Ақ шекермен керім келбет келісті,

Ғажайыпқа айналғандай жер үсті.

Бүкіл әлем тазалықта ұсталып,

Сенім шіркін сезімімен сеністі.


Сол саябақ жаралғандай асылдан,

Әппақ қармен жер анаға бас ұрған.

Көңілі ауып көгеретін көктемге,

Сағынышын ішке бүгіп жасырған.


Ақ қыраумен аяз өрнек салғанда,

Анық сұлу нақтыланар жалғанда.

Жаратылыс жанға жақын сезіліп,

Әр көрініс ерекше бір талғамда.


Сұлулықтан жаның нұрға бөленбек,

Қыс келбеттен көңілің жырға кенелмек.

Ақ әлемнен жаңалықты сезініп,

Бір қуаныш күтіп жүрмін елеңдеп...

30.01.2010жыл.
Сезім сыры.
Өмір мені шуағына бөледі,

Жаңалыққа жаным еріп келеді.

Қыстың өзі көктем болып кетті ғой,

Ал жүрегім жақсылыққа сенеді.


Көктем бізге жақындығын аңғартты,

Сұлулығын сездірді де таңғалтты.

Адам өзі өткеніне өкінбей,

Ертеңіне ақ үмітін мәңгі артты.


Өмір өзі қызық, күнде жаңалық,

Көңіліңді көктем етер таралып.

Бала көрсек бала болып кетеміз,

Үлкендермен ақыл айтып ағалық.

Өмір әттең сырғып өтер сынаптай,

Жұмбақ толы көрінетін сынақтай.

Жауабы жоқ шешілмейтін сұрақтай,

Қызығы мол кәусар таза бұлақтай.


Жетегіне еріп сырлы сезімнің,

Куәсі боп ең бақытты кезімнің.

Шаттандым да шарықтай да алмадым,

Мұхит болып, бір тамшыдай езілдім...

03.02.2010жыл.
Сенім.

Соңғы кезде қызықты бір күй кештім,

Жанымменен әлемменен үндестім.

Ғарыштан мың құйылғандай ғаламат,

Көкейіме көрік берер гүл кескін.
Арманыммен арпалыстым ынтықтым,

Көңіл-асқақ, биігіне мың шықтым.

Жаңалыққа жаны құмар жүректі,

Сабыр сақтап, әрең-әрең тыншыттым.


Жаны жайсаң жанға жаным жақындау,

Ой санамда ұлылықты мақұлдау.

Құдіреттің қасиетін сезініп,

Жүрегімде жалынменен лапылдау.


Көңілімде көрікті күй көктеді,

Сағынышты назды әуенін шертеді.

Ерекше етіп елестетем ертеңді,

Ендігі күн ең ғажайып ертегі.


Жайнап жүрмін жақсылыққа жалғаса,

Сенімім мол арман көкте самғаса.

Амандық пен ден сау болса қалғаны,

Орындалар ұлы Алла қолдаса...

Дұрысталар Алла өзі қолдаса...

04.02.2010жыл.


Алланың көзі турада.

Қиналған сәтте қасымда менің кім қалар?,

Адам да бір ән өткен соң барып, шырқалар.

Көңіл де толмай көп іске елең етеміз,

Өмірдің көбін ұйқы алар...
Сағынып жүріп сарғайттық сағым сананы,

Қарттыққа келіп, аңсадық ата-ананы.

Ескіні естен шығарып алар ма екенбіз?,

Қабылдай алмай жаңаны...


Ұлғайса жасың көңілде тұрар дүрбелең,

Қамқоршы, сүйеу бола алдым деумен кімге мен?

Жастық шағыңның жалыны тұрар жүректе,

Демеуші болып нұрлы өлең...


Өмірге ғана мәңгілік ғашық жандаймыз,

Қартаймас көңіл, абыроймен ғана самғаймыз.

Жақсылық күткен жаралы, жайсаң жүректі,

Үмітпен тағы алдаймыз...


Жайнай бер көңіл, ешқашан солыма, қурама,

Дүрсілде жүрек, жақсылық тілеп, тула да.

Жамандық келмес адамға, сенім серпілтсе,

Алланың көзі турада...

05.02.2010жыл.

Әкем әнім.

Өлеңін жазған Бертай Төкеев.

Музыкасын жазған Қайрат Абдалимов

Әкетайым, асқар тауым, ақылшым,

Пейіліңмен, ниетіңмен жақынсың.

Сағыныштың сазы ерітіп жанымды,

Әнімменен өксік шерін шақырсын.

Асыл әкем жаралғандай алыптан,

Аса алмаған адамдық пәк қалыптан.

Перзенті үшін парасатты биік шың,

Қол жетпейтін арман болар анық таң.

Перзентіне әке мәңгі жақындау,

Қамқорымен биік тұрар ақыл тау.

Ата-ананың қадіріне жетуден,

Басталады құдіретті мақұлдау.

15.02.2010жыл.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет