Сәулет Ғимараттар мен имараттар туралы жалпы мәлімет және оларға қойылатын талаптар



бет1/3
Дата13.06.2023
өлшемі25.58 Kb.
#475015
  1   2   3
Сәулет


  1. Сәулет




  1. Ғимараттар мен имараттар туралы жалпы мәлімет және оларға қойылатын талаптар.

Ғимарат-адамның қатысуымен болатын түрлі процестерге арналған ішкі кеңістік құратын құрылыс конструкциясының жүйесі.Екі түрге жіктеледі: Ғимараттар деп жерде орналасқан құрылыстарды атайды, оларда адам тіршілігінің түріне байланысты қажетті бөлмелер орналасады. Мысал ретінде тұрғын үйлерді, мектептерді, театрларды, гараждарды, фабрика-зауыт корпустарын және тағы басқаларды келтіруге болады.
Имарат- техникалық процесстерге қызмет ететін жерүсті және жерасты құрылыс конструкцияларының жүйесі.Көпірлер, зауыттық құбырлар сияқты құрылыстар имараттарға жатады.
Ғимраттарды бірнеше топтарға бөлуге болдаы:
Азаматтық ғимараттарға, адамдардың тұрмыстық және қоғамдық-мәдениет қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін арналған ғимараттарды жатқызады, мыса-лы: тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, театрлар, вокзалдар, дүкендер, мекеме-лер және тағы басқалар.
Өнеркәсіп ғимараттарына, көлік пен өнеркәсіп өндірісіне қызмет көрсететін ғимараттарды жатқызады, мысалы: фабрикалардың, зауыттардың, шеберханалардың, электр станцияларының, паровоз деполарының және тағы басқалардың корпустары кіреді.
Ауылшаруашылық ғимараттарға, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған ғимараттарды жатқызады, мысалы: сиыр қоралар, шошқа қоралар, теплицалар (өсімдіктер өсіретін жылы жайлар), ауылшаруашылық өнім-дерінің қоймалары және басқалар.
Ғимараттардың негізгі элементтерін келесі топтарға бөлуге болады :
а) ғимараттарда пайда болатын, негізгі жүктеуді қабылдайтын, күштеу көтеруші;
б) қоршаушы, бөлмелерді бөлуші, сонымен қатар атмосфералық әсерлерден оларды қорғаушы және ғимараттарда айқын температураны қамтамасыз етуші;
в) күштеу көтеруші және қоршау функцияларын атқарушы элементтер.
Ғимараттардың негізгі элементтеріне (немесе бөлімдеріне): іргетастар, қабырғалар, жабындар, бөлек тіректер, жабулар, қалқалар, сатылар, терезелер, есіктер жатады.
Жоғарыда келтірілгендерден басқа, конструктивті элементтер бар, (мысалы: балкондар, кіріс алаңдар, терезелер алды орлар, үй астылар және тағы басқалар). Оларды ешбір көрсетілген топтарға жатқызуға болмайды.
Талап қойылатын еңбектің гигиеналық және тұрмыстық шарттарын қамтамасыз ету үшін, ғимарат арнайы санитарлық-техникалық және инженерлік қондырғылармен (жылыту, желдету, газбен қамтамасыз ету, тамақ дайындауға арнал-ған плиталар немесе пештер, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету, канализа-ция, қоқыстарды шығару, жасанды жарықтандыру, радиоландыру және тағы бас-қалармен) жабдықталады.
Қойылатын талаптар:
1. Мақсатқа сәйкестігі - ғимараттар өздерінің арналуына сәйкес келуі керек;
2. Беріктілік - өр түрлі әсер еткен күштерге төзімділік көрсетіп, өзі сол алғашқы қалпын сақтау қасиеті;
3. Орнықтылық - көлденең әсер еткен күштерге қарсы түру қабілеті;
4. Жылу ұстамдылық - арналуына байланысты ғимарат ішінде нормативтік температураны бірқалыпты сақтау қасиеті;
5. Индустриалдығы - жаңа технологияны қолдана отырып, құрылыс жұмыстарын автоматты және биік механикаланды- рылған түрде дайын бөлшектерден ғимаратты жинақтау;
6. Сәулеттілігі, көркемділігі - өңдеу жұмыстарына жаңа ма- териалдарды қолдану, көріністеріне сәулеттік бұйымдарды енгізу, қабырғаның сыртқы беттерінде әр түрлі бөлшектердің дұрыс орналасуы, т.б. арқылы іске асырылады;
7. Үзақ мерзімділігі - ғимараттың бұзылмай нормативтік мерзіміне байланысты қызмет етуі;
8. Экономикалық талаптар - ғимарат тек салынуда ғана емес, сонымен бірге оны пайдаланғанда да үнемді болуы тиіс;
9. Өртке төзімділігі. Отқа төзімділік шегі деп ңұрылымды отқа сынау мерзімінің басынан бастап, сол құрылымның жан- ған бетінде температура 140 С жеткенге дейінгі немесе құры- лымда өткін жарықтар пайда болғанша кеткен уақыт мерзімін айтады.
Ғимаратта іргетастар, қабырғалар, бөлек тіректер, ригельдер, жабындар не-гізгі күш көтеруші контрукциялар болып табылады және жиынтықта ғимараттар-дың негізгі қаңқасын құрастырады. Негізгі қаңқа ғимаратқа ықпал ететін жүктеу-лерді қабылдауы және барлық мүмкін ыңғайсыз комбинацияларда әсерлі күштерге оның кеңістікті қаттылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиісті.
Негізгі қаңқа түріне байланысты көбінесе қолданылатын ғимараттардың конструктивті желілері келесідей бөлінеді:
- сыртқы және ішкі жүктеу көтеруші қабырғалы ғимараттар;
- қаңқалы ғимараттар, бұларда барлық жүктеуді тіректер жүйесі (бағаналар) қабылдайды.
Соңғылар көлденең байланыстармен бірге (арқалықтар, белағаштар) жиын-тықта ғимарат қаңқасын құрастырады . Бұл негізгі желілерден басқа аралық және құрастырылған желілер бар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет