Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы



бет1/8
Дата20.06.2022
өлшемі425.5 Kb.
#459356
  1   2   3   4   5   6   7   8
Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы


Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.2 Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың ерекшелігі 10
1.3 ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама 13
1.4 ШЖБМ оқушыларының білімдерін бағалау және есепке алу. ШЖБМ-те пәндерді оқыту нәтижелерін бақылау және диагностикалау 17
А) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ------------------------ 19
ІІ ТАРАУ. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН МЕҢГЕРУ БАРЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 21
2.1 ШЖБМ-дегі математика сабағы, оның түрлері және олардың ерекшеліктері 21
2.2 ШЖБМ-тегі сабақтардың өзара үйлесуі 26
2.3 Шағын жинақты бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру 31
2.4 Өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі 36
2.5 ШЖБМ жағдайында пәндерді оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары 43
ІІІ ТАРАУ. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР 48
1. Шағын комплектілі бастауыш сыныптардағы математикадан бағалау межесі 48
3.2. Әр пәндік және бір пәндік сабақ кестесінің үлгілері: 50
ҚОРЫТЫНДЫ 54
Пайдаланылған әдебиет тізімі 55



КІРІСПЕ


«Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» оқу құралы Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектептердің бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған. Өйткені кейінгі жылдары елімізде шағын жинақты мектептердің көбейіп келе жатқаны айқын байқалуда (бұл туралы нақты мәлімет жұмыста берілді). Осыған орай шағын жинақты бастауыш мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсат етілді.


«Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» оқу құралының мазмұны мен құрылысы шағын жинақты бастауыш мектептің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш сыныптар мұғалімдерін кәсіби білім деңгейлерін көтеруге бағытталған.
«Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» оқу құралы төмендегідей тараулардан тұрады:
- шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері;
- шағын жинақты бастауыш мектеп оқшыларының білім, білік және дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру;
- шағын жинақты бастауыш мектепте пәндерді оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар.
Бірінші тарауда шағын жинақты бастауыш мектептің тарихы мен қазіргі жайына талдау жасалып, ШЖМ-те оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктеріне және ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама сипаттама берілді, ШЖБМ оқушыларының білімдерін бағалау және есепке алу, ШЖБМ-те пәндерді оқыту нәтижелерін бақылау және диагностикалау жолдары қарастырылды.
Екінші тарауда шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру барысын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды, сабақ кестесін құру технологиясы мен сабақ жоспарларының үлгісі, оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру жолдары баяндалды.
Үшінші тарауда шағын жинақты бастауыш мектепте пәндердә оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар ұсынылды. Мұнда математикадан оқушылардың білімдерін бағалау межесі, бір пәндік және әр пәндік сабақ кестелері мен ШЖБМ-тегі қазақ тілі және математикадан сабақ жоспарларының үлгілері, сыныптан тыс жұмысқа арналған тапсырмалар, тест және бақылау жұмысының тапсырмалары берілді.
Құрметті ұстаздар! Осы оқу құралы туралы өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер, Сіздерге алдын ала алғысымызды білдіреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет