№ 1 есеп.
Науқас А., 45 жаста, әлсіздікке, жүргенде оң балтырының бұлшықеттеріндегі ауырусынуға шағымданып, шипажайға емделуге келді. Бес жыл бұрын тамырларының ауырғандығынан сол табанында құрғақ жара дамып, кесіліп тасталған. Шипажайда науқасқа жылы күкіртті сутекті сумен бұлау тағайындалды. Бірақ емді қабылдаған соң оны тоқтатуға мәжбүр болды, себебі көктамырда қабыну үрдісі дамығандықтан (флебит), оң балтырының тері асты көктамырларының бойымен ауыратын қатаюлар пайда болды. Бұдан басқа науқаста бұлау қабылдау кезінде артериялық қан қысымы көтеріліп, бас ауыруы пайда болды.
Берілген есепте ауруды табыңыз. Ауруға анықтама беріңіз. Ауру нышандарын көрсетіңіз.
Ауру – гипертониялық ауру. Гипертониялық ауру – эндогендік(жүріс-тұрысы, конституциясы, реактивтілігі, иммундық ж/е басқа жүйелерінің қызметі) ж/е экзогендік(химиялық, физикалық, биологиялық, механикалық) факторлардың әсерінен АҚ-ң 140/90 мм.с.б.б.-дан жоғары болатын мультифакторлы-полиэтиологиялық аурулар тобын айтады. Ауру – тұтас организмнің қоршаған ортаның ықпалдарына қорғанып-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, дерт туындататын сыртқы н/е ішкі ықпалдардан дамитын, оның биологиялық ж/ әлеуметтік мұқтаждықтарын атқара алмайтын жаңа сапалы жағдайы. Нышандары:
Субъективті – бас ауруы, оң балтыр б.е.-ң ауруы, ауыратын қатаюлар.
О бъективті – көктамырдағы қабыну, АҚ .
Организмнің қоршаған орта ықпалдарына икемделу-бейімделу үрдісі шектелуі.
Жұмысқа қабілеттігінің төмендеуі.
Берілген есепте дерттік серпілісті тауып, анықтама беріңіз.
Дерттік серпіліс – жылы күкіртті сутекті су буымен әсер еткенде қан тамырдағы қабыну. Дерттік серпіліс – организмнің н/е жеке жүйелерінің әдеттегін/е ауру туындататын қоздырғыштардың әсерлеріне биологиялық мәнсіз ж/е сәйкессіз жауап қайтаруы.
Берілген есепте дерттік үрдісті тауып, анықтама беріңіз.
Дерттік үрдіс – қан тамырларының қабынуы(флебит). Дерттік үрдіс – ауру туындататын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне тіндер мен ағзалардағы әрі зақымдану, әрі қорғану-бейімделу серпілістердің жиынтығын айтады.
Берілген есепте дерттік жағдайды тауып, анықтама беріңіз.
Дерттік жағдай – оң балтырдың тері асты көк тамырының бойындағы ауыратын қатаюлар(склероз). Дерттік жағдай – организм үшін бейімделулік маңызы жоқ, кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқу – созылмалы, сылбыр өтетін дерттік үрдіс.
Осы ауру атеросклероз болуы мүмкін.
№ 2 есеп
Музыкант (пианист) қолының саусағын жеңіл жарақаттап алды, ол жерде қабыну құбылысы пайда болды. Ол адамда ауру бар ма? Жауапты негіздеңіз.
Пианисте ауру бар ма? Жауапты негіздеңіз.
Ауру бар – организмнің биологиялық ж/е әлеуметтік мұқтаждықтарын атқара алмайтын жаңа сапалы жағдайы.
Ауруға анықтама беріңіз – тұтас организмнің қоршаған ортаның ықпалдарына қорғанып-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, дерт туындататын сыртқы н/е ішкі ықпалдардан дамитын, оның биологиялық ж/ әлеуметтік мұқтаждықтарын атқара алмайтын жаңа сапалы жағдайы.
Аурудың нышандарын атаңыз, сипаттаңыз:
Субъективті симптомдары – науқастың өзі ғана сезетін организмдегі өзгерістер: бас ауру, бас айналу ж/е т.б.
Объективті симптомдары – белгілі зерттеулердің нәтижесінде анықталатын организмдегі өзгерістер: қан құйылу, асқазан жарасы ж/е т.б.
Қоршаған орта ықпалдарына науқастың икемделу-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі.
Денсаулыққа БДҰ анықтамасын беріңіз, денсаулықтың нышандарын атаңыз.
Денсаулық – денеде дерт н/е жай көзбен көрінетін ақаулардың болмауы ғана емес, адамның көңіл-күйі мен әлеуметтік жағдайларының толық сәттілігі. Нышандары:
организм тіршілігінің қалыпты көрсеткіштері
әлеуметтік және жан-дүниелік сәттілік
денеде дерт пен көзге көрінетін ақаулардың болмауы
№ 3 есеп
Бір топ туристер қатты нөсер жаңбырдың астында қалды. Бір күннен кейін біреуі пневмония ауруына ұшырады. Аурудың себебі не?
Туристің өкпесі қабынуына қандай себеп әкелді? Осы аурудың жағдайы қандай?
Пневмония себебі – пневмококктар. Аурудың септік жағдайы – нөсер жаңбыр, суық температура.
Ауру себебі мен жағдайына анықтама беріңіз.
Ауру себебі - ауру дамуында міндетті болатын, сол ауруға тән арнайы симптомдарды айқындайтын ықпал.
Ауру жағдайы – ауру пайда болуына септесетін, оның ұзақтығы мен ауырлығына әсер ететін, ж/е оның пайда болуына кедергі келтіретін жайттар жиынтығы.
Ауру себебіне сипаттама беріңіз – пневмококк – Грам + , ұсақ, қозғалмайтын, ланцет пішінді диплококк.
Ауру туындауында себеп пен жағдайдың маңызы қандай, монокаузализм және кондиционализм түсініктерін сипаттаңыз.
Ауру туындауында себеп міндетті болады, аурудың арнайы әйгіленімдерін анықтайды. Септік жағдай – ауру туындауында маңызы төмен, бірақ оның пайда болуына септеседі.
Монокаулизм – ауру себептері туралы материалисттік көзқарас, оған тек қана себептің әсері болатын қолдайды.
Кондиционализм – ауру себептері туралы идеалисттік көзқарас, оған тек маңыздылығы бірдей жағдайлар(шарттар) белгілі санының әсерін қолдайды.
№ 4 есеп Пол Бер тәжірибесін сараптау
Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.
Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.
Не себепті бірінші топ жануарларда биіктік ауруы дамып, екінші топта бұл белгілер байқалмады?
Б іріншісі – ауамен толтырылған бар-к қысымды азайтқанда рО2 азайып гипоксемия тырысу – биіктік ауруы.
Екіншісі – О2 толтырылған бар-к қысымды азайтқанда рО2 салыстырмалы түрде жеткілікті – биіктік ауруы байқалмайды.
Биіктік ауруының патогенезін құрастырыңыз. Патогенезінің негізгі тізбегін көрсетіңіз.
Биіктік ауруы патогенезінің кері айналып соғу шеңберін көрсетіңіз, анықтама беріңіз.
Биіктік ауруы патогенезінде бейімделу тетіктерін көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.
р О2
г ипоксемия
дистрофия(зат алмасуының соңғы өніміне дейін жүрмеуі),қышқыл жиналуы
мет.ацидоз
тыныс, жүрек-қантамыр орталығы қозуы
т ахипноэ,тахикардия
с имп.жүйе тонусы гипокапния
т егіс салалы б.е. тонусы , газдық алкалоз
А Қ , қанның қордан шығуы
эритроцитоз, тотыққан Нв тыныс, жүрек-қантамыр орталығы тежелуі
О 2-ні беруі жеңілдейді
ан.гликолиз АТФ брадипноэ, брадикардия
О2 жетіспеушілігінен ОЖЖ
тежелуі(тыныс орталығы)
Өлім
Негізгі тізбек – патогенездің басқа тізбектернің дамуына әкелетін тізбек.
Кері айналып соғу шеңбері – аурудың үдеуіне септесетін, патогенездің жекелеген тізбектері арасында, оң кері байланыстың пайда болуы.
№ 5 есеп.
14 жасар бала туберкулезді гонитпен (тізе буынының қабынуы) клиникаға түсті. Ауырғанына екі жыл болған.Аурудың басталуы абайсызда құлағанда тізе буынының жарақаттануына байланысты. Жиі суықтап ауырған. Өмір сүру жағдайы орташадан төмен.
Баладағы ауруға қандай себеп әкелді? Берілген аурудың жағдайын атаңыз.
Тізе туберкулезі себебі – туберкулез микобактериялары. Аурудың септік жағдайы – жиі суықтап ауру, өмір сүру жағдайы.
Ауру себебі мен жағдайына анықтама беріңіз.
Ауру себебі - ауру дамуында міндетті болатын, сол ауруға тән арнайы симптомдарды айқындайтын ықпал.
Ауру жағдайы – ауру пайда болуына септесетін, оның ұзақтығы мен ауырлығына әсер ететін, ж/е оның пайда болуына кедергі келтіретін жайттар жиынтығы.
Ауру себебіне сипаттама беріңіз – Кох таяқшалары – әлсіз Грам +, қышқылға төзімді, иілген н/е тік таяқша.
Ауру туындауында себеп пен жағдайдың маңызы қандай. монокаузализм және кондиционализм түсініктерін сипаттаңыз.
Ауру туындауында себеп міндетті болады, аурудың арнайы әйгіленімдерін анықтайды. Септік жағдай – ауру туындауында маңызы төмен, бірақ оның пайда болуына септеседі.
Монокаулизм – ауру себептері туралы материалисттік көзқарас, оған тек қана себептің әсері болатын қолдайды.
Кондиционализм – ауру себептері туралы идеалисттік көзқарас, оған тек маңыздылығы бірдей жағдайлар(шарттар) белгілі санының әсерін қолдайды.
№ 6 есеп.
Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе өткізілді: суының температурасы 10 °С аквариумға № 1 егеуқұйрықты отырғызды. 5 минөттен кейін жануарды алып, бақылау егеуқұйрықпен (№2 егеуқұйрық) және 10 минөт бұрын 2,5 мг/кг мөлшерде психостимулятор фенамин еңгізілген егеуқұйрықпен (№3 егеуқұйрық), барокамераға орналастырады. Сосын барокамерадағы барометрлік қысым 180 мм с.б.деңгейге дейін азайтылды. Өмір сүру ұзақтығы (барокамерадағы барометрлік қысымның 180 мм с.б. бойынша төмендеген уақыттан тыныстың толық тоқтауына дейін) №1 егеуқұйрықта 15 минөт, №2 — 7 минөт және №3 егеуқұйрықта — 4 минөтке созылды.
Фенамин мен гипотермия жануардың гипоксияға төзімділігне қалай әсер етті?
Фенамин – ОЖЖ әртүрлі факторларға сезімталдығын арттырады.
Гипотермия – организмдегі заттар алмасуына тежегіш әсер етіп, олардың О2-нің жетіспеушілігіне төзімділігін арттырады.
Берілген тәжірибеде қандай реактивтілік туралы ойлауға болады?
1 – гипоергия – реактивтіліктің төмендеуі; 2 – нормергия – қалыпты реактивтілік; 3 – гиперергия – реактивтілік жоғарылаған;
Биіктік ауруының патогенезін құрастырыңыз. 4-есеп.
Биіктік ауруы патогенезінің негізгі тізбегін көрсетіңіз. 4-есеп.
№7 есеп.
1 жастағы балада, 35 жастағы және 78 жастағы ер адамда крупозды пневмонияның өту барысы қалай болады? Әртүрлі жас пен жыныс ерекшелігі арасында температураның айқындылығы және қабыну серпілістерінің әртүрлі болуы неге байланысты? – топтық реактивтілікке – балалық шақта реактивтілік төмен, орг-ң кемелденуіне бай-ты жоғарылайды, қарттық шақта реактивтілік қайтадан төмендейді.
Науқастағы реактивтілікке жауап түрін анықтаңыз, жауапты негіздеңіз.
Топтық реактивтілік - жас пен жыныс ерекшеліктеріне байланысты ағзасының қорғану бейімделушілік мүмкіндіктерінің әртүрлі болуын айтамыз.
1-гиперергиялы, жедел, айқын симптомдармен өтеді.
2-норма
3-гипоергиялы, созылмалы, айқын симптомдарсыз;
Организм реактивтілігі мен төзімділігіне анықтама беріңіз.
Реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарының әсеріне тұтас орг-ң, жекелеген ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп жауап қайтару қасиеті.
Резистенттілік – ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы.
Науқастардағы жауаптың түрін анықтаңыз.
Топтық реактивтілік - жас пен жыныс ерекшеліктеріне байланысты ағзасының қорғану бейімделушілік мүмкіндіктерінің әртүрлі болуын айтамыз.
Реактивтіліктегі жастың маңызын анықтаңыз.
Балалық шақтағы реактивтіліктің төмен болуы себебі:
Сыртқы ж/е ішкі биологиялық тосқауылдардың толық жетілмеуі;
Жүйке ж/е эндокриндік жүйелердің жетілмеуі;
Иммундық жүйенің толық жетілмеуі;
Ересек жастағы реактивтіліктің жоғары болуы себебі:
Жүйке жүйесі толық дамыған;
Тосқауылдық жүйелердің жетілуі;
Иммундық ж/е басқа қорғану мүмкіншіліктерінің жақсы жетілуі;
Қарттық шақтағы реактивтіліктің төмендеу себебі;
Икемделу-бейімделу жүйесінің тез қалжырауы;
Иммундық жүйесі жеткіліксіз;
Тосқауылдық қасиеті төмендеген;
№ 8 есеп.
Химиялық өндірістің бірінен шыққан қалдықтың құрамына кіретін уытты заттың жасушаларда цитохромоксидазаны тежейтін әсері токсикологиялық зертханада зерттелді. Ол затты қалыпты эпителий жасушаларының монокультурасына улы әсер ететін мөлшерінде енгізді. Жасушаларда бүліністік белгілерді әрбір 30 мин. сайын 3 сағат бойы бағалады. 3 сағаттан соң жасушалардың 85% тіршілігін жоғалтқаны байқалды.
Жасуша зақымдануына анықтама беріңіз, жасушаның жіті зақымдану сатыларын көрсетіңіз.
Ж асуша зақымдануы – эндогендік н/е экзогендік факторлардың әсерінен жасушада болатын қайтымды ж/е қайтымсыз өзгерістер. Зақымдаушы фактордың әсері бейспецификалық өзгерістер парпанекроз некробиоз некроз.
Жасушадағы дерттік өзгерістердің бірізділігін және олардың патогенезін келтіріңіз.
Уытты заттар(цианидтер)
М итохондрияны зақымдау
Тотығудан-фософрланудың тежелуі Цитохромоксидаза ферментінің тежелуі
АТФ Са2+-ң цитоплазмаға шығуы О2-ң активті форм-ң көбеюі
Са2+-АТФ-аза-ң қызметінің бұзылуы МАТ
Са2+ цитозольде жиналуы
Фосфолипаза ж/е басқа да Са2+ - тәуелді протеаза-
лардың активтенуі
мембрана фосфолипидтерінің ыдырауы
мембрананың тұтастығының бұзылуы
некроз
Эпителий жасушаларының қайтымды белгілерін көрсетіңіз – жасуша көлемінің аздап ұлғаюы, жасуша сыртында лактаттың жиналуы.
Эпителий жасушаларының қайтымсыз белгілерін көрсетіңіз – ядроның ыдырауы, митохондрий құрылымы бұзылуы.
Есеп №9
Гемолиздік анемияны эксперименттік жолмен үлгілеу үшін тышқандарға фенилгидразин енгізілді, ол жасушаларда бос радикалдық тотығуды ынталандырады. Фенилгидразинді енгізгеннен жарты сағат өткен соң тышқандардың қанында эритроциттердің саны азайғаны, бос гемоглобин және метгемоглобин болуы байқалды.
Жасушаның жіті зақымдану сатыларын көрсетіңіз
Зақымдаушы фактордың алғашқы спецификалық әсері
Жасушаның бейспецификалық реакциясы
Паранекроз
Некробиоз
Некроз
Жасушадағы дерттік өзгерістердің бірізділігін келтіріңіз.
Фенилгидразин
Бос радикалдардың пайда болуы
МАТ артуы
М ембрана тұтастығының, канал-насостардың қызметінің бұзылуы
Ж асуша ішінде Na+, Ca2+, H+ иондарының көбеюі
Лизосомалық ферменттердің активтенуі
Ядро мембранасы зақымдануы Митохондрия мембранасы зақымдануы
Г ендік ақпараттың зақымдануы, ТФ-ң ажырауы Са2+-ң цитозольге шығуы
ақуыз ж/е ферменттердің түзілуі
бұзылады АТФ
Жасуша мембранасының қайтымсыз өзгерістері
Некроз
Қанда бос гемоглобиннің пайда болу патогенезін көрсетіңіз.
Фенилгидразин
МАТ артуы
Мембранасының бұзылысы, тесіктердің пайда болуы
Жасуша ішіне Na+,H+ иондарының енуі
Na+ ионы өзімен су мол-н алып кіру
Эритроциттер ісініп, шар тәрізді болуы
Нв қанға өтіп, Нв-емия, эритроцит ыдырап, гемолиз
Тіндік гипоксия
Қанда метгемоглобиннің пайда болу патогенезін көрсетіңіз.
Фенилгидразин
Нв-дегі Fe2+-ні тұрақты Fe3+-ке тотықтыру
М етгемоглобин(Нв-ң патологиялық туындысы, О2-мен берік бай-п, оны тіндерге тасу қызметінен айырылған)
Тіндік гипоксия Эритроцит-ң фенилгидразин әсерінен гемолизі, мет-Нв-емия.
Есеп № 10.
Келесі көрсеткіштер негізінде зақымданған жасушалар түрін анықтауға бола ма? Қан плазмасындағы калийдің мөлшері – 5,5 ммоль/л (нормасы 3,5-5,0 ммоль/л), АСТ және АЛТ деңгейі жоғарылаған, зәрде миоглобин анықталған.
Калийдің қандағы мөл-ң көбеюі жасушалардың көптеп ыдырауынан болады.
Жасуша мембранасы зақымдануының патогенезін атаңыз.
Зақымдаушы фактор(эндо-, экзогендік)
Мембр-ң еркін радикалды тотығуы, антиоксиданттық жүйенің тежелуі
МАТ
Ф осфолипаза, липаза, Са2+-тәуелді протеазалардың активтенуі
Мембрана фосфолипидтерінің ыдырауы
М ембранадағы тесіктер, канал-насостардың қызметінің бұзылысы
Жасуша ішіне Na+, H+ иондарының еніп, жасушаның ісінуі
Л изосомалық ферменттердің активтенуі
Митохондрия мембранасының зақымдануы
ТФ-ң бұзылуы, АТФ азаюы Са2+-ң цитозольге шығуы, жиналуы
Жасуша мемб-ң қайтымсыз зақымдануы
Иондық дисбаланс, ферменттердің қанға өтуі
Жасуша некрозы.
Патогенездің даму жолдары:
Мемб-ғы еркін радикалдың тотығуы, МАТ;
Фософлипаза, липаза, протеаза, ферменттерінің артық әсерленуі;
Мембр-ң механикалық(осмостық) бүліністері;
Иммундық (аллергиялық) әсерлерден;
Жасуша мембранасы зақымдануының салдарын көрсетіңіз.
Жасуша мембраналарының зақымдауынан пайда болған иондық дисбаланс жасуша ішілік орг-ң зақымдануына алып келеді, одан жасуша зақымдануы өрши түсіп, соңында некрозға соқтырады.
Қанда АЛТ, АСТ, миоглобиннің пайда болу ы қай жасушалардың зақымданғанын көрсетіңіз.
Миоглобин барлық миоциттерде болатын күрделі ақуыз, митохондрияға жақын орналасыда, О2-ні Нв-дан қабылдап, митохондрияға тасымалдайды. Оның қанда пайда болуы б.е.-ң зақымдалғанын көрсетеді.
АЛТ ж/е АСТ бауыр, бүйрек, жүректе активті қызмет атқарады, АҚ-ң амин топтарын тасымалдайды. Олардың қанда пайда болуы осы мүшелердің зақымдалғандығын білдіреді.
Эритроциттер, кардиомиоциттер цитолизінің маркерлерін келтіріңіз.
Эритроцит цитолизінен қанда Нв, ЛДГ1 ж/е эритроцит қалдықтары – көлеңке эритроцит көбейеді.
Кардиомиоциттер цитолизінен қанда ЛДГ1, КФК2, миоглобин, АСТ, АЛТ мөлшері артады.
Есеп № 11.
Аурудың алдын алу мақсатында пациент емханаға келді. Шағымы жоқ, қарап тексергенде қандай да бір дерттік ауытқулар анықталған жоқ. Қорытынды шешім қабылдау үшін қаны мен зәрін тапсыруға клиникалық зертханаға жолдама берілді. Зертханада дәрігер лаборант эритроциттерінің айқын гемолизін анықтады, қан жағындысындағы бұзылмаған эритроциттердің пішіні сфералық түрде болды. Істің мән жайын анықтау барысында белгілі болғаны қан алу кезінде оны сұйылту үшін натрий хлоридінің гипотониялық ерітіндісін қолданған.
Жасуша мембранасы зақымдануының патогенезін атаңыз. Алдыңғы есепте.
Науқаста эритроцит ыдырауының патогенезін көрсетіңіз.
Г ипотониялық ерітінді
П лазмада осмостық қысым , эритроциттердегі осмостық қысым одан жоғары
Пламзмадағы сұйықтықтың эритроциттерге енуі
Эриторциттердің ісінуі, мембранасынының жыртылуы
Гемолиз
Эритроциттер не себепті шартәрізді күйге айналды?
Судың эритроцит ішіне көптеп енуіне байланысты.
Жасуша зақымданғандағы бейімделу тетіктері (10-нан кем болмасын):
Анаэробты гликолиздің артуы;
ТФ-ға қатысатын ферменттердің активтенуі;
Митохондрия гипертрофиясы;
АТФ тасымалына қатысатын ферменттердің активтенуі;
АТФ энергиясын пайдаланатын ферменттердің әсерленуі;
Жасушаның энергияға деген мұқтаждығын азайта тоырып, қызметін шектеуі;
Энергияның қатысуымен өтетін процесстер тежелуі;
Микросомалық ферменттердің белсенденуі;
Интерферондардың активті синтезі;
Буферлік жүйелердің активтенуі, ҚСҮ қалыпқа келуі;
Антиоксиданттық жүйенің активтенуі;
ДНҚ-ң активті репарациялануы;
Зақымдалған бөлшектердің қалыпқа келуі;
Есеп 12.
Училищені жақында тәмамдаған және жұмысқа енді қабылданған биіктікте жұмыс жасайтын жұмысшылар жұмыс мезгілінде гормондық құрамын тексертуге келісті. Жас жұмысшыларда жұмыс жасайтын биіктік артқан сайын қанда катехоламиндер мөлшері 2-3 есе артты. Жұмыс өтілі артқан сайын бұл құбылыс аз айқындалды.
Жұмысшыларда қандай синдром дамыды?
Адаптациялық синдром – қоршаған ортаның кез-келген қолайсыз әсерлеріне организмнің арнайыланбаған бірбеткей серпілістермен жауап қайтаруымен көрінетін, оның қорғану-бейімделу мүмкін-ң жаңа деңгейде қалыптасуы.
қанда адреналин, глюкокортикоидтардың көбеюі синдромның қай сатысына сәйкес келеді? Қанда бұл гормондардың көбею патогенезін түсіндіріңіз.
Соққы кезеңі глюкокортикоидтардың тез синтезделуімен бай-ты, бұл кезде катаболикалық процесстер қарқынды жүруінен метаболизмнің жоғары болуынан глюкокортикоидтардың тіндерде жеткіліксіздігі байқалады, осыдан гипотермия, гипогликемия, гипотензия, б.е. әлсіздігі байқалады. Соққыға қарсы кезеңінде адреналин көптеп өндіріліп, анаболикалық процесстер артып, АҚ ж/е б.е. тонусы көтеріледі, гипергликемия байқалады. Содан бүйрек үсті безінің қыртысты қабатында синтездік процесстер артып, резистенттілік кезеңі басталады, кортикостериодтардың мөлшері артады, глюконеогенез күшейеді, глюкокортикоидтардың жоғары мөлшері организмнің бейімделу мүмкіншіліктерін ең жоғары деңгейге көтереді.
Жұмыс өтілі артқан жұмысшыларда гормондық жағдайы өзгеруі синдромның қай сатысына сәйкес келеді? Берілген синдромның патогенезі қандай?
Экзогендік фактор ұзақ әсер еткен кезде бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты семіп қалып, глюкокортикоидтардың мөлшері азайып, организм резистенттілігі төмендейді, АҚ ж/е температура төмендейді, белоктардың ыдырауы басталады. Қалжырау кезеңі.
Берілген синдромның дамуының организм үшін маңызы қандай?
Стресс организм үшін маңызы – қоршаған ортаның өзгерістеріне тез бейімделуін қамтамасыз етіп, жоғары резистенттілікті, қорғану мүмкіншішілктерін іске қосады. Бірақ қалжырау кезеңі де болатын болса, организм жұқпалы емес аурулармен ауырауы мүмкін.
Есеп 13.
Науқас Т., 29 жаста, қол саусақтары, денесінің алдыңғы бөлігі мен беті 2-дәрежелі күйікке шалдықты. Зақымдану аймағы 30%. Науқас қозу жағдайында, айқын ауыру сезімі, қалтырау, дене қызымының көтерілуі байқалды. Қарап тексергенде: есі сақталған, есі бұзылмаған, кеңістік пен уақытты бағдарлайды. АҚ 150/90 мм с.б. 15 минуттан соң АҚ 90/60-қа дейін төмендеді, есі тежеле бастады.
Науқаста қандай жағдай дамыды?
Күйіктік сілейме – нейроэндокринді реттеу механизмінің, микроциркуляция мен зат алмасуының ауыр бұзылыстарының нәтижесінде пайда болатын организмнің маңызды функцияларының қатты тежелуімен көрінетін ауыр патологиялық үрдіс.
Алғашқы 15 минутта клиникалық көрінісі берілген жағдайдың қай сатысына сәйкес келеді? Осы сатының даму патогенезін түсіндіріңіз.
Қызбаланыстық сатысы.
Жоғары температурадан болатын күйік
Ағзадағы барлық(тағы ноцицептік) рецептордың қозуы
О ЖЖ-ң қозуы, стресс дамытатын жүйенің(гипоталамус, гипофиз, бүйрек үсті безі) қозуы, стресс шектейтін жүйенің(ГАМҚ-ергиялық, опиодергиялық) тежелуі
С тресс-реакция
Г иперкортикостероидемия, гиперкатехоламинемия
Қ .т.-ң қатты жиырылуы,АҚ , фосфолипаза, липаза, т.б.
Т , тахикардия, қан айналымның ферменттердің активтенуі
орталықтануы МАТ әсерленуі
мембр-ң рецепторлық, канал- лизосома мем-ң митохондрия мем-ң
н асостық функ-ң бұзылысы. бұзылысы бұзылысы
гидролаза-ң тіндерді ТФ ажырауы, АТФ
ыдыратуы
15 минуттан кейін клиникалық көрінісі берілген жағдайдың қай сатысына сәйкес келеді? Осы сатының даму патогенезін түсіндіріңіз.
Сілеймелік сатысы.
Ж асушалардың рецептор-ң конформациялық өзгерістері.
Ағза мен тін-ң жүйкелік-эндокр-к рет-ң бұзылуы.
ОЖЖ-да серпіліс берілудің тежелуі Жүрек б.е.-ң тонусы , Өкпеде газ алмасу,
перфузия бұзылады
Т ыныс ж/е жүрек-қ.т. орт-ң тежелуі қан айналым бұзылысы
Қ .т. кеңейіп, өткіз-і гиповолемия
Гипотензия
А Қ ,гипоксия,Т
Мида тыныс алу, жүрек-қ.т. орт-ң салдануы
Өлім
Патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.
Ауру сезімін анестетик, антидепрессанттармен басу, миға көп серпініс түсуін тоқтату;
Антиоксиданттарды қолданып(глюкокортикоидтар, анаболикалық гормондар, ретаболил), МАТ-н тежеу;қан айналымды ж/е тынысты реттеу(сұйықтық құю), АҚ көтеру(адреналин, ангиотензин), гипоксияны емдеу(карбоген - 95% - О2, 5% - СО2);
Зат алмасуды емдеу(витаминдер – А,В,С,Е), мет.ацидозды емдеу – гидрокарбонаттар;
Тыныс ж/е қ.т.-ң орталығын әсерлендіретін дәрілер – лобелин, цититон, кофеин.
Есеп 14.
Науқас Д., 24 жаста, қантты диабетпен ауырады, инсулинді енгізген соң есінен танды. Рефлекстері жойылған.
Науқаста қандай жағдай дамыды?
Гипогликемиялық кома дамыды.
Берілген жағдайдың даму сатыларын көрсету.
Нейрондарда энергия көзі ретінде пайдаланылатын жалғыз зат – глюкоза. Оның жеткіліксіздігінен оларда энергия тапшылығынан, мидың функциясы бұзылып, естен тану болады.
Глюкозаның жасушада тапшылығынан нейрон зақымдану патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру.
А ртық мөлшердегі инсулин гипогликемия глюкозаның нейрондарға аз мөлшерде түсуі субстратты гипоксия БТ ж/е ТФ тежелуі АТФ син-ң азаюы нейрондардың зақымдануы кома
Берілген жағдайда нейрондардың осмостық зақымдануы бар ма? Жауапты негіздеу.
Глюкоза осмогенді молекулаларға жатады. Оның қандағы мөлшері азаюынан, қанның осмостық қысымы азайып, нейрондардағы салыстырмалы жоғары осмостық қысым әсерінен олардың ішіне көптеп су кіріп, олар ісініп, зақымданады.
Есеп № 15
Ұзақ уақыт тұщы сусыз жерде қалған науқас жансақтау бөліміне ес-түссіз жеткізілді. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары құрғақ, серпімділігі төмен. Зертханалық мәліметтер: гематокрит 0,48л/л (қалыпты 0,35-0,45 л/л), натрий – 160 ммоль/л (қалыпты 135-150 ммоль/л), калий 6 ммоль/л (қалыпты 3,5-5, 5 ммоль/л), нормогликемия.
Науқаста су-электролит алмасуының қандай түрі дамыды?
Гиперосмостық гипогидротация, гипернатриемия, гиперкалиемия.
Науқаста су-электролит алмасуы бұзылыстарының патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.
Судың тапшылығы судың электролиттерге қарағанда орг-нен артық шығарылуы жасуша сыртында судың азаюы оның осмостық қысымы артуы жасуша ішіндегі судың сыртына шығуы жасуша сусыздануы гипоксия мет.ацидоз тері, шырышты қабат құрғауы, қызу көтерілуі, қатты шөлдеу сезімі кома(сана-сезімнің болмауы).
Анықталған клиникалық-зертханалық өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
Жасуша сыртында судың азаюы осмостық қысымы артуы жасуша ішінен сыртына су мен натрий ж/е калий иондары шығуы қанда натрий мен калийдің көбеюі. Гематокрит – қанның барлық форм-қ элем-ң қанның жалпы көлеміне қатынасы. Жасуша сыртында су азайғандықтан қанда да гиповолемия болады, ал гематокрит салыстырмалы түрде жоғарылайды.
Патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз.
Денеге қанша мөлшерде су жетіспейтін болса, СТ = 0,6 * дене массасы(кг) * (1-140/натрийдің қан плазмадағы деңгейі – формуласымен есептеп, су құю керек.
Гипернатриемияны емдеу үшін көктамырға физ.ер-і н/е 5% глюкоза ер-н жібереді.
Гиперкалиемияны емдеу үшін инсулин қосылған глюкоза ер-н(сыртынан ішке кіргізеді), CaCl2 көктамырға енгізу(калийдің жүрекке әсерінен сақтау), натрий бикарбонатын қолдану, зәрайдағыштарды, әлдостерон дәрілері қол-ды.
Есеп № 16
42 жасар науқасқа ауруханада «декомпенсация сатысындағы миокардиодистрофия» аңғарымы қойылды. Қарап тексергенде: амалсыз отырған қалыпта, ентігу, цианоз, аяқтарының ісінуі, плевра және іш қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры үлкейгені анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген. Диурез төмендеген. Қанда ренин, альдостерон мен натрий деңгейі жоғарылаған.
Науқаста су тепе-теңдігі бұзылысының қай түрі дамыды?
Жүректен шығатын қан көлемінің азаюына бай/ты ісіну.
Плевра мен іш қуысында сұйықтық жиналуы қалай аталады?
Гидроторакс ж/е асцит(іш шемені).
жүректік ісінудің даму тетіктерін келтіріңіз және патогенездің негізгі тізбегін көрсетіңіз.
Жүректік ісіну жүректің созылмалы ақауларында(ишемия, қақпақша дефектісі, эндокардит ж/е т.б.), қанның реологиялық қасиетінің өзгерістерінде(қан ұюыту жүйесінің ұюға қарсы жүйеден басым болуы), көктамырлардың эмболиясында(тромб, өспе тіні) пайда болады.
Жүрек жеткіліксіздігі
Веналық гиперемия жүректен шығатын қан
көлемінің азаюы
қ ылтамырда Р лимфа тамыр-ң бауырдың гипоксия бүйрек ишемиясы
спазмы мускатты циррозы
ацидоз ренин син-ң
лимфа ағу-ң альбумин син-ң
Қ.т. қабыр-ң Ангиотен-н ІІ
өткізгішітігі син-ң
капиллярішілік онк-қ Р
альдостерон
син-ң
І сіну
гипернатриемия
вазопрессин син-ң
артуы, судың кері сің-ң
Науқас организміне ісінудің маңызын бағалаңыз, патогенездік емін ұсыныңыз.
Ісіну біртектес дерттік үрдіс. Ісіну ошағынан қанда еріген улы токсиндерді, өспе жас-н, бактерияларды шығуынан аластатып, орг-ді сепсистен сақтайды. Науқас орг-ң жүрегіндегі ақаулармен күрес, көп жүрмеу, көп уақыт жату.
Есеп № 17
Науқас И., 5 жаста, бет аймағында ісіну байқалады, аралық және соңғы тәуліктік диурез 0,6 л, көрсетілген жағдайлар біртіндеп дамыды.
Ісінудің клиникалық түрін анықтаңыз.
Бүйректік ісіну: нефритке бай/ты.
Науқаста ісінудің дамуына қатысатын патогенездік жайттарды атаңыз.
РАЖ жүйесі арқылы альдостерон син-і артады,гипернатриемия болады, гипоталамуста вазопрессин син-і артады, судың кері сіңірілуі артып, ісіну болады.
Берілген ісіну түрінің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.
Н ефрит бүйрек қан айналымы бұзылысы,ишемия ренин син-ң артуы альдостерон син-ң артуы гипернатриемия вазопрессин син-ң артуы судың кері сіңірілуі артуы ісіну.
Науқас организміне ісінудің маңызын бағалаңыз, патогенездік емін ұсыныңыз. Гипернатриемиямен күрес, қабынуға қарсы препараттарды пай-у, зәр айдағыш-ы пай-у.
Есеп № 18
Науқас 52 жаста, бауыр жеткіліксіздігімен ауруханаға түсті. Қарап тексергенде: бауыр көлемі кішірейген, сипап сезгенде тығыз, көкбауыры және іші ұлғайған, перкуссияда іш қуысында бос сұйықтықтың жиналғаны анықталды.
Науқаста су тепе-теңдігінің қай түрі дамыды?
Бауырлық ісіну.
Іш қуысында сұйықтық жиналуы қалай аталады?
Асцит – іш шемені.
науқастағы ісінудің дамуына қатысатын патогенездік жайттарды атаңыз, негіздеңіз.
Жүрек ақауы, тромбоздардан бауырдың зақымдануы қан ақуыз-ң син-ң төмендеуі гипопротеинемия қылтамырішілік онк-қ қысым-ң төмендеуі ісіну. Бауыр циррозы кезінде альдостеронның бауырда ыдыратылуы болмастан, қанда жиналуынан альдостеронизм дамып, ісінуге үлес қосады.
Науқас тіні ісінуінің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.
Бауыр зақымдануы
Альбумин син-ң азаюы Альдостерон ыдыратылуы-ң төмендеуі
Қылтамырішілік онк-қ қысым-ң төмендеуі Альдостеронизм
Судың кері сіңірілуінің артуы
Ісіну
Есеп № 19
Науқас Д., 42 жаста, Африканың бір елінен ұзақ командировкадан келді. Бірнеше апта бойы қызымының ұстамалы қалтырауымен қысқа уақытқа көтеріліп қайта түсетінін айтады. Бірнеше уақыттан кейін дененің төменгі бөлімінде лимфа түйіндері, аяқтарында ісіну анықталды. Қарап тексергенде: аяқтарында айтарлықтай ісінулер, сыртқы жыныс ағзалары, терісі қызарған, сан аймағында, шап және ұмасын сипап сезгенде тері астында тығыз эластикалық тартылымдар анықталады.
Науқаста су тепе-теңдігінің қай түрі дамыды?
Қанның онкотикалық қысымы төмендеуіне бай-ты ісіну;
Науқастың ауру тарихын ескере отырып, науқастағы ісінудің дамуына қатысатын патогенездік жайттарды атаңыз.
Африка климаты ыстық болғандықтан, ол жерде командировкада жүргенде науқас қатты терлеген, терлеу нәтижесінде ағзадан тұздар(натрий, калий, хлор) көптеп шығарылған, тек су ішумен олардың мөлшері қалпына келмеген. Қанның гипоосмолялдығына бай-ты ісіну болған.
Науқас тіні ісінуінің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.
Жасуша сыртында натрий, калий, хлор ж/е т.б. тұздырдың азаюы, тіннің(қан) осмостық қысымы түсуі, тіннен жасуша ішіне судың көп енуі, ісіну. Қынның көлемі азайып, қоюланып, тромб түзілу қаупі жоғарылайды.
Науқас организміне ісінудің маңызын бағалаңыз, патогенездік емін ұсыныңыз.
Удың қанмен таралуына кедергі болады, ол тінге шығып, сонда ұсталып тұрады,орг-ң сұйық орт-да осм.қысым-ң тұрақтылығын ұстап тұрады, бүліну ошағынан қан мен лимфа ағымын шектеп, орг-ң уыттануын алдын алады, ісінулік сұйықпен бірге тінге бактериялар мен вирустарды ыдырататын заттардың(антидене, ферменттер) шығуы.
Глюкоза, натрий тұздарын көп енгізу, бүйрекпен натрийдің шыңуын шектеу(альдостерон).
Есеп № 20
Достарыңызбен бөлісу: |