ШӘКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ
Бюджет. 2015 жылы «Шәкен ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне бюджеттен 28510,0 мың теңге қаржы бөлініп, 100 пайызға игерілді.
Округ бойынша жиналуға тиісті жер салығы 19692,0 теңге, мүлік салығы 6573,0 теңге жиналып, 100 пайызға, көлік салығы 864012,0 теңге жиналып, 90 пайызға орындалды.
Әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту. 2015 жылы жұмыс іздеуші ретінде тіркелген 14 адамның 4-і тұрақты жұмысқа орналасты. 2 адам уақытша жұмысқа жіберілсе, 8 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
Кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы. Округте 2 кәсіпкер сауда қызметімен, 1 кәсіпкер жолаушы тасымалымен, 36 кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысады.
2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 7 шаруа қожалығы 24 млн. 800 мың теңге несие алып, жұмыстарын жалғастыруда.
Өткен жылы 1 кәсіпкер «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен, 1 кәсіпкер «Құлан» бағдарламасы бойынша несие алып, жылқы бағумен айналысады.
«Шекер» шаруа қожалығы «Қаз Агро Қаржы» коорпарациясынан 16 млн. 750 мың теңге несие алып, 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Округ бойынша 1835 бас мүйізді ірі қара, 6046 бас уақ мал, 1230 түйе бар.
Абаттандыру. 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай бюджеттен 3349,0 теңге қаржы бөлініп, «Жеңіс жұлдызы» стелласы орнатылды. Ауыл орталығынан «Балалар ойын алаңы» салынды.
Көше жарығы және оны күтіп ұстауға бюджеттен 661,0 теңге қаржы бөлініп, игерілді.
Мешіт құрылысының жоба сметалық құжаттары әзірленді. 2016 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Округте топтық су құбыры желісі жүргізілмеген. Ауыл тұрғындары құдық және бұлақ суын пайдаланады.
Байланыс. Телефон байланысы тұрақты. Тұрғын үйлердің 99 пайызына «Отау ТВ» қазақстандық спутниктік телеарналар жүйесі орнатылған.
Білім, денсаулық сақтау, мәдениет. №134 орта мектепте 89 оқушы білім алуда. 2014-2015 оқу жылында мектеп бітірген 7 оқушының 4-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 2-і мемлекеттік грант иегері атанды. 1 оқушы арнаулы оқу орнының грантына қабылданды.
№134 мектеп жанында 40 орындық интернат жұмыс жасайды.
Шилі елді-мекеніндегі апаттық жағдайдағы №259 негізгі мектептің жоба сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазіргі таңда мектепте 40 оқушы білім алуда.
Шәкен ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның 11 орынды күндізгі стационарында жыл көлемінде 81 адам ем алды.
Шәкен ауылдық клубындағы домбыра және би үйірмесіне 41 оқушы қатысады. 2015 жылы ауыл клубында 32 мәдени мерекелік іс-шара өткізілді. Кітапханада 11024 дана кітап қоры бар.
Қоғамдық тәртіпті нығайту. Ауылдық округте қылмыс пен құқық бұзушылықтың, мал ұрлығының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды.
2015 жылы округ бойынша құқық бұзушылық, мал ұрлығы фактілері тіркелген жоқ.
Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер:
- Тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз ету;
- Зейнеткерлер мен мүгедектердің, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың, аналар мен балалардың мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік кепілдіктерді пайдалануға жағдай жасау;
- Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі бұлақтардың (скважина) қалыпты жұмыс жасауын бақылауда ұстау;
- Шәкен ауылынан типтік жобадағы 100 орындық № 134 мектеп-интернатының құрылысын салуды ұйымдастыру;
- Шилі елді-мекенінен 50 орындық №259 мектеп, 20 орындық балабақша ғимаратының сапалы салынуын бақылауда ұстау;
- Типтік жобада мал қорымын салу;
- Ауыл орталығынан «Жастар аллеясын» ашу;
- Округ орталығынан ұялы байланыс желісін жүргізуге ықпал жасау;
- Көркейту-көгалдандыру жұмыстарын одан әрі жетілдіру;
- Кіші кәсіпкерлікті дамытуға, мал басын көбейтуге, асылдандыруға несие алу жұмыстарын одан әрі ұйымдастыру.
Шәкен ауылдық
округінің әкімі Б.Әміреев
Достарыңызбен бөлісу: |