Екібастұз қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 27 тамыздағы
N 968/8 қаулысымен
бекітілді
"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметі бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің аппаратарымен (бұдан әрі – уәкілетті органдар) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысымен бекітілген "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, оқу жылы ішінде, осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетіледі.
Қабылдау кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз тәртіпте жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама бере отырып, білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және керісінше үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз етуі немесе қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылған талаптар
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат уәкілетті органдардың ақпараттық стендтерінде орналастырылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мына сәттен басталады:
1) мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтініш (өтініш түскен сәттен бастап 5 күн ішінде) 5 жұмыс күнді құрайды;
2) тұтынушының өтiнiш жасаған күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн (тіркеу кезінде) күтудiң ең көп шектi уақыты – 30 минуттан аспайды;
3) тұтынушының өтiнiш жасаған күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң ең көп шектi уақыты – 30 минуттан аспайды.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз Стандарттың 11-тармағында көрсетілген тұтынушымен құжаттарды толық топтамасын ұсынбауы болады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау уәкілетті органның бір маманымен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі
іс әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде тұтынушыға өтінішті қабылдаған күні мен нөмірі, уәкілетті орган маманының тегі, аты, әкесінің аты және қызмет көрсетуді алатын күні көрсетілген қажетті құжаттарды алғандығы туралы қолхат беріледі.
14. Уәкілетті орган тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз етеді.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
уәкілетті органның маманы;
уәкілетті органның басшысы.
16. Әр әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ-інің әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) мәтіндік кестелік сипатталуының реті мен өзара іс-қимылы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде іс-әрекеттің және ҚФБ-інің логикалық реті арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба, осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
18. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында уәкілетті органның лауазымды тұлғалары, олармен қабылданған шешімдері мен әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жауапты болады.
"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру
ұйымдарына және үйлеріне кері тегін
тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Р/с N
|
Ауылдық округ әкімі аппараттарының толық атауы
|
Елді мекен атауы
|
Байланыс телефоны
|
Заңды мекенжайы
|
Сайттың мекенжайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
"Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" ММ
|
Екібастұз қаласы
|
8(7187)771688 Факс: 771692
|
Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 101
|
www.ekibastuzgoroo@yandex.ru
|
2
|
"Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің аппараты" ММ
|
Шідерті п. Заречное ауылы, Водник подхозы, АП мекемесі
|
8(7187)398552 8(7187)398298
|
141220 Шідерті п. Ленин көшесі, 20
|
жоқ
|
3
|
"Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
|
Ақкөл ауылы, Жақсат ауылы, Зеленая роща ауылы
|
8(7187)742083
|
140114 Ақкөл ауылы, Строительная көшесі, 18
|
жоқ
|
4
|
"Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
|
Сарықамыс ауылы, Қуандық ауылы
|
8(7187)742769
|
141215 Сарықамыс ауылы
|
жоқ
|
5
|
"Екібастұз қаласы Өлеңті ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
|
Тай ауылы, Көксиыр ауылы, Қаражар ауылы
|
8(7187)743306
|
141217 Тай ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 33
|
жоқ
|
6
|
"Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
|
Төртүй ауылы, Мыңтомар ауылы
|
8(7187)743513, 743511
|
141219 Төртүй ауылы, Школьная көшесі, 12
|
жоқ
|
7
|
"Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылы әкімінің аппараты" ММ
|
Төрт-Құдық ауылы, Бозшакөл ст., N 112 разъезд
|
8(7187)745377
|
141218 Төрт-Құдық ауылы, Ленин көшесі, 10
|
жоқ
|
8
|
"Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
|
Құлакөл ауылы 003 бөлімшесі
|
8(7187)744765
|
141214 Құлакөл ауылы, Центральная көшесі, 116
|
жоқ
|
"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру
ұйымдарына және үйлеріне кері тегін
тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Құрылымдық-функционалдық бірліктің
(бұдан әрі – ҚФБ) іс-әрекетін сипаттау
Үдерістердің әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)
|
|
1
|
Іс-әрекеттің N (барысы, жұмыс ағыны)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
ҚФБ атауы
|
Уәкілетті органның маманы
|
Уәкілетті органның маманы
|
Уәкілетті органның басшысы
|
Уәкілетті органның маманы
|
2
|
Іс-әрекеттің (үдеріс, рәсім, операциялар) атауы және оларды сипаттау
|
Қажетті құжаттарды қабылдау, тіркеу
|
Анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындау
|
Анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасына қол қою
|
Тұтынушыға анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру
|
3
|
Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)
|
Қажетті құжаттарды алғандығы туралы қолхат беру
|
Анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасы
|
Анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
|
Анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
|
4
|
Орындау мерзімі
|
30 минуттан аспайды
|
2 жұмыс күні
|
1 жұмыс күні
|
30 минуттан аспайды
|
5
|
Келесі іс-әрекеттің нөмірі
|
2
|
3
|
4
|
|
"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру
ұйымдарына және үйлеріне кері тегін
тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет ұсыну сұлбасы
Достарыңызбен бөлісу: |