Шешендіктану (риторика) – ең көне замандарда қалыптасқан ғылым саласы. Жазба әдебиеттер оның мыңдаған жылдарға созылған тарихы бар екенін көрсетеді. Адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде бұл сала бірде жоғарылап, бірде бәсеңдеп өмірден өшпей, ұдайы даму үстінде болды. Шешендіктануда басқа ғылым салаларына қарағанда, дәстүрлер жалғастығы, тарихилық, ұлттық ерекшеліктерді қамту, сонымен бірге әлемдік рухани құндылықтарға үлес қосу сияқты ерекшеліктер айқын байқалады.
Шешендіктанудың негізі қайдан басталады деп білеміз?
Тарих фактілер шешендік өнердің шарықтап дамуын Көне Грек және Рим империяларының гүлденген кезеңіне байланыстырып көрсетеді.
Риториканың гүлденуі афиналық құл иеленуші демократияның даму кезеңіне тура келеді. Бұл кезде Афина мемлекетінде жетекші рөлді үш мекеме – халық жиналысы, бес жүздік кеңесі, халық соты атқаратын. Осы үш мекеменің үшеуінде де шешендік өнердің маңызы жоғары болды: істің мәнісін ашу және оны ойдағыдай шешу үшін әсерлі сөздің ықпалы, күші пайдаланылды. Ал сотта ділмарлық арқылы қажетті үкімге қол жеткізуге болатын еді.
Ежелгі шешендік өнер туралы толық түсінік беретін деректер, еңбектер Перикл заманынан (б.д.д. V ғасыр) бастап жазыла бастаған. Перикл – мемлекет қайраткері. Оның шешендік сөздері тыңдаушыларға орасан зор әсер еткен. Мәселен, оның Пелопонесс соғысының алғашқы жылында қаза болған афиналықтарды жерлеу кезінде сөйлеген әйгілі «Қабір басындағы сөзі» бұған дәлел бола алады. Софистер (б.д.д. V ғасыр) өздерінің теориялық және практикалық дәрістерінің мақсатын жастарды шешендікке баулу оларды қоғамдық өмірге әзірлеу деп білді де, кәсіпқой шешендерді, риторларды дайындады. Олар (софистер) пікірталас өткізуді өрбіту арқылы дәлелдер құруды дамытты, қисынды ойлау (логикалық ойлау) мәдениетін көтерді. Шешендік теориясы дамуында Аристотель еңбектерінің алатын орны ерекше. Ол риториканы ғылым ретінде дамыта отырып, өзіне дейінгі қөзқарастарды жаңа белеске көтерді. Аристотельдің айтуынша, риторика жеке пән ретінде тұйықталып қалмайды. Ол барлық басқа пәннің мүдессі үшін кез келген пәннің ережесін дәлелдеу үшін жұмсалады. Оның өзге пәндерден, мәселен, арифметика, геометрия, т.б. айырмашылығы да осында. Аристотель риториканың мақсатын айқындап және оның жалпылама сипатын көрсетіп, шешен мақсатына жету үшін нені пайдалану керек екенін атап айтады.
Шешен өз ойын дәлелдеу әдістеріне қарай риториканы үш бөлімге бөледі:
- Бірінші бөлімде шешеннің тындаушыны әлденеге итермелеу, көндіру принциптеріне талдау жасайды.
- Екінші бөлімде шешен тыңдаушылардың сеніміне кіріп, сол арқылы өз мүддесіне қол жеткізуге себін тигіетін жеке қасиеттер мен ерекшеліктерді сипаттайды.
- Үшінші бөлімде ол риториканы техникалық жағына, яғни сөйлеу әдістері мен сөз құрылымдарына көңіл бөледі.
Аристотель сөйлеудің төрт бөлігін атап көрсетеді, олар: алғы сөз, әңгімелеу, дәлелдеу, шешім. Сөйлеген сөздің тианақты болуы үшін бұлардың әрқайсысының мән-маңызына тоқталады.
Ресейде шешендік өнер теориясын дамытуға батыл қадам жасаған ғалымдар тобы болды. Мәскеу университеті мен Ресей Ғылым академиясының іргетасын қалаған М. В. Ломоносовтың (1711-1765жж) «Ділмарлыққа қысқаша басшылық» деген еңбегі орыс риторикасының негізін қалаған алғашқы құрал болды. Ломоносов ділмарлықтың шарты ең алдымен рухани дарындылық (өткір ой мен еске сақтау қабілеті) және тән ерекшеліктері (зор дауыты, терең демді, еңселі де келбетті) деп есептеді. Алайда шешен болу үшн табиғи қасиеттер аздық етеді. М. Ломоносов сөздің төрт бөліктен - кіріспе, түсініктеме, пайымдама және қорытындыдан құралғаны жөн деп санады. Әр бөліктің өз мақсаты және қалай айтылу қажеттігі туралы да кеңес берді.
Қазақ халқының шешендік өнер тарихы Түркі қағанаты мен сонау караханидтер, моңғолдар, қыпшақтар, т.б. мемлекеттері дәуірінен бастау алады. Зерттеуші ғалымдарымыз айтып жүргендей (VI-Ixғасырлардағы) түркі тілдес халықтарға ортақ саналатын Орхон-Енесей жазба-ескерткіштеріндегі (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштері) қашалып жазылған жылдардан бері тартылады. Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу білік» (Құтты білік), Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат-ат-түрік» («Түркі сөздігі»), Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы»), Ал Ахмет Үгінекейдің «Һибат ул-хақаиқ» («Ақиқат сыйы») сияқты көптеген кемеңгерлер еңбектерінің (X-XIII ғғ.) өркениет әлеміндегі орны ерекше.
Әбу Насыр әл-Фарабидің «Риторика» атты трактатында, түркі халықтарына ортақ шешендік сөз өнеріне алғаш рет ғылыми-теориялық талдаулар жасалынған. Оның пікірінше, егер де диалектика тек шынайы білімге негізделген қисынды дәлелдер арқылы тұжырымдалған ой қорыту тәсілі болса, риторика шешендік қисынға, ой пікір жүйелілігіне, ұғымдар үйлесімдігіне негізделеді; сонымен қатар, көз жеткізу, көкейге ұялату, дең қойып тыңдау, дәлелді пікір айту, шыншыл көзқарас. Тиянақты білім, сөйлеушінің бет-жүзі, қимыл-әрекеті сияқты жіктеп, тиянақты түсіндіреді. Әл-Фарабидің айтуынша адам – сөйлеуші, сөйлеушінің түбірі – сөз, ал «сөз» деп тіл арқылы пікір айтуды білдіреді. Адам өзінің ойында барды тілмен айтып жеткізеді және оның дұрыстығының құралы деп сипаттайды.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші ғұлама ғалым, әйгілі Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде шешен сөзге тұңғыш рет жан-жақты сипаттамада береді. Оның түсіндіруінше, шешен сөздің басты нысанасы – баяндап, сипаттап, анық түсіндіріп беру. Шешендік сөзге алғаш теориялық тұрғыдан келіп, оның бөліктерін беске бөліп теориялық пайымдар жасай отырып, өнер атаулыны тірнек және көрнек өнері деп екі топқа бөледі. Көрнек өнерін іштей бес тарауға жіктеді. А. Байтұрсыновтың пікірінше, көсем сөзінен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе, ондай шығапрма пайымдама деп аталады. Шешендік сөзді бастамасы, ұсынбасы, мазмұндамасы, қыздырмасы, қорытпасы деп беске бөліп көрсетеді.
Шешендік өнер мен шешендік сөз бен оның түрлері. Шешендік өнер мен шешендік сөз бір-бірімен тығыз байланыста болғанмен, екеуі екі басқа түсінік атаулары. Шешндік өнер деген ең алдымен актінің, іс-әрекет ұғымының атауы, яғни шешен сөйлеу дегеді білдіреді, ол әлеуметтік қызмет атқарады. Ал шешендік сөз – сол шешендік өнерде қолданылатын материал, яғни шешендік өнер иелерінің шаршы топ алдында сөйлейтін сөзі. Риториканың негізгі ұғымы – шешен (оратор – латынша, orare – сөйлеу) көпшілікке немесе шаршы топқа сөз сөйлеуші адам. Оның сөзі кімдерге арналса, солар көпшілік сөзді тындаушылар (грекше, rheio – тыңдау) болып табылады. Шешен мен оның аудиториясы сөйлеу барысында бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, байланыста болып, соның негізінде бұқаралық сөз пайда болады.
Шешендік өнері — Жер бетінде адам қоғамы, сөз, тілдесу пайда болғаннан бері өмір сүріп келе жатқан қоғамдық құбылыстардың бірі. Адамдар көне замандарда сөздің сиқырлы құдіреті бар деп сенген, қоршаған табиғатқа, жан-жағындағы жандарға сөз магиясы арқылы әсер етуге тырысу әрекеттері бағзы дәуірлерден басталып, осы кезге дейін жалғасып келеді. Арбау, дуалау, үшкіру, бақсылық, «күн жайлату» т.б. сияқты магиялық әрекеттердің бәрінде адамдар сөздің құдіретін пайдалануға тырысқан. Магиялық поэзия туралы белгілі ғалым Б. Абылқасым: «Ата-бабаларымыз бұдан жүз жыл, мың жыл, ондаған мың жыл бұрын осы сияқты текстерді орындап, қара құрттың уын қайтаратын, немесе тістің құртын түсіретін. Оған имандай сенетін. Иә, сенетін» деп жазған болатын Шешендік өнерінің негізі — адамның өз ойын өзгелерге көркемдеп жеткізуі, өз позициясының дұрыс екенін дәлелдей білуі, басқаларды сендіре білуі десек, бұндай
қасиеттердің бәрі ықылым заманнан адам қоғамында өмір сүріп жатқан әрбір жанға қажет
болғанын сөзсіз. Шешендік өнері немесе риторика (грекше rhetorike) — филологияның
көркем, шебер сөйлеуді, сөйленетін сөзді дұрыс құрастыра білуді, қуаты мол, жалынды
сөзді қолданып қалың көпшілікке әсер етуді зерттейтін саласы. «Риторику принято
рассматривать как одну из лингвистических дисциплин» деп жазады Ю.Н.Варзонин
(Варзонин, 2007) яғни шешендік ғылымы, әдетте, жалпы тіл білімінің бір саласы ретінде
қарастырылады. Батыс лингвистикасында «шешендік өнер», «риторика» терминдерінің
«ораторлық өнер» (орыс тілінде – «ораторское исскуство», лат. Oratoria) деген де
синонимі бар. Көне Грекияда көпшілік алдына шығып сөйлетін шешенді, сондай-ақ
шешендік өнерге баулитын ұстазды «ритор» деп атаған.
«Шешен сөз дегеніміз – тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау салып, ой түсіретін
даналық сөз, қиялға әсер етіп, сезіміңді қозғайтын көрікті де, әсерлі сөз, бұра тартпас
дәлелімен тамсандырып, таңдай қақтыратын білгір-білімді сөз, өтіп кеткен не өтіп жатқан
оқиғаны жанды суреттей көз алдыңа алып келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін жеткізетін терең мағыналы түйінді сөз» деп жазады Г. Қосымова
(Қосымова, 2005:14) Бұл дәйексөзде шешендік сөздің бүкіл табиғаты, қыр-сыры барынша
айқындалып, толықтай қамтылған. Ғалым Б.Адамбаев: «Шешендік сөз дегеніміз — кейде
билердің дау үстінде көркем тілмен, көрікті оймен айтылған айыптау, ақталу, немесе
билік, төрелік сөздері. Бірақ, бұл әдеби жанр мұнымен шектелмейді, ойға ұста, тілге
шебер адамдардың біреуге, қауымға арналған ақыл-кеңестерін, өсиет-насихаттарын, бататілектерін және қазалы, қайғылы адамдарға айтқан естірту, жұбату сөздерін, қоғам өмірі,
табиғат құбылысы туралы ойланыс-толғаныстарын да қамтиды» деп жазады (Адамбаев,
1989: 36)
«Үлкен энциклопедиялық сөздікте» шешендік өнердің: «Риторика (греч. rhetorike) -1)
наука об ораторском искусстве и шире — о художественной прозе вообще. Состояла из 5
частей: нахождение материала, расположение, словесное выражение (учение о 3 стилях:
высоком, среднем и низком и о 3 средствах возвышения стиля: отборе слов, сочетании
слов и стилистических фигурах), запоминание и произнесение» деген анықтамасы
берілген (БЭС)). Бұл анықтамадан «риторика» терминін кеңіректен алғанда бүкіл көркем
прозаны да қамтитынын байқаймыз.
Жалпы алғанда, шешендік ғылымының шеңберінің де, соған орай шешендік өнер
анықтамасының да қоғамдық қатынастардың өзгеруіне сәйкес үнемі кеңіп, жетіліп
отырғаны белгілі. «Шешендік туралы түсінік бірдей емес, біртіндеп анықталуда, мазмұны
мен аясын кеңейтуде» деген пікір айтады Ж.Молдабеков (Молдабеков, 2009:3) Яғни, адам
өркениетінің дамып, өркендеуіне орай шешендік ғылымы да өз аясын кеңітіп, жаңа, тың
құбылыстарды қамтып, ұлғайып келеді. Және бұл процесс алдағы кезде де жалғаса береді
Шешендік ғылымы осы кезге дейін де сан ғасырлар бойы күрделі даму жолынан өтті.
Риторика алғашқы пайда болған кездері негізінен көпшілік алдында ауызша сөйлеу,
суырып салма шешендік, тапқырлық деген тар мағынада ғана қолданылды. Бірақ, уақыт
өте келе шешендік ғылымының аясы кеңіп, ол зерттейтін тілдік құбылыстардың саны арта
8
түсті. Кейінірек шешендіктің қағаз бетіне түскен жазба түрлері де зерттеу нысынына
айналды.
Шешендік өнері көне антикалық дәуірде өте жоғары бағаланды. Цицерон екі өнердің
адамды ең жоғары дәржеге жеткізетінін, соның бірі – әскер басқару өнері, ал, екіншісі —
шешендік өнері екенін айтқан еді. Шешендік ғылымының қалыптасып, дамуын тарихи
тұрғыдан саралайтын болсақ, оның грек топырағында дүниеге келгенінің куәсі болар едік.
Шешендік өнерінің жоғары бағалануына және қоғамда барынша қажет болуына
байланысты Грекияда шешендікке үйрететін арнайы мектептер пайда болды. Соған орай
ежелгі Грекияда риторика, яғни, ойды көркем тілмен, әсерлі жеткізуді зертейтін шешендік
ғылымы жеке ғылым саласы ретінде өмірге келді. Риториканың дербес ғылым ретінде
Афинада б.д.д. шамамен V ғасырда пайда болғаны белгілі. Диоген Лаэрций шешендік
өнердің негізін Протагор салды деп есептейді. Диогеннің пікірінше Протагор бірінші
болып шешендікке сөз жарысты, софизмдерді қолдануды енгізген, сөз қолдануды: өтініш,
сауал, жауап, бұйрық деген төрт бөлікке бөлген.
Көне Грекияның шешендік ғылымынан негізінен екі үлкен құбылысты байқаймыз.
Олардың біріншісі Лисий, Перикл, Демосфен тәрізді даңқты шешендердің шешендік
сөздерінің үлгілері. Екіншісі – Аристотель, Платон, Горгий тәрізді ғалымдардың
шешендік өнерін жүйлеуге, сараптауға бағытталған теориялық еңбектері. Мұндай
еңбектердің бәрі көне Грекияда жастарды шешендікке баулитын оқу құралы ретінде
пайдаланылғаны белгілі. Грекияда жеті жастан жиырма бір жасқа дейінгі ер балалар мен
жас жігіттерді оқытатын риторика мектептері болған. Ондай мектептерде балалар
логиканы, әдебиетті, философияны, тілді, математиканы оқыған, дегенмен, риторика
жетекші пән болған. Жалпы, антикалық риториканы тек көркем сөйлеу мектебі деген
ұғыммен шектеуге болмайды, ол өз ішіне лингвистиканың, поэтиканың логика мен
философияның негіздерін қамтыған күрделі ғылым болды. Антикалық дәуірдің
оқулықтарында шешендіктің үш түрі атап көрсетілді: оның біріншісі үлкен жиындардамәслихаттарда сөйленетін сөздер (мұнда үлкен саяси мәселелер, елді-жерді қорғау сияқты
тақырыптар қозғалды); екіншісі сот процесінде сөйленетін сөздер (күнәліні айыптау
немесе қорғау), үшіншісі салтанатты жиын-тойларда, жеңіс мерекелерінде сөйленетін
сөздер (мадақтау немесе күстаналау).
Грек шешендігі де алғашқы кезеңінде қазақ шешендігі тәрізді негізінен ауызша
айтылып, ауызша таралды. Алғаш рет өзінің сөйлеген сөздерін жазып алған шешен
Антифон деп есептеледі. Одан соңғы шешендердің көбісінің сөйлеген сөздері жазылып
алынып, келер ұрпаққа мұра болып қалды. Айталық, қарапайым, әрі көркем сөздерімен
есте қалған Лисийдің көптеген елдің алдына шығып сөйлеулері, «әдемі сөздің атасы»
атанған Исокарттың 60 сөзінің 21 бізге жазба күйінде жетті. Мақалада берілген
мәліметтердің жастарға берер тәлім-тәрбиелік маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |