215
қарай қолында найзасы бар аборигеннің жақындағанын көреді. Айнаға қарап,
абориген өзінің бейнесін көреді де, оны найзамен қадай бастайды, өйткені айна-
дан көріп тұрған өз бейнесін ол жау деп таниды. Ақыры айна сынады. Зерттеуші
аборигенге жақындап, оның айнаны не үшін сындырғаны жайлы сұрайды. Або-
риген айнадағы жаудың оны өлтіргісі келгенін көріп, одан құтылу үшін алды-
мен өзі найзаны қадағысы келді деп айтады. Зерттеуші айнаның ол үшін арнал-
мағандығын түсіндіріп, аборигенді
екінші айнаға қарай жетектеп, айнаның
адамның
өз бейнесін көріп, шашының, киімінің дұрыс тұрғандығын қарауы
үшін арналғанын айтады. Абориген мұны білмегенін айтады.
Әркімнің өмірінде осындай жағдай болады. Олар үшін өмір – күрес. Әр
бұрылыста олар өз жауларымен күресуге дайын тұрады. Олар өздерінің жауын
күтумен өмір сүреді, сондықтан жаулары күндердің бір күнінде келеді. Күресті
күтеді, сондықтан күрес болады. Қиындықтар бірінен соң бірі келеді деп күтеді,
қиындықтар үсті-үстіне бола береді. Сондықтан әрқашан да жақсылық ойлау
керек.
Жақсы ой адамды рухани, эмоциялық тұрғыдан байытып,
оны жігер-
лендіре түседі, ал жамандық пен жағымсыз нәрсе ойлаған адам азғыра түседі.
Сылтаулардан бас тарту кредосы
Мен сылтауларды мойындамаймын. Менімен болып жатқан нәрселер үшін
өзім жауаптымын, өзімнің әр сөзіме және ісіме жауаптымын. Мен өмір сүру де-
ген не екенін білемін және қайда баратынымды да анық білемін. Мен өз өмірім-
нің мақсатын анық білемін және өз міндеттерімді саналы түрде атқарамын. Мен
өзімнің әрекеттерімді шынайы атқарамын, шешімдерді тәуелсіз түрде қабыл-
даймын, қолымнан келгеннің барлығын жасаймын.
Мен рухани қиындыққа алып келетін реніштер мен өкініштердің барлы-
ғын өзіме де өзге де кешіре аламын. Мен қиындықты жеңіп, өткенді ұмытып,
арманымды іске асыруда келемін. Мен өзімді сыйлаймын,
өз-өзіме деген
құрметті жоғалтпауға тырысамын, басқаларды сынға алмаймын. Мен әр адамды
өз күйінде, өз табиғатымен қабылдаймын. Менің басқалардан еш жерім артық
та, кем де емес. Мен өзімнің қабілетім мен талабыма сенемін. Мен өзімнің ден-
сауылығыма жақсы көңіл бөлемін,
қуатым тасып тұрған қалпымды, өмірге
деген құлшыныс нәтижесі болып табылатын жақсы көңіл-күйімді ылғи сақтай-
мын. Мен ойлау, сөйлеу, әрекет ету барысында өз-өзімді бақылаймын, құбы-
лыстарды төзімді түрде зерттеп, талдаймын. Мен өзімнің де, басқалардың да
алдында ылғи адалмын, өз алдыма орындалатын мақсаттар қоямын. Мен өзім-
нің таңдап алған өмірім үшін қиындықтармен де, қорқыныштармен де күресе-
мін. Менің арманым биік. Мен әрқашан оқимын, үйренемін, даму үстіндемін,
санамды кеңейтіп, жаңа дағды мен машықтарды иеленемін. Мен жүйеге еніп,
командалық көшбасшыға жүктелетін тапсырманың барлығын атқарамын. Мен
көшбасшыларға арналған өз-өзін жетілдіру бағдарламасына күн сайын қатыса-
мын, ең болмаса 15 минут шамасында күнделікті жағымды кітап оқимын. Мен
адамдардың қамын ойлаймын, оларды жақсы көремін, оларға өздерін барынша
жан-жақты танытуға мүмкіндік беремін. Мен күн сайын жаңа адамдармен кез-
десемін де, оларды аптасына 5-6 рет жұмыс жоспарымен таныстырамын. Мен
басқа адамдарды түсінемін және олармен жақсы қарым-қатынастамын. Менің
216
отбасым, балаларым, достарым әрқашан менің есімде, олар мен үшін өте қым-
бат. Мен адамдарды құрметтеймін, олардың талаптары мен қабілет, дарында-
рын құптаймын. Мен басқаларға көмектескім келеді, олардың өмірлерін жақсы
жаққа өзгерткім келеді. Менің өмірім – өз шешімдерімнің нәтижесі, мен өзімнің
қалай өмір сүріп жатқаным үшін жауапты екенімді мойындаймын. Мен сылтау-
ларды ескермеймін. Неге? Өйткені менің өмір сүру философиям сондай!
Баяғы заманда бір елде жас келіншек өзінің рухани тәлімгеріне былай депті:
– Мен шексіз байлыққа қол жеткізгім келеді, өйткені оның көмегімен әлем-
ге көмектесіп, оны емдегім келеді. Маған осындай байлыққа жету жолын айтшы.
– Әр адамның ішінде екі құдай-ана өмір сүреді. Адамдардың барлығы
осы екеуін жақсы көреді. Алайда, сенің білуің қажет бір құпия бар. Соны саған
айтайын. Сен осы құдай-ананың екеуін де жақсы көргеніңмен, оның біріне ерек-
ше ықыласпен қарауың тиіс. Бұл – білім құдай-анасы Сарасвати. Оның артынан
ер, оны сүй, оған көп назар аудар. Екіншісі, Лакшми – байлық құдайы. Сен Са-
расватиге көп назар аударған сайын Лакшми сені қызғанып, өзі саған назар ау-
дара бастайды. Сен білім
құдайына қаншалықты табынып, оны құрметтесең,
байлық құдайы саған соншалық көп назар аударуға тырысады. Ол сенің артың-
нан бір елі қалмай еретін болады. Ал сенің армандайтын байлығың сонда өзіңді
тауып келеді. Білім, тілек және батылдық зор күшке ие, сол күш – байлықты
иелену кілті».
Достарыңызбен бөлісу: