ШҚО 2010 жылдың қаңтар маусымына агроөнеркәсіптік кешені дамуының негізгі көрсеткіштері Мал шаруашылығы



Дата24.02.2016
өлшемі55.8 Kb.
#15293
ШҚО 2010 жылдың қаңтар - маусымына агроөнеркәсіптік кешені дамуының негізгі көрсеткіштері

Мал шаруашылығы.

Республика бойынша біздің облыс сүт және жұмыртқа өнімдерін өндіруде екінші, ет өндіруде үшінші орын алады. Облыста сүт және етті мал шаруашылығы, қылшық және биязы жүнді қой шаруашылығы, жүнді ешкі шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, құс шаруашылығы, бұғы шаруашылығы және ара шаруашылығы дамыған. Облыста барлығы 50 сүт-тауарлы фермалар мен 180 ірі қара мал бордақылау алаңы бар. Ағымдағы жылы 12 ірі қара мал бордақылайтын алаң және 2 сүт-тауарлы ферманы іске қосу жоспарланған. Облыстың асыл тұқымды мал өсіретін зауыттары мен шаруашылықтары 645 ірі қара мал, 23289 бас қазақтың қылшық жүнді қойын, 9900 бас қазақтың ұяң жүнді қойын, 1100 бас биязы жүнді қойын, 485 бас «джабе» қазақ жылқысын және зауыттың кабинский типін, 2619 мың инкубациялық жұмыртқа сатуды жоспарлап отыр. Асыл тұқымды мал өнімін сатқаны үшін асыл тұқымды мал шаруашылықтары республикалық бюджеттен әрбір өткізілген тірі салмақтағы 1 кг. үшін асыл тұқымды төлге 100-150 теңге субсидия алады. Асыл тұқымды малды өткізуге мемлекеттік көмектен басқа сүт, сиыр етін, шошқа және құс, жұмыртқа және биязы жүнді өткізуге ірі және орта тауарлы мал шаруашылықтарына субсидия төленеді. 2009 жылы республикалық бюджеттен облыс шаруашылықтарын субсидиялаудың бұл түрі 2 313 млн.теңгені құрайды. Облыста өнеркәсіптік құс шаруашылығымен 6 құс фабрикасы айналысады. Оның 3-і бройлер етін өндірумен, 2-і ас жұмыртқаларын өндірумен және 1-і бройлерлерді әрі қарай өсіру үшін жұмыртқа өндірумен айналысады. Бұл құс фабрикаларында құс етін өндірудің жылдық көлемі – 16 мың.тонна, жұмыртқа – 206 млн.




2. Өсімдік шаруашылығы.

Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізгі саласы және өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру үшін негізінен мәдени өсімдіктерді өсіреді. Бұл сала халықты азық-түлікпен, мал шаруашылығын мал азығымен қамтамасыз етеді.  Ылғал ресурстарын сақтау технологиясын қолдану жылдан жылға артып келеді. 2008 жылы 137,5 мың. га болса, 2009 жылы 191,3 мың. га өңделетін болады. Ол 34%-ды құрайды. Астық шаруашылығы – облыстың ауыл шаруашылығындағы ең ірі сала. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық алқаптардың 10% аумағын алып отырған облыс елде өндірілетін барлық астықтың 4%-ын өндіреді. 2008 жылы өсімдік шаруашылығын дамытуға әртүрлі қаржыландыру көздерінен 3,7 млрд. теңге жұмсалды. Өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен сапасын арттыруға, көктемгі егіс және егін жинау кезінде жанар-жағар май және басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2008 жылы тауар өндірушілерге республикалық бюджеттен 1624 млн. теңге бөлінді. Суармалы жерлердің тиімділігін арттыру мақсатында облыста 24 ауылдық су пайдаланушылар кооперативі құрылды. Оның құрамына 936 шаруашылық құрылымы кірді және олар 27 мың га егіс алқабына қызмет көрсетеді. 2008 жылы су жеткізу қызметі құнын субсидиялауға республикалық бюджеттен 29,6 млн. теңге бөлінді Облыста 205,2 мың га суармалы жер бар, оның ішінде 60,8 мың га пайдаланылады. Суармалы жерлердің тиімділігін көтеру үшін 3 объектідегі суару жүйелерін қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 295,1 млн. теңге бөлінді.




3. Картоп және көкөніс шаруашылығы.

Облыста 2008-2009 жылдары өңірлерді жеміс-көкөніс өнімдерімен молықтыру бойынша Өңірлік бағдарлама әзірленді және бекітілді. Өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру және Өскемен және Семей қалалары төңірегінде картоп-көкөніс белдеулерін құру мақсатында облыстың аудандық және қалалық әкімдіктері 2009 жылы өндірістік жұмыс бағдарламаларын құрды. Аталған бағдарламаға сәйкес, 2008 жылмен салыстырғанда биылғы жылы картоп өндіру көлемі 60 мың тоннаға (310,0 мың тонна), көкөніс 25 мың тоннаға (177,0 мың тонна) және бақшалық дақылдар 10 мың тоннаға (40,0 мың тонна) артады. Жедел мәліметтерге қарағанда жалпы облыс бойынша картоп егістігі 2,5 мың га (23,8 мың га), көкөніс 0,8 мың га (8,4 мың га) артты. Картоп және көкөніс дақылдарының шығымдылығын көтеру үшін облыстың шаруашылықтары 1821 тонна минералдық тыңайтқыш сатып алды, оның ішінде 640 тоннасы субсидияланды. 2009 жылғы астыққа 275,5 мың тонна органикалық тыңайтқыш қолданылды. Тұқым қорын жақсарту үшін облыстың шаруашылықтары өз қаражаттарына 2,0 мың тонна картоп тұқымын сатып алды, оның ішінде аудандастырылған бірінші репродукциялы 1,5 мың тонна «Невский» сұрпы бар. «Аса зиянды организмдермен күрес» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен биылғы жылы облыста 3200 га картоп  және көкөніс егістігі аумағында колорадо қоңызына қарсы дәрілеу жүргізу жоспарланып отыр.


4.Мелиорация.


Облыста 205,2 мың.га суармалы жер бар, оның 114 мың га ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бекітілген. Мына аудандарда ең үлкен  суармалы жерлер бар: Зайсан 28,5 мың га, Күршім – 20,0 мың га, Тарбағатай – 28,8 мың га, Үржар - 43,2 мың га, Семей қаласы – 18,3 мың га, Бесқарағай – 17,1 мың га. Суармалы жерлерде негізінен астық дақылдары өсірледі. Соңғы үш жылда орта есеппен алғанда олардың үлесі 21 мың га дейін, күнбағыс 5,0 мың га, картоп 9,6 мың га, көкөніс 4,0 мың га, жем 7,0 мың.га. Облыс бойынша соңғы жылдарда астықтың орташа өнімділігі 13,4 ц/га, жалпы өнім жиынтығы 28,3 мың тонна, күнбағыс өнімділігі 9,0 ц/га, жалпы өнім 4,5 мың  тонна, картоп өнімділігі 136,3 ц/га, жалпы өнім 131,1 мың тонна, көкөніс өнімділігі 123,5 ц/га, жалпы өнім 67,5 мың тонна. Соңғы үш жылда суармалы жердің орта есеппен алғанда 58-60 мың га пайдаланылады, бұл барлық суармалы жердің 30% құрайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары бойынша Комитеті 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджеттің суару жүйесі бойынша мына инвестициялық жобалар келісілді: 2009 жылға – 295,0 млн.теңгеге 3 жоба; 2010 жылға – 621,99 млн.теңгеге 7 жоба; 2011 жылға – 1699,17 млн.теңгеге 4 жоба .




5. Қайта өңдеу өнеркәсібі.

Облыстық бюджеттен қаржыландырылған 10 қайта өңдеу кәсіпорнында 2008 жылы техникалық жаңалау және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша жаңа өндірістерді ұйымдастыру өткізілді. Ауылдық тұтыну кооперативтері жүйелерін құру бойынша жұмыс жалғасуда. 2006 жылдан бастап облыста 12 кооператив құрылды, олар өңдеудің мына салаларын: ет, көкөніс, күнбағыс майын, жүнді қамтиды. «Аграрлы кредиттік корпорация» АҚ арқылы ауылдық тұтыну кооперативтерін құруға 752 450 мың теңге қаржы бөлінді. 9001 ИСО Сериялы сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Облыста бұл жүйе 13 кәсіпорында енгізілген, 10 кәсіпорын әзірлеу және енгізу үстінде. Одан басқа, облыстағы қайта өңдеу өнеркәсібін әрі қарай дамыту үшін «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өңдеу және орналастыру бойынша вертикалды-интеграцияланған құрылым құру» (Өскемен зауытын жөндеу) жобасын іске асыру жалғасуда.  Бұл жоба республикалық жобалар қатарына енді.




6. Механизация.

Ағымдағы жылы облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары 2780 млн. теңгеге 523 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды, оның ішінде «КАФ» АҚ арқылы 209 техника жеткізілді, 2007 жылмен салыстырғанда 700 млн.теңгеге артық. Жаңа үлгідегі жоғары өнімді техникалардың үлесі  біршама ұлғайды, бұл ылғал сақтау технологиясы бойынша егілетін егістік аумағын 200 мың га-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.


2008 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының озық тәжірибелерін тарату мақсатында:- ауыл шаруашылығы техникасының жаңа үлгілерінің екі тұсаукесері;-өсімдік шаруашылығында минималды технологияны қолдану проблемалары бойынша екі семинар;- жеткізуші фирмалармен бірлесіп, үш қазіргі заманға сай техникалар көрсетілді;- ауыл шаруашылығы техникасының екі облыстық көрме өткізілді;- республикалық «Егістік күні» және «АгроПродЭкспо-2008» көрмесіне облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары жетекшілерінің сапары ұйымдастырылды.


7. Қаржы институттары.

Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысында 17 ауылдық кредиттік серіктестік құрылды және жұмыс атқаруда. 2009 жылдың 1 қаңтарында ауылдық кредиттік серіктестіктер саны 500-ден асты және оның құрамына енуге ниет білдірушілер саны өсуде. Барлық құрылған АКС –ның жарғылық капиталы 494,4 млн. теңгені құрайды, бұл оның құрылтайшыларының сұраныстарын толық қамтамасыз ете алмайды. Қазіргі кезде облыста «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ қатысуымен 5 шағын кредиттік ұйым бар, олар 11 ауылдық аудандарға қызмет көрсетеді.


Шағын кредиттік ұйымдардың құрылуыауыл халқына өздерінің бизнес-бастамаларын жүзеге асыруда нақты және қаржылық-экономикалық көмек берді. ШКС жұмыс істеген 2007-2008 жылдары мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын және қайта өңдеу өнеркәсібін және шағын бизнесті дамытуға 1167 қарыз алушыға 368,7 млн.теңгеге шағын кредит берілді. Шағын кредит берудің озық тәжірибелері 2 ШКҰ-нің Қазақстанның шағын қаржылық ұйымдары  Ассоциациясына кіруге мүмкіндік берді.
Құрылған 5 ШКҰ облыстың ауылдық халқын толық қамти алмайды, себебі көп елді мекендер шалғай орналасқан. «Жол картасын» іске асыру аясында, жоғарыда аталған проблемаларды шешу 2009 жылы Тарбағатай, Аягөз, Күршім аудандарында қосымша 3 ШКҰ және 2010 жылы Зайсан, Бородулиха аудандарында 2 ШКҰ құруды қажет етеді.

 

Бастықтың орынбасары Н. Нұрғалиев 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет