Шалхарова Дина- бастауыш сынып мұғалімі
Ақтау қаласы
№28 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімдерінің іс-тәжірбиесін
насихаттау және тарату туралы
№
|
Облыс аудан ауыл
|
Іс-тәжірибені жинақтауға байланысты жұмыс түрлері (мақала, пікір, ұсыныс, сандық білім беру ресурсы, авторлық бағдарлама, жоба, т.б. қатысушы
|
Жинақтау
тақырыбы
|
Бастауыш сынып мұғалімнің аты-жөні тегі
|
Мұғалімнің туралы мәлімет (жұмыс орны, білімі, еңбек өтілі, санаты, телефон, электронды поштасы)
|
Іс-тәжірбиені жинақтауға жауапты адамның
аты-жөні
|
1
|
Ақтау қаласы
|
Шығармашылық жұмыс, ашық сабақтар, кітапша.
|
Оқушылардың тіл байлығын
дамыту.
«Сан есім»,
«Көктем»
|
Шалхарова Дина
|
№28 орта мектеп,
Еңбек өтілі-26жыл, санаты-1,
Тел: 401731
Ұялы тел: 87023865226
|
Бабаева Р.Т.
|
Мұғалім оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педогогикалық қызметтің, іс-әрекетінің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Ал шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз- оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Бастауыш білім беру үздіксіз білім беруді алғашқы сатысы. Міні осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларын меңгерумен бірге табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқушыларды шығармашылық бағытта жан- жақты тәрбиелеу қажет.
Осы орайда мен өзімнің іс-тәжірибемнің негізгі мәселесі етіп, бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып,сөз байлығын арттыруды қолға алдым. Оның басты себебі ақпараттық технология кең етек алып, космостық жылдамдықпен даму заманында оқушылардың тіл байлығының төмендеп, сабаққа зейіні азайып, қызығушылығы төмендеп,жаттанды білім алуына жол бермеу қажеттілігінен туып отыр.
М. Қашқари « Бастамастан бұрын мақсатында ойла» демекші менің шығармашылық жұмысының мақсаты :
Оқушылардың ой- қиялын дамытуға, өз ойын еркін айтуға, сөздік қорын молайтуға, өз ойына қорытынды жасап, жүйелі сөйлеуін үйлестіруге және де оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, сауатты оқу мен жазуға төселдіруге баулу.
Міндетім:
-Баланы ынталандыру, көкірегіне сенім ұялата білу
-Әрбір оқушының жеке- дара ерекшелігін ескеру
-Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын қалыптастыру
-Оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту
-Берілген тапсырманың тәрбиелік мәніне, ол тапсырманың түсінікті болуын қадағалау.
Мұндай мақсат пен міндеттерді қоюыма ықпал еткен балалардың өз бойындағы қабілеттері мен ынталары десе де болады. Мен тек сол қасиеттерді одан әрі дамыту жолдарын іздестірдім. Жалпы педогогика пікірі бойынша қабілетсіз бала жоқ. Барлық баланың да бір нәрсеге қабілеті болады. Тек соны дұрыс бағытта жетілдіру керек. Сондықтан бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жасалатын жұмыстарды да дұрыс талдау қажет.
Тіл сабақтарында оқушылардың шығармашылығы дамытатын тапсырмалар( ды)
Жазбаша тапсырмалар Ауызша тапсырмалар деп екіге бөлдім.
Жазбаша тапсырмалар ( кезінде)
-Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар (жаттығу жұмыстары)
-шығарма, эссе немесе хат жазу, өлең құрастыру.
-Жазбаша грамматикалық тапсырмалар.
-Сұрақтарға жазбаша жауап беру.
Ауызша тапсырмалар (да)
-Тірек сөздер беру арқылы және суреттерге қарап әңгіме құрастыру
-Ребустар мен сөзжұмбақтар құрастыру
- Символикалық белгілерге қарай отырып, жұмбақтар құрастыру
-жаңылтпаш, мақал- мәтел, өтірік өлең
Жазбаша тапрсырмаларды орындау кезінде оқушылар нені үйренеді?
-Сөздердің жазылу заңдылықтарын үйренеді;
-Емілесі қиын әріптер мен графикалық дыбыстардың ұқсастықтары бар әріптердің айырмашылықтарын таниды;
-Қатесіз, көркем жазуға дағдыланады;
Ауызша орындалатын тапсырмалар барысында оқушылар неніүйренеді?
-Логикалық ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттері дамиды;
-Тіл байлығы дамып, өз ойын ауызша жеткізе білуге үйренеді;
Оқушылардың тілін дамыту жұмысы баланың ақыл ойын, дүниетанымын кеңейтуге бағытталады. Сондықтан өзімнің кейбір жұмыстарыма тоқтала кетейін. Сабақ барысында мынандай түрдегі сөзжұмбақтар, ребус шешуді, 1-сынып кезінде сызба арқылы әріптерді пайдаланып сөз құра, буындардан сөз құра,тірек сөздер арқылы мәтін құрастыртамын., Мысалы: Тақырып: « Жол тәртібін білейік»
Тірек сөздер: бағдаршам, жаяулар жүретін жол, сақ бол, көліктер, көше қиылысы.
Жол тәртібін білейік.
Көше қиылысында бағдаршам тұрады. Жолдан өткенде жаяулар жүретін жолмен жүру керек. Жолда көліктер көп болады. Сондықтан жолдан өткенде сақ болу керек.
Оқытудағы тиімді тәсілдердің бірі- тірек сызбалары.. Ол оқушының логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығының дамуына, іс- жүзінде қолданып, мәтіннің негізгі түйінді мәселелер бойынша жасалатын « Нені міндетті түрде білу керек?» - деген көмек нұсқау көрнекілігі болып табылады. Мысалы: 2-сыныпта Ғафу Қайырбековтың « Алғашқы қоңырау» өлеңін өткен «ұстаз кім» деген сұраққа балалар мынандай сызба шығарды.
Ана қамқоршы
ақылшы
Ұстаз білім сыйлаушы
Дос
Мейірімді жан
Оқушылардың ой шапшаңдығын , тіл байлығын дамытып, шығармашылыққа баулитын тапсырмалардың бірі- өлең құрастыру сияқты жұмыс түрлерін қолданамын. Алдыңғы сызбаны басшылыққа ала отырып, менің жасырын, асырын, ұстазым, ұқсағым деп берген өлең жолдарына балалар мынадай ұйқас құрады.
Кемшілікті жасырып,
Жақсылықты асырып.
Білім берген ұстазым.
Келеді сізге ұқсағым. Немесе
Тентектігімді жасырып,
Білгенімді асырып.
Ақылшым менің ұстазым.
Келеді сізге ұқсағым-деп өлең құрастырды.
Қалмақан Әбдіқадыровтың « Алып бала» мәтінін өте кезде мынадай венн- диограмасын, палуан деген сөзге қалай түсінесің дер деген кезде мынадай сызба шығарды .Ал осы сызба мен венн- диограмасының берер нәтижесі мынадай . ең бастысы баланың тіл байлығын, сөздік қорын дамытады.
Сызбаның берер нәтижесі неде?
Баланың дұрыс сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамытады.
Қызығушылық қабілетін дамытады.
Ойлау қабілетін дамуы.
Есте сақтау қабілеті,
Қызығушылық қабілеті артады.
Оқушылардың тіл байлығын дамытудың тағы бір түрі дайын суреттермен мәтінқұрастыр. Суретке бала назарын аудартып,сұрақ- жауап арқылы ат қойғызып, мәтін құрастыртамын. Бұл жұмысты ауызша да, жазьаша да орындатуға болады. Мынадай суреттермен 2- сыныпта жұмыс жүргізгенде оқушылар «Менің мысығым», « Қысқы ойын», «Көктемгі еңбек» деп ат қойып, өз ойларын қағаз бетіне түсірді.
Қазақ халқы ауыз әдебиеті үлгілеріне өте бай. Онда ананың нәрестеге, әкенің немереге аманат етіп қалдырған мол мұрасы бар. Сол ауыз әдебиет үлгілерін оқи отырып бала тілі ұштала түсері хақ.
Баланың жеке басының дамуына оның сөйлеу тілінің дамуы ерекше рөл атқарады. Тілі байыған сайын баланың ой- өрісі шарықтап, қиялы, ақыл- ойы дамиды.
Баланың ұшқар ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтар, мақал- мәтелдерді, өтірік өлең, жаңылтпаштарды сабақ сайын жүйелі пайдалана білсек, бала тілін дамытудағы ролі ерекше.Сабағымда бұлармен қалай жұмыс істегенім туралы келесі бейнематериалды қараудан көз жеткізуге болады.
Сонымен бірге оқушылардың тіл байлығын дамытуда сөздік жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор.Берілген бір сөз арқылы мағынасын ашу үшін әр түрлі пікірлер айтады.
Математика пәнінде балалрардың тіл байлығын дамытуда мынандай суретке қарап есеп құрастырудың да пайдасы зор.Мұнда бала сұрақ жауап арқылы есептің шартын құрып, сұрағын қойып, жауабын
табу оқушының логикалық қабілетімен бірге тіл байлығын дамытады.
Сонымен бірге «Филворд» шешу, «Семантикалық картамен» жұмыс істеуді пайдаланамын.
Семантикалық карта
Жануарлар
|
Пайдасы
|
еті
|
жүні
|
терісі
|
сүті
|
көлік
|
дәрілік
|
Жылқы
|
|
|
|
|
|
|
Аю
|
|
|
|
|
|
|
Сиыр
|
|
|
|
|
|
|
Марал
|
|
|
|
|
|
|
Өтілген мәселе жайында оқушы не біледі, не айта алады, бұрынғы білетіндері мен жаңа білімдерін ұштастыру мақсатында «Инсерт» әдісін пайдаланамын.
Осындай тапсырмаларды орындай келе оқушылардың мынандай қабілеттері дамиды
-Тіл байлығы артады.Сөздік қоры молаяды.
-Ойлау қабілеті жетіледі .
-Өз бетімен жұмыс істейді.
-жауапкершілігі күшейеді, белсенділігі дамиды.
-Ынтасы артады. Әр сабақта осы жұмыстар бойынша тапсырмалар беріп, оқушылардың өзін сөйлетуге тырысымын. Нәтижесінде 2010-2011 оқу жылында оқушылардың сапасы бірінші тоқсанға қарағанда көтерілді. Оқушылардың да жетістіктері баршылық . Дана, Іңкәр есімді оқушыларым Ақботадан 3- орынға иеленсе, қалалық балалар құқын қорғау комитетінің ұйымдастырған 1001 мақал , 101 жұмбақтан 1- орынға, Маңғыстау облыстық жол қауіпсіздігін сақтау басқармасының ұйымдастырған «Мен жолмен сіз деп сөйлесем» атты шығармасы бойынша Мадина есімді оқушым бірінші орынға ие болды.Ұлы Жеңістің 65- жылдық мерей» тойында «Сап және ән» байқауынан І орын алды.
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов. Көктем.
Сабақтың мақсаты: Көктем табиғаты туралы, көктемгі табиғат пен адамзат, жан-жануарлар дүниесіндегі мен құбылыстар туралы тереңірек тоқталу. Оқушыларды мәнерлеп жылдам оқуға үйрету, қызығушылығын ояту, тіл байлығын дамыту, таным белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту, ұйымшылдыққа, бірліке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, суреттер.
Сабақ жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі:
Балалар, «Ана тілі» пәніне керекті құрал-жабдықтарымызды шығарып, сабаққа жаксы қатысып отырамыз.
ІІ. Үй жүмысын тексеру, қорыту:
-Балалар, біз қазір аспан әлемін саяхаттаймыз. Балалар, қазір біз аспан әлеміндегі жеті планетаны шарлап, планеталардың бізге дайындаған тапсырмаларына орындауымыз керек.
Балалар, біз тапсырмаларды орындаймызба?
-Жауап.
-Ендеше, аспан әлеміне саяхатты бастаймыз.
1. Бірінші Сатурн планетасының тапсырмасы:
1. Үй жұмысын тексеру.
-Балалар, үйге не берілді?
-«Тұңғыш ғарышкер» өлеңін мәнерлеп оқу, ғарышкер туралы сурет салып келу.
-Ендеше, кім маған «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін мәнерлеп оқып береді.
(3-4 оқушыдан сұраймын)
-Өте жақсы, енді, Марс планетасының тапсырмасы. Ғарышкер туралы салған суреттерімізді көрсету және салған сурет бойынша қысқаша әңгімелеу.
(4-5 оқушыдан сұраймын)
-Өте жақсы, балалар. Шолпан планетасының тапсырмасы:
«Тұңғыш ғарышкер» өлеңінің авторы кім?
Ол туралы не айта аласың?
(2-3 оқушыдан сураймын)
-Енді, келесі, Юпитер планетасының тапсырмасы:
Тұңғыш ғарышкер кім?
-Юрий Гагарин
-Жақсы, келесі, Нептун планетасының тапсырмасы:
Егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім?
-Тоқтар Әубәкіров
-Енді, Меркурий планетасының тапсырмасы:
-Ғарышқа Гагарин қашан ұшты?
-1961 жылы 12 сәуірде
-Енді, Уран планетасының тапсырмасы:
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қашан ұшты?
-1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты.
-Өте жақсы балалар, біз 7 планетамыздың тапсырмаларына жақсы жауап бердік.
ІІІ: Жаңа сабақ:
-Балалар, бәріміз тақтадағы ребусты шешеміз.
( Балаларға ребусты шештірткіземін)
-Дұрыс айтасыздар, ребустан «Көктем» сөзі шықты.
-Балалар, қазір қай мезгіл?
-Көктем.
-Ендеше, «Көктем» мезгілі туралы кім айтады?
-Жауап.
-Өте жақсы.
(Психологиялық тренинг жүргізу)
Музыка ойналып тұрады.
-Балалар, кеудемізді жазып, терең тыныстап, көзімізді жаймен жұмып, рахат сезімге бөленіп отырайық. Біз әдемі табиғат аясында отырмыз, жан-жағымызда әдемі гүлдер, гүлдердің үстінде әсем көбелектер қонып жүр, бетімізге көктемнің самал желі сипап өткендей, алыстан құлағымызға құстардың дыбыстары естіледі. Көздерімізді жаймен ашамыз.
-Балалар қандай күйге бөлендіңдер?
-Шаттық күйге ендік.
-Балалар, осы сезімізден айырылып қалмай тұрғанда, бүгінгі сабағымызда көктемді бейнелейік.
Мына сурет бойынша көктем мезгілін бейнелейміз. Ол үшін бірнеше тапсырмаларды орындауымыз керек.
-Олай болса, көктем мезгілінде Жер-ана неден жылу алады?
-Күннен
Ендеше, күннің тапсырмасын орындауымыз керек.
-Балалар, бүгінгі біздің жаңа сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен танысу.
Өлеңнің авторы туралы әңгімелеу.
Балаларға «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.
Сөздік жұмысын жүргізу.
(Сөздік жұмысын жүргіземін)
-Балалар, Жер-анамыз күннен жылу алып, тіріліп, гүлдеріміз өсіп, ағаштарымыз бүршік жаруы керек.
Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
-«Көктем» өлеңін мәнерлеп оқимыз.
(Балаларға «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын сұрау)
-Өте жақсы, енді, тірек сызбамен жұмыс жүргізу.
(тірек сызбамен жұмыс жү.ргізу)
Көктем
наурыз мамыр
сәуір
-Өте жақсы. «Көктем» мезгілдеріне байланысты кім маған өлең мен тақпақтар айттып береді?
(бес-алты баладан сұраймын)
-Енді, көктем сөзіне дыбыстық дыбыстық талдау жүргіземіз.
-Өте жақсы, осы көктем мезгілдерінде болатын өзіне тән өзгешіліктерді айтамыз.
(тірек сызбамен жұмыс).
Көктем
Табиғат мерекелер
жан-жануарлар
-Өте жақсы. Балалар, біз көктемде нені қарсы алуымыз керек.
-Құстарды.
-Құстарды шақырмас бұрын біз құстарға не дайындауымыз керек?
-Ұя.
-Ендеше, ұя жасау үшін мына тапсырмаларды орындауымыз кере.
Өлеңді құрастыруымыз керек.
Көктемде ..........
Құстар кеп ..........,
Құлпыртып ..........
Гүл ектік .......... .
Гүл ектік ектік ..........,
Көктемде .......... .
Бақта да, тауда да
Ақ гүлдер .......... .
(балалардың құрастырған өлең жолдарын оқытқызамын)
-Өте жақсы.
Сергіту жаттығуы.
Қазір бәріміз орындарымыздан тұрып бір-бірімізге тілек айтамыз.
(Балалар бір-біріне тілек айтады)
-Өте жақсы, балалар. Құстарымызға ұя жасадық, енді, нелерді қарсы аламыз.
-Құстарды.
-Келесі, тапсырмамыз, «Көңілді көктем» тақырыбына шығарма жаздыртқызу.
Құстарымыздың тапсырмасы: «Күн шуағы» ойынын ойнаймыз.
.
-Өлеңді қорыту:
-Өте жақсы, балалар, бүгінгі сабағымызда өзіміздің білімдеріміз арқылы көктемді бейнеледік.
-Біздерге көктем мезгілі сиқырлы шаршылыран беріп жіберіпті. Бұл сиқырлы шаршының бірнеше тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларды орындасақ сиқырлы сөз шығады екен. Орындаймызба, тапсырмаларды?
-Өлеңде бұлақ туралы не делінген?
-Табиғат құбылыстары туралы не делінге?
-Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?
-Балалар, көктем мезгілі бізге қандай сиқырлы сөзін жазып жіберіпті?
Бәріміз бірге оқимыз.
Рахмет.
ІV. Сабақты қорыту:
«Көктем вальсі» әнін айтқызу.
V.
-Балалар,үйге тапсырма, Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып келуге, және көктем мезгілдеріне арнап сурет салу.
VІ. Балаларды білім деңгейіне қарай бағалаймын.
Мазмұны:
Көктің сұңқылдап дыбысталуы, өзенннің қар ерігенде таудан дүркіреп қатты су ағуы, Даланың көтеуі көктемнің басталғаны айтылса, келесі жолдарында көктем мезгілінде күн бұлттанып, жаңбыр жауып, жауған жаңбыр жерге сіңіп, жерден көктің мол болатыны ағаштан жапырақ жайып, гүлдер бүршік атып, осынау әсем табиғатты қызықтаған балғын баланың даусы ерекше, көктеммен бірге үн қосқандай.
Көктемде істелетін еңбек түрлері өте коп. Соның бірі ас-атасы –нан қасиетті тағамның бидайдан өндірлетіні, бидайды көктемде егілетіні, яғни көктемде істелетін еңбектің түрі.
Қыс мезгілінің аяқталып, көктем басталып, жаңа жылдың келуі туралы айтылған.
Олжас Сүлейменов 1936 жылы Алматы қаласында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. Алдымен әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетін, сонан соң Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Орыс тілінде жазады.
Тұңғыш өлеңдер жинағы "Арғымақтар" 1961 жылы жарық көреді. Осы жылы шыққан "Адамға табын, жер, енді" поэмасы О. Сүлейменов есімін әлемге паш етті.
Қазақстанның Халық жазушысы атағы, 1992 ж.
Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы, 2000 ж.
Қазақтың біртуар ұлы, әйгілі ғарышкер Тоқтар Әубәкіров 1946 жылдың шілде айының 27-сінде Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданының 1-ші Май ауылында дүниеге келген. Тоқтардың атын әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия оған дейінгі балалары шетіней бергесін, енді осы перзентіміз аман-есен ер жетсін деген ниетпен ырымдап, Тоқтар қойған екен. Нендей істен болса да нәтиже шығара білетін қайсар ұлдың бойындағы асыл қасиеттері жастайынан-ақ таныла бастаса керек. Сонау 1962-1965 жылдар аралығында Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болып қызмет етіп жүрген кезінде-ақ оның аты облыстық «Құрмет кітабына» енгізіліпті. 1669 жылы Ресейдің Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітірген ол 1969-1975 жылдар аралығында Кеңес одағы әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командиріның орынбасары қызметтерін атқарған. Сондай-ақ 1976 жылы Мәскеу ұшқыш-сынақшылар мектебін бітіріп, 1979 жылы Ресей астанасындағы А.И.Микоян атындағы тәжірибелік-конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы болды. Осындай өнер ордаларын тәмамдап, авиация саласында қызмет ете жүріп, Тоқтар Әубәкіров өзінің білікті маман екендігін дәлелдеп, ерлік қасиеттерімен көзге түскен. Оның Кеңес одағы тұсында тұңғыш рет әуеде жерге қонбай ұшаққа 2 рет жанар май құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікке пара-пар іс деп бағалауға болады. Ал 1989 жылы оның 1-ші болып, авиатасушы крейсердің үстіне «Миг-29» реактивті ұшағын шеберлікпен қондыруы да бүгінде аңызға айналды. Ұшқыш өз тәжірибесінде реактивті ұшақтардың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізіпті. Ал 1991 жылдың сәуір айының 2-сінде Кеңес одағының Ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы қазан айының 2-сінде Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.
1. Үй жұмысын тексеру.
-Балалар, үйге не берілді?
2.. Ғарышкер туралы салған суреттерімізді көрсету және салған сурет бойынша қысқаша әңгімелеу.
3. «Тұңғыш ғарышкер» өлеңінің авторы кім?
4. Тұңғыш ғарышкер кім?:
5. Егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім?
6. -Ғарышқа Гагарин қашан ұшты?
7. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қашан ұшты?
8. Өлеңде бұлақ туралы не делінген?
9.Табиғат құбылыстары туралы не делінге?
10.Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?
Сабақтың тақырыбы: жаттығу жұмыстары.
Сабақтың мақсаты. оқушылардың сан есім туралы алған білік, білім дағдыларын еске түсіру, шығармашылық ойлау қабілетін граматикалық тапсырмалар арқылы, теориялық ойлауын, тілін дамыту.
Дамытушылық: шығармашылық қабілетін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру.
Тәрбиелік: сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, жинақтау.
Сабақтың әдістері: сұрақ- жауап, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, слайдтар.
Сабақтың өту барысы
1.Ұйымдастыру.
- Балалар, біздің әр өткен сабаңымыз- қуаныш. Әр қуанышқа кеңпейіл халқымыз шашу шашады. Шашу- тілек, береке. Көпшілік қауымға бақыт, молшылық тілеп, мен де сіздерге шашу шашайын . Ол жай шашу емес . шашуда тапсырма болады. Соны орындаймыз.( шашудың сұрақтары)
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есім нешеге бөлінеді?
3. Есептік сан есім дегеніміз не?(Қанша? Неше? Сұрағына жауап беретін сан есімді есептік сан есім деп атаймыз.)
4. Реттік сан есім дегеніміз не?(Нешінші сұрағына жауап беретін сан есімді реттік сан есім дейміз.)
5.Реттік сан есім қалай жасалады?( Реттік сан есім Есептік сан есімге –ыншы, -інші, нші, ншы жұрнақтары жалғану арқылы жасалады)
Бәріміз тақтаға назар аударайық. Қазір мына ребусты шешіп жіберейік.
Шешуі: Бірінші байлық - денсаулық. Олай болса дәптерлерімізді ашып күннің жады мен көркем жазуды жазайық.( сан есімді таптыру, ол қандай сан есім, мағынасын сұрау)
Тақтамен жұмыс. 36- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып жаз. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Сөздік жұмыс.
Атбегі- атты баптап, бәйгеге қосатын кісі.
Шығармашылық жұмыс. ( сөздерді дұрыс орнына қойып, сан есімді табу)
. Сондай, Айнұр, көрікті
Өріпті, бұрым,екі.
Жастамын, тоғыз, мен.
Сыныпқа, бастармын, жылы, қадам, келесі, төртінші.
.
Кітаппен жұмыс. 37 – жаттығу. ( мәтінді оқыту. Сұрақтарға жауап алу)
Оспанхан Әубәкіровтың суретін, шағын өміріне шолу.
1.Жабақ неге түсінбеді?
- Себебі ол шын мәнінде де сыныпқа қонақ келеді деп ойлады.
2. Жабақтың атасының аты кім?
- Сәрсенбі.
.3. Балалар, осы мәтіннен не түсіндіңдер? Жабаққа көмектесейікші.
-Жабақ күн аттарын аталардың аттарымен шатастырып алды?
Олай болса балалар қазақша ай аттарын білеміз бе?
Бірінші күн- дүйсенбі.
Екінші күн- сейсенбі,
Үшінші күн- сәрсенбі,
Төртінші күн – бейсенбі,
Бесінші күн- жұма,
Алтыншы күн- сенбі,
Жетінші күн- жексенбі.
( сан есімді тауып санын, ретін білдіріп тұрғанын сұрау)
Терме диктанты.( сан есімдерді теріп жазу)
Диас тоғыз жаста. Ол үшінші сыныпта оқиды. Кітапхана екінші қабатта орналасқан. Самал кітапханадан үш кітап алды.
Мақалдарды аяқта.
... атасын білмеген жетесіз. ( жеті)
Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.(екі)
Жігіт адамға ... өнер де аз. ( жетпіс)
« Тез ойла» ойыны ( өзіміз сан есімді қатыстырып бір сөйлем ойлап, дәптерімізге жазу)
Шеңбер бойынша. Үшінші, жиырма, сегіз 3 бойға үшеуін беру.
39- жаттығуды ауызша талдау.
Логикалық есеп.
Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса нешеуі қалады? ( біреуі, өйткені қалғаны ұшып кетеді)
Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Самал оның төртеуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды?( 4 май шам қалды. Біреуі жанып кетті)
Қорыту. Семантикалық карта бойынша.
Сөздер
Сөз
таптары
|
ақын
|
бес
|
ұшты
|
әдемі
|
үшінші
|
секірді
|
биік
|
Зат есім
|
|
|
|
|
|
|
|
Етістік
|
|
|
|
|
|
|
|
Сын есім
|
|
|
|
|
|
|
|
Сан есім
|
|
|
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма беру. 38- жаттығу.
Өздеріне жұлдызшалар арқылы сабақты бағалату)
Достарыңызбен бөлісу: |