«Информатика, математика еліне саяхат» сайысы. Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән аптылықтарының орны ерекше. Бұл сайысты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар информатика мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өтуде. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту. Елбасымыз «ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым мен техника өрлеп дамып келе жатыр. Білімді және белсенді болыңыздар! Олай болса бүгінгі «Информатика, математика әлеміне саяхат» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! 1 жүргізуші:
4. Жақсы жігіт он бесінде де жас емес, ....(жүзге келсе де пәс емес)
ІІІ. Жұмбақтағы математика
Жүргізуші: Келесі кезеңімізде қатысушы топтарға математикалық жұмбақтар жасырылады. Әр топ өз жұмбақтарының шешуін 1 минут ойласып алып жауабын береді.
1-топ. 1. Алды –артымыз шексізде
Жете алмайсыз біздерге
Сәуле менен кесінді шыққан тегін білсін бе? (түзу)
2. Бір кемпір: Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен. Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»-деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5 ұры)
2-топқа. 1. Нәрселерді санағанда
Керек бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай (натурал)
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін білсең санап қой. (17)
ІV. Математикалық эстафета
Есеп беріледі. Сол есепті топ мүшелері бірінен соң бірі шешу керек. Жүргізуші: сайыскерлерімізге үзіліс берейік, ал қазір музыкалық сәлем.
Үйрену керек бәрін де ақпараттық заманың дей келе Информатика елінің тапсырмаларымен таныс болыңыздар!
(Слайдтар)
І. Сен білесің бе? Сіздерге викториналық сұрақтар беріледі.
ІІ.Шешендік өнер
Мұнда сөз тіркесі ілінеді. Бір топ мақтайды, келесі топ даттайды. Тақтаға «КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫН» сөзі жазылады. Компьютерде бір оқушы ойын ойнап отырады. Білімдіден шығар алғыр, шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.
Компьютердің зияны мен пайдасы.
1 топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.