Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі №156 қаулысы «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»



Дата25.02.2016
өлшемі22 Kb.
#25563



Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 156 қаулысы

«Шығыс Қазақстан облысының

кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға

арналған стратегиялық жоспарын бекіту

туралы» 2010 жылғы 30 желтоқсандағы

706 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-5) тармақшасына, «2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/310-ІV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 маусымдағы № 30/353-IV, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2546 шешіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 706 қаулысына (2011 жылғы 6 сәуірдегі № 57 қаулымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Бюджеттік бағдарламалар» 7 бөлімінде:

«Бюджеттік бағдарламалар» 7.1 кіші бөлімінде:

265 001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасында:

«Бюджеттік шығындар көлемі» жолының «2011 жыл» бағанындағы «65053» сандары «66504» сандарымен ауыстырылсын;

265 002 «Мемлекеттік органдардың негізгі шығындары» бюджеттік бағдарламасында:

«Бюджеттік шығындар көлемі» жолының «2011 жыл» бағанындағы «3268» сандары «5563» сандарымен ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығындар жиынтығы» 7.2 кіші бөлімінде:

«2011 жыл» бағанында:

«БАРЛЫҒЫ бюджеттік шығыстар:», «ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» жолдарындағы «3399705» сандары «3403451» сандарымен ауыстырылсын;

«265 001 Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» жолындағы «65053» сандары «66504» сандарымен ауыстырылсын;

«265 002 Мемлекеттік органдардың негізгі шығындары» жолындағы «3268» сандары «5563» сандарымен ауыстырылсын.

Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Келісілді:
Шығыс Қазастан облысы

қаржы басқармасының

бастығы С. Оразалиев
Шығыс Қазақстан облысы

экономика және

бюджеттік жоспарлау

басқармасының бастығы Е. Ясинская





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет