Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Гиперактивті мінез- құлықтың белгілері



Pdf көрінісі
бет62/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Гиперактивті мінез- құлықтың белгілері
А. Шувалов, Ю. Постникова оқушының гиперактивті мінез-
құлқының келесі белгілерін анықтайды: 
1) қозғалыс белсенділігі осы жағдайда ойлағаннан да жоға-
ры және интеллектілі жетілуі бір деңгейдегі басқа балалармен 
салыстырғанда өте жоғары болып табылады; 
2) бірнеше жағдайда кездеседі (тек мектепте ғана емес, үйде, 
көшеде, ауруханада және т.б.) 
3) қызығушылылықтарға үстірт қараумен, іс-әрекеттің аяқ-
асты орын алуымен ерекшеленеді. Олар көбінесе өзімшіл, де-
монстративті және талапшыл, бұл үнемі қақтығыстарға және аг-
рессивтіліктің дамуына әкеледі. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) АХЖ-10 
классификациясы бойынша «гиперкинетикалық бұзылыстың» 
диагностикалық өлшемдері келесі түрде көрініс табады: 
– 
мектеп бағдарламасында, жұмыста немесе басқа да қыз-
метте елеусіз қателіктер жіберу немесе бөлшектерді мұқият қа-
дағалауға қабілетсіздіктің жиі көрініс табуы; 
– 
көбінесе тапсырмаларға немесе ойын әрекеттеріне көңіл 
аударылмайды; 
– 
баланың өзіне айтылғанды тыңдамайтындығы жиі байқа-
лады; 
– 
бала көбінесе нұсқаулықтармен жүре алмайды немесе 
мектептегі жұмысты, күнделікті іс-әрекеттерді және жұмыс ор-
нындағы міндеттерді орындай алмайды (оппозициялы мінез-құл-
қынан немесе нұсқаулықты түсінбеуінен емес); 
– 
тапсырмалар мен іс-әрекеттерді ұйымдастыру жиі бұзы-
лады; 
– 
үнемі ақыл-ой еңбегін қажет ететін үй жұмысы сияқты 
тапсырмалардан қашады немесе ұнатпайды;
– 
белгілі бір тапсырмаларды немесе іс-әрекеттерді орындау 
үшін қажет заттарды, мысалы, мектеп заттарын, қарындаштарды, 
кітаптарды, ойыншықтарды немесе құралдарды жиі жоғалтады; 
– 
жиі сыртқы стимулдарға оңай алаңдайды; 
– 
күнделікті қайталанатын іс-әрекеттер барысын жиі ұмы-
тады. 
Зерттеуші А. Цветков диагнозды анықтауда кемінде алты 
белгі қажет деп санайды: 


117 
– 
қолдарын немесе аяқтарын жиі қозғалтып, бір орнында 
тұра алмайды; 
– 
сыныптағы орнын немесе ол отыруға қажетті басқа жер-
ден кетіп қалады; 
– 
себепсіз жүгіре бастайды немесе өрмелей бастайды (жас-
өспірімде немесе ересек жаста, мазасыздық сезімі ғана орын алуы 
мүмкін);
– 
әлеуметтік жағдайлар мен талаптар айтарлықтай әсер 
етпейтін қозғалыс белсенділігінің берік мінезі анықталады; 
– 
сұрақтар аяқталғанға дейін жауабын айтып қояды; 
– 
кезекте тұра алмайды, ойында өзінің кезегі келгенше күте 
алмайды; 
– 
көбінесе басқаларға кедергі келтіреді немесе орынсыз 
килігеді (мысалы, басқалардың әңгімесіне немесе ойындарына); 
– 
әлеуметтік шектеулерге көп сөйлеп, орынсыз жауап қайы-
рады. 
Зерттеуші О.И. Политика гиперактивті баланың интеллек-
туалды әрекетінің ерекшелігі циклден тұрады деп жазады: ерікті 
өнімді жұмыс 5-15 минуттан аспайды, содан кейін балалар ақыл-
ой белсенділігін бақылауды жоғалтады, содан кейін 3-7 минуттан 
кейін ми келесі жұмыс циклі үшін қуат пен күш жинайды. Бала 
неғұрлым ұзақ жұмыс істесе, толық энергияның сарқылуы бас-
талғанға дейін өнімділік кезеңдері қысқарады және демалыс уа-
қыты солғұрлым ұзарады. Сол кезде ақыл-ой қабілеттілігін қал-
пына келтіру үшін ұйқы қажет. Мидың «демалу» кезеңінде бала 
келіп жатқан ақпаратты түсінуді, зерделеу және өңдеуді тоқтата-
ды. Ол ақпарат еш жерде сақталмайды және қалып қоймайды
сондықтан бала сол кезде не істегенін ұмытып қалады, іс-әре-
кетінде қандай да бір үзілістер болғанын байқамайды. 
Теоретиктер Д.А. Кошелков, О.А. Семенова гиперактивті ба-
лалардың мінез-құлқының еркін реттелуі балалардың мінез-
құлық ұстанымын жасауда қиындықтарға тап болуымен, іс-
әрекеттердің нұсқаулары мен алгоритмдерін нашар меңгерумен, 
алдыңғы әрекеттердің импульсивті жауабының (жалықтырғыш 
қайталанулармен) көбеюімен, олардың іс-әрекеті қосымша кері 
әсерлерге тұрақсыздығымен сипатталады деп тұжырымдайды. 
Импульсивтілік тапсырманы қате орындағаннан (бәрін дұ-
рыс жасауға тырысуға қарамастан), сөйлеудегі, қылық және іс-


118 
қимылдағы (мысалы, кезек күте алмау) кідіруде, жеңіле алмауда, 
шамадан тыс табандылықпен өз мүдделерін қорғау (ересек 
адамның талабына қарамастан) түрінде көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет