Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм информатика, математика пәндерінің мұғалімі



Дата11.07.2016
өлшемі78.01 Kb.
#191787
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы

«№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

информатика, математика пәндерінің мұғалімі

Турмухаметова Асел Абуталиповна

«Информатика, математика еліне саяхат» сайысы.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән аптылықтарының орны ерекше. Бұл сайысты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар информатика мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өтуде. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту. Елбасымыз «ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым мен техника өрлеп дамып келе жатыр. Білімді және белсенді болыңыздар! Олай болса бүгінгі «Информатика, математика әлеміне саяхат» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
1 жүргізуші:

Қызық өмір,

Не деген қызық әр күн

Қызығармын.

Отына қызынамын

Көрік басып, темірді төске соғып,

Тер төгіп келе жатыр Дарын балғын
2 жүргізуші:

Қызық өмір,

Әрине, қызық әр күн,

Қымыз ішкен кісідей қызынармын.

Қызық өмір туралы, қызулы өмір,

Отты ойындар өтілсе, тынығармын.
1 жүргізуші:

Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,

Достарым отырсыңба елеңдесіп.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

2 жүргізуші:

Ұстаздар аман ба екен құрбы-құрдас,

Сыныптас бірге оқып болған сырлас.

Жақсы ма денсаулығың хал жағдайың,

От басында аман ба мал менен бас.

І-жүргізуші:

Қайырлы күн қымбатты көрермен!

Сөз бастайын термелеп өлеңмен.

Тәрбиелі , білімді боп әрқашан

Өс өркенде қанат жайып кемелден.

ІІ -жүргізуші:

Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер,

Бұл өмірден өтті дана шеберлер.

Ғалым демей кім деп оны айтарсың

Даналықтан мұра қалған өнерден.


І-жүргізуші:
Келдік міне, біз бүгін
Түсейік деп сайысқа,
Тайсалмайда жалықпай
Келіңіздер жарысқа
Жиналған ылғи дарындар
Жүректе от, көздерінде жалын бар
Келетін топты халайық,
Қол соғып қарсы алайық!
Бүгінгі сайымызға қатысып отырған 2 топ:
1-сарғыш түсті – Математика – «Пифагор» тобы
2-жасыл түсті – Информатика – «Паскаль» тобы

ІІ жүргізуші:

Әділ халқым берерсің әділ баға

Өнері мен өренін салыстырып

Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.
І-жүргізуші:
Біздің бүгінгі сайысымызда
1 . «Математика еліне»
2. «Информатика еліне» саяхат жасаймыз. Әр елде берілген тапсырмаларды
орындаймыз.
ІІ-жүргізуші:
Елдерге саяхат жасамас бұрын, топтармен таныс болайық.
1-топ. «Пифагор» тобы
2-топ. «Паскаль» тобы
ТАНЫСТЫРУ.
1-топ. «Пифагор» тобы:андасу жасайын жалпыңызбен

Қазақ әдет ғұрып салтымызбен .

Есенсіз бе , жиналған қалың қауым,

Танысты болыңыздар жалпы бізбен.

Мен кетейін өзімді таныстырып,

Туысқан, туғандармен табыстырып

Математика ғылымы мен боламын

Тілеймін бір ғылымға табыстылық.

Ұраны: «Іздеген жетер мұратқа»
2-топ. «Паскаль» тобы

Құтқарып ауыр бейнеттен

Техниканы үйреткен

Роботтай –адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен

Компьютер емей немене

Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кигізген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Компьютер емей немене

Бәріңіз маған қараңыз!

Ойынымызды бастайық

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық.

Информатика пәнінен

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татырлық
Ұраны: «Оқу –ой азығы, жаттығу –жан азығы»

І жүргізуші:

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, кластас, танысқа емес.

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

ІІ жүргізуші:
Математика ғылымы –ермек емес балалық
Математика ғылымы –көрегендік даналық
Космос кезген ракеталар дәл бүгін
Ешкімгеде таңсық емес жаңалық



І-жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен, қаталдансың!

Ақыл-ойды тәртіпке” келтіретін
Нағыз пән-математика атанғансың!


(слайдтар)
І. «Кім тапқыр?»

«Пифагор» тобына.

ропицпроя – ПРОПОРЦИЯ, мадиетр – ДИАМЕТР, даквтра – квадрат,


«Паскаль»тобына.

Ридоеп – ПЕРИОД, циалонра - РАЦИОНАЛ, утедең - теңдеу

ІІ. Математика мақал –мәтелде

Жүргізуші: Келесі біздің кезеңіміз «Математика мақал-мәтелде» деп аталады. Мұнда мен мақалдың басын айтамын, сіздер жалғасын табуларыңыз керек.

1-топқа.

1. Бір тал кессең , .... (он тал ек)

2. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді .... (төртеу түгел болса, төбедегі жетеді)

3. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

4. Білгенің бір тоғыз... (білмегенің тоқсан тоғыз)

2-топқа.

1. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

2. Ұлға отыз үйден .... (қызға қырық үйден тыю)

3. Білекті бірді жығады, ...(білімді мыңды жығады)

4. Жақсы жігіт он бесінде де жас емес, ....(жүзге келсе де пәс емес)

ІІІ. Жұмбақтағы математика

Жүргізуші: Келесі кезеңімізде қатысушы топтарға математикалық жұмбақтар жасырылады. Әр топ өз жұмбақтарының шешуін 1 минут ойласып алып жауабын береді.

1-топ. 1. Алды –артымыз шексізде

Жете алмайсыз біздерге

Сәуле менен кесінді шыққан тегін білсін бе? (түзу)

2. Бір кемпір: Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер

Өзің іш те маған бер деген екен. Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»-деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5 ұры)

2-топқа. 1. Нәрселерді санағанда

Керек бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай (натурал)

  1. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін білсең санап қой. (17)

ІV. Математикалық эстафета

Есеп беріледі. Сол есепті топ мүшелері бірінен соң бірі шешу керек.
Жүргізуші: сайыскерлерімізге үзіліс берейік, ал қазір музыкалық сәлем.
ҒылыҒылымдардың патшасы атанғансыңоалғансың.
ІІ жүргізуші:

Ұстаз да, шәкірт те басын иетін,

Компьютер, бар сенің қасиетің.

Бір емес бірнеше іс атқарасың,

Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.

Ақапарат, ақпараттық әрекетті.

Жүзеге асырасың, бас ұрасың

Интернет желісін жүктейсің де,

Әлемдік жүйеге сен енесің

Өмірдің тулап жатқан толқынында.

Өзіңді өзгелермен бір көресің

Ақапарат, ақпараттық әрекетті.

Жү.зеге асырасың, бас ұрасың
Компьютер сенің көмекшің, қаламың әрі қағазың
Керек емес демессің аздаған болса хабарың
Үйрену керек бәрін де ақпараттық заманың дей келе Информатика елінің тапсырмаларымен таныс болыңыздар!

(Слайдтар)

І. Сен білесің бе? Сіздерге викториналық сұрақтар беріледі.

ІІ.Шешендік өнер

Мұнда сөз тіркесі ілінеді. Бір топ мақтайды, келесі топ даттайды. Тақтаға «КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫН» сөзі жазылады. Компьютерде бір оқушы ойын ойнап отырады.
Білімдіден шығар алғыр, шешен

Шешендікпен болған ғой барлық көсем

Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы

Қалмасын бұл жарыста сенің есең.

Компьютердің зияны мен пайдасы.

1 топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.

2 топ. Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа , жүйелі ойламауға итермелейді.

1 топ. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.

2 топ. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп тұтады.

1 топ. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді.

2 топ. Көз көру қабілеті нашарлайды.

1 топ. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.

2 топ. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді.

1топ. Білімді құштарлыған оятады.

2топ. Робот тәрізді жұмыстарға баулиды

1топ. Жасына сай әрекет жасауға бейімдейді.

2топ. Электр энергиясын үнемдеуге ұмтылдырады.
Шындап тұрған шынардай арманы бар,

Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар

«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,

Ойлантып отырғанды таң қалдырар, - деп келесі кезеңге көшейік.

«Өнерпаз болсаң» кезеңінде әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
Келесі «Кім жылдам, әрі тапқыр»

Тақтада «ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН» сөзі беріледі. 1 минутта қай топ көп мағыналы сөз құрайтынын байқау.
І жүргізуші:

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.

Ақыл ойлар әлемді арбап алды.

Математика, информатика ғылымдар патшасы атты

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ ұқсап туса

Пифагор, Паскаль жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса, - дей келе әділ қазылардан қорытындылауды сұраймыз.
ІІ жүргізуші:

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесерміз біздер әлі.

Әділ қазы, көрермен сау тұрыңдар

Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
1 жүргізуші:

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет