Ші басылым



Дата21.06.2016
өлшемі120.92 Kb.
#151399



042-18-24.1.04/03-2013

1- ші басылым

13 беттің

- ші беті






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМЖ құжаты


ПОӘК

ПОӘК 042-18-24.1.04/03-2013



«Ветеринариялық хирургия» пәнінен курстық жұмыс орындау әдістемесі

№ 1-ші басылым

«Ветеринариялық хирургия» пәнінен

«5В120100» - «ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

орындау әдістемесі

СЕМЕЙ

2013


Алғысөз

1 ӘЗІРЛЕГЕН

Ветеринариялық медицина кафедрасының

доценті міндетін атқарушы, м.ғ.к. Ахметжанов О. Н.

« » 2013 жыл
2 ТАЛҚЫЛАДЫ

2. 1 Ветеринариялық медицина кафедрасының отырысында

Хаттама № « » 2013жыл
Кафедра меңгерушісі Тойкина Г.Н.
2.2 Аграрлық факультеттің әдістемелік кеңесінде

Хаттама № « » 2013жыл

Төрайым Тлеубаева.А.В

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу - әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады

Хаттама № « » 2013 жыл

Оқу - әдістемелік кеңестің

төрайымы, ОӘЖ проректор Искакова Г. К.

4 1- ші басылым.

МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе .................................................................................................... 4

2. Курстық жұмысының мақсаты..............................................................4


  1. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу........................................5

  2. Тақырып бойынша ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу.................5

  3. Өзіндік зерттеулер жүргізу, мәліметтерді жинау, жинақтау және өңдеу........................................................................................................5

  4. Курстық жұмысты дайындау және оның жоспары...........................6

  5. Әдебиеттер .............................................................................................7

  6. Курстық жұмыстың ұсынылатын тақырыптары.................................9

  7. Қосымшалар ...........................................................................................10


1 Кіріспе

Жоғары оқу орындарының қазіргі уақыттағы басты мақсаттарының бірі- белсенді оқу түрлерін нығайту. Студенттердің өз бетімен істеген жұмыстарына сүйене отырып, болашақ мамандардың творчествалық қабілетін дамыту. Қазіргі кездегі білім алудың ерекшелігі адамдар өз бетімен білім алып, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы мамандығын өсіруінде.

Мал дәрігерлерін дайындау бағытында, хирургия пәнінен курстық жұмысын орындаудың болашақ мамандардың білімін көтерудегі орны ерекше. Ол басқа да клиникалық пәндермен бірге мамандардың қалыптасуын аяқтап, мал шаруашылығын мал дәрігерлерімен қамтамасыз етуді шешуге бағытталған. Ветеринариялық медицина мамандығының күндізгі және сырттан оқу бөлімінің студенттеріне арналған бұл әдістемелік нұсқау пәннің типтік оқу бағдарламасына, біздің бұрынғы жұмыс тәжірибемізбен басқа да оқу орындарында дайындалған осы сияқты жұмыстарға сүйене отырып жасалған. Курстық жұмыс тақырыптары, курстық жұмыс жоспары, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, өзіндік зерттеулер жүргізу, мәліметтерді жинау, жинақтау және өңдеу жөнінде әдістемелік нұсқаулар берілген.

Жануарлардың хирургиялық ауруларының басым көпшілігін қамтитын курстық жұмыстардың негізгі тақырыптары келтірілгендіктен студенттер өзінің қалаған тақырыптарына жұмыс орындауына болады.

Курстық жұмыстың алғашқы беті (титулдық) қосымшада көрсетілген

.

2 Курстық жұмысының мақсаты.

I.1. Студентте хирургия пәнінен алған теориялық білімдерін баянды етіп, оны ары қарай тәжірибемен ұштастырып тереңдете меңгерту.

I.2. Ғылыми ізденіс жұмысын дағдыға айналдырып, ғылыми әдебиеттерді, дұрыс пайдаланып, библиографиясын дайындап ғылыми тұрғыда өңдеуге дағдыландыру.

I.3. Шаруа қожалықтарында хирургиялық ауруларды ажырата біліп, емдеу және алдын ала сақтандыру жұмыстарын жоспарлау, оны ойдағыдай орындап және нәтижесін дер кезінде қадағалау мәселесін дұрыс жүргізіп, тәжірибе жүзінде байқап, өз бетімен шешім қабылдау қасиетін жетілдіру мақсаты қойылған.

1.4. Хирургиялық аурулардың келтіретін зиянын анықтап, емдеу және аурудан алдын ала сақтандыру шараларының экономикалық тиімділігін есептеп шығара білуді үйрету.

1.5. Ғылыми әдістемелерді игеріп, хирургиялық ауруларды анықтау емдеу және оларға қарсы шараларды жоспарлап, жүргізуді үйрету.

1.6. Жазбаша жұмыстарды дайындауға дағдыланып, оны көпшілік алдында қорғауға машықтандыру.

Курстық жұмыс келесі негізгі кезендерден құралады: тақырыпты таңдап алу, ғылыми деректерді жинақтап өңдеу, жоспарлау, ғылыми өндірістік тәжірибені жүргізіп, оның нәтижесін есепке алу, аурудың келтірілген зиянының көлемін анықтап, жүргізілген емдеу және аурудың алдын ала сақтандыру шараларының экономикалық тиімділігін анықтау, қолжазбаны дайындау.
3 Курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу

Хирургия пәнінен курстық жұмысының тақырыбын студент өз бетімен немесе жетекшісінің ұсынысы бойынша таңдап алады. Студентке, оқу немесе өндірістік тәжірибе кезінде шаруашылықта кездескен, өзі ауру малды зерттеу, емдеуге қатысқан кез келген жануар түрінің хирургиялық ауруын курстық жұмыстың тақырыбы ретінде алуына болады.

Кафедра ұсынатын курстық жұмыстардың мысал тақырыптары берілген
4 Тақырып бойынша ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу

Кафедрада курстық жұмыстың тақырыбы бекітілгеннен соң, студент керекті ғылыми әдебиеттердегі деректерді жинап танысады да, зерттеу жұмысының жоспарын жасайды. Ол үшін соңғы 5-10 жылда жарық көрген ғылыми әдебиеттерді, ветеринария журналын, мал шаруашылығының әр саласына арналған журналдармен, малдәрігерлік-зоотехникалық жоғарғы оқу орындары және ғылыми зерттеу институттарының ғылыми еңбектерін, реферативтік журналдарды оқып, интернеттен іздеп, керекті ғылыми деректерді жинау қажет.


5 Өзіндік зерттеулер жүргізу, мәліметтерді жинау, жинақтау және өңдеу

Курстық жұмыстың құндылығы онда көрсетілген өзіндік мәліметтердің мазмұнымен және мұқият дайындалуына байланысты. Өзіндік мәліметтерге сүйеніп жазылған курстық жұмыс, реферативтік жұмыстан анағұрлым бағалы есептеледі.

Зерттеулер жүргізіп, материалдар мен мәлімет жинаудың жолдарымен тәсілдері әртүрлі. Мал мамандары мен малшылардан сұрастырып көптеген мәселелерге жауап алуға болады, яғни: аурудың басталуымен тоқталу мерзімдері, аурудың шығуына байланысты жаман жағдайдағы қора - қоныс, жайылым мен су көздері, аурудың негізгі белгілері, жүргізілген басқа көптеген деректерді алуға болады. Жиналған мәліметтер қорытындыланып, клиникалық тұрғыдан бағаланылуға тиіс.
Студент нақты және толық мәліметтерді тек қана жалпы қабылданған клиникалық және клиника – лабораториялық зерттеулерді пайдаланып, өзі жүргізген зерттеулер арқылы ғана алады.

6 Курстық жұмысты дайындау және оның жоспары

Курстық жұмыстың жоспары



  1. Кіріспе

  2. Әдебиеттерге шолу

  3. Негізгі бөлім (өзіндік зерттеу)

3.1 Аурудың тарихы

3.2 Бақылау және емдеу кестесі (курация)

3.3 Эпикриз


  1. Қорытынды және ұсыныс

  2. Қолданылған әдебиеттер

  3. Қосымшалар

Курстық жұмыстың алғашқы бетінің (титулдық) қосымшада көрсетілген Қосымша А). Курстық жұмыстың мазмұнымен оны жазу жөніндегі түсініктеме төменде берілген. Қолжазбаның көлемі компьютермен тергенде 15-20 бетінен кем болуға тиіс емес. Шрифт-14, интервал-1.


I. Кіріспе. Кіріспеде (I-2 бет) студент курстық жұмыстың тақырыбына байланысты мал шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызын көрсетеді. Мал шаруашылығының жұмыс жүргізген саласының негізгі мақсатын келтіреді. Бұл саланың алдына қойылған мақсаттарын ойдағыдай орындауы үшін ерекше көңіл аударарлық мәселелерге, яғни дер кезінде ауруды ажырата білу, емдеу және аурудан алдын ала сақтандыру шараларына тоқталады.
2. Әдебиеттерге шолуда /3-4бет/ зерттелген ауру жөнінде қысқаша мағлұматтар беріледі.

Ауруды ажырату, емдеу, алдын ала сақтандыру тәсілдеріне, олардың жетістіктері мен кемшіліктеріне шолуда сын көзбен қарап, баға беру керек.


3 Өзіндік зерттеулер

3.I Шаруашылықтың сипаттамасын, негізгі өндірістік бағытын, мал шаруашылығының негізгі саласның жағдайын, малдың санын, мал бағу, өсіру технологиясымен өнімділігін, зоотехникалық–малдәрігерлік жұмыстың барысында байқалған кемшіліктерді көрсету керек.

3.2 Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері. Студент зерттелер жүргізіп, нәтижелерін жинақтап, ауру тарихын жазып, талдайды, диагноз қояды.

Емдеу және аурудан алдын ала сақтандыру шаралары толық көрсетіліп жазылады. Өзі дәрілер қолданып, тиімділігін анықтайды. Пайдаланған дәрі-дәрмекке толық сипаттама беріліп, оларды қолдану әдістері мен алынған нәтиже көрсетіледі.

Студенттің өзінің жүргізген зерттеулері – курстық жұмыстың негізгі бөлігі. Оның көлемі қолжазбаның 8-10 бетін қамтуға тиіс.

Алынған деректерді талдай отырып, студент өзі қойған диагноздың, жүргізген ем және алдын ала сақтандыру шараларының дұрыстығын дәлелдеуге тиіс. Өзінің зерттеп, бақылап анықтаған деректерінің нәтижесін ғылыми әдебиеттердегі мағлұматтармен салыстыру қажет.


4. Қорытынды және тәжірибелік ұсыныс. Қорытындыны өзінің негізгі зерттеу жұмысынан алынған мәліметтерден шығару керек. Нақты ұсыныс жасалуы тиіс.
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі. Пайдаланған әдебиеттер тізіміне тек курстық жұмыста қолданылған әдебиеттер енгізіледі. Тізімді қолданылу реті бойынша жасау керек.

Тізімде ең алдымен автордың фамилиясы мен аты, әкесінің аты, содан соң мақаланың жарияланған журнал немесе ғылыми еңбек жинағының аты, жылы, журналдың нөмірі, беті көрсетіледі. Егер кітаптағы мақала пайдаланса онда автордың /авторлардың/ аты-жөні, кітаптың аты, шығарылған жерімен баспахананың аты, шыққан жылы көрсетіледі.




  1. Қосымшалар. Бұл бөлімде студент тақырыпқа байланысты қосымша материалдар тіркейді. Ол фотосуреттер, дәрілердің нұсқаулықтары, ветеринариялық құжаттардың көшірмелері және тағы басқа курстық жұмыс материалдарына қосымша және оның мазмұнын ашатын материалдар болуы тиіс.



7 Әдебиеттер

1. Мурәлінов К.Л. Оперативті хирургия. (оқулық құрал) —Алматы Каз.ҰАУ . 2006 ж 416 б

2. Б,К. Ілиясов. Ветеринариялық хирургия (оқулық). Алматы. 2008. 400 бет.

3. Магда И.И. Иткин Б.З.Воронин И.И.Оперативная хирургия с основами тапогрфический анатомии. М.Колос, 2003 г. 360 с.

4. НечаевА.Ю. Ветеринарная анестезиология в учебном процессе //Ветеринария,2002 -№10 –С. 53-54.

5. Кашин А.С. Хирургические операции у животных //Ветеринария 2000 -№1 –С.44-46

6. Кашин А.С., Медведева Л.В. Закрытие после операционных ран брюшной стенки у животных //Ветеринария, 2001 -№11 –С. 38-40

7. ШиякинаТ.Н. Грыжесечение интравагинальных грыж у поросят //Ветринария,2000 -№ 5 –С.41-42.

8. Кашин А.С. Пупочная грыжа //Ветеринария, 2000 -№ 11 -С.44-45.

9. Кашин А.С.Кастация животных //Ветеринария, 2000 -№ 5 С.44 -47.

10. Кашин А.С. Клещи копытно-кастрационные //Ветеринария, 2001 -№ 6 –С. 37-38

11.Стекольников А.З.,ЛебедевА.В.,Нарусбаева М.А. Кастрация жеребца-крипторхида //Ветеринария, 2000 -№1 –С.46-47.

12. Кашин А.С., Медведева Л.В. Вправление вывиха коленной чашки у лошади //Ветеринария, 2003 -№ 3 –С. 8-9.

13. Справочник ветеринарного врача. – СПб.: «Лань», 2004.-896с.

14. Материалы первого евроазийского ветеринарного конгреса. Алматы. 2007.

15. Хирургические операции у собак и кошек. - М.: ООО «Аквариум-Принт», 2005. - 232с.

16. С.В. Тимофееф. Общая хирургия животных (учебник). Москва. «Зоомедлит». 2007. 666 стр

17. Лебедев А.В., Липовский В.М. Общая ветеринарная хирургия. М. Колос. 2000 г.


18. Шакалов К.И. Калашник И.А. Мастыко Г.С. Поваженко И.В. Башкиров Б.А. Семенов В.С. / Частная ветеринарная хирургия // Ленинград «Колос» -1990. – 465 с.

  1. Б.К. Ілиясов. Алғашқы ветеринариялық жәрдем. (Оқу құралы). Шмкент. 2011 жыл.

Қосымша:

  1. К.Н. Қожанов Малдәрішерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары. Алматы. 2013. Оқу құралы.

  2. Мағаш Аятқанұлы. Мал акушерлігі және көбею биотехнологиясы. (оқу құралы). Павлодар. 2006. 253 бет.

22. К.Н. Қожанов. «Ветеринариялық фармакология» (Оқу құралы). Алматы. 2008 жыл.

23. Ә.Н. Ермаханбетов. Клиникалық және қолданбалы диагностика (оқулық). Алматы. «Нұр – Принт». 2009. 424 бет.

24 . Журнал «Ветеринария» Россия. Мерзімді басылым 2004-2014. (Университет кітапханасының оқу залы)

25. Журнал «Ветеринария» Қазақстан. Мерзімді басылым 2004-2014. (Университет кітапханасының оқу залы)

26. Журнал «Ветеринар» Россия. Мерзімді басылым 2004-2014.

(Университет кітапханасының оқу залы)

27. Журнал «Ветеринария газеті» Қазақстан, Россия. 2004-2014.

Мерзімді басылымдар 2004- 2014 .(Университет кітапханасының оқу залы)


8 Курстық жұмыстың ұсынылатын тақырыптары.

  1. Ашық механикалық жарақаттар, инновациялық емдеу әдістері

  2. Жабық механикалық жарақаттар, инновациялық емдеу әдістері

  3. Күю, инновациялық емдеу әдістері

  4. Үсіну, инновациялық емдеу әдістері

  5. Бас аймағының жарақаттары

  6. Мидың шайқалуы

  7. Бас аймағындағы актиномикоз

  8. Тіс аурулары

  9. Танау аймағының жарақаттары

  10. Мүйіздің сынуы

  11. Бас аймағының лимфа түйіндерінің қабынулары

  12. Мойын омыртқаларының шығуы, сынуы

  13. Өңештің бөгде затпен бітелуі

  14. Күре тамыр флебиті, тромбофлебиті

  15. Шоқтықтың ашық механикалық жарақаттары

  16. Шоқтықтың соғылуы

  17. Қабырғалардың сынуы

  18. Кесар тілігін жасау

  19. Құрсақ аймағының жарықтары

  20. Жауырын – иық буын артриті, артрозы

  21. Алдынғы аяқтың бұлшық еттерінің созылуы, үзілуі

  22. Алдынғы аяқтың сіңірлерінің созылуы, үзілуі

  23. Жамбас сүйектің сынуы

  24. Ортан жіліктің сынуы

  25. Тұяқ жарақаттары, инновациялық емдеу әдістері

  26. Тұяқ жұлығы абцессі, флегмонасы

  27. Бақай аралық бездің қабынуы (айырма)

  28. Тұяқтың шектен тыс өсіп кетуі мен қажалуы

  29. Еркек малдарды пішу және оның асқынулары, инновациялық емдеу әдістері

  30. Зілді ісіктер, инновациялық емдеу әдістері


9 Қосымшалар
Қосымша А.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет

«Ветеринариялық медицина» кафедрасы

Хирургия пәнінен



КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:


Орындаған: аты – жөні

Мамандығы, тобы
Тексерген:

Бағасы __________ Қолы ___________ Күні _____________


Семей


2014

Қосымша Б

Ауру тарихы №

«_________» ___________________2004 жыл


Тіркеу

Мал иесі және оның мекен жайы

_____________________________________________________________

Мал туралы мағлұмат: _________________________________

Жасы ____________ Түрі – түсі ________________________________

№ ______________________Лақап аты ______________________

тұқымы _________________ Салмағы _____________________

Буаздығы ________________ Өнімділігі _________________________

Емді бастау мерзімі ____________________________________

Емді аяқтау мерзімі ________________________________

Болжау _______________ Емделген кун саны ____________________

Толықтырылған диагнозы ______________________________________

а) негізгі ауру диагнозы _______________________________________

б) қосалқы _______________________________________

в) асқыну _______________________________________

Малды емдеуге алдым ________________________________________



Анамнез.

(Малды ұстап бағу, азықтандыру, пайдалану, емдеу жүрді ме, жоқпа ?)



III. Жалпы зерттеу:

Температура __________ Тамыр соғысы ________________________

Қан қысымы __________ Дем алысы ___________________________

Габитус: Дене бітімі _________________________________________

Қоңдылығы ______________ Денесінің кеңістігі жағдайы ______________ Конституциясы ____________________

Теріжәне тері асты клетчаткасы

______________________________________________________________

Лимфа түйіндері _____________________________________________

Көз конъюктивасы мен шырышты қабықтар ______________________

1V. Жүйелерді зерттеу:

Қан айналу жүйесі:

Тыныс алу жүйесі:

Ас қорыту жүйесі:

Зәр шығару жүйесі

Жүйке жүйесі:

Жыныс мүшесі:

Сүт безі:

Арнайы зерттеулер (қанды зерттеу, рентген, УД т.б)

IV. Патологиялық ошақты жазу

V. Диагноз.


Ауруды ағысы мен жасалған емі туралы күнделік.


Айы, күні

Уақыт мерзімі

Т

П

Д


R

Аурудың барысы туралы мағлұмат

Емі. азықтандыру























Мал толық жазылдыма, жоқ па ? Емделген малды бағу, азықтандыру, пайдалану туралы мағлұмат.


«_______» _________________________200 жыл

Эпикриз.

а) Этиологиясы:

б) Патогенезі:

в) Клиникалық белгілері:

г) Диагнозы:

д) Емдеуі және оның нәтижесін сараптау:



ж) Алдын алу :

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет