Шакимов М. Ғұмырымдағы көрікті бір күндерім



Дата15.06.2016
өлшемі52.32 Kb.
#137139
Шакимов М.

Ғұмырымдағы көрікті бір күндерім.
1961 жылы Тайпақ ауданындағы Құрайлысай жерінде үш үлкен ұжымшар бірігіп, «Өлеңті» кеңшары болып құрылған кезде, оның директорының машинасының жүргізушісі болып жұмысқа кірістім. Директор соған дейінгі Тайпақ ауданы аткомы төрағасының орынбасары Тәттібай Сұлтанғалиев еді. Сол кезде бұрынғы ұжымшарлардаң МТС-тан қалған ескі техника, екі «ГАЗ-69», бір «Волга -21» еді, соларды ілекерлеп, ондап, ептеп жүріп жаттық. Сол жылы күзге таман Алматыдан Жұбан аға ауылға келіп, бір-екі күн аралап, асығыс қайтадан аттанып кетті. Ол кісіні шығарып салған соң, Тәкең: «келер жылы Алла қосса, жазда жанұяммең бала-шағасымен келіп, екі ай боламын», - деп, ауданның, басшыларымен уәделесіп кетті. Енді амандық болса, ақынды келер жазда қарсылап алып, ауылымызға, яғни туған жеріне қонақ етіп, жақсылап жағдай жасап, құрмет көрсету - бізге үлкен міндет болып тұр. Оған ең керегі - астына мініп жүретін көлігі, мына ескі «Волганы» ондау керек, ол - сенің міндетің», - деді. Мен мұны ертеңнің қамын өрте ойлағандық деп ұғып, сосын

«Басқасын оңдармын,оның кузовы жаман ғой, іші-сырты ескіріп болған»- дедім. Сосын директор маған қарап күлді де: «Сенің «Волгаң» Жұбан ағаның арқасында жаңарып қалуы мүмкің кузов әперуге көмектесем деп кетті»,- деді. Ол кезде «Волга» облыста тек санаулы ғана басшыларда бар болатың қосалқы бөлшектер жоқ кез.

Сонымен қыс өтті. Мамыр айында Горький қаласынан кузовты алып кетуге болады деген хабар да жетті. Ауылдан бір үлкен машина жіберіп, бір жұмада алып келді. Оған дейін көліктің басқа жерлерін аздап жөндеп қойғанбыз. Кузовты қондырған соң, жап-жаңа машина болып шықты. Директор машинаны көріп: «жақсы болған екен, енді Жұбан ағаның қарауына барасың, олар Қырыққұдық бөлімшесіне орналасады. Оқушылар тараған кез, мектептің жатағына жатады, қайда ба­рам десе де өзі біледі, сен жақсылап қызмет етерсің, машинанды жаңалап берді ғой!» - деді. Сонымең белгіленген кезде Жұбағандар да жетті. Барып, өзімді таныстырып қойдым. Жұбан аға да «қош келдің!» айтып: «Мынау осындағы үйіміз, мынау София деген жеңгең», - деп, балаларының да аттарын айтты. Қуаныш, Қуандық, Азамат, Гүлмира және Ибрай деген туыс бала болды. Түскі дәм кезінде ауыл-елдегі, хал-жағдайды сұрап білді. Кеңшардың тынысың егінді, пішенді - білгенімді айттым. Шай үстінде байқағаным, олар маған қарапайым адамдар бо­лып көрінді, маған бірден ұнап, жақсы көріп қалдым. Қырыққұдық мектебінде Жұбан ағайдың тумасы Смағұл Аманжолов деген аға жатақхана мең-герушісі екең кеште сол кісі қонақасы берді, осында ауыл басшылары, ауданнан да шақырылғандар болды. Келесі күні мағак «Мақсот бала, - деді, - негізгі ауыл - Сайқұдықта, үлкендері бар, өліге бата, тіріге сәлем дегендей, ауылға барып қайтайық», - деді. Осылай еллі аралауғя екі-үш күн уақыт кетті,Жыландыға дп барып, туған топырағына, қыстауының орнына барып, тағзым етті, оған Қалаш деген қарт бі-ге барды. Сайқұдықта аталас, руластары - Нұртаза, Нұрғали, Қалаш, Eric, Өтеп, Наухаң Тәжен (Қаратөбеде), Қайролла (Чапаевта), Құрайлысайда Есенғұл Құспанов және бір апалары барын білдім. Осы барысымызда үлкен деген қарттарына 3-4 күн қонақ болды, біразына кіріп шығып, ықылас-көңіл білдірді. Ақынға келіп, амандасушылар да толастаған жоқ.

Соның ішінде, ең бірінші «Оралқаракөл» кеңшарының директоры Серік Иманғалиев халқымен кездестіру үшін еліне қонаққа шақырды. Мәдениет үйінде жиналыс өткізді. Жақсылап құрметтеп, шығарып салды.

Содан кейін «Базартөбе» кеңшарына бардық. Директоры Бисен Досқалиев. Жұбағаңмен ертеден таныс екенін байқадым. «Тайпақ» қаракөл кеңшарының директоры Жақия Исатаев та халқымен кездестірді. Бұл шаруашылық ол кезде жартылай Москваға бағынды, болмаса соның қамқорлығында іспетті еді. Каракөл елтірісі алтынмен тең деп айтушы еді. Міне, сол кезде каракөл қойын бағып-өсіруші майталман шопандардың көбінің аты-жөні есімде қалмапты, дегенмен Шайров, Максимов, Оразов, басқа да орденді шопандары көп болды. Жұбан ағаны Дүйімбай жайлауына апарып, атақты малшылармең қарттармен кездестірді. Жұбан аға өте көңілді отырды, ақсақалдармен жақсы әңгіме құрды. Жақия Исатаев та түйгені көп адам еді, осы маңның бар тарихын айтып жатыр. Жұбан аға ішімдік алмайды екең бұдан да өнеге алдық.

Тайпақ тұрғыны Нұрлы Үкиева қонаққа шақырды. Оның ағасымен Жұбан аға құрдас екен Ол кісі соғыстан оралмағаң сол себептен Нұрлыны қарындасы ретінде, алтындай бір күнін соған арнады.

Тағы бірнеше ауылда, Атыраудың Сарайшығында болған соң, Қырыққұдыққа оралдық. Ертесіне маған «сен ауылға барып қайт, мен отырып жұмыс жасайын өзім хабар беремін», - деді. Мен бұл күнді ұмытпаймын - 14 шілде болатын Үйге келсем, зор қуаныш - ұлым дүниеге келген және Тәттібай ағаның да үйінде ұл бала дүние есігін ашқан Жұбаға мені үйге білгендей жіберген, ол мезгіл теле­фон жоқ қой, жаңалықты сезген болар. Сонымен, кел деген күні бардым, сәлемдесіп, біраз әңгіме айтылған соң жаңа дүниеге келген нәрестелер жайында айттым. «Оны неге алдымен айтып, сүйінші сұрамадың», - деп, жеңгей екеуі құттықтап жатыр. «Біз қүтты қонақ болдық»,-деп, риясыз шаттанды.

Сол күндерде Алматыдан гастрольдік сапармен Ғарифолла Қүрманғалиев ауылдарды, егіншілерді концертімен аралап келе жатып, әдейі жолдан бұрылып, Жұбанның жатқан жеріне ат басын бұрып келіп кездесті. Бұл егін орағының нағыз қызған кезі еді, астық қырманға құйылып, еңбек майданы дүркіреп жатқан қуанышты шақ. Кон­церт болады деген күні Жұбан аға: «Ма­шинанды әзірле, Шәкір бөлімшесіне барайық, концертке қатысайық, одан да бүрын барып, егінді, қырмандағы бидайды, егіншілерді көру ойымда бар еді»-деп ертелеу жүріп кеттік. Тау-тау үйілген бидайды, еңбек етіп жатқан адамдарды аралады Ғарифолла ән шырқады, түнгі дауыс даланы жаңғыртты, егін өзгеше тербелгендей болды. Ақиық әнші мен ақынның бауырмалдығына да ерекше тәнті болдық. Ертеңіне кон-церттен әсерімізді бөлістік. Бір үлкен кісі Ғарифолла ән салғанда, екіленіп айқайлап, сахнаға шығып, қасына таман жақын барып, отырып тыңдады. Соны айтып, біраз күлдік. Әннің құдіреті-ай! Бір сәтте ақын маған қарап: «Иә, уақыт та шапқан аттай шапшаң өтіп жатыр ғой, біз келгенге де біраз күн болды. «Балалар елді-жерді, ауылдастары көріп, құрбыларымен ойнап, атқа мініп үйренсін деп ертіп келіп едік, сен де көрдің ғой, еңбек қайтқандай. Мына қылқұйрық әнеу күні семіз еді, қарашы, қазір әбден арықтады», - деді. Атты Сайқұдықтан балалар міну үшін алдырған еді. Бұл да олар үшін ұзақ есте қалатың ұл-қыздары атажұрт жүрегінің соғысына қаныққанын жеңгей екеуі ықыласпен әңгімелеп жүрді. Кететін күндері жақындап, тағы да Тәкеңнің үйінде кездесу болды. Әңгіме арасында жоғарыдағы айтылғсн екі сәбидің өмірге бір күнде келгені айтылып, ақын «директоры мен шофері бір күнле балалы болды, біз құтты қонақпыз, олардың оттауы мен жусауы бір болған екен», - деп әзілдеді. - Жалпы мен бала-шағаммен келген жылы үлкен егін болды, ол елге қуаныш, ұрпақтың ырыздығы. Жақсы қыдырып, еліме, халқыма риза болып бара жатырмын, елім, жұртым аман болсын», - деп, тілек білдірді. Шіркің туған жерге, елге, халқына деген ақ тілек-ай! Бәріміз ж-герлендік, толқыдық. Жұбан аға кетерде маған бір кітабына қолтаңба жазып берді, онда:

«Мақсот деген жақсы атың,

Бола берсін мақсатың!» - деп айтқаны қабыл болды деп есептеймін Содан бері 47 жыл өтті, 6 балалы болдым. Соның біреуі жас күнінде шетінеді, қалғаны аман, бәрі де өсті, оқу бітірді, тұрмыс құрды, немерелер бар. Өзім де сексенге келдім, сол туған топырағымда тұрып жатырмын. Бәсеке-бәйгеге әуес емеспін, шүкіршілік, қанағатшы-лық қағиданы ұстанамын. Өміріме ризамын. Үлкендердің батиқасы тиген болар. Соның үлкен бөлігі Жұбан ағаның тілегі болар, - деп, әр кезде есіме алып жүремін



Ал атақты кісімен бірге болған күндерім жаныма ұдайы шуағын төккен керемет, көрікті бір күндерім менің.

Мақсот ШӘКИМОВ,

зейнеткер, Құрайлысай ауылдық округі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет