«Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалдық сайысы Мақсаты



бет1/4
Дата20.05.2024
өлшемі24.84 Kb.
#501517
  1   2   3   4
«Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалдық сайысы


«Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалдық сайысы

Мақсаты:

  • Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Бәсекеде жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

  • Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және тілдер мерекесіне орай өткізілген мақал-мәтелдер сайысы негізінде ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорын молайту.

Қатысушылар: 6 «А»; 6 «Ә»; 6 «Б»; 6 «В» сынып оқушылары;
Балдық жүйе: Толық жауап – 10; Орташа жауап – 5; Төмен деңгейдегі жауап – 2.

Байқаудың барысы:
Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты білім сайысына қош келдіңіздер! Бұл білім сайысының мақсаты мектеп оқушыларының білім деңгейін жетілдіру. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Сондай-ақ білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

- Бүгінгі сайысымыз алты кезеңнен тұрады:
1 – кезең: «Шешендік өнер» айдары
2 - кезең: «Полиглот» кезеңі
3 - кезең: «Мақалдаймыз» кезеңі
4 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл» кезеңі

5-кезең: «TRUE-FALSE» айдары
6-кезең: “Talk like” айдары

1-кезең: «Шешендік өнер» Берілген сөздерді реттілігімен орналастырып, мақал-мәтелді құрастыру. Құрастырылған мақал-мәтелдің мағынасын ашып, көркем әдеби тілде түсіндіру.


Мақал-мәтелдер.

1.Тіл - достықтың алтын көпірі
2. Шебердің қолы — ортақ, Шешеннің тілі ортақ.

1. Өнер алды — қызыл тіл.
2. Піл көтермегенді, тіл көтереді.

1. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
2. Көп сөз — күміс, Аз сөз — алтын.

1. Тіл қаруы – сөз.
2. Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер.

1. Бал тамған тілден у да тамар.
2. Шешеннің сөзі — мерген, Шебердің көзі — мерген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет