Шығыс Қазақстан топономиясы (Б. Биярова, А. Әлімхан, Б. Келгембаева, Г.Құсманова) АЛАТАЙ- жайлау, Катонқарағай ауд. Топонимист- ғалым Е.Қойшыбаев (1985) ола+тай сөздерінен біріккен монғол атауы, мағынасы «тау-тау» дегенді білдіреді дейді. Біздің ойымызша, монғолдың уул «тау» сөзі мен тай туынды сын есім жұрнағы арқылы жасалып, «таулы» деген мағына береді: Уул(а)тай > Олатай > Алатай.
АЛТАЙ - таулы қырат, Шығыс Қазақстан облысы. Түркілердің ата- мекені болған көне Алтай қазір Орыс Алтайы, Монғол Алтайы, Қазақ Алтайы деп белініп кеткен Алтайдың үштен бірі ғана Қазақстанның үлесінде. Қазақ Алтайы өз ішінде Өр Алтай, Кенді Алтай болып Ер- тіс өзені арқылы екіге бөлінеді. Оларды Қалба жотасы жалғастырып тұр. Алтай оронимі (тау аты) туралы көптеген пікір бар. Мәселен, В.В.Радлов ал (биік)+тайга (орманды тау) деген сөздерден шығарса, Э.М.Мурзаев, В.А.Никоновтар «ала тау» мағынасымен байланыс- тырады. М.Рясянен ал+той «алып тау» десе, Е.Жанпейісов ал сезі «үздіксіз, тізбектелген» мағынасын береді дейді. Ғалымдардың көпшілігі бұл атаудың негізінде алтын сөзінің жатқанын мойындайды (Б.Я.Владимирцов, Э.В. Севортян, Г.Дерфер. Г.Рамстедт, Г.Вамбери А.Щербак, А.Әбдірахманов, Ғ.Қоңқашпаев, Т.Жанұзақов, т.б.). Оның ішінде Ғ.Қоңқашпаевтың келтірген дерегі дұрыс деп есептейміз. Монг. алт (алтын)+тай (туынды сын есім жұрнағы), сонда Алттай Алтай «ал- тынды" болып шығады. Біздің қосарымыз академик В.В.Бартольдтың "Алтай оронимі кейін шыққан тәрізді» деген пікіріне сүйеніп, Алтай атауының көне түркі тілінен монғол тіліне аударылған атау екенін ескерту. Өйткені, Орхон жазбаларында Алтын йыш (732-735жж.), Қытайдың «Таншу» жылнамасында Алтынтағ (647ж), Монғолдың «Құпия шежіресінде» Алтынтау (XIII ғасырдан бері) түрінде көрсетіледі де, Алтай атауы кездеспейді. Түркілік атауды монғолдар жаулап алғаннан кейін, өз тілдеріне аударып атаған тәрізді. Ал мағынасы сақталып қалған жаулап, отарлап алған елдердің тілі келмегендіктен,немесе әдейі саясатпен жер-су аттарын өзгертуі тарихта бар оқиға.
АМАНАТ - е.м. Күршім ауд. Бұл атау тарихи оқиғаға байланысты қойылған Жоңғария құлағаннан кейін (1755ж.), ата-мекені - Алтайға өтіп мекендеуді армандаған найман мен керей елдерін орыс та, қытай да жібергісі келмеді. Өздері сыйса да малдары сыймаған қазақтар орыстың әйел патшасы Аннаға хат жолдап, рұқсат алады. Ал қытай өкіметі әр жерде қарауыл ұстап, «кейінгі ұрпақтары жерге таласуы мүмкін» деген оймен қайтыс болған адамдарын шекара ішіне жерлеуге рұқсат етпеген қазақтар болса қыста қайтыс болған адамдарын киіз- ге орап, биік ағаштың басына сақтаған немесе жерге аманат койган Жаз шыға шекара асырып жерлеген. Осындай жерлер Аманат атанып кеткен. Ал бұл атау жерге аманат қойылған жылқышы жігіттің зиратына орай қойылған.
АРАСАН - e.м. Катонқарағай ауд. Рахманов қайнарлары деген ресми аты бар, суы шипалы демалыс орны. Атаудың негізінде санскрит тіліндегі равшан «қасиетті су» деген сезі жатыр. Монғ, аршан, қазақша арасан түрінде келіп, шипалы суы бар жерлерге қойылады. М: Ара- сан талды (Зайсан), Барлық арасан (Мақаншы), Арасан (Жарма ауд.). т.б.). Рахманов деген аңшы тапқанға дейін бұл жер қазақ, қалмаққа әйгілі болған.