Шығыс Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешенінің 2010 жылғы 9 айдағы даму қорытындысы туралы ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі41 Kb.
#3326


Шығыс Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешенінің

2010 жылғы 9 айдағы даму қорытындысы

туралы ақпарат
Облыстың агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес қаржыландырудың барлық көздерінен 2010 жылы агроөнеркәсіп салаларының дамуына 15124,4 млн. теңге қарастырылған, оның 12294 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 50 млн. теңгесі облыстық бюджеттен, 2780 млн. теңгесі басқа қаржыландыру көздерінен.

Ағымдағы жылдың 9 айында қаржыландырудың барлық көздері бойынша 11238,4 млн. теңге жұмсалды, оның ішінде республикалық бюджеттен 8369,4 млн. теңге, 50 млн. теңге облыстық бюджеттен және басқа қаржыландыру көздерінен 2819 млн. теңге.

Бағдарламада көзделген қаражат сомасы жыл аяғына дейін толық игерілетін болады.

2010 жылғы 9 айда 96,2 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірілді.



Мал шаруашылығы.

Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша ет өндіру 6,1 пайызға артып, 130,4 мың тоннаны құрады, сүт өндіру 2,3 пайызға артып, 571,9 мың тонна болды, жүн өндіру 4,6 пайызға артты.

Шаруашылықтардың барлық санаттарында жылқы және шошқа малының өсуі байқалуда. Ірі қара малының саны өткен жылғы деңгейде қалып отыр.

Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін және сапасын арттыру мақсатында облыс бойынша 212 мал бордақылау алаңдары, 52 тауарлы сүт фермалары құрылып жұмыс істеуде, оның ішінде 20 мал бордақылау алаңы ағымдағы жылы іске қосылды.

2010 жылғы 9 айда мал шаруашылығы саласының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға республикалық бюджеттен облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1442,2 млн. теңгенің субсидиясы бөлініп, игерілді.

Мал тұқымын асылдандыру және өнім сапасын жақсарту мақсатында облыста 125 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылған, оның 13 ағымдағы жылы ашылды.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін 2010 жылы республикалық бюджеттен 261,5 млн. теңгенің нысаналы трансферттер бөлінді. Одан 9 айдағы игерілгені 98,2 млн. теңге, немесе 9 айдың жоспары 100 пайызға игерілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы құс шаруашылығының көрсеткіштерінің кемуі орын алдып отыр.

Жұмыртқа өндіру өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 10,3 пайызға кеміп кетті. Оның негізгі себебі - Глубокое ауданындағы Черемшанка плюс құс фабрикасында құстың инфекциялық ауруының орын алуы және фабриканың айналым қаражаттары азаюы себебінен құс азығымен толық қамтамасыз етілмеу салдарынан технологиялық процестердің бұзылуы болып табылады.

Зырян ауданы бойынша сүт өндіру өткен жылмен салыстырғанда 3,5% азайған.

Жалпы облыс бойынша мал шаруашылығының 9 айда өндірілген өнім көлемі 69 млрд. теңгені, өнімнің нақты өсу индексі 103,6% құрады.

Облыс бойынша ет, сүт, жұмыртқадан облыс тұрғындарының тұтыну қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі.



Өсімдік шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығын дамытудағы іс-шаралар ауыл шаруашылығы дақылдары егістігінің көлемін ұлғайтуға, соның ішінде ылғал-ресурс сақтау технологиясы бойынша егістік көлемін ұлғайтуға, ғылыми-негіздегі агротехнологияны сақтауға, тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталған.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 1096 мың гектарды құрады, бұл бағдарламада көзделгеннен 4,4 пайызға артық.

Оның ішінде ылғал ресурс сақтау технологиясы 225 мың гектар жерде пайдаланылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17,6 пайызға артық.

Облыста егін шаруашылығының нәтижесі көбінесе табиғат жағдайларына тәуелді болып келеді. Өткен жылы облыс үшін жалпы егін шаруашылығы үшін «рекордты жыл» болса, биылғы жылы көрсеткіштер біраз төмен болып отыр.

Ағымдағы жылдың 19 қарашасындағы жағдай бойынша 473 мың гектар жердің егіні орылып, 589,4 мың тонна астық жиналып алынды. Гектар түсімділігі 12,5 цент/га құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,4 цен/га аз.

Алдағы жылға тұқым құю жұмысы аяқталып қалды. Келер жылдың егініне 109 мың тонна тұқым құйылып алынды, немесе 99,2 %.

Жедел мәліметтер бойынша облыс көлемінде 351 мың тонна картоп және 190 мың тонна көкөніс пен 45 мың тонна бақша өнімдері жиналып алынды. Көкөніс өткен жылмен салыстырғанда 105 пайызға, бақша өнімдері 1 пайызға артық.

Мал азығы қорын жасау бойынша шаралар ойдағыдай атқарылуда. Пішен дайындау бойынша көзделген тапсырма 118,3 пайызға, пішендеме 102,5 пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге егін шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан субсидия түрінде қомақты қолдау көрсетіліп келеді.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін тауарлық материалдық құндылықтардың бағасын арзандатуға, өнімділікті және өнім сапасын арттыруға 2010 жылы республикалық бюджеттен 1407,8 млн. теңгенің субсидиясы бөлінді, 9 айда одан игерілгені 921 млн. теңге.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттыруға және өнім сапасын арттыруға (минералдық тыңайтқыштарды субсидиялау) 44 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Облыста тұқым шаруашылықтарын дамыту жұмыстары бағыт алып келеді. Бүгінгі күні облыста 39 тұқым шаруашылығы, оның 8-і элиталық тұқым өндіретін шаруашылықтар. Осы жылдың аяғына дейін тұқым шаруашылықтарының негізінде тағы да 4 элиталық тұқым өндіретін шаруашылықтар құрылады деп күтілуде.

Егін шаруашылығында диверсификациялау бағытын ескере ала отырып, тұқым шаруашылығын дамытуға 2010 жылы 118,6 млн. теңге бөлінді, оның 54,6 млн. теңгесі игерілді.

Суармалы жерлерді және суды тиімді пайдалану мақсатында облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге республикалық бюджеттен 22,3 млн. теңге бөлінді, игерілгені 20,2 млн. теңге..

Машина трактор паркін жаңалау және агросервистік қызмет көрсететін кәсіпорындар құру.

АӨК техникалық жабдықтауды жақсарту мақсатында 2010 жылдың басынан бері 1673 млн. теңгенің 332 ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алынды.



Агросервистік қызмет аясын кеңейту мақсатында облыста 20 машина технологиялық станциялары, 8 техникалық қамту пункті, ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізетін 4 қызмет орталықтары құрылып, қызмет атқарып жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет