Шыңғыс Төрекқұлұы Айтматов



бет1/2
Дата05.04.2024
өлшемі25.35 Kb.
#497812
  1   2
Алғаш ұстаз


Шыңғыс Төрекқұлұы Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда )Қырғыз Республикасы Талас ауданындағы Шекер деген ауылда дүниеге келген, ұлты – қырғыз. 2008 10 маусымда жазушы Германияның Нюрнберг қаласында өмірден өтті. Зираты Бішкек маңындағы Ата-бейітте.

Атақтары: Қырғызстанның халық жазушысы 1968
Қырғыз Ғылым академиясының Академигі 1974
Еуропа Ғылым академиясының Академигі 1978
Социалистік еңбек ері 1978
Үш мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған - 1968, 1977, 1983
1993 жылы Н.Назарбаев оған Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын тапсырды.

Шығармашылығы:
Тұңғыш әңгімесі – «Әшім» 1952
«Аспалы көпір»1956 , «Бетпе бет» 1957
Жазушыны әлемге танытқан – «Жәмилә» повесі 1958
«Боранды бекет» 1980
«Ана- Жер ана» спектаклінде соғыс кезіндегі ана образы сомдалған.М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында жиі сахналанған.
Қалтай Мұхамеджановпен бірігіп «Көктөбедегі кездесу»
Пьесасаын жазған.
М.Шахановпен бірігіп «Құз басындағы аңшының зары» эссе кітабын жазған 1997

Ш.Айтматовтың шығармаларын қазақ тіліне аударғандар
«Ақ кеме» Қалтай Мұхаметжанов
«Бетпе бет» Қалжан Нұрмаханов
Алғашқы ұстаз Қалжан Нұрмаханов
«Шынарым менің, шырайлым менің» Айқын Нұрқатов
«Қызыл алма» Зейнолла Қабдолов
«Ботагөз» Шерхан Мұртаза
«Байдамтал бойында» Баламер Сахариев
«Сыпайшы» Айқын Нұрқатов
«Ақ жауын» Қалжан Нұрмаханов
«Жан пида», «Боранды бекет» Шерхан Мұртаза.

Жазушыны «Адамзаттың Айтматовы» деп атаған.
Шығарманың мазмұны:
Атын әлем танығанқырғыз халқы ның көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» атты шығармасы елден де, жолдан да жырақ тау баурайындағы шағын қырғыз ауылында болған бір үлкен оқиғаны суреттейді. Бұл жағдай Кеңес өкіметінің енді ғана орнап, жаңа заман ның талабына сай елдің сауатын ашу кезеңі мен тұспа-тұс келеді. Повесть сюжеті сол оқиғаның кейіпкерінің бірі болған Алтынай Сүлейменова деген академиктің әңгімені баяндаушыға жазған хаты бойынша өрбиді. Шығарманың экспозициясы сол ауылда туып-өскен суретшінің қиялынан басталады. Ол әуелі «Дүйсен мектебі» деп аталған жермен-жексен болған қорасы бар төбені, оған тақау жерде мәуелеп өсіп тұрған қос теректі көріп, үнемі соның суретін салғысы келіп, ойға беріледі. Дегенмен суретші бұл ойынан қайтады. Бұған философия ғылымының докторы, Мәскеу университетінде кафедра меңгерушісі болып, шетелге шығып лекция оқып жүрген танымал ғалым Алтынай Сүлейменованың жазған хаты себеп болады. Осылайша суретші «Дүйсен мектебі» мен ауылға кірген бетте көзге түсетін қос теректің тарихын ашу үшін оның суретін салмай, болған оқиғаны халыққа хат мазмұнымен таныстыру арқылы жеткізгенді жөн санайды. Бір күні ауыл адамдары жаңа мектептің ашылу салтанатына белгілі суретшімен осы ауылдан шыққан ғалымды қатар шақырады. Мереке кезінде пошта тасушы Дүйсен деген кісі әр жерден келген құттықтау телеграм масын береді де, кідірмей кетіп қалады. Алтынай Сүлейменова Дүйсеннің атын естіген де дегбірі нен айырылып, сол күні ұйымдастырылған басқашараға да қарамай, асығыс Мәскеуге аттанып кетеді. Біраз уақыт өткеннен кейін суретшіге Сүлейменовадан «Дүйсен мектебі» мен қос теректің тарихы жазылған хат келеді. Хатта жазылғандай, 1924 жылы Ақ-Жар тауының етегін де орналас қан шағын ауылға үстіне әскери шинель киген бейтаныс жігіт келеді. Бұл ауыл да «Мектеп, оқу» деген ұғымдардың өзі де ол кезде ауыл адамдары на онша таныс емес, жаңа сөздер болатын. Келесі күні «ауыл ортасынғы дөңге жиналсын»
Деген хабар айтылғасын , ауыл халқы түгел дөң басы на жиналады. Бұған сол кезде он төрт жастағы жетім қыз Алтынай Сүлейменова да қатысады. Дүйсен – теміржолшы Тастанбек деген қа рапайым адамның баласы. Бірнеше жыл әскери қызметте болып, хат танығаннан кейін оны осы бір шеттегі ауылға мұғалім етіп жібереді. Ауыл халқы басын да балаларын оқытуға қарсы болғанымен, Дүйсен өзінің өкімет тапсырмасы мен арнайы келгендігін өктем үнмен айтып, бала сын оқытпағандар жазаға тартылатыдығын ескерткеннен кейін ғана келісуге мәжбүр болады. Бірақ қай жерде, қайда оқытатынын ешкім сұрамайды. «Өзің біл» деген кейіп пен жан-жаққа тарап кете ді. Содан Дүйсен жалғыз өзі төбе басындағы бір байдан қалған ескі қораны жөндеп, ішін тазалап, пеш салып, құлаған жерлерін қайта тұрғызып, әуре-сарсаңға түседі. «Ертеңі не суға барғанымыз да кетпен, күрек, балта көтерген Дүйсеннің суды кешіп өтіп, төбе басындағы жаман тамға қарай кетіп бара жатқанын көрдік. Осы күннен батап күнде таңертеңгісін үстіне қара шинелін киген Дүйсен нің қарасы жоғары бір өтіп, күн батар да төмен бір түсіп жүрді. Кейде сабан арқалап, кейде қурай құшақтап тасыды. Ауылдағылар оны көрген де бұл кім болды екен деп көзін көлейлейлеп қарап, әңгіме қылатын... Мұғалімнің ол жерде не істеп жүргенін білуге қызығып, бір күні адырдан тезек теріп келе жатқан үш-төрт қыз сон да бардық. Бұл жаман там о баста бір байдың ат қорасы болған. Қыстың көзі қырау да құлындаған биелер құлындары мен осында бағылады екен. Кеңес үкіметі орнап, бай қашып кеткен соң ат қора қаңырап қалып, айналасын жантақ тікенек, жусандар басып, кісі барудан қалған болатын. Дүйсен тікенектерді кетпен мен қопара шауып, тамның құлап қалған жерлерін жөндеп жүр екен. Дәл өзіміздің бойымыздай үлкен ала қаптарды арқалап, біз осы жерге дем алуға отыра қалғанымыз да, үс ті-басы лай, жеңін түріп алған Дүйсен тамнан шығып келді де, бізді көріп, бетінің терін сүрте жымиып күлді», – дейді Алтынай. Қыздардың келгеніне жас балаша қуанған Дүйсен мектепті қалай жөндеп жатқаны туралы айтып, оларды оқуға шақырады. Қыздардың естияры Алтынай болғандықтан, оны: «Сен өзің ақылды бала екенсің», – деп, еркелете сөйлеп: «Басқа балаларды да мектепке оқиық деп ертіп кел, жарай ма?» – дейді жылы жүзбен. Жеңгесінің ұрып-соққанынан басқа өмірі жылы сөз естіп көрмеген Алтынайға мұғалімнің «Сен өзің ақылды бала екенсің» деген сөзі қатты әсер етеді. «Мектептің ішін көріңдер, қорықпаңдар... Мен күн батқанша отынға тағы бір барып келе қояйын» деген мұғалім сөзінен кейін қыздар үйге қайтуға жиналады. Сол кезде Алтынай: «Мектепке отын керек екен, тезегімізді тамның түбіне төгіп кетейік, ішке өзі кіргізіп алар» деген ұсыныс айтады. Бірақ басқа қыздар бұған көнбеген соң, өзінің бір қап тезегін там түбіне төгіп кетеді. Әңгіме осы тезектен басталады. Өйткені Дүйсен мұғалім мұны Алтынайдың төгіп кеткенін іштей сезеді. Бірде балалардың суды жалдап өтпеуі үшін аттағыш тас төсеген мұғалімге көмектесем деп Алтынайдың аяғы тартылып қалады. Жағада жатқан шинелімен Алтынайдың аяғын орап тамырын жазғаннан кейін «Әттең, қолымнан келіп, сені үлкен шаһарлардың бірінде оқытсам, ә-ә! Адам боп шығар едің!» – дейді Дүйсен қиялға беріліп. «Баяғыда тезекті сен төгіп кетіп пе едің? – деп сұрағанда, «иә» деп жауап берген Алтынайға: «Мен де солай деп ойлап едім» дегендей басын изеп, мәз болып қалады. Ауылдағы бірде-бір ересек адамның мектеп қабырғасын көтерісуге өресі жетпегенде, қаршадай қыздың қолынан келген аз ғана көмегі, әрине, мұғалім жанын тебіренткені анық.
Мен сонда не үшін сөйткенімді осы күнге дейін түсінбеймін. Әлде қыздар менің сөзіме көнбей қой ғанына намыстандым ба, я болмаса қаршадайымнан сорым қайнап, қағу-соғу көріп, жалтақ өскен діктен, мені бұрын көрмеген, білмеген адамның жүрегімді жылыта мейірлі қарап: «Сен өзің ақылды екенсің» – деп екі ауыз сөз айтқаны жүйкемді босатып кетті ме, айта алмаймын. Бірақ қазір ойлап-ойлап отырып, менің нағыз тағдырым осы бір қап тезектен басталды ма деп те қала мын. Өйткені сол күні бұл жорығымның аяғы не болар екен деп тартын бай бел байлап, өмірім де алғаш рет өзім дұрыс деп тапқан ойымды орындадым» деп жазады. Алтынай жалғыз өзі жантала сып, қайта тезек терем дегенше қараңғы түсіп кетіп, біреу ұстап алардай қорыққанынан ауылға қарай жанұшыра тұра жүгіреді. Сол күні жеңгесінен оңдырмай таяқ жеген Алтынайдың көңілсіз күндері өтіп жатады. Екі күннен кейін үй -үйді аралап, мектепке оқушы жинап жүрген Дүйсен Алтынайдың да үйіне келеді. Жеңгесінің ұрыс шығарып, қарсы болғанына қарамай, туысқан ағасы Алтынайдың мектепке баруына рұқсат береді. Дүйсен жай қара танығаны болмаса, көп оқығаны жоқ. Тіпті қолын да әліппесі де жоқ. Десе де, бар білгенін оқушыларға үйретіп, әйтеуір әріп танытуға шамасы келеді. Кеңес өкіметінің көсемі В.И.Ленин туралы қызықты әңгіме айтып, ол қайтыс болған да көзіне жас алып, қайғырғаны оқушылардың көз алдында өтеді. Дүйсеннің әкесі мен бірге шойын жолда істеп жүріп, Михаил Семенович деген қарт мұғалімнің қолын да екі қыс оқып жүргенін, әскерге барғанын, ақтар мен соғыс қанын, үлкен қалалардағы бұларға беймлім қызық ты өмір туралы айтқанын балалар ұйып тыңдайды.
Мектепке барар жолдағы арнасы шағын суды балалар жалдап өтетіндіктен, көпшілігінің сирағы қақсап ауыра бастайды. Сол кезде Дүйсен жалғыз өзі суық суды тізесімен кешіп жүріп, балалардың бірін көтеріп, бірін арқалап, бірін жетектеп өткізіп жүреді. «Адамдардың сондағы қараңғылығы ма, әлде түсінбестігі ме, білмеймін, Дүйсеннің мұнысын келеке етіп күліп жүрді... Қазір ойлап отырсам, сонда ауылдағылар-ақ екі ағаш тастап бітіре қоятын жұмыс, бірақ онда оқудың мәнісін түсінбеген жұрт Дүйсенді істейтін ісі жоқ әпендідей көріп, шыдасаң оқыт, болмаса қой дегендей, ат кешіп өткен жерге көпір салып көрмеген немелер өздеріне керегі жоқ болған соң, біздің жайымызды естеріне де алмапты. Бірақ олардың неменеге осынша азап шегіп, мазақ болып, біреуден артық болмаса еш кем емес, осы жас жігіт қолынан келген барлық әрекетін істеп, жұрттың балаларын оқытып жүр екен дегенді ойланулары керек еді» деп жазады Алтынай хатында. Бір күні Дүйсен екі тал жас ағаш әкеп төбе басына отырғызады. Ол бұл теректерді Алтынайдың болашағына арнағанын айтып, осы ағаш өскен сайын шәкіртінің де өмірдегі жолы өсе беретінін, халқына қалаулы, еліне елеулі адам болып шығатыны на үлкен сенім білдіреді. Дүйсен мұғалім мен Алтынай повестің басты кейіпкерлері болса, оқиғаны баяндап отырған суретші мен Алтынайдың аға-жеңгесі және Қартаңбай шал мен Сайқал кемпір (Сайқал қырғыз халқында «сұлуым», «жаным» деген жақсы мағынада қолданылады) – жанама кейіпкерлер. Дүйсен мұғалім осы шал мен кемпірдің үйінде тұрады. Олар шығармада мейірімі мол қамқор адамдар ретінде суреттеледі. Алтынайдың жеңгесі өзінің жиен туыстарымен астыртын сөйлесіп, қызды сыртынан екінші әйелдікке сатып жібереді. Жеңгесі бастаған үш-төрт адам мектепте сабақ оқып отырған Алтынайды күштеп алып шығып, жанұшыра қарсылық көрсеткен Дүйсенді қанға бөктіріп, тартып әкетеді. Жылап, шулаған балалар мұғалімнің айналасында қалады. Бұл оқиғадан үш күн өткен соң, қолы-басын дәкемен таңып алған Дүйсен екі милиционермен келіп, Алтынайды құтқарып алады. Көп ұзамай Қартаңбай ақсақал мен Сайқал кемпір бастаған бүкіл ауыл тұрғындары, бірге оқыған балалар Алтынайды Ташкенттегі балалар үйіне шығарып салады. Ал жас қызға обал жасаған адам түрмеге жабылады.
Ал­ты­най­ ғалым ­бұл­ хат­ты­ не ­себепті­ жа­зды?
Өйткені жаңадан салынған мектептің ашылу салтанатын ең алғаш сол ауылға «мектеп» деген ұғымды қалыптастырған тұңғыш мұғалім Дүйсен атқаруы керек еді. Ұйымдастырушылар бұл тарихты білмейтіндіктен, ауылдан шыққан белгілі адамдарды ғана шақырып, Дүйсенді ескерусіз қалдырады. Сондықтан Алтынай Сүлейменова өз хатында авторға жаңа мектеп Дүйсеннің атымен аталуы керек деген ұсыныс жасайды. Ал суретші болса, туған ауылының бірінші мұғалімі, кейін нен хат тасушы болып жүрген Дүйсен ақсақалға арнап осы оқиғаны толық баяндай алатындай сурет салатындығына кәміл сенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет