3.2. Жобалау алдындағы құжаттама
3.2.3. 3-нұсқа
3.2.3.1. Нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар
№ 1 сұрақ
Тапсырысшы құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігердің мекенжайына жүктердің тасымалдануын қамтамасыз етуі мүмкін бе? ([1], 659-бап):
-
бұл тапсырысшының қосымша міндеті болып табылады;
-
бұл жағдайда барлық шығындарды мердігер көтереді;
-
құрылыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген жағдайда ғана мүмкін;
-
осындай талаптың шартта болуы кезінде мүмкін;
-
мердігердің мекенжайына жүктерді тасымалдауды қосалқы мердігер жүзеге асырады.
№ 2 сұрақ
Құрылыс объектісі жұмысты өткізудің шартта белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін дүлей күштің салдарынан қираған немесе бүлінген кезде тапсырысшы, егер шартта өзгеше көзделмесе, міндетті ([1], 652-баптың 1-тармағы):
-
орындалған және (немесе) қалпына келтіру жұмыстарының құнын төлеуге;
-
сот тәртібімен мердігерденорындалған және (немесе) қалпына келтіру жұмыстарының құнын өндіріп алуға;
-
сотқа дейінгі тәртіппен төлеу үшін орындалған және (немесе) қалпына келтіру жұмыстарының құнын мердігерге беруге;
-
орындалған және (немесе) қалпына келтіру жұмыстарының құнын мердігермен бірге тең өтеу және құрылысты өз күшімен аяқтауғе;
-
жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.
№ 3 сұрақ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу абайсызда адам өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, жазалау түрін атаңыз ([2],279-баптың 1-бөлімі):
-
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бас бостандығынан айыру;
-
айыппұл салу;
-
түзету жұмыстары
-
бас бостандығын шектеу;
-
өлім жазасы.
№ 4 сұрақ
Объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу әкеліп соғады([3], 318-бап):
-
әкімшілік айыппұл салуға;
-
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге;
-
заңсыз тұрғызылған немесе заңсыз тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзуға;
-
ескерту жасауға;
-
әкімшілік қамаққа алуға.
№ 5 сұрақ
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру жүзеге асырылады ([4] «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 29-бап):
-
қажетті құжаттарды ұсыну бойынша лицензиардың барлық талаптары орындалса;
-
лицензиялық алым енгізілмесе;
-
лицензиар лицензиялауға қойылатын талаптарға өтінім берушінің сәйкес келмеуі туралы тиісті келісуші мемлекеттік органнан жауап алғанда;
-
өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
-
жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.
№ 6 сұрақ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қоғамдық мүдделер - ([5],3-бап 1-тармақтың 2) тармақшасы):
1) жекелеген аймақтар, қалалар, кенттер, ауылдар мен басқа да қоныстар халқының осы аумақта тұруының (болуының) қолайлы жағдайларын, экологиялық ахуалдың жақсаруын, шаруашылық және өзге де қызмет салдарынан болған қауіпті (зиянды) әсерлердiң алдын алуды, елдi мекендер мен оған iргелес жатқан аумақтардың инфрақұрылымдарын дамытуды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн, табиғат құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі мүдделерi;
2) Қазақстан Республикасы аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы шетелдік ұйымдардың мүдделері;
3) тұтастай алғанда, өңірлерді, қалаларды, кенттердi, ауылдарды (селоларды) және басқа да қоныстарды тұрақты дамыту жағдайларын, аумақтық көліктік жоспарлауды және жол жүрісін ұйымдастыруды, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң, көлiк және инженерлiк коммуникациялардың, байланыс пен энергетиканың жұмыс iстеуiн, қоршаған ортаны қорғауды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтауды қамтамасыз етудегі қоғам мүдделерi;
4) тиесiлi жер учаскелерiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың мүдделерi;
5) жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.
№ 7 сұрақ
Сараптама жүргізу процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады([5], 17-баптың 4-тармағы):
-
жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым;
-
жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қабылдаған ұйым;
-
жергілікті атқарушы орган;
-
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
-
осы бұзушылықтар үшін жауаптылық заңнамада белгіленбеген.
№ 8 сұрақ
Мемлекеттiк қала құрылысының кадастрын жүргiзуге арналған қала құрылысы регламенттерiнiң жүйесi олардың мынадай үлгiлерiн қамтуы тиіс ([5], 41-баптың 3-тармағы):
-
жауаптың барлық нұсқалары дұрыс;
-
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру кезiнде аумақ пен соған байланысты жылжымайтын мүлiктi функционалдық пайдалануды белгілеуді және (немесе) өзгертуді;
3) аумақ пен елдi мекендердi дамытудың және жайғастырудың (құрылыс салудың) интенсивтiлiгiн;
4) аумақ пен елдi мекендердi дамытудың және жайғастырудың (құрылыс салудың) балансын қамтамасыз етудi;
5) аумақ пен елдi мекендердi жайғастырудың (құрылыс салудың) қоршаған ортаға әсер етуiн.
№ 9 сұрақ
Ерекше режим белгіленетін әскери және басқа объектілерді орналастыру үшін көзделуге тиіс([5], 56-баптың 1-тармағы):
-
режимдік аумақтардың арнайы аймақтары, сондай-ақ елді мекендерде немесе олардан тыс жерлерде ерекше реттелетін өзге де аумақтар;
-
арнайы мақсаттағы аймақтар;
-
ауыл шаруашылығы мақсатындағы аймақтар;
-
өнеркәсіптік (өндірістік) аймақтар;
-
рекреациялық аймақтар.
№ 10 сұрақ
Міндетті түрде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді талап етпейтін құрылыс жобаларына осы сараптаманы тапсырыс берушінің шешімі бойынша жүргізуі мүмкін([5],64-5-баптың 3-тармағы):
-
аккредиттелген сараптама ұйымы;
-
мемлекеттік сараптама ұйымы;
-
сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті ұйым;
-
жобалау ұйымы;
-
жергілікті атқарушы органның мамандары.
№ 11 сұрақ
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы кімге қатысты ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ? ([6], 4-баптың 1-тармағы)
-
Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі азаматтығы жоқ тұлғаларға;
-
Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық жеке тұлғаларға;
-
Қазақстан Республикасы аумағындағы шет мемлекеттердің азаматтарына;
-
Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі оның барлық азаматтарына;
-
Қазақстан Республикасында тіркелген және өз қызметін оның шегінен тыс жерлерде жүзеге асырып жүрген барлық заңды тұлғаларға.
№ 12 сұрақ
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы қамтиды([7], 6-тармақтың 1-тармақшасы):
-
стратегиялық және экономикалық жоспарлау ережелеріне сәйкес өндіргіш күштерді қоныстандырудың және орналастырудың негізгі қағидаттарын;
-
құрылыс объектілері аумағын инженерлік дайындау, абаттандыру және жасылдандыруды;
-
аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялауды;
-
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында олардың нәтижелерін қолдануды;
-
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарды белгілеуді.
№ 13 сұрақ
Меншік иесі салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдаған кезде, меншік иесі ([8], 5-тармақтың 2) тармақшасы):
-
жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманың не нобайдың (жобаның нобайы), объектілерді жобалау үшін берілген бастапқы материалдардың (құжаттардың) және қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарының сақталуын тексереді;
-
сараптама комиссиясының (сараптама тобының) құрамында аумақты жоспарлаудың қала құрылысы жобалары бойынша қала құрылысының кешенді сараптамасына қатысады;
-
жобаның бөлімі (бөлімі) әзірлеушілерінен және тапсырыс берушілерден қажетті материалдар мен ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
-
атқару техникалық құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді;
-
құрылыс барысында анықталған кемшіліктерді (ақауларды) уақтылы жояды.
№ 14 сұрақ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын республика бойынша кадастрлық деректерді қорыту мен талдау, мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құрудың және жүргізудің ғылыми-әдістемелік және нормативтік-құқықтық базасын, оның бағдарламалық-техникалық құралдарын әзірлеу жүзеге асырылады([9], 2-тармақтың 1) тармақшасы):
-
республикалық аумақтық деңгейде;
-
облыстың аумақтық деңгейінде;
-
базалық аумақтық деңгейде;
-
жауаптың барлық нұсқалары дұрыс;
-
жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.
№ 15 сұрақ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирнгтік қызмет көрсеткен кезде сарапшы не ұйым функукциясына жатады ([10], 6-тармақтың 2) тармақшасы):
-
тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы мердігерлік шартты дайындау процесіне қатысу;
-
тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
-
атқарушы техникалық құжаттаманың тиісінше және уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету;
-
құрылыс барысында анықталған кемшіліктерді уақтылы жою;
-
мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау және техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларының объектіге кіруін қамтамасыз етуге.
3.2.3.2. Нормативтік техникалық құжаттама бойынша сұрақтар
№ 16 сұрақ
Тапсырыс беруші сәулет-жоспарлау тапсырмасын кімге береді? ([18], 5.5-т.)
-
жобалау ұйымына (жобаның әзірлеушісіне)
-
сәулет және қала құрылысының жергілікті органдарына
-
жобалау-іздестіру ұйымына
-
мердігерлік ұйымға
-
жобаның бас инженеріне (ЖБИ)
№ 17 сұрақ
Объектінің мақсатына, негізгі өлшемдеріне және нақты жер учаскесіне (алаңда, трассада) орналастырылуына қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ осы елді мекен үшін қала құрылысы регламенттеріне сәйкес белгіленетін жобалауға және құрылысқа қойылатын міндетті талаптар, шарттар және шектеулер қалай аталады ([18], А қосымша)
1. сәулет-жоспарлау тапсырмасы
2. жоба паспорты
3. жобалауға тапсырма
4. жоба нобайы
5. ғимараттың энергетикалық паспорты
№ 18 сұрақ
Ерекше өлшемді объектілерді жобалау кезінде жобалауға және құрылысқа арнайы техникалық шарттарды (АТШ құжаты – айрықша нормалар) әзірлеуді жүзеге асыратын..... ([18], 8.1-т.)
1. тапсырыс беруші, ғылыми-зерттеу ұйымдарын және (немесе) мамандандырылған ұйымдарды тартумен
2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган
3. жергілікті сәулет және қала құрылысы органы
4. жобалау ұйымы (жобаны әзірлеуші)
5. тиісті ғылыми-зерттеу ұйымы немесе мамандандырылған ұйым
№ 19 сұрақ
Жобалау басталғаннан кейін қолданысқа енгізілген (күшіне енген) жаңа (өзгертілген, толықтырылған) мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтердің нормалары мен ережелері, егер ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе, қолданыла ма? ([18], 5.12-т.)
1. егер ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе, қолданылмайды
2. қолданылмайды
3. қолданылады
4. егер жобаның басталғанынан 45 күннен артық өтпесе, қолданылады
5. егер жобаны әзірлеу аяқталмаса, қолданылады
№ 20 сұрақ
Қаржыландырудың басқа көздері есебінен жүзеге асырылатын құрылысқа жобалық құжаттаманы бекіту жүргізіледі:([18], 7.6-т.):
1. бекітілетін негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерді көрсете отырып,тапсырыс берушінің шешімімен
2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен
3. сәулет және қала құрылысының жергілікті органы шешімімен
4. тиісті лицензиясы бар заңды тұлғаның шешімімен
5. сараптама жұмыстары нарығы субъектісінің шешімімен
№ 21 сұрақ
Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер құрылысының жұмыс жобасы (ЖЖ) құрамына не кірмейді? ([18], 10.4-т.)
1. негізгі құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар қажеттілігінің жиынтық ведомості
2. жұмыс жобасының паспорты
3. энергетикалық паспорт
4. жалпы түсіндірме жазба
5. сметалыққұжаттама
№ 22 сұрақ
Қандай құжаттамаларды әзірлеу құрылысқа арналған инженерлік іздестірулердің материалдары негізінде орындалмайды? ([31]; 2.1-т.)
-
сметалық құжаттаманы әзірлеу;
-
қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу;
-
жобалық құжаттаманы әзірлеу;
-
мемлекеттік кадастларды және қоныстың ақпараттық жүйелерін жүргізу;
-
экономикалық, техникалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан негізделген жобалық шешімдер қабылдауға арналған ұсынымдар дайындау.
№ 23 сұрақ
Экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тәуекеліжоғары (жауапкершіліктің 1-деңгейіндегі айрықша ғимараттар мен құрылыстар, магистральдық құбырлар, байланыс құрылыстары т.б.) кәсіпорындар, ғимараттар және құрылыстар салуға арналған инженерлік-геологиялық іздестірулерді кім орындауы керек? ([31]; 2.3-т.)
-
Қазақстан Республикасы аумағында кешенді инженерлік іздестірулерді орындауға лицензиясы бар мамандандырылған іздестіру немесе жобалау-іздестіру ұйымдары;
-
Кез келген жобалау-іздестіру ұйымдары;
-
Қосалқы мердігерліктегі ұйымдар;
-
Мемлекеттік жобалау-іздестіру ұйымдары;
-
Жеке меншік жобалау-іздестіру ұйымдары.
№ 24 сұрақ
Тіреу-қадалардан салынатын іргетасқа жобалауға және салуға арналған іздестірулер кезіндегі қажетті кен қазбалары саны ([31]; 3.66-т.):
-
-әрбір ғимарат немесе құрылыс үшін кемінде үш жыл;
-
- әрбір ғимарат немесе құрылыс үшін кемінде төрт жыл;
-
- әрбір ғимарат немесе құрылыс үшін кемінде бес жыл;
-
- әрбір ғимарат немесе құрылыс үшін кемінде екі жыл;
-
– регламенттелмейді.
№ 25 сұрақ
Құрылысқа арналған инженерлік-геологиялық іздестірулер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен нормативтік актілерінде белгіленген тәртіппен қандай нормативтік құжатқа сәйкес орындалуы керек? ([32]; 1.2-тармақ)
1. ҚР ҚНжЕ 1.02-18-2004
2. ҚР ҚНжЕ 2.03-16-2005
3. ҚР ҚНжЕ 4.07-12-2007
4. ҚР ҚНжЕ 2.05-14-2008
5. ҚР ҚНжЕ 2.03-15-2009
№ 26 сұрақ
Құрылыстың жекелеген алаңдарының сейсмикалығы қандай нормативтік құжатқа сәйкес нақтылануы тиіс? ([32]; 2.2.13-тармақ)
1. ҚР ҚН 1.02-16-2003.
2. ҚР ҚН 2.03-18-2004.
3. ҚР ҚН 2.02-19-2005.
4. ҚР ҚН 2.02-15-2006.
5. ҚР ҚН 2.04-16-2006.
№ 27 сұрақ
ТЭН жобасын мүдделі ұйымдармен және мемлекеттік қадағалау органдарымен келісу бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі және қай кезде жүзеге асырылады? ([20], 3.4-т.)
-
объектіні орналастыру орнын таңдау кезінде
-
бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес атқарушы органменкелісілген кезде.
-
объектінің орналасу орнын бекіту кезінде.
-
учаскеге өтінім беру кезінде.
-
объектіні орналастырудың нақты орны болған кезде.
№ 28 сұрақ
Құрылысқа арналған алаңға (трассаға) орналастыру туралы шешімді қаланың немесе елді мекеннің бекітілген құжаттамасына сәйкес жергілікті атқарушы орган қабылдайтын қалаларда және басқа елді мекендерде жер учаскелерін беру жағдайларында объектінің орналасу орнын алдын ала келісу жүргізіле ме? ([20], 3.4-т.)
-
Алдын ала келісу жүргізілмейді.
-
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
-
Ірі өндірістік кәсіпорындарды салу кезінде жүргізіледі
-
Мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жүргізіледі.
-
Өңірлердің дамуының мемлекеттік жобаларын іске асыру кезінде жүргізіледі.
№ 29 сұрақ
ТЭН әзірлеу кезінде объекті құрылысының кіріспесінде болуы керек([20], 4.3.2-т.):
-
Барлық тізбеленгендер
-
Объекті құрылысы қажеттілігінің негіздемесі
-
Инвестициялаудың мақсаты
-
Экономикалық тиімділігі
-
Объектінің салалық бағдарламаларға сәйкестігі
№ 30 сұрақ
ТЭН әзірлеу кезінде объекті құрылысының кіріспесінде болмауы тиіс([20], 4.3.2-т.):
1. Жобаны іске асыру тәуекелдері
2. Объекті құрылысы қажеттілігінің негіздемесі
3. Инвестициялаудың мақсаты
4. Экономикалық тиімділігі
5. Объектінің салалық бағдарламаларға сәйкестігі
№ 31 сұрақ
ТЭН әзірлеу кезінде құрылысқа маркетингтік бөлімде болмауы тиіс ([20], 4.3.3-т.):
-
Құрылысы болжанатын объектіде шығарылған өнім құнын салыстыру нәтижелері.
-
Қолда бар материалдар мен зерттеулер негізіндегі техникалық-экономикалық бағалаулар нәтижелері.
-
Шығырылуы болжанатын өнімге қазіргі кездегі бар және перспективалық сұранысты бағалау.
-
Саланың қазіргі кездегі жағдайы талдауы және құрылыс объектісінің әлеуметтік-экономикалық қажеттілігі.
-
Тәуекелдің негізгі факторларын айқындайтын коммерциялық тәуекелдерді бағалау.
№ 32 сұрақ
Ғимаратты техникалық тексеру кезеңінде жүргізіледі ([33], 3.2.3-тармақ):
-
–жобалау жүргізілген мұрағаттық материалдарды, нормаларды зерделеу;
- бастапқы және иллюстрациялық материалдарды жинау.
-
- жобалау жүргізілген мұрағаттық материалдарды, нормаларды зерделеу;
- бұрын жүргізілген тексерулерді зерделеу;
-
- бастапқы және иллюстрациялық материалдарды жинау;
- бұрын жүргізілген тексерулерді зерделеу;
-
- жобалау жүргізілген мұрағаттық материалдарды, нормаларды зерделеу;
-
- жобалау жүргізілген мұрағаттық материалдарды, нормаларды зерделеу;
- бұрын жүргізілген күшейту жобаларын зерделеу.
№ 33 сұрақ
Ғимаратқа жалпы тексеру жүргізудің мақсаты ([33], 3.2.4-тармақ):
-
–ғимаратпен алдын ала танысу және конструкцияны егжей-тегжейлі тексеру бағдарламасын жасау
-
–егжей-тегжейлі тексеру бойынша жұмыстардың қажет көлемін айқындай
-
–егжей-тегжейлі тексеру бойынша жұмыстар құнын айқындау
-
-егжей-тегжейлі тексеру жүргізу үшін қажет аспаптарды айқындау
-
-егжей-тегжейлі тексерудің мақсатын үшін айқындау
№ 34 сұрақ
Инженерлік жабдықтарды аспаптық бақылау қалай жүзеге асырылады? ([33], 3.4.5-тармақ)
-
пайдалану режимінде жұмыс істейтін, сыртқы желілерге қосылған жүйелерде жүзеге асырылуы керек. Жазғы уақытта мұндай жұмыс жүйелерді толтырумен және қысыммен сынаумен орындалады; сонымен бірге жүйедегі суды айналдырумен қыздыру жүргізіледі.
-
пайдалану режимінде жұмыс істейтін, сыртқы желілерге қосылмаған жүйелерде жүзеге асырылуы керек. Қысқа уақытта мұндай жұмыс жүйелерді толтырумен және қысыммен сынаумен орындалады;
-
пайдалану режимінде жұмыс істейтін, сыртқы желілерге қосылған жүйелерде жүзеге асырылуы керек.
-
пайдалану режимінде жұмыс істейтін, сыртқы желілерге қосылмаған жүйелерде жүзеге асырылуы керек. Қысқа уақытта мұндай жұмыс жүйелерді толтырумен және қысыммен сынаумен орындалады; сонымен бірге жүйедегі суды айналдырумен қыздыру жүргізіледі.
-
Жазғы уақытта мұндай жұмыс жүйелерді толтырумен және қысыммен сынаумен орындалады; сонымен бірге жүйедегі суды айналдырумен қыздыру жүргізіледі.
№ 35 сұрақ
Құрылысты (негізгі өндіріс ғимаратын, арнайы ғимараттар мен инженерлік құрылыстарды) техникалық тексерудің жалпы әдісі қандай кезеңдерден тұрады?
-
–құрылысты алдын ала тексеру;
- құрлысты егжей-тегжейлі аспаптық тексеру.
-
визуалды қарап тексеру;
- құрылысты егжей-тегжейлі аспаптық тексеру.
-
құрылысты егжей-тегжейлі аспаптық тексеру. Күшейту бойынша ұсынымдар.
-
алдын ала тексеру, егжей-тегжейлі тексеру бойынша ұсынымдар
-
егжей-тегжейлі тексеру
№ 36 сұрақ
Темір бетонды конструкцияларды визуалды қарап тексеру кезінде айқындалады: ([33], 4.1.32-тармақ)
-
–қорғаныс жабындарының жағдайы;
- ылғал учаскелердің және беттің оңуының болуы;
- бетонда жарықтардың болуы, сондай-ақ оның тоттануға шалдығу тереңдігі. Тіреу конструкциялар бетонының жарықтары мен қирауын ашық беттерді қарап тексеру, сондай-ақ конструкциядан қорғаныс жабындарын іріктеп түсіру жолымен анықтау қажет. Бұл ретте жарықтардың орны, олардың бағыты, ашылу шамасы және тереңдігі айқындалады.
-
–қорғаныс жабындарының жағдайы;
- бетонда жарықтардың болуы, сондай-ақ оның тоттануға шалдығу тереңдігі.
-
- ылғал учаскелердің және беттің оңуының болуы;
- бетонда жарықтардың болуы, сондай-ақ оның тоттануға шалдығу тереңдігі.
-
- қорғаныс жабындарының жағдайы
- ылғал учаскелердің және беттің оңуының болуы;
-
- қорғаныс жабындарының жағдайы;
- ылғал учаскелердің және беттің оңуының болуы;
-жарықтардың орны, олардың бағыты, ашылу шамасы және тереңдігі.
№ 37 сұрақ
Лак-бояу жабындарының адгезисы айқындалады: ([33], 4.1.76-тармақ)
-
МЕМСТ 15140бойынша торлап кесу әдісімен;
-
жабынның бір бөлігін ашу әдісімен;
-
жабын учаскесінің қыртыстануы әдісімен;
-
жабынға реагенттермен әсер ету әдісімен;
-
ультракүлгінді жарықтандыру әдісімен.
№ 38 сұрақ
Тоттануға шалдыққан элементтердің қалыңдығын айқындау үшін неше тілік және қанша рет өлшеу жүргізілуі қажет? ([33], 4.1.78-тармақ)
-
элементтің ұзына бойымен кемінде үш тілік жасалады. Әрқайсында кемінде үш рет өлшеу жүргізіледі.
-
элементтің ұзына бойымен кемінде төрт тілік жасалады. Әрқайсында кемінде үш рет өлшеу жүргізіледі.
-
элементтің ұзына бойымен кемінде бес тілік жасалады. Әрқайсында кемінде үш рет өлшеу жүргізіледі.
-
элементтің ұзына бойымен кемінде он тілік жасалады. Әрқайсында кемінде үш рет өлшеу жүргізіледі.
-
элементтің ұзына бойымен кемінде сегіз тілік жасалады. Әрқайсында кемінде үш рет өлшеу жүргізіледі.
№ 39 сұрақ
Ғимаратты және құрылысты тексеру бойынша жұмыстардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі? ([33], 6.7-тармақ)
-
Барлық қауіпті аймақтар қауіпсіздік белгілерімен, ескерту жазбаларымен және плакаттармен белгіленеді. Тұрақты жұмыс істейтін қауіпті аймақтар МЕМСТ 23407 талаптарына сәйкес келетін қорғаныш қоршауларымен қоршалуы керек.
-
Жұмыскерлермен қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша нұсқама жүргізіледі.
-
Қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша білімді тексеру жұмыскерлері тексеру жүргізуді орындайтын ұйымның бұйрығымен бекітілетін комиссия хаттамасымен ресімделеді.
-
Тексеру бойынша жұмыстарды жүргізуге жүктелім-рұқсат құжаты беріледі.
-
Барлық қауіпті аймақтар қауіпсіздік белгілерімен, ескерту жазбаларымен және плакаттармен белгіленеді.
№ 40 сұрақ
Ғимаратты және құрылысты тексеру кезінде жоғары өрмелеу (жер бетінен, аражабыннан немесе жұмыс төсемінен 5 м астам биіктікте) жұмыстарына қойылатын талаптар:([33], 6.15-тармақ)
-
Жұмыстарды осындай жұмыстармен айналысуға рұқсаты бар және сақтандыру белдіктерімен қамтамасыз етілген жоғары өрмелеу мамандары ғана жүргізе алады.
-
Жұмыстарды осындай жұмыстармен айналысуға рұқсаты бар және сақтандыру белдіктерімен қамтамасыз етілген мамандар ғана жүргізе алады.
-
Жұмыстарды нұсқамадан өткен мамандар ғана жүргізе алады.
-
Тексеруге қатысатын барлық мамандар.
-
Жұмыстарды осындай жұмыстармен айналысуға рұқсаты бар және сақтандыру белдіктерімен қамтамасыз етілген жоғары өрмелеу мамандары ғана жүргізе алады.
№ 41 сұрақ
«Әсер ету» терминіне анықтама беріңіз ([33], А.1-қосымшасы)
-
конструкция элементтерінде ішкі күштерді тудыратын құбылыс (негіздің әркелкі деформациялануынан, кен қазбасының әсер ету аудандарында және карст аудандарында жер бетінің деформациясынан, температураның өзгеруінен, конструкция материалының отыруы мен сырғыштығынан, сейсмикалық, жарылыстық, ылғалдылық және басқа да осындай құбылыстардан).
-
соққы толқыны, жел жүктемесі, температураның әсер етуі
-
физикалық жағдайдың өзгеруі
-
пішіннің, мөлшердің өзгеруі
-
жер бетінің деформациялануы
№ 42 сұрақ
«Ақау» терминіне анықтама беріңіз ([33], А.3-қосымшасы)
-
Конструкцияда оны дайындау, тасымалдау және монтаждау сатысында туындайтын жөндемсіздік
-
Материалдың отыруы және сырғығыштығы
-
Негіздің әркелкі деформациялануы
-
Пайдалану кезеңінде туындайтын тоттану
-
Конструкцияның тұтастығының бұзылуы
№ 43 сұрақ
«Техникалық жағдайды бақылау» терминіне анықтама беріңіз ([33], А.14-қосымшасы)
-
Конструкцияны жұмыс істеуге қабілетті жағдайда ұстау мақсатында, оларды пайдалану кезеңінде техникалық жағдайын қадағалау жүйесі.
-
Конструкцияның жұмыс істеуінің барлық кезеңі ішінде тексеру бойынша жүргізілетін жұмыстар.
-
Ғимараттар мен құрылыстарды кезең-кезеңмен техникалық тексеру
-
Ғимараттар мен құрылыстарды жылына бір рет егжей-тегжейлі тексеру
-
Сараптамалық тексеру нәтижелері бойынша ғимараттың техникалық жағдайын бағалау
№ 44 сұрақ
Бетон және темір бетон конструкциялар элементтерінің қауіпсіздігін, пайдалануға жарамдылығын және төзімділігін орындау қандай талаптар тобымен қамтамасыз етілуі тиіс ([34], 4.5-т.)
-
бетон мен арматура сипаттамаларының нормативтік және есептеу мәндеріне қойылатын талаптар
-
бетон мен арматураның техникалық мәндеріне қойылатын талаптар
-
бетон мен арматура күшін есептеу мәндеріне қойлатын талаптар
-
бетон мен арматураны пайдалану технологиясына қойылатын талаптар
-
бетон мен арматура жүктемесінің есептік мәндеріне қойылатын талаптар
№ 45 сұрақ
Бетон және темір бетон конструкцияларды жобалау кезінде конструкцияның сенімділігі қандай МЕМСТ сәйкес қамтамасыз етілетінін көрсетіңіз ([34], 4.6-т.)
-
МЕМСТ 27751
-
МЕМСТ 27843
-
МЕМСТ27451
-
МЕМСТ 27158
-
МЕМСТ 27739
№ 46 сұрақ
Бетон сапасы көрсеткіштері неге сәйкес қамтамасыз етілуі керек? ([34], 5.1.11-т.)
-
Бетон қоспасы құрамының жобаға сәйкестігіне
-
Бетон қоспасы сипаттамаларына сәйкестігіне
-
Пуассонкоэффициентіне сәйкестігіне
-
Бетонның қорғаныш қасиеттерінің арматураға қатысты сәйкестігіне
-
Барлық жауаптар дұрыс
№ 47 сұрақ
Жазық (екі осьті) және көлемді (үш остьті) жүктемелі жағдайдағы кезінде бетонның беріктік сипаттамалары мәнін қандай көрсеткіштерді есепке алып айқындауға болатынын көрсетіңіз ([34], 5.2.6-т.)
-
Бетонның түрі мен сыныбын
-
Бетонның беріктік сипаттамаларын
-
Бетонның тығыздылығын
-
Бетонның маркасын
-
Бетонның суыққа төзімділін
№ 48 сұрақ
Қандай құжат инженерлік іздестірулерді орындау үшін негіздеме болып табылады? ([31], 2.6-т.)
-
тапсырыс беруші мен инженерлік іздестірулерді орындаушының арасындағы шарт (келісім-шарт);
-
тапсырыс беруші мен инженерлік іздестірулерді орындаушының арасындағы келісім;
-
атқарушы билік органдарының немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімі;
-
инженерлік іздестірулерді жүргізуге техникалық тапсырма;
-
тапсырыс берушінің инженерлік іздестірулерді орындаушыларға талаптарының болуы.
№ 49 сұрақ
Кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін инженерлік іздестіру кезінде топографиялық түсірілімдерді орындау үшін қандай масштаб қолданылмайды? ([31], 3.7-т.)
-
1:100;
-
1:200;
-
0,38889
-
1:1000;
-
1:10000.
№ 50 сұрақ
Қала құрылысы жобасына өзгеріс енгізуге кімнің шешімі бойынша ғана жол беріледі? ([23], 4.1.3.1.17-т.)
-
Оны бекіткен органның және сараптаманың
-
Тапсырыс берушінің және сараптаманың
-
Сәулет бөлімінің
-
Қала құрылысы бөлімінің
-
Жергілікті атқарушы органның
№ 51 сұрақ
Қала құрылысы дамуы жобасында аймақтары шегінде қандай құжат әзірленетін қоныстар, қала және оның қала маңы аймағы шекарасын белгілеу туралы ұсыныс болады? ([23], 5.1.4.5-т.)
-
Бас жоспар
-
Құрылыс салу жоспары
-
Құрылыс салудың таңбалы жоспары
-
Жиынтық ведомость
-
Жобаны іске асыру схемасы
№ 52 сұрақ
Ауданның, ауылдық округтың аумағын жоспарлы ұйымдастыру бойынша ұсыныстар нені қоса алғанда нұсқалық негізде әзірленеді? ([23], 5.1.4.7-т.)
-
Қабылданған жобалық шешімдердің қала құрылысылық негіздемелері
-
Құрылыс салу жоспары
-
Құрылыс салудың бас жоспары
-
Жобаны іске асыру схемасы
-
Қабылданған жобалық шешімдер актісі
№ 53 сұрақ
Әдетте, орындалған инженерлік іздестірулер туралы техникалық есептің (кешенді немесе инженерлік іздестірулердің жекелеген түрлері бойынша) графикалық бөлімінде қандай материалдар көрсетілмейді? ([31]; 2.12-т.)
-
тапсырыс беруші ұйымның атауы және орналасқан орны, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі;
-
карталар, зерделеу нәтижелерінің жоспары;
-
зерделеу нәтижелері өлшемдерінің (сипаттамаларының, көрсеткіштерінің) графиктері, кестелері;
-
зерделеудің негізгі нәтижелері, құрылыс объектісінде болуы мүмкін табиғи өзгерістер мен техногендік жағдайлар бар деректер каталогтары;
-
зерделеу нәтижелерінің кескіндері, профильдері.
№ 54 сұрақ
Төменде берілгендердің қайсы құрылысқа арналған инженерлік-геодезиялық іздестірулердің құрамына кірмейді? ([31]; 3.3-т.)
1. инженерлік құрылыс жұмыстары;
2.бұрынғы жылдардағы іздестірулердің материалдарын, құрылыс ауданына топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілімдік және басқа материалдар мен деректерді жинау және өңдеу;
3. іздестіру аумағын барлаушылық тексеру;
4. жоспарлы-биіктік түсірілімдік геодезиялық желілерді құру;
5. инженерлік-гидрографиялық жұмыстар.
№ 55 сұрақ
Алаң бойынша жоба әзірлеуге арналған инженерлік-геодезиялық іздестірулер нәтижелері бойынша жасалатын құрылыс алаңдары жөніндегі техникалық есептің құрамына қандай құжаттама кірмейді? ([31]; 3.16, 3.17-т.)
1. құрылыс алаңындағы жер жұмыстары көлемінің ведомості;
2. геодезиялық тіреу желілері координаттары мен биіктіктерінің каталогы;
3. пайдаланушы ұйымдармен келісілген жерүсті және жерасты құрылыстарының жоспарлары;
4. өзендердің, ішкі су айдындары мен акваторияларының инженерлік-топографиялық жоспары;
5. қауіпті табиғи және техногендік процестердің дамуы аудандарында жауын-шашынды және ғимараттар мен құрылыстар негіздерінің зақымдануын, жер беті мен тау жыныстары қалыңдығын геодезиялық өлшеу нәтижелері.
№ 56 сұрақ
Қадалық іргетастар үшін кен қазбасының тереңдігі тассыз жерлерде әдетте, қаданың төменгі ұшының жобаланатын кіру тереңдігінен кемінде қаншаға төмен алынуы тиіс: ([31]; 3.67-т.)
-
- 5 м;
-
- 4 м;
-
- 3 м;
-
- 2 м;
-
- 1 м.
№ 57 сұрақ
Құрылыстың жекелеген алаңдарының сейсмикалығын нақтылау қандай РҚ ҚН сәйкес жүргізіледі? ([32] 2.2.13-т.)
-
ҚР ҚН 1.02-16-2003.
-
ҚР ҚН 2.03-18-2004.
-
ҚР ҚН 2.02-19-2005.
-
ҚР ҚН 2.02-15-2006.
-
ҚР ҚН 2.04-16-2006.
№ 58 сұрақ
Геоморфология, гидрогеология, тектоника элементтерінің және топырақ қабаттары орнының шартты белгілері, сондай-ақ топырақ түрлерін және олардың литологиялық ерекшеліктерін белгілеу қандай МЕМСТ сәйкес қабылдануы тиіс? ([32] 2.2.14-т.)
-
МЕМСТ 21.302.
-
МЕМСТ 22.150.
-
МЕМСТ 21.303.
-
МЕМСТ 21.304.
-
МЕМСТ 21.305.
№ 59 сұрақ
Күрделі және жауапты объектілер үшін қарқынды беткейлік процестер аудандарында инженерлік-геологиялық іздестірулер жүргізген жағдайларда инженерлік-геологиялық түсірілімдерді орындауға жол берілетін масштаб шамасын көрсетіңіз. ([32] 9.2.3.2-т.)
-
1:5000
-
1:25000
-
1:10000
-
1:15000
-
1:50
№ 60 сұрақ
Қарқынды беткейлік процестердің дамуы аудандарында жауаптылықтың бірінші деңгейіндегі бірегей объектілер мен ғимараттардың (құрылыстардың) жобаларын әзірлеу үшін іздестірулер жүргізу кезінде барлық алаңда инженерлік-геологиялық түсірілімді орындауға жол берілетін кездегі масштаб шамасын көрсетіңіз ([32] 9.2.4.2-т.)
-
1:1000-1:500
-
1:25000-1:10000
-
1:5000-1:10000
-
1:25000-1:5000
-
1:1000-1:5000
№ 61 сұрақ
Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттерін зертханалық айқындау үшін түсірілім аумағы шегінде сынамалау нүктелерін орналастыру қандай арақашықтықта жүзеге асырылуы тиіс ([32] 9.5.4.3-т.)
-
200-250 м
-
200-300 м
-
250-300 м
-
300-350 м
-
кемінде 350 м
№ 62 сұрақ
Түсірілім масштабы 1:10000 — 1:5000 болған кездегі құрылыс салынған қала аумақтарында гидрохимиялық сынамалау нүктелері санын көрсетіңіз ([32]9.6.4.8-кесте)
-
1 шаршы км-ге 7-10
-
1 шаршы км-ге 8-10
-
1 шаршы км-ге 9-10
-
1 шаршы км-ге 6-10
-
1 шаршы км-ге 5-10
№ 63 сұрақ
Инвестициялау негіздемесінің қорытындысы не болып табылады? ([35], 2.5-т.)
-
барлық тізбеленгендер
-
жер учаскесін таңдау актісін алу
-
жобалық-іздестіру жұмыстарын орындау
-
құрылыстың шаруашылық қажеттілігі туралы шешім қабылдау
-
құрылысқа инвестициялаудың экономикалық және әлеуметтік орындылығы туралы шешім қабылдау
№ 64 сұрақ
Күрделі жөндеу объектісінің қайта қолданылатын қандай жобалық құжаттамасы «типтік жобалық құжаттамаға» жатқызылмауы тиіс? ([36], 4.2-т.)
1. сыртқы инженерлік желілер бойынша шешімдер
2. сәулет шешімдері
3. көлемдік-жоспарлық шешімдер
4. технологиялық шешімдер
5. инженерлік жабдық туралы мәліметтер
№ 65 сұрақ
Үлгілік жобалау құжаттамасы және ғимараттар мен құрылыстардың жеке жобалары оларды қайта қолданған кезде қандай МЕМСТ сәйкес құрылыстың нақты ауданына байлауға жатады? ([36], 6.2-т.)
-
МЕМСТ 21.101
-
МЕМСТ 20910-90
-
МЕМСТ 22362-77
-
МЕМСТ 21.001-93
-
МЕМСТ 20522-96
№ 66 сұрақ
........тұрғын үй-азаматтық немесе өндірістік мақсаттағы ірі объектілер (ғимараттар, құрылыстар, кешендер, көлік және инженерлік коммуникациялар, өзге тіршілікті қамтамасыз етудің өзге объектілері) бойынша жобалық құжаттама екі сатыда әзірленеді ([18], 4.2.1-т.)
1. құрылыстың нормативтік ұзақтығы 24 айдан асатын
2. құрылыстың нормативтік ұзақтығы 12 айдан асатын
3. құрылыстың нормативтік ұзақтығы 18 айдан асатын
4. құрылыстың нормативтік ұзақтығы 20 айдан асатын
5. құрылыстың нормативтік ұзақтығы 36 айдан асатын
№ 67 сұрақ
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беретін..... ([18], 5.5-т.)
1. сәулет және қала құрылысының жергілікті органы
2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган;
3. тапсырыс беруші
4. жобаның бас сәулетшісі (ЖБС)
5. жобалау ұйымы (жобаны әзірлеуші)
№ 68 сұрақ
Жобалау және құрылыс үшін арнайы техникалық шарттар (АТШ құжаттары – айрықша нормалар) әзірленеді: ([18], 8.1-т.)
1. берілген габариттер, есептік қуат, технологиялық процесстер, функционалдық міндеті бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында нормалары жоқ өзге де айрықша талаптар бойынша ерекше өлшемді (сипаттары, қасиеттері) объектілерді жобалаған кезде
2. тапсырыс берушінің шешімі бойынша
3. сәулет және қала құрылысы жергілікті органының шешімі бойынша
4. жобалау ұйымының (жобаны әзірлеушінің) шешімі бойынша
5. мердігерлік ұйымның шешімі бойынша
№ 69 сұрақ
АТШ келісу немесе АТШ келісуден бас тарту туралы шешімді қабылдайтын: ([18], 8.9-т.)
-
сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, белгіленген мерзімде
-
тиісті ғылыми-зерттеу ұйымы және (немесе) мамандандырылған ұйымдар
-
жобалау ұйымдары (жобаны әзірлеуші)
-
сәулет және қала құрылысының жергілікті органы
-
тапсырыс беруші
№ 70 сұрақ
Бір сатылық жобалау кезінде жобаның қай сатысы сараптамаға және бекітуге жатады? ([18], 7.5-т.)
1. «жұмыс жобасы» (ЖЖ) сатысы
2. «жоба» (Ж) сатысы
3. «жұмыс құжаттамасы» (ЖҚ)
4. «сәулет-құрылыс бөлімі» (СБ) сатысы
5. «технологиялық бөлім» (ТХ) сатысы
№ 71 сұрақ
Құрылысы мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе олардың қатысуымен қаржыландырылатын объектілер бойынша жобалық құжаттаманы бекітудің жалпы тәртібін белгілейтін:([18], 7.7-т.)
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі
2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган
3. сәулет және қала құрылысының жергілікті органы
4. мемлекеттік сараптама жүргізуге Қазақстан Ресупбликасы Үкіметі уәкілетті еткен заңды тұлға
5. тиісті лиценциясы бар заңды тұлға
№ 72 сұрақ
Жобалық құжаттаманың құрамына кірмейді және жеке шарт бойынша әзірленеді… ([18], 12.3-тармақ)
1. түйіндесу тораптарының жұмыс сызбалары және металл конструкциялардың егжей-тегжейлі сызбалары (МКЕ) және технологиялық құбырлардың, стандартты емес (типтік емес) құрылғылардың, конструкциялардың, элементтердің жұмыс сызбалары;
2. азаматтық қорғаныс бойынша инженерлік-техникалық іс-шаралар және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар
3. айрықша мәнді объектілер, үлкен аралықты құрылыстар және биік ғимараттар, олардың кешені үшін кешенді қауіпсіздікті және терроризмге қарсы қорғануды қамтамасыз ету жүйесі
4. жобаның энергетикалық паспорты
5. құрылысты ұйымдастыру
№ 73 сұрақ
Сәулет шешімдері мен құрылыс конструкцияларын біріктіретін жұмыс сызбалары кешенінің ұсынылатын маркасы – …([37], А қосымшасы)
-
АС
-
АР
-
АИ
-
АК
-
АЗ
№ 74 сұрақ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормалау (техникалық реттеу) объектілері болып табылмайтын:([21], 5.2-т.):
1. маркетинг және құрылыс өнімдерін сату процестері
2. орналастыру жүйелері, елді мекендер және олардың бөліктері
3. қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге жобалау-сметалық құжаттамасы
4. инженерлік іздестіру, жобалау, құрылыс, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және бұзу процестері
5. ғимаратты, құрылыстарды инженерлік қамтамасыз етудің ішкі жүйелері және сыртқы инженерлік желілер
№ 75 сұрақ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы техникалық нормалаудың және стандарттаудың құқықтық базасы …([21], 5.5-т.)
1. Қазақстан Республикасының заңнамасы
2. халықаралық заңнамалық актілер
3. кеден одағы аумағында қабылданған заңнамалық актілер
4. сәулет және құрылыс саласындағы халықаралық актілер
5. барлық тізбеленгендер
№ 76 сұрақ
Қандай нормативтік құжат нормалаудың өлшемдік әдісі негізінде әзірленеді және нормалаудың мақсатын, техникалық реттеудің объектілеріне қойылатын міндетті функционалдық (пайдалану) талаптарды, сондай-ақ нормаланатын объектінің функционалдық талаптармен белгіленген техникалық сипаттамаларын бағалауға қолданылатын жұмыс сипаттамаларына талаптарды анықтайтын ережелерден тұрады? ([21], 6.4-т.)
1. ҚР ҚН
2. ҚР ҚЖ
3. ҚР ҚНжЕ
4. ҮЖ
5. МҚН
№77 сұрақ
Мемлекеттік нормативтер бұзбауы тиіс: ([21], 6.8-т.)
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ережелерді
2. халықаралық заңнамалық актілерді
3. кеден одағы аумағында қабылданған заңнамалық актілерді
4. сәулет және құрылыс саласындағы халықаралық актілерді
5. барлық тізбеленгендерді
№ 78 сұрақ
Қандай нормативтік құжатта Еурокодтарға қатысты бірегей құрылыс нормаларының қолданылуын қамтамасыз ететін міндетті және ұсынымдық ережелер келтіріледі?([21], 7.10-т)
1. Нормативтік-техникалық құралдар - НТҚ
2. құрылыс нормалары және ережелері – ҚНжЕ
3. мемлекетаралық құрылыс нормалары – МҚН
4. құрылыстағы басшылық құжаттар – ҚБҚ
5. құрылыстағы мемлекетаралық стандарттар - МЕМСТ
№ 79 сұрақ
Қандай құжатты тапсырыс беруші бекітеді және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен және басқа мүдделі ұйымдармен келісіледі және мемлекеттік органның шешімінде өзгеше көрсетілмесе, тек осы объектіге ғана тарайды. ([21], 7.14-т.)
1. Арнайы техникалық шарттар - АТШ
2. Құрылыс нормалары және ережелері – ҚНжЕ
3. Мемлекетаралық құрылыс нормалары – МСН
4. Құрылыстағы басшылық құжаттар – ҚБҚ
5. Нормативтік-техникалық құралдар– НТҚ
№ 80 сұрақ
Мемлекеттік нормативтерді әзірлеудің бесінші кезеңі неден бұрады? ([21], 8.3-т.)
1. Мемлекеттік нормативті басып шығарудан
2. мемлекеттік нормативтің жобасын және бірінші (қажет болған жағдайда кейінгі, аралық) редакциясын әзірлеу, нормативтің бағытына сәйкес жетекші ұйымнан пікірлер және қорытынды алудан
3. мемлекеттік нормативтің жобасын әзірлеушінің түпкілікті редакциясында дайындау, келісу және оны тапсырыс берушіге ұсынудан
4. мемлекеттік нормативті қарастыру, қабылдау (бекіту) және тіркеуден
5. мемлекеттік нормативті әзірлеуді ұйымдастырудан
№ 81 сұрақ
«Құрылыс конструкциясы» ұғымына анықтама беріңіз ([21], А қосымшасы)
1. ғимараттың немесе құрылыстың белгілі бір тіреу, қоршау қызметін және (немесе) эстетикалық қызмет атқаратын бөлігі
2. ғимараттың және құрылыстың және инженерлік қамтамасыз ету жүйесінің құрылыс конструкциялары элементі ретінде қолданылуға арналған бұйым
3. ғимараттың және құрылыстың құрылыс конструкцияларын құруға, сондай-ақ құрылыс бұйымдарын дайындауға арналған материал
4. жерасты және жерүсті бөлігінен тұратын құрылыс
5. ғимараттың ішіндегі тұйық кеңістік
№ 82 сұрақ
Жиынтықтап жеткізілетін жеңіл металл конструкциялардан салынатын объектілердің ұзақтығы құрылыстың жалпы ұзақтығынан қандай коэффицентпен белгіленеді? ([38], 1-бөлім, 3.17-т.)
-
0.75
-
0.85
-
0.95
-
1.1
-
1.05
№ 83 сұрақ
Қала маңы аймағын жоспарлау жобасының көлемі мына құжат нормаларының талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс: ([23], 5.1.5.9-т.)
1. ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006, ҚР ҚНжЕ 3.01-01.2002
2. ҚР ҚНжЕ 2.01-30-2006, ҚР ҚНжЕ 3.03-01.2002
3. ҚР ҚНжЕ 2.05-30-2006, ҚР ҚНжЕ 3.05-01.2002
4. ҚР ҚНжЕ 2.05-35-2006, ҚР ҚНжЕ 3.05-05.2002
5. ҚР ҚНжЕ 2.05-39-2006, ҚР ҚНжЕ 3.05-09.2002
№ 84 сұрақ
Құрылысқа арналған инженерлік-геодезиялық іздестірулердің құрамына кірмейді: ([31], 3.3-т.)
1. инженерлік құрылыс жұмыстары;
2. бұрынғы жылдардағы іздестірулердің материалдарын, құрылыс ауданына топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілімдік және басқа материалдар мен деректерді жинау және өңдеу;
3. іздестіру аумағын барлаушылық тексеру;
4. жоспарлау-биіктік түсірілімдік геодезиялық желілерді құру;
5. инженерлік-гидрографиялық жұмыстар
№ 85 сұрақ
Кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін инженерлік іздестіру кезінде топографиялық түсірілімдерді орындау үшін қандай масштаб қолданылмайды? (СМ 2.03-18-2007, 3.7-т.)
-
1:100;
-
1:200;
-
1:500;
-
1:1000;
-
1:10000.
Достарыңызбен бөлісу: |