ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Хурмет Ж
ШҚМУ Жоғары колледж экономика пәндерiнiң оқытушысы
Облыс экономикасының басым бөлігінің негізгі саласы ауыл шаруашылығы болып табылатын агроөнеркәсіп кешені құрайды. Оның үлесіне облыс бойынша өндірілетін ішкі жалпы өнімнің 12% жатады.
Мамандандырылу бағыты және өндірілетін өнім көлемінің құны жағынан алып қарағанда облыстың ауыл шаруашылығы мал шаруашылығы бағытында дамып отыр, сонымен қатар жақсы дамыған өсімдік шаруашылығы да орын алған. Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнімінің 53,3% мал шаруашылығы өнімдері құрайды.
Мал шаруашылығының негізгі ерекшеліктерінің бірі - оның көп салалығы. Облыстың табиғи-климат жағдайлары мен шаруашылықтың даму жағдайларына байланысты онда сүтті және етті ірі қара мал өсіру, биязы және қылшық жүнді қой шаруашылығы, шошқа , жылқы құс, бұғы, мүйізді бұғы, ара, түйе және балық өсіру шаруашылықтары жақсы дамуда. Бұғы, мүйізді бұғы өсіруден және бұғы мүйізі өнімдерін өндіруден облыс Республика бойынша монополист болып есептеледі.
Мал шаруашылығы сияқты өсімдік шаруашылығы да облыстың ауыл шаруашылығы саласының негізгі шешуші саласы болып табылады, оның үлесіне жалпы ауыл шаруашылық өнімінің 46,7% жатады.
Өсімдік шаруашылығы саласы күздік қара бидай, бидай, жаздық бидай, арпа, сұлы, бұршақ және қарақұмық тәріздес дәнді және бұршақты дәнді дақылдарды өсіру кең орын алған тәлімі жер жағдайында дамып отыр, ал астық өнімдерінің негізгі бөлігін оның 70% құрайтын жаздық бидай құрайды.
Аталған дақылдардан басқа облыста негізгі бөлігін күнбағыс майлы дақылы құрайтын майлы дақылдар өсіру кең етек жайған. Облыста егіс алқабы және өнім көлемі жағынан күнбағыс майлы дақылын өсіру Республика көлемінде алдыңғы орындардың бірін алады. Республика бойынша өндірілетін өнім көлемінің 75% біздің облыста өндіріледі.
Облыс тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуде мақсатында картоп, көкөніс, бақша, мал азығы үшін сүрлемдік жүгері, дәнді және бұршақты көп жылдық шөптер қосалқы дақылдар ретінде өсіріледі. Жалпы алғанда облыстың ауыл шаруашылығы жүргізу 6 топырақ-климат аймағында іске асырылуда, сонымен бірге айта кетерлік жағдай бір әкімшілік ауданның аумағы кейде 2 немесе 4 аймақта орналасқан, бұл жағдай оның мамандандырылу бағытын айқындайды.
Облыстың агроөнеркәсіп кешенінінің құрамына 1189, оның ішінде ірісі -124 кәсіпорынды біріктіретін жақсы дамыған тамақ және өңдеуші өнеркәсіп өндірісі кіреді. Бұл саланың 2014-2016 жылдары өндірген жылдық орташа тауарлы өнімінің көлемі 25 млрд. теңгеден асады, немесе облыстың өңдеу саласы өнімінің 17,4% құрайды.
Соңғы жылдары облыстың агроөнеркәсіп кешенінің дамуы біршама тұрақтанып келеді. Ауыл шаруашылық өнімдері мен оның өңдеуден түскен өнімдерінің көлемін арттыруда алға басушылық байқалуда. Шет елден әкелінетін азық-түлік деңгейі төмендеді, құрал-жабдықтармен және ауыл шаруашылық техникаларымен жабдықтау деңгейі арта түсуде.
АӨК салаларынын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар ауыл шаруашылық өндірісін одан әрі дамытуға, оның тиімділігін арттыруға, облысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер етті.
Облыстың 2015-2016 жылдарға арналған аграрлық азық түлік бағдарламасындағы агроөнеркәсіп кешені жүйесінің тиімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті өнім шығару мәселелері бойынша қойылған мақсат негізінен орындалды.
Жаңа озық технологиялар мен техникалық прогресті игеру арқылы ауыл шаруашылық өндірісін диверсификациялауға бет бұрылды. АӨК-де еңбек өнімділігін арттыруға, оның салаларының пайдалылығын арттыруға бағытталған агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту шаралары өндірісті модернизациялауды, қайта жарақтандыруды, оның инфрақұрылымдарын дамытуды және салалық кластерлерді қалыптастыруды қажет етеді.
Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету - оның аграрлық өндірісті индустрияландыру мен негізгі өнім түрлері бойынша АӨК өнімдерінің тиімділігін арттыруға негізделген тұрақты дамыту болып табылады.
Ауыл шаруашылық кешенінің неғұрлым бәсекеге қабілетті салаларында кластерлік бастаманы қалыптастыру және оны жүзеге асыру - агротехнологияның деңгейін көтеруге және өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға, қосымша құн мен агроөнеркәсіп кешенінің табыстылығын көбейтуге себепкер болатын тұрақты дамытудың негізін қалайды. Облыстың агроөнеркәсіп кешені бойынша 13597 ауыл шаруашылық құрылымдары, тұрғындардың 328,2 мың жекеменшік қосалқы шаруашылықтары мен саяжай учаскелері тіркелген. Өнеркәсіп потенциалы 1189 өңдеу саласының кәсіпорындары мен азық-түлік өндіретін шағын цехтардан тұрады.
Облыста, әсіресе мал шаруашылығы саласында ұсақ тауарлы өндіріс дамыған. 2016 жылдың 1 шілдесіндегі есеп бойынша облыста аралас өндіріске мамандандырылған 436 ірі және орта шаруашылықтар есепке алынған, немесе бұл барлық тауарлы шаруашылықтардың 3,2% құрайды.. Оларға бекітілген жер көлемі облыстың барлық ауыл шаруашылық жерлерінің 8,2% құрайды. Бұл шаруашылықтар барлық айдалатын жерлердің 61,3% өңдейді, барлық ірі қара малының 64,2%, қойдың 58,8%, шошқаның 58,8%, жылқының 53.3% шоғырланған.
Сонымен қатар, 1 гектар егістік жерге шаққанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі соңғы екі жылда азайып отыр, егер 2014 жылы (ең жоғарғы деңгей) бұл көрсеткіш 45 мың теңгені құраса, 2015 жылы – 39,7 мың теңге көлемінде болды.
1 гектар жерге шаққанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көрсеткішінің азайюы егістік жерлердің құрамында парға қалдырылатын жерлердің көлемінің өсуіне және айналымға қосымша айдалмалы жерлерді енгізуге байланысты болып отыр.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымын талдауынан оның негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы қатар дамыған мал шаруашылығы екендігін байқауға болады. 2016 жылы мал шаруашылығының үлесі 53,3%, өсімдік шаруашылығының үлесі – 46,7% құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығының ерекшеліктері ретінде мал шаруашылығы өнімдерінің көп түрлерін өндіруде, сонымен қатар көкөніс, бақша, картоп өсіруде азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарының үлес салмағы жоғары екендігін атауға болады. Олардың үлесіне барлық өндірілген сүттің 86,3%, еттің – 78,7%, жүннің – 75,6%, картоптың – 91,2%, көкөніс-бақша өнімдерінің 84,8 % келеді. Сондықтан да, 2017 жылы жалпы өндірілген ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 61% - тұрғындардың жеке шаруашылықтарының үлесіне, 27.7% -шаруа қожалықтарының үлесіне, 11.3% - ауыл шаруашылық кәсіпорындарының үлесіне тиді.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылық салаларының пайдалылығының өсуі байқалуда. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің рентабелдігі 7-ден 30 %, мал шаруашылығы өнімдерінің рентабелдігі 10-нан 25 % аралығында болып отыр.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржы жағдайы біршама жақсара түсті. 2014 жылмен салыстырғанда зиянмен жұмыс істейтін кәсіпорындардың үлес салмағы азайды: шаруа қожалықтары бойынша 40 тан 14 %, ауыл шаруашылық құрылымдары бойынша 73 тен 13%.
АӨК тамақ жасау кәсіпорндары мен өңдеуші салаларының өндірістік қуаттары ұлғайюда, техникалық қайта жарақтандыру жүргізілуде және шығарылатын өнім көлемі артуда.
Аграрлық азық-түлік бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде (2014-2016 ж.ж) бұл салалардың өндірген тауарлық өнімі 2014 жылмен салыстырғанда 19,6% артты оның ішінде ет өнімдері 22,6%, балық аулау 2,4 есеге, сүт өнімдерін шығару 24%, ұн тарту кәсіпорындарында 2,2 есеге өсті.
Сонымен қатар тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі салаларының барлығы бірдей тұрақты жұмыс атқара алмады. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы ет өндіру, шұжық өнімдері және ұн шығару көлемі біршама азайған.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің көлемінің артуына қарамастан, өңдеуден өткен өнім көлемінің жалпы өндірілген өнімкөлеміндегі үлес салмағы әлі де болса төмен күйінде қалып отыр. 2016 жылы облыс кәсіпорындарында еттің 7%, сүттің 8,6% , дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың 21,1%, балықтың 67% , күнбағыстың 85,9% өңделді.
2016 жылы тұтынуға жұмсалған қаражат сомалары 80,7 мың тонна еттің өнеркәсіптік өңдеуден өткені 6,3 мың тонна, 550,2 мың тонна сүттің – 61,7 мың тоннасы, 387 мың тонна астықтың – 142 мың тоннасы және 7,4 мың тонна балықтың – 5,5 мың тоннасы өңделді.
Облыс тұрғындарының жергілікті ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өндірген өнімдерімен қамтамасыз етілуі: нан және нан өнімдері бойынша – 114,3%, күнбағыс майы – 252%, сүт – 135,6% ет – 124,7%, жұмыртқа – 109%, картоп – 222,4%, көкөніс – 146% құрайды 4 суретте көрсетілген.
Сурет 4 - Жергілікті ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өндірген өнімдері
Аграрлық азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру мерзімінде облыстың агроөнеркәсіп кешеніне инвестициялардың қомақты көлемі жұмсалды. 2016-2017 жылдары жұмсалған инвестициялардың жалпы сомасы 7,5 млрд. теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген инвестиция 42,7 % құрады. 2015 жылмен салыстырғанда АӨК жұмсалған қаржы ағымдары орташа алғанда 1,6 есеге артты.
Ауыл шаруашылық кешен өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін облыс экономикасының негізгі буыны болып отырғандықтан оны дамытуға барлық деңгейдегі атқарушы органдар тарапынан айрықша көңіл бөлінеді.
Оның дамуы үшін қаражат бөлу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде және қаражат сомасы да жылдан жылға артып келеді.
Аграрлық саланы қаржыландыруды және шаруашылықтар мен ауыл халқының кредиттік ресурстарға қол жетімділігін жақсарту үшін облыста "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның 2 филиалы мен 2 өкілдігі, 17 ауылдық кредиттік серіктестік және 5 шағын кредиттік ұйым құрылды.
Аграрлық саланы дамытуға тартылатын инвестиция көлемі жылдан жылға арттырылып отыр. Оған 2014-2016 жылдардағы көрсеткіштер дәлел болады.
Бұл серпін биылғы жылы да сақталып отыр. 2016 жылғы 8 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 31,8% артты. Талдау жасалып отырған мерзім ішінде физикалық көлем индексі 102% құрады.
Ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жағдайына жасалған талдау, оның жетекші саласы көпсалалы мал шаруашылығы болып отырғанын және оның жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлеміндегі үлесі 65%. Бұл салада өнім өндіру серпінді артып келеді. Оған соңғы 3 жылдағы мәліметтер және 2016 жылғы жұмыс қорытындысы дәлел болады.
Биылғы жылғы өткен 8 айда барлық санаттардағы шаруашылықтарды 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда тірі салмақта ет өндіру 1,6%, сүт 2% артты. Жалпы мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемі осы кезең ішінде 23% өсті. Физикалық көлем индексі 100,7%.
Одан басқа сү тауарлы фермалар және мал бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды шаруашылқтар құру, мал азығы қорын нығайту, саланы мемлекеттік қолдау бойынша нысаналы жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күні 52 сүт тауарлы ферма, 245 мал бордақылау алаңы, оның ішінде биылғы жылы 29 мал бордақылау алаңы, 179 асыл тұқымды мал шаруашылығы, 320 мал сою пункті және 182 қолдан ұрықтандыру пункті құрылды. Саланы қолдауға және дамытуға республикалық бюджеттен биылғы жылға 4 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді.
Жалпы облыс бойынша мал басының саны 3,1% артқанына қарамастан, Шемонаиха, Жарма, Аягөз және Бородулиха аудандарында мал басы қасқарған.
Одан басқа тұрғындардың үй шаруашылығында ірі қара шаруашылығын дамытудың қолда бар әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанын айта кету керек. Ірі қара малының 73 пайызы тұрғындардың қолында. Оларда негізінен тұқымы нашар және өнімділігі төмен мал өсіріледі. Алайда аталған салада мал тұқымын жақсарту және оның генетикалық әлеуетін көтеру өте қиын.
Соған қарамастан ірі қара малының жалпы табындағы үлес салмағы 6,5 пайызды құрап отыр. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі.
Облыста өсірілетін асыл тұқымдағы төлдер негізінен облыстан тысқары жерлерге әкетіліп жатыр және оның тұрғындардағы мал тұқымын асылдандыруға ықпалы жоқ.
Мал шаруашылығы саласының дамуына ірі қара малы мен ұсақ мал ауруларының сарып ауруы кері әсерін тигізіп отыр. Сарып ауруы облыстың 31 пунктінде тіркелді.
- сүтті мал шаруашылығында 2014-2016 жылдары 23 жаңа сүт тауарлы ферма құру көзделіп отыр. Аталған жұмыстар Бесқарағайқарағай Көкпекті Үржар аудандарында, Семей және Өскемен қалаларындағы сүт зоналарында құрылмақшы;
- осымен бір мезгілде барлық сүтті аймақтарда сиырлардың жалпы табындағы үлес салмағын 45 пайызға жеткізу көзделді;
- мал тұқымын асылдандыруды әрі қарай жалғастыру:
1. Ұлан Глубокое Бесқарағай аудандарында 5 асыл тұқымды шаруашылық құру.
2. Ірі қара шаруашылығында ірі ауқымды селекция бағдарламасын іске асыруды жалғастуры.
3. Шетел селекциясынан асыл тұқымды мал сатып алу,
4. Мал өсірудің озық тәсілдерін қолдану.
1) қабылданған шаралар асыл тұқымды ірі қара малының жалпы табындағы үлес салмағын 8,2%, қой мен ешкіні 9,7%, жылқы 4,9%, шошқа санын 2,1% жеткізуге мүмкіндік берді;
2) сауын сиырларды жылдық азықтандыру нормасын 40 центнерге, оның ішінде қыстама кезеңінде 24-26 центнерге жеткізу;
3) ет өндіру көлемін арттыру үшін «ІҚМ етенің экспорттық әлеуетін дамыту » жобасын іске асыруға баса назар аударылды.
Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде шетелдік селекциядан 2100 бас мал сатып алуға мүмкіндігі бар репродуктор шаруашылықтар анықталды.
Қазіргі уақытта Үржар ауданындағы «Алғабас» ШҚ Чехиядан 215 бас мал сатып алуға шарт жасасты. Бесқарағай ауданындағы «Арбиев» ШҚ «Қазагроқаржы» АҚ арқылы Герефорд тұқымды 1000 бас мал сатып алуды жоапарлап отыр.
Көкпекті ауданындағы «Елім-ай» ШҚ мал шаруашылығын дамыту үшін 2000 бас мал сатып алуға 1165 млн. теңге жұмсамақ.
Бесқарағай ауданындағы «Қалиқанұлы» ШҚ, Бородулиха ауданындағы «Алмақос» және «Сахнавское» ЖШС-лары Герефорд және Красная степная тұқымды 187 бас мал сатып алды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2016 жылы облыстың шаруашылықтары 3800 бас аналық мал сатып алу көзделді. Олар «ҚазАгро» АҚ арқылы 4300 бас МІҚ сатып алды.
Жоба бойынша биылғы жылы облыс 37969 бас аналық МІҚ тұқымы жаңаланады, оның ішінде 11391 табиғи шағылысып, 26669 бас мал қолдан ұрықтандырылады. 2016 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 17070 бас табиғи жолмен, 15981 бас қолдан ұрықтандырылып көбейтілді. Бұл барлық малдың 87 пайызын құрайды.
Одан басқа, облыста 757 бас етті тұқымды бұқалар бар, олардың ішінде 659-ы тұқым өзгертуге қатысады, оның ішінде фермерлік шаруашылықтарда 239 бас, тұрғындар шаруашылығында 420 бас бар.
«Қазмит» АҚ 148 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу үшін асыл тұқымды зауыттармен шартқа отырды.
Облыстың қой шаруашылығы да әрі қарай даму бағытында тұр. Оны дамыту үшін мынадай жағдайлар көзделген:
- қосымша жайылымдық жерлерді суландыру және егістікте мал азықтық дақылдар аумағын кеңейту арқылы мал азығының қорын нығайту. Суландыру мәселесі алдымен Абай, Аягөз, Тарбағатай, Жарма аудандарында және Семей қаласының Абыралы өңірінде өзекті, бұл жерлерде су көздерін қалыпқа келтіру есебінен жайылымдықтарды 450 мың гектарға дейін ұлғайтуға болады.
Жайылымдықтарды суландыру үшін «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 330 скважинаны салу және қайта қалпына келтуруге 773,6 мың теңгеге тапсырыс берілді.
- облыста құрылған 30 ауылдық тұтыну кооперативі және сервистік-дайындау орталықтары арқылы жүн сатып алу есебінен қой шаруашылығының табыстылығын артыру.
Болашақта құс шаруашылығы, оның ішінде етті бағыттағы құс шаруашылығы дамитын болады. Бүгінгі күні тек облыста ғана емес республика көлемінде ірі саналатын екі ірі құс фабрикасы жылына 26,3 мың тонна құс етін өндірумен айналысады, бұл барлық ет енімінің 12,6 пайызын құрайды.
Сонымен қатар, құс етін өндіруді ұлғайту мақсатында «Семей құс» құс фабрикасы жұмыртқа өндіруден ет өндіру бағытына ауысуда.
Құс шаруашылығын дамыту саясаты тек әлемдік тәжірибеге ғана емес, сонымен қатар Қазақстан республикасы тұрғындарының тұтыну рационында құс еті үлесінің ұлғаюына негізделіп отыр.
Алайда, бүгінгі күні республика тұрғындарының бұл өнімге қажеттілігі тек 45 пайызға ғана қамтамасыз етілген, ал қалған 55 пайызы тыс жерлерден әкелінеді.
Осыған байланысты, құс шаруашылығын дамыту ішкі нарықты отандық өніммен толық қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
«Черемшанка» құс фабрикасының тоқтауына және Семей құс фабрикасының ет бағытына ауысуына байланысты жұмыртқа өндіру көлемін қалпына келтіру және тұрғындардың қажеттілігін бұл өніммен толық қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Бородулиха ауданында жаңа құс фабрикасын салу және Жарма ауданының тәжірибесі негізінде барлық өңірлерде шағын құс фабрикаларын салу мәселесі қарастырылуда.
1) мал шаруашылығы саласын әрі қарай дамыту үшін өңірде ветеринариялық-санитариялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету бағытында жоспарлы және мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Ең алдымен мал дәріханалары, мал сою пункттері және мал қорымдары ашылып, заласыздандыратын арнайы машиналар сатып алынып жатыр. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар құрылуда;
2) облыста соңғы үш жылда омарта шаруашылығын сала ретінде жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Ірі омарта шаруашылықтарының саны жылдан жылға артып келеді, араның асыл тұқымдарын өсіретін шаруашылықтар құрылуда, ара өсіру өнеркәсіптік негізге көшіріліп, араларды ұстау және омарта шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технологиясы жетілдірілуде.
Өсімдік шаруашылығына жасалған талдау, аталған саланың өзіне тән ерекшелігі - ол облыс бойынша қатаң богарлық егіншілік жағдайында жүргізіледі және оның жұмыс нәтижесі белгілі бір жылда қалыптасқан ауа райына байланысты болады.
Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін мынадай шаралар көзделіп, қабылдануда:
жыртуға жарамды жерлерді егістік айналымына енгізу есебінен ауылшаруашылық дақылдарының егістік аумағын кеңейту;
тұқым шаруашылығын дамыту және оны субсидиялау;
ауылшаруашылық құрылымдарының машина-тракторлық паркін жаңалау және осының негізінде ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің ылғал ресурстарын сақтау технологиясын енгізу;
егістің құнарлылығын арттыру;
5) суармалы жерлер аумақтарын кеңейту және прогрессивті ирригациялық технологияны енгізу;
6) жыртуға жарамды жерлерді айналымға енгізу арқылы ауылшаруашылық дақылдары егістігін кеңейту.
Соңғы бес жылда гидротехникалық құрылғыларды жөндеуге, ТЭН және ЖСҚ әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттерден 1,5 миллиард теңгеден астам қаражат, оның ішінде жартысынан көбі соңғы үш жылда бөлінді.
Биылғы жылы гидроқұрылғыларды жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеуге 469 млн. теңге, Зайсан ауданындағы Кендірлік суару жүйесін жөндеуге 250 млн. теңге бөлінді.
Қабылданған шаралар 2015 жылы жүргізілген жөндеу есебінен суармалы аумақты 17,1 мың гектарға арттырып, 2016 жылы 75,6 мың гектарға жеткізуге мүмкіндік берді.
Осы кезеңде облыста жаңа ирригациялық технологиялар және тамышлатып суару, «Валей» маркалы жаңбырлатып суару машиналары қолданыла бастады.
Бүгінгі күні облыста тамшылатып суару тәсілі 339га аумақта қолданылады, 5 «Валей» жаңбырлатқыш машинасы сатып алынды және орнатылды. Олар облыстың егіс алқаптарында нәтижелі жұмыс істеуде.
Алайда өсімдік шаруашылығы өндірісін арттыру үшін қолда бар мүмкіндіктер толық пайдаланылмай отыр.
Енгізілетін минералдық және органикалық тыңайтқыштар топырақта жетіспейтін құнарлы заттардың орнын толтыра алмайды.
Бірқатар өңірлерде машина-трактор паркін жаңалау және ылғал ресурстарын сақтау технологиясы баяу жүргізіледі.
Суармалы жерлер аумағын арттыру қарқыны өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру көлемін арттыруға қатысты уақыт пен міндеттердің талаптарына сай емес.
Бүгінгі күні есепте тұрған 205,2 мың га суармалы жердің 75,6 мың га немесе жалпы аумақтың 37% ғана суарылды.
Биылғы жылы жаңбырлатып суару тәсілі 5,1 мың га алқапта немесе 6,7% қолданылды.
2016 жылы 75,6 мың га суарылатын алқаптың 2,6 мың га 36,9 млн. теңгеге субсидияланды. Оны екі шаруашылық алды.
Бүгінгі күні Бесқарағай ауданында «Жанбыр» агроөнеркәсіптік кешенін құру жобасы қарастырылуда. Суармалы жердің жобалық қуаты 4 мың гектар, алқаптың жалпы аумағы 6 мың га.
Жобаның құны 940 млн. теңге, қаржыландыру «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Келешекте суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша осындай жобаларды Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Бесқарағай және Көкпекті аудандарында, сондай-ақ Семей қаласының шаруашылықтарында жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Қосымша суармалы жерлер аумағын енгізу мыналарға бағытталады:
мал шаруашылығы үшін мал азығы базасын нығайтуға;
картоп және көкөніс өндіруді арттыру және соның негізінде аудандар мен қалалардың халқын көктем және қыс маусымында осы өнімдермен қамтамасыз ету мәселесін шешу. Осы мақсатпен өңірлік индустриялау картасы бойынша 2010 жылы сыйымдылығы 7 мың тонна 2 көкөніс қоймасы іске қосылды.
Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуына жасалған талдау, соңғы 3 жылда тауарлы өнім өндіру серпіні оң сипат алғанын көрсетті.
Бұған аталған салаға инвестиция тарту ықпал етті. Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту, оларды қайта құру және жетілдіру үшін 2015 жылы 1,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл 2014 жылғыдан 3 есе артық.
Қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қазіргі жағдайын және ауылшаруашылық шикізатын өндіру көлемін ескере отырып, әсіресе ет және сүт өнеркәсібінде қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану және етті қайта өңдеудің үлес салмағын 25%-ға, сүтті - 18%-ға дейін жеткізу, сондай-ақ жүн мен тері өңдеуді арттыру міндеттері қойылды.
Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін облыста 6 жобаны іске асыру басталды, оның екеуі Республикалық индустриялау картасына және төртеуі Өңірлік индустриялау картасына енгізілді, а именно:
1. «Усть-Каменогорская птицефабрика» «Евразия» АҚ жобасының 1 кезеңі « «УКПФ» АҚ-ны жылына 20 мың тонна ет өндіретіндей кеңейту», 2015 жылы 50 мың тонна өндіру.
2. «Семей тері-былғары комбинаты» АҚ-да «Семей қаласында мал терілерін терең өңдеу және бәсекеге қабілетті тауарлы тері, тондар және аяқ киім шығару бойынша өңірлік орталық құру» жобасы. Жоба 3 кезеңмен іске асырылады (бірінші кезең: «Былғары өндірісін жаңалау және жетілдіру»). Аталған жобаның нәтижесінде 125 млн. шаршы дециметр тері өнімі шығарылатын болады немесе өндіріс 1,7 есе артады.
3. «Семей тағам өнімдері комбинаты» ЖШС-да «Қуаты 800 кг/час қысқа кесілетін макарон өнімдерін шығаратын макарон цехын жетілдіру». Жоба іске асырылып қойды.
4. «ДРК» ЖШС-да «Диірмен кешенін салу және іске қосу» жобасы.
5. «Триумф Агро» АТК «Дәнді, майлы және бұршақ тұқымдас дақылдарды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, өткізу, өсімдік майын, ұн-жарма өнімдерін және қоспа жем өндіру» жобасы.
6. «Шығыс Сүт» ЖШС-да «Ультрапастерленген сүт шығару» жобасы.
Индустриялау картасына енгізілген жобалардан басқа, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін жаңалау жүргізілуде.
«Май» АҚ-да майды негізгі өндіру цехын және терең өңдеу цехын жаңалау жүргізілді. Қаржыландыру сомасы 478 млн.теңге болды.
«Эмиль» ЖШС-да сүт өндіруді жаңалау және кеңейту жұмыстары 100 млн.теңгеге жүргізілді.
Одан басқа, алдағы уақытта мына бағыттар бойынша жұмыстар жаслғастырылатын болады:
1. Кәсіпорынды техникалық қайта жабдықтау, жетілдіру және жаңа өндірістер ашу үшін салаға инвестиция тарту. 2015 жылға дейін бұл жұмыс 26 кәсіпорында жүргізіледі;
2. Сапа менеджменті жүйесінің стандарттарын енгізген АӨК субъектілерінің санын 30 бірлікке дейін арттыру, қазіргі саны- 24.
Саланы бұдан әрі дамыту бойынша белгіленген шаралар іске асырылған жағдайда тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауарлы өнім көлемі 2015 жылы 63,5 млрд. теңгеге жететін болады (немесе 2014 жылы 14,8% құрайды).
Агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту бойынша жағдай және қабылданып жатқан шаралар облыс халқын негізгі тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуге және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өнімді өндіру және тұтыну теңгеріміне сәйкес 2016 жылы халықтың етке сұранысы 178%, сүтке - 161%, жұмыртқаға – 94%, ұнға – 147%, картопқа –158% қанағаттандырылады. Өсімдік майын өндіру көлемі халықтың майға сұранысынан 7,4 есе артық.
Достарыңызбен бөлісу: |