Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғын үй құрылысының



Дата23.02.2016
өлшемі146.27 Kb.
#9687


Шығыс Қазақстан

облыстық мәслихатының

2007 жылғы 16 қазандағы № _____

шешімімен бекітілді



Шығыс Қазақстан облысындағы

тұрғын үй құрылысының

2008-2010 жылдарға арналған

өңірлік бағдарламасы
Мазмұны

1 Бағдарламаның паспорты

2 Кіріспе

3 Тұрғын үй құрылысының қазiргi заманғы жай-күйiн талдау

3.1  Шығыс Қазақстан облысының Тұрғын үй құрылысын дамытудың

2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асырудың

қорытындылары

3.2   Құрылыс материалдарын өндіру саласының жай-күйі

4   Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асырудың тетіктері

5.1. Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңгерімді тұрғын үй құрылысы нарығын құру

5.2 Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және

мемлекеттiк-жеке меншік серіктестiкті ынталандыру


      1. Жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту

5.2.2 Кең ауқымда тұрғын үй салу үшін қосымша

ынталандыру шараларын жасау



    1. Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру

    2. Жеке тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту

    3. Бағдарламаны iске асырудың тетiгін анықтау

  1. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

7 Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже


1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы      Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы


Әзiрлеу үшiн «Қазақстан Республикасындағы тұрғын

негіздеме үй құрылысының 2008-2010 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Әзiрлеушi   Шығыс Қазақстан облысының құрылыс департаменті

Мақсаты  Халықтың қалың жігінің тұрғын үйге                          қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын

үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді түрде шешу


Міндеттері Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңгерімді тұрғын үй құрылысы нарығын жасау; тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті ынталандыру; жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру; тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту

Iске асыру мерзiмi        2008-2010 жылдар

Қажетті ресурстар мен

қаржыландыру көздері Бюджеттен шығын қажеттілігі мынаны құрайды:

Барлығы: 11443,25 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 7950,25 млн. теңге, оның ішінде:

қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарына сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша салынатын 100 мектеп пен 100 аурухана қызметкерлері үшін тұрғын үйді жобалауға және салуға 2008-2010 жылдары – 3,0 млрд. теңге;

нысаналы трансферттер – 2008-2010 жылдары 1356,25 млн. теңге, оның ішінде:

әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйді салуға – 1356,25 млн. теңге;

тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жайластыруға – 3 420 млн. теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қайта жаңартуға және жөндеуге – 174 млн. теңге;

жергілікті бюджет шығындары – 3493,0 млн. теңге, оның ішінде:

әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйді салуға – 2476,7 млн. теңге;

тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жайластыруға – 425,3 млн. теңге;

бас жобаларды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, қала құрылысы кадастрын әзірлеуге 591 млн. теңге.

2008-2010 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің болжамды көрсеткіштері шеңберінде нақтыланатын болады.
Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

74,6 мың шаршы метрге жуық қолжетімді тұрғын үй салынатын болады, оның ішінде республикалық бюджет кредиті есебінен – 46,2 мың шаршы метр, ертеректе бөлінген қаражаттарды қайта пайдалану есебінен – 28,4 мың шаршы метр;

2008-2010 жылдар ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 46,0 мың шаршы метр жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй; жергілікті бюджет қаражаты есебінен 20,9 мың шаршы метр салынады;

үш жыл ішінде 240 мың шаршы метр жеке тұрғын үйлер салынатын болады;

тұрғын үй құрылысы салынатын аудандар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі;

мыңнан астам адам үшін жаңа жұмыс орындары ашылады;

құрылыс қызметінен бюджетке түсетін салықтарды, соның ішінде жылжымайтын мүлікке салынатын салықты, құрылыс саласының қызметкерлерінен түсетін табыс салығын жинау ұлғаяды;

құрылыс материалдары өнеркәсібі, электр-техникалық, металлургия және химия өнеркәсібі өнімдерін, сондай-ақ жаңа тұрғын үйді жайластыру бұйымдарын шығаруды арттыру есебінен сабақтас салаларда мультипликативтік тиімділік күтілуде.


2. Кiрiспе

Тұрғын үй құрылысы - жалпыұлттық сипаттағы барынша маңызды міндеттердің бірі болып табылатын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі.

Тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 3 шілдедегі № 6/70-ІІІ шешімімен Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғын үй құрылысының өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілді, оған сәйкес үш жыл ішінде жалпы алаңы 194,4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделді. 2005-2006 жылдары нақты нәтижелер 156,8 мың шаршы метрді құрады.

Болжамға сәйкес Бағдарламаның аяқталуына қарай көзделіп отырған – 194,4 мың шаршы метр көлемінің орнына 208,514 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылатын болады.

Мемлекет басшысының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: құрылыс индустриясын дамыту, қолжетімді жалға берілетін тұрғын үй кешендерін салу, жер телідерін бөлу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, жеке тұрғын үй құрылысының дамуын ынталандыру секілді бағыттар айқындалды.

Ішкі және сыртқы саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып осы заманғы әлеуметтік саясат белгіленген: адамдардың сұранысы мен мұқтаждықтары, жұмыс орындарын ашу басты назарда тұр. Осыны негізге ала отырып, қолданыстағы Бағдарламаның кемшіліктерін ескеретін және әлеуметтік бағыттағы, бірінші кезекте, табыс деңгейі әртүрлі азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға арналған 2008-2010 жылдарға жаңа Бағдарлама әзірлеу және қабылдау қажет.


3. Тұрғын үй құрылысының қазіргі заманғы жай-күйін талдау
3.1. Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары
Статистика басқармасының деректері бойынша 2005-2006 жылдары қаржыландырудың барлық көздері бойынша Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысына 13,037 млрд. теңге инвестиция жұмсалды. Жалпы алаңы 447,076 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде:

     - 2005 жылы – 201,958 мың шаршы метр (2004 жылмен салыстырғанда 123 %);

    - 2006 жылы – 245,118 мың шаршы метр (2005 жылмен салыстырғанда 121 %) пайдалануға берілді.

Бағдарлама шеңберінде халықтың әлеуметтік қорғалатын жігі үшін коммуналдық тұрғын үйлер салынып жатыр. Екі жыл ішінде жалпы алаңы 23,446 мың шаршы метр тұрғын үй (319 пәтер), оның ішінде 2005 жылы -13,546 мың шаршы метр (198 пәтер), 2006 жылы – 9,9 мың шаршы метр (121 пәтер) тұрғын үй салынды.

Екі жыл ішінде республикалық бюджет есебінен ипотекалық тұрғын үй салуға бөлінген кредиттік қаражат есебінен жалпы алаңы 133,319 мың шаршы метр 1575 пәтер, оның ішінде 2005 жылы - 890 пәтер (74,517 мың шаршы метр), 2006 жылы - 685 пәтер (58,802 мың шаршы метр) салынды.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы  № 57 және 2006 жылғы 3 наурыздағы № 146 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы № 1021 қаулысымен 2005-2006 жылдары бөлінген кредиттік қаражатты қайтару мерзімі 2 жылдан 3 жылға ұзартылды. Осының есебінен 2,6 млрд. теңге қосымша инвестицияланды.

Өткен кезең ішінде неғұрлым арзан тұрғын үй ретінде жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) кеңінен дамыды.

2005 жылы ЖТҚ шеңберінде 94,968 мың шаршы метр, 2006 жылы – 124,413 мың шаршы метр пайдалануға берілді.

2006 жылы тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға 1,4 млрд. теңге бөлінді.

2007 жылы осы мақсатқа 1,8 млрд. теңге, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына 0,4 млрд. теңге бөлу көзделген.

2005-2006 жылдары жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жалпы алаңы 69,219 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді.

Бағдарламаның күшті жақтарына тұрғын үй құрылысы қарқынының өсуін ынталандыру, инвестициялар үшін тұрғын үй құрылысының тартымдылығын арттыратын жағдай жасау, коммуналдық тұрғын үй құрылысын қайта жандандыру және 2540 жуық отбасының (болжам) тұрғын үй жағдайын жақсарту жатады.

Сонымен қатар, Бағдарламаны іске асыру барысында жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысындағы кемшіліктер, коммерциялық тұрғын үйге баға өсуінің жалғасуы, тұрғын үйдің ұсынысынан оған сұраныстың өсуі мен асуы, тұрғын үй құрылыс кооперативтері және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік сияқты баламалы тұрғын үй құрылысы тетіктерінің есепке алынбауы, құрылыс индустриясы дамуының артта қалуы анықталды.

Облыстағы құрылыс қарқынының өсуі 2007 жылы Бағдарлама бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 216,249 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беруді болжауға мүмкіндік береді.

2005 жылдан бастап 2007 жылды қоса алғандағы үш жыл ішінде жоспарланған тұрғын үй пайдалануға берудің болжамы 663,325 мың шаршы метрді құрайды, бұл ретте 1695 мыңға жуық отбасы өз тұрғын үй жағдайын жақсартады.

2005-2007 жылдары бюджеттік кредит беру есебінен азаматтардың басым құқық берілген санаттары үшін жоспарланған 170,1 мың шаршы метр орнына 172,672 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады.

2005-2007 жылдары мемлекеттік емес сектордың кәсіпорындары мен ұйымдарының өз қаражаттары есебінен 351,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады.
3.2. Құрылыс материалдарын өндіру саласының жай-күйі
Бүгінгі таңда құрылыс материалдарының отандық өнеркәсібі құрылыс өндірісінің қажеттілігін толық түрде қанағаттандыра алмайды.

Құрылыс индустриясы дамуының артта қалуын еңсеру мүмкін болмайды, осыған байланысты отандық өндірістің құрылыс материалдарымен, құрастырмаларымен және бұйымдарымен қамтамасыз етілуі 2006 жылы небәрі 43 пайызды құрады.

Құрылыстың құнын төмендету мақсатында тиімді құрылыс материалдарының өндірісін дамыту, жаңа технологиялар енгізу және құрылыс материалдарының жоғары сапасы ассортиментін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау қажет.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
 Бағдарламаның негізгі мақсаты халықтың қалың жігіне тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу болып табылады.

Мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

  ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңдестірілген тұрғын үй нарығын жасау;

  тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті ынталандыру;

  жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру;

  тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамыту.


5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асырудың тетіктері
5.1. Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңгерімді тұрғын үй құрылысы нарығын құру
Бағдарламаны іске асыру мақсатында мемлекет бір шаршы метрі 56515 теңгеден аспайтын құны арзан және қолжетімді тұрғын үйлерді (бұдан әрі - қолжетімді тұрғын үй) салу арқылы азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтын болады. Бұл ретте, өңірлер бойынша пәтердің жалпы алаңының бір шаршы метрінің құны жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізген кезде реттелетін болады. Шығыс Қазақстан облысының жоғары сейсмикалық аудандар үшін қолжетімді тұрғын үйдің бір шаршы метрі құрылысының көрсетілген құнына – 1,15 түзету коэффициентін енгізуге рұқсат етіледі.

Қолжетімді тұрғын үйді облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттің қаражаты есебінен салатын болады және оның жайлылық деңгейі бойынша ғимараттарды жіктеуге сәйкес белгілі бір техникалық параметрлері болады.

Қолжетімді тұрғын үйдің (пәтерлердің) орташа алаңы 80 шаршы метрден аспауға тиіс.

Шығыс Қазақстан облысында ипотекалық тұрғын үй салу ертеректе бөлінген кредиттерді қайта пайдалану есебінен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, пәтерлерді сата отырып, оның ішінде тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы салынып жатқан 100 мектеп пен 100 аурухана қызметкерлері үшін тұрғын үйлерді жобалауға және салуға республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге сомасында сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша кредиттер бөлу көзделген.

Халыққа қолжетімді тұрғын үйлер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Тұрғын үйді сату ережесіне сәйкес азаматтардың басым құқық берілген санаттарына сатылады. Халықтың басым құқық берілген санаттарына балалары бар жас отбасылар, мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері жатады. 

Жергілікті атқарушы органдар жер телімдерінің бөлінуі, мердігерлік ұйымдарды таңдау, құрылыс барысы мен тұрғын үйді бөлу рәсімдерінің ашықтығын және бақылауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен облыстар (қалалар, аудандар) әкімдері басшылық ететін комиссиялар құрады.



5.2. Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті ынталандыру
5.2.1. Жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту
Қолданыстағы 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламаның шеңберінде коммуналдық тұрғын үй салу кезекте тұрғандардың санын азайтуға айтарлықтай ықпал ете алмады.

Бағдарламада қолданыстағы Бағдарламаның критерийлері бойынша коммуналдық тұрғын үй салудың орнына республикалық бюджет қаражаты есебінен жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйлерді жобалау мен салу және жеке меншік жалға берілетін (коммерциялық) үйлер салу үшін жағдай жасау көзделіп отыр.

Сондықтан, халықтың әлеуметтік қорғалатын жігіне жатқызылған азаматтардың тізімдеріне, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, түгендеу жүргізу жергілікті атқарушы органның бірінші кезектегі міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Заңда көрсетілген азаматтардың санаттарына тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан қолжетімді ақыға беріледі.

Бюджет қаражаты есебінен жайлылығы 3 және 4 сыныпты жалға берілетін тұрғын үй жобалау мен салу, жеке инвестициялар есебінен - барлық сыныпты тұрғын үй салу жүргізіледі.

Жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйдің (пәтерлердің) жалпы алаңы 70 шаршы метрден аспауға тиіс.

 Жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны қолжетімді тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құнына сәйкес белгіленеді.

Жоғары сейсмикалық аудандар үшін қолжетімді тұрғын үйдің 1 шаршы метр құрылыс құны коэффициентіне сәйкес жалға берілетін тұрғын үйдің бір шаршы метрі құрылысының көрсетілген құнына түзету коэффициенттерін ескеруге рұқсат етіледі.


5.2.2. Кең ауқымда тұрғын үй салу үшін қосымша

ынталандыру шараларын жасау
Тұрғын үйдің қолжетімділік деңгейін арттыру жөніндегі шаралар кешенімен қатар Бағдарламада тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін қосымша ынталандыру шараларын жасау көзделіп отыр.

Осы мақсатта тұрғын үй проблемасын дербес шешетін азаматтардың бастамаларына жәрдем жасау керек. Жергілікті атқарушы органдар түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және тәуекел деңгейі үлестік құрылысына қарағанда мейлінше төмен тұрғын үй құрылыс кооперативтерін (ТҚК) құруда азаматтарға жәрдем жасалуға тиіс. Мемлекеттің меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер телімін құрылыс үшін тегін бөлу ТҚК құрудың міндетті шарты болуға тиіс. ТҚК-тың меншігіне жер телімін беру тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін, бірақ үй-жайды (пәтерді) беру актісі бойынша үйдің тұрғындарына берілгенге дейін жүзеге асырылуға тиіс. Бұл ретте құрылыс салынатын телімге қажетті коммуникациялар жүргізілуге тиіс.

Тұрғын үй салудың көлемін ұлғайту мақсатында әкімдіктерге коммерциялық құрылыс салушылармен мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік принциптері бойынша елді мекендердің аумақтарына құрылыс салуды жүргізуге ұсынымдар берген жөн. Бұл ретте 1 шаршы метрі 56515 теңге деп белгіленген бағалық параметр бойынша азаматтардың басым құқық берілген санаттары үшін олар пәтердің бір бөлігін салған жағдайда жеке құрылыс салушыларға мемлекеттің меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген, коммуникация жүргізілген жер телімдерін тегін бөлуді көздеу қажет.

5.3. Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру
Дайын инженерлік және көлік инфрақұрылымдары бар жер телімдерінің жетіспеушілігі ЖТҚ-ның дамуын тежеп отырған негізгі фактор болып табылады.

 Жеке тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту жеке тұрғын үйлер салу үшін бөлінген алаптарды тұрғын үйлер құрылысы басталғанға дейін электрмен, су құбыры және кәріз желілерімен, жолмен қамтамасыз етілуге тиіс.

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдар бекітілген басты жоспарларға, толық жоспарлау жобаларына, құрылыс ережелері мен елді мекендер аумағының жер-шаруашылық құрылысының жобаларына сәйкес алаптарға бөлінуге тиіс.

Азаматтардың жеке тұрғын үй салуы тиісті органдармен белгіленген тәртіппен келісілген жоба бойынша жүзеге асырылуы тиіс.


5.4. Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту
   Құрылыс салынатын аудандарда тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың: жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтайтын орам ішіндегі инженерлік желілердің, кәріздің, инженерлік құрылыстар мен жолдардың болуы салынып жатқан тұрғын үйді пайдалануға уақтылы беруді қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды республикалық бюджеттің қаражаты есебінен екі бағыт бойынша жүзеге асыру болжанып отыр:

 1. Аула ішіндегі аумақтарды, кіреберістер мен үйге кіретін жолдарды абаттандыруды қоса алғанда, тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау және салу.

   2. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, құрылыстарды, энергиямен жабдықтайтын және жылумен жабдықтайтын көздерді жобалау және қайта жаңарту.


5.5. Бағдарламаны iске асырудың тетiгін анықтау
Бағдарламаны орындау Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен жүзеге асырылатын болады.

Іс-шаралар жоспары тұрғын үй құрылысын дамытудың сапалы ерекшеліктерін сипаттйтын болады, онда нақты орындаушылар мен іске асыру мерзімдері, сонымен қатар, жылдар бойынша болжаммен көлемдері мен қаржыландыру көдері белгіленетін болады.

Іс-шаралардың жинақтылығы облыстың тұрғын үй құрылысын дамытудың барлық бағыттары бойынша келісілген іс-әрекеттерді қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың мүмкіншіліктерін арттырады.

Облыс әкімдігі іс-шаралар жоспарын орындау мен жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу барысына бақылау жасау арқылы Бағдарламаны іске асырудың тиімділігін бағалау мен тұрақты мониторинг жүргізіп отырады.


6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
 Бюджеттен шығындардың қажеттілігі мынаны құрайды:

 Барлығы: 11443,25 млн. теңге, оның ішінде:

Республикалық бюджет қаражаты есебінен барлығы 7950,25 млн. теңге:

жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үйді жобалауға және салуға сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша салынатын 100 мектеп пен 100 аурухана қызметкерлері үшін тұрғын үй салуға бюджеттік кредиттеу 2008-2010 жылдары – 3,0 млрд. теңге.

республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер 2008-2010 жылдары – 4,9 млрд. теңге, оның ішінде:

әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйді салуға – 1356 млн. теңге;

тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жайластыруға – 3420 млн. теңге;

 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қайта жаңартуға және жөндеуге – 174 млн. теңге;

жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3493,0 млн. теңге оның ішінде:

әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйді салуға – 2476,7 млн. теңге;

тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жайластыруға – 425,3 млн. теңге;

 бас жобаларды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, қала құрылысы кадастрын әзірлеуге – 591,0 млн. теңге.

2008-2010 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің болжамды көрсеткіштері аясында нақтыланатын болады.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

 тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқынын жыл сайын өсіру кезінде үш жыл ішінде жалпы алаңы 381,5 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынатын болады;

74,6 мың шаршы метр қолжетімді тұрғын үй пайдалануға беру көзделіп отыр;

   республикалық бюджет қаражаты есебінен 20,9 мың шаршы метр жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй (300 пәтер) пайдалануға беру көзделіп отыр;

240 мың шаршы метр жеке тұрғын үй салу болжанып отыр;

жеке   тұрғын үй құрылысы салынатын аудандар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады;

 қалалар мен басқа да елді мекендердің сәулеттік бейнесі жақсарады;

 құрылыс қызметінен бюджетке түсетін салықтарды, оның ішінде жылжымайтын мүлікке салынатын салықты, құрылыс саласының қызметкерлерінен түсетін табыс салығын жинау ұлғаяды;

 құрылыс материалдары өнеркәсібі, электротехникалық, металлургия және химия өнеркәсібі өнімдерін, сондай-ақ жаңа тұрғын үйді жайластыру бұйымдарын шығаруды арттыру есебінен сабақтас салаларда мультипликативтік тиімділік күтілуде.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет