«Үш тұғырлы тіл-жарқын болашақтың кепілі» тақырыбындағы апталықтың Хабарламасы



Дата31.01.2024
өлшемі1.36 Mb.
#490334
тіл апталығы анықтама


С.Байшев атындағы ЖОББМ КММ-де тіл және тарих, шетел тілдері бірлестіктерінің жылдық жоспарына сай өткізілген
«Үш тұғырлы тіл-жарқын болашақтың кепілі»
тақырыбындағы апталықтың
Хабарламасы
С.Байшев атындағы ЖОББМ КММ-де мемлекеттік тілді құрметтеу, ана тілінің әр сөзінің қадірі мен қасиетін таныту мақсатында 5-қыркүйек тіл мерекесіне орай 6-12 қыркүйек аралығында гуманитарлық пәндер бірлестігінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Үш тұғырлы тіл-жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында апталық өткізілді. Апталық 5-11 класс оқушыларын қамтыды.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Көздібаева Гүлбақыттың жетекшілігімен 6 қыркүйек күні 5-8 сынып оқушылары арасында «Тілім барда, айтылар сыр ойдағы тақырыбында оқушыларды шығармашылыққа баулуға шығарма байқауы болып өтті. Байқау нәтижесі апталықтың жабылуында жарияланды.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Е.Р.Олжабайқызы «Тіл-достықтың алтын көпірі» тақырыбында оқушылар арасында сурет байқауы өткізді.
Мақсаты: оқушыларға рухани құндылықтарды бағалауға, жас суретшілердің жігерлігін арттыруға, өз ойлары мен сезімдерін жеткізуге дағдыландыру.
«Үш тұғырлы тіл –жарқын болашақтың кепілі » атты апталығында 4 «б» класс оқушыларының арасында «Тіл білгірі» интеллектуалды сайысы өтті. Тіл сайысын өткізудегі мақсатым басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру. Сонымен қоса оқушылар бойына ана тілге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш қасиеттерін сіңіру, сөздік қор, сөз шеберлігін дамыту. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрды.
Таныстыру, «Өлең – сөздің патшасы»., тапқырлық, әріптер сайысы, ойлан тап. Әр кезеңде де оқушылыр бар ынтасымен қатысып, өз білімдерін сынады. Қорытындысы шығарылып, оқушылар марапатталды.
Мектеп кітапханасында «Ұлт ұстазы» ғалым, лингвист Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына негізделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
12 қыркүйек күні мұғалімдер арасында «Оқу сауаттылығы-сапалы білім негізі» тақырыбында диктант жазудан және «Сауатты жазу-біліктілік өлшемі»атты жылдамдыққа оқудан байқау өткізілді. Байқауға жалпы саны 34 мұғалім қатысуға ниет білдірді. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар апталық қорытындысында марапатталды.
Апталық аясында мектеп оқушылары белсенділік танытып, аса қызығушылықпен атсалысты. Байқау жеңімпаздары апталықтың жабылуында марапатталды.

«Үш тұғырлы тіл-жарқын болашақтың кепілі»
тақырыбындағы апталықтың ашылуы


«Үш тұғырлы тіл-жарқын болашақтың кепілі»
тақырыбындағы апталықтың жабылуы



Мектеп кітапханасында «Ұлт ұстазы» ғалым, лингвист Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына негізделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет