Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Айыртау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі



Дата16.06.2016
өлшемі41 Kb.
#139713
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы

«Айыртау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс жариялайды.

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Айыртау ауылы, Тохтаров көшесі, 4, тел. № 23-345.
Бас маман - (Е-G-3 санаты), лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар:

Жоғары техникалық білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі техникалық білімі барларға рұқсат етіледі.


Функционалдық міндеттері: Округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз ету; жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі; қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады; елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша белгіленген орындарда сауда жасау, көріктендіру ережелерін және жасыл екпелерін жою және бүлдіру ережелерін бұзғандармен жұмыс істеу; туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарына тиісті қалпында күтіп ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; округ жолдарының қыс уақытында ұсталуына қатысты жұмыстарды атқару; берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді; мекеменің өрт қауіпсіздік жағдайын зерттеуге қатысты құжаттарды толтырып, бақылайды; тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдадары және сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерімен жұмыс істеу; қажет жағдайда басқа да міндеттер атқару.
Бас маман – (Е-G-3 санаты), лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар:

Жоғары заңгерлік білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі заңгерлік білімі барларға рұқсат етіледі.


Функционалдық міндеттері:

Негізгі қызмет, жеке құрамы бойынша өкімдердің, шешімдердің жобасын жасау және заңға сәйкес болуын қадағалау; мемлекеттік құқықтық бөліммен хат алмасу; аудан әкімінің сайтына мақалаларды дайындап, жіберу; кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу; құқықтық білім беру мектебінің құжаттарын жүргізу; тұрғындар және шаруа қожалықтары жөнінде шаруашылық кітаптарын жүргізу; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді; жылдық қаржылық есептілігін келіседі; қажет кезде басқа міндеттер атқару,



Бас маман – (Е-G-3 санаты), лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар:

Жоғары экономикалық білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі экономикалық білімі барларға рұқсат етіледі


Функционалдық міндеттері:

Жергілікті салықты есептеу және жинау барысында салық басқармасына ықпал жасайды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі, олар жөнінде есеп тапсыру, олардың жұмысы туралы мәліметтер, хабарлар беру; аудандық статистика бөлімінен түскен құжаттарды орындау; берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды; жылдық қаржылық есептілігін келіседі; басқаруына берілген коммуналдық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) бағаларын белгілейді; берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді; кіріс көздерін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу; жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма –қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз ету; ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын жасайды; қажет кезде басқа міндеттер атқару



Жетекші маман (Е-G-4 санаты), лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 48047 теңгеден 64704 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар:

Білімі-жоғары немесе ортадан кейінгі не орта техникалық немесе кәсіптік білім.



Функционалдық міндеттері:

Әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жұмыстарын жүргізу; округке тіркелген, тіркеуден шыққан азаматтардың есеп шоттарын ашып, жабу; азаматтарға әр түрлі анықтамалар мен мінездемелер беру жұмыстарын жасайды; Тұрғындар жиынының хаттамалары мен оған қатысты құжаттарды жүргізу; «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және басқа көп балалы отбасыларына, 1,2,3 топқа жататын мүгедек азаматтарға қатысты жұмыстарды жүргізу; спорттық іс-шаралар өткізуді, мәдени бұқаралық іс-шараларын ұйымдастырады; Аудандық ішкі саясат бөлімімен бірге жұмыс істеп, барлық ақпараттарға жауап беру, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізіп, құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету; оралмандарды тіркеуге алып, тіркеуден шығару; жастар практикасын және әлеуметтік жұмыстарының орындалуын жүзеге асыру; қажет кезде басқа міндеттер атқару,



Жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының  Конституциясын, «Қазақстан Республикасының президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының  "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан- 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

 Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

  1. конкурсқа қатысу туралы белгіленген үлгідегі өтініш;

  2. белгіленген үлгідегі 3х4 фотосуреті бар толтырылған сауалнама;

  3. білім туралы нотариалдық расталған көшірмесі;

  4. еңбек қызметтін растайтын құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі

  5. анықтама, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген);

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

Құжаттарды өткізу сәтінде қолдануға жарамды болып табылатын уәкілетті орган белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижесі бар тестілеуден өткені туралы сертификат.

Қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде соңғы жарияланған қүннен бастап он жұмыс күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс:

ШҚО, Айыртау ауылы, Тохтаров көшесі, 4 «Айыртау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі,

Аңықтама үшін телефон: 8-72338-23345



Электрондық пошта: airtau_ulanvko@mail.ru , aiyrtau@ulan.vko.gov.kz

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Айыртау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет