ШҚо білім басқармасының «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» кмм



бет4/6
Дата23.02.2016
өлшемі3.18 Mb.
#5112
1   2   3   4   5   6

12 желтоқсан

қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туғанына 85 жыл (1928-2008)
Шыңғыс Айтматов (қыр. Чыңгыз Төрөкулович Айтматов, орыс. Чингиз Торекулович Айтматов; 1928 ж. желтоқсанның 12 Шекер, Қырғыз АКСР — 2008 ж. маусымның 10, Нүрнберг, Алмания) — ойшыл гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты.

Шыңғыс Айтматовтың бүкіл шығармашылығы мен өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәмиладан» бастап, әлемге танымал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Жанпида» сияқты барлық шығармаларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қырғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді. Жазушының өзі де қазақ ауылымен іргелес, қоныстас жерде туып-өскен. Әкесі Төреқұлды Тұрар Рысқұлов қолынан жетектеп жүріп, Ташкентке оқуға түсірген. Кейін қырғыздың көрнекті қоғам қайраткері болған, 1938 жылы «халық жауы» ретінде атылып кеткен Төреқұл Айтматов Т. Рысқұловтың тікелей тәрбиесін көрген шәкірті болған.

Мұхтар Әуезовті өмір бойы пір тұтып өткен жазушы жазып жатқан жаңа шығармасын Жуалы топырағынан бастамақ болған еді. Қазақстандағы БТА банктің құрметті президенті болып тағайындалған. Жазушының кандидатурасын жақында түркітілді елдердің мәдениет министрлерінің кеңесі (ТҮРКСОY) түрік әлемі­нің атынан Нобель сыйлығына ұсынған-ды. Және Ш. Айтматов түркі әлемінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ТҮРКСОY тағайындаған халықаралық көрнекті сыйлықтың тұңғыш лауреаты атанған.

2008 жыл Қырғызстанда Айтматов жылы болып жарияланғаны белгілі. Осы жылдың желтоқсан айының 12-де 80 жасқа толатын жазушының мерейтойы халықтық мереке ретінде тойланбақ еді. Жоғарыда айтқан ТҮРКСОY сыйлығы осы 80 жылдық мерейтойына орай тапсырылмақ еді. Тағдыр оны кемеңгер жазушыға тірі көруді жазбапты.

2008 жылы маусымның 10 күні «Адамзаттың Айтматовы» атанған Айтматов 79 жасында Алманияның Нүрнберг қаласындағы ауруханада бүйрек ауруынан қайтыс болды. Жазушының мүрдесі маусымның 14 Бішкек 10 км маңындағы Чон-Таш (Шын-тас) ауылындағы «Ата-Бейіт» мемориалды-мұражай кешеніне қойылды.
Әдебиеттер:
Айтматов Ш. Ғасырдан да ұзақ күн: Роман, повесть.-Алматы: Атамұра,2005.-312 бет.

Айтматов Ш. Жан пида: Роман/орыс тілінен ауд. Ш.Мұртазаев.-Алматы:Жалын,1988.-480 бет.

Айтматов Ш.Тырналар ерте келгенде/ауд. Әбіш Кекілбаев.-Алматы:Жалын,1977.-128 бет.

Айтматов Ш. Плаха: Роман.-Алма-Ата:Жалын,1987.-576 с.

Айтматов Ш. Буранный полустанок (И дольше века длится день...):роман.-М.:Сов.Писатель,1984.-304 с.

Айтматов Ш. Первый учитель:Повесть.-М.:Дет.лит,1984.-93 с.,илл.



1 қаңтар

Қазақстан Республикасының халық суретшісі,

Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбілхан Қастеевтің туғанына 110 жыл (1904-1973)
Әбілхан Қастеев 1904 жылдың 1 қаңтарында Талдықорған облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында кедей малшының отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол байдың жалшысы болады. Жаркент қаласында, кейіннен Түріксіб теміржол құрылысында жұмыс істейді. Ол сол кездің өзінде үнемі сурет салып, өзінің дарыны мен шеберлігінің арқасында айналасындағыларды таң қалдырады. 1929 жылы тағдыр оны Алматыға алып келіп, екі жылдай Н.Г. Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алады.

Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы сан қырлы. Ол Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Амангелді Иманов, тағы да көптеген қазақ халқының ұлы тұлғаларының портреттеріне бірнеше рет тоқталды. Акварельмен жазылған пейзаждары және кескіндемелік шығармалары топтамаларының мазмұны терең. Әр кезеңде салынған: «Қазақстан жерінде», «Тың туралы», «Республикамыздың жері мен елі», «Бесжылдық құрылысы», «Қазақстан байлығы» атты туындылары еліміздің көркем шежіресіне айналды.

Суретші 1973 жылы 2 қарашада Алматыда қайтыс болды.

Оның есімі республикамыздың көшелері мен мектептеріне, мұражайларына берілді. Солардың ішінде Шымкент көркемсурет училищесі, Жаркент қаласындағы өнер мұражайы, тағы басқалары бар. 1976 ж. Алматыда жаңадан ашылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайында ерекше жаратылған қылқалам шеберінің шығармашылығына арналған мемориалдық зал ашылды. 1984 ж. Мемлекеттік өнер мұражайына Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. Оның туындылары Қазақстанның көптеген ірі мұражайларында, сонымен қатар Ресей, Украина және Қырғызстанда, алыс және жақын шетелдердің жеке жинақтамаларында сақтаулы.



Танымал туындылары: «Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті.
Әдебиеттер:
Әбілхан Қастеев.Альбом.-Алматы:Өнер,2004.-160 бет.

Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009.-290-292 бет.

Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.- Б.389

Изобразительное искусство Советского Казахстана:Альбом/Сост. И.П.Юферова, авт.вст. ст. Б.К.Барманкулова.-Алма-Ата:Өнер,1989.-264 с., илл.(на каз ., рус., англ. яз)






27 қаңтар

жазушы Павел Петрович Бажовтың туғанына

135 жыл (1879 – 1950 гг.)
Әдебиеттер:
Бажов П.П. Малахитовая шкатулка:Сказы.Кн.1.-Алматы:Жазушы,1985.-272с., илл.

Бажов П.П. Малахитовая шкатулка/ предисл. И примеч. Л.Скорино; Худож. А.Белюкин.-М.:Худож.лит.,1990.-303 с.

Бажов П.П. Хрупкая веточка:Сказы.-М.:Дет.лит.,1984.-112 с., илл.

Бажов П.П. Уральские сказы.-М.:Дет.лит.,1980.-382 с., илл.




1 ақпан

Қазақстанның халық жазушысы

Сәкен Нұрмақұлы Жүнісовтің туғанына 80 жыл

(1934-2006)
1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау облысы, Қызылтау ауданы, Кішкенекөл ауылында туған. Қазақстанның Халық жазушысы (1996). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1957). 1957- 1959 жж. "Пионер" (қазіргі "Ақ желкен") журналында және 1960-1964 жж. Қазақ мемлекеттік драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 1988 жылдан 1991 жылға дейін КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болған.

Балаларға арналған алғашқы кітапшасы ("Сонарда") 1959 жылы шықты. Бұдан соң жас жеткіншектер үшін "Әжем мен емші және дәрігер" (1961), "Кімнің мекені жақсы" (1962), "Сақау бәтеңке" (1983), т.б. кітаптары жарық көрді. "Өшпейтін іздер" повесін (1968), "Жапандағы жалғыз үй" романын жазды (1965; орыс тілінде - 1968). "Ақан сері" дилогиясы жарық көрді. (1-кіт., 1971; 2-кіт., 1977; орыс тілінде - М., 1979). "Алғашқы вагон" (1982), "Заманай мен Аманай" (1987) повестерін жазды.

Жазушының "Ажар мен ажал" (1967), "Тұтқындар" (1970), "Қызым, саған айтам" (1972), "Жаралы гүлдер" (1973), "Қос анар" (1974), "Әр үйдің еркесі" (1975), "Қысылғаннан қыз болдық" (1976), "Кроссворд немесе масханадағы маскарад" (1981), т.б. пьесалары республика театрларында қойылды. "Өліара" пьесасына Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді (1986).

Көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Л.Н.Толстойдың, С.Цвейгтің бірқатар әңгімелерін, О.Т.Гончардың "Перекоп", "Көк адыр" романдарын, т.б қазақ тіліне аударған.


Әдебиеттер:
Жүнісов С. Жапандағы жалғыз үй.-Алматы:Атамұра,2005.-304 бет.

Жүнісов С.Қызым саған айтам...Пьесалар.-Алматы:Жалын,1979.-288 бет.

Жүнісов С. Ақан сері.Роман.-Алматы:Жазушы,1971.-376 бет.

Жүнісов С. Ақырғы бәйге.әңгіме.-Алматы:Жалын,

Жүнісов С. Өліара: Пьесалар мен мақалалар.-Алматы: Өнер,1985.-376 бет.

Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ЫСБН 5-7667-2949-9

Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр.Анықтамалық.-Алматы:Ана тілі,2004.-Б.140

Қазақ әдебиеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.- Б.233





12 ақпан

Жазушы, ғалым Совет Хан Ғаббасовтың

туғанына75 жыл (1939)
Совет-Хан Ғаббасов (Ұждан) (12.2.1939 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Сұңқар ауылы) – жазушы, педагогика ғылым докторы (2003), Алматы мемлекеттік медициналық институтының (1965, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) емдеу факультетін бітірген. 1971–78 жылдары Қазақтың клиникалық-эксперименттік ғылыми-зерттеу хирургия институтында, 1978–87 жылдары Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып істеді. Дәрігер-ғалым қазақ тілінде «Қан жүрісі – жүрек тынысы» (1968), «Дәрігер келгенге дейінгі көмек» (1973), «Қатерлі ісіктің алдын алуға бола ма?» (1980) кітаптарының авторы. 55 ғылыми мақала, 2 авторлық куәлігі бар. 1989 жылдан Қазақ педогогикалық ғылыми-зерттеу институтында ғылым Ғаббасовтың «Халық педагогикасының негіздері» (1995) еңбегі халық педагогикасының оқулығы ретінде пайдаланылып келеді
Әдебиеттер:
Ғаббасов С.Көңіл құсы.-Астана:Фолиант,2004.-304 бет.

Ғаббасов Советхан// Советтiк Қазақстан жазушылары. Био-библиографиялық анықтамалық.-Алматы, 1987.-164б.

Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр.Анықтамалық.-Алматы:Ана тілі,2004.-Б.93

Қазақ әдебиеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.- Б.146




18 ақпан

жазушы, сыншы әдебиет пен өнер зерттеушісі, абайтанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимовтің туғанына 75 жыл (1939)
Белгілі жазушы, сыншы әдебиет пен өнер зерттеушісі, абайтанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимов бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы «Жаңа несіп» колхозының Кезеңшілік деген жерінде 1939 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. 1957 жылы орта мектепті бітірген соң, 1958 жылы Алматыдағы КАЗПИ-дің тарих-филология факультетіне түсіп, оны 1964 жылы ойдағыдай аяқтап шығады. 1971-1975 жылдары аспирантурада оқиды. Болашақ қаламгер өзінің еңбек жолын қарапайым ауыл жұыстарынан бастады.

1964-1969 жылдары Жданов атындағы сегіз жылдық мектепте тәрбиеші, қазақ тілі мен әдебиет және тарих пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1969-1976 жылдары Семей облыстық телевидениесінде әдебиет-драма, музыкалық ақпараттар редакциясының редакторы, аға редакторы қызметтерін атқарды. Алғашқы еңбектері студенттік жылдары «Лениншіл жас», «Екпінді» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында жарық көрді.

1976 жылдың 12-сәуірінен күні бүгінге дейін Абай қорық мұражайының шырақшысы. 1996 жылы «Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкері» атағы берілді, 1998 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Жұртшылыққа ұлы Абай мұрасы, жалпы қазақ поэзиясы, мәдениеті жайлы зерттеу еңбектері арқылы кеңінен танымал қаламгер өзінің «Өлең өрісі» (1979 ж.), 1999 жылы «Оймен оңаша» атты поэзиясы, «Индираға хат», «Толқын толғау» (2001 ж.) монографиясының, «Сағыныш», «Қара бұзау», «Сары құс» әңгімелерінің, «Жаза» операсының либреттосы т.б. екі жүзден астам әдеби-сын, әдеби зерттеу, абайтану еңбектерінің авторы. «Күй әлемі», «Ән өлкесі» атты кітабы халқымыздың кешегі –бүгінгі ән-күй қазынасы мен қазіргі күйшілік, әншілік орындаушылық шеберлік мәселелерін қозғайды. Жазушы «Толқын толғау» деген кітабында ән асылы, күй құдіретін тыңдай білетін жанашыр жанның жан-тебіреніс, толғаныстарын суреттейді.
Әдебиеттер:
Ибрагимов Т. Толқын толғау:Аллитреациялық эсселер.-Алматы: «Өнер», 2000.-360 б.

Ибрагимов Т. Оймен оңаша:Өлеңді сөздер.-Семей баспасы,1999.-209 б.

Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр.Анықтамалық.-Алматы:Ана тілі,2004.-Б.145

Қазақ әдебиеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.- Б.245



http://semeylib.kz




28 ақпан

"Невада-Семей" Антиядролық қозғалысының

құрылғанына 25 жыл (1989)
Антиядролық қозғалыс - ядролық соғыс қаруын жасауға, сынауға, қолдануға қарсы әлем халқының бірлескен қарсы күресі. 1945 жылы 6 тамызда алғаш рет АҚШ әскери әкімшілігі ядролық қаруды Жапонияның Хиросима қаласына тастап, қырғынға ұшыратты. Қала толық қирап, 140 мың адам қаза болды. Араға үш күн салып, Нагасаки қаласына түскен атом бомбасы салдарынан 75 мыңға тарта адам жапа шекті. Ал КСРО аумағында алғашқы ядролық қару 1949 ж. Семей сынақ алаңында жарылды. Содан бергі жылдарда онда 459 жарылыс (оның 113-і атмосферада) жасалып, сынақ алаңымен шекаралас аудандардағы халықтың денсаулығына, экологияга орасан зор зиян келтірілді. Мұндай зұлмат қасірет бұл қарудың түрін жою, тоқтату қажеттігін тудырды. 1963 ж. атмосферада, суда және ғарышта атом қаруын сынауды тоқтату жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Бірақ бұл шарт талаптары ұзақ орындалмады. 70-ші жылдары КСРО басшылары КО-ғы атом сынағы бейбітшілікке бағытталған, халыққа, қоршаған ортаға зияны жоқ деген екіжүзді сұрқия саясат үстанды. Ұзақ уақыт бойына жер астындағы сынақтардың қауіпсіздігі туралы жалған түсінік қалыптастырылып, насихатталды. 1989 ж. ақпанда Қазақстандағы ядролық жарылыстарга қарсы "Невада- Семей" Антиядролық қозғалыс дүниеге келді. Ол ел тұрғындарымен қатар дүниежүзі елдерінің бірқатарынан қолдау тапты. 1991 ж. мамырда "Аттан" штабы құрылды. 1991 ж. 29 тамызда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Мұндағы ең соңғы жарылыс 1995 ж. 30 мамырда жасалды. "Невада-Семей" Антиядролық қозғалысы алға қойған негізгі мақсаттарының бірі - Семей ядролық сынақ алаңын жабуға қол жеткізді.
Әдебиеттер:
Бозтаев Е.Б. Семей полигоны. «Қайнар қасіреті».-Алматы: Қазақстан,1997.-296 бет.

Бозтаев Е.Б. Семипалатинский полигон.- Алматы: Қазақстан,1992.-192 бет.

Бозтаев Е.Б. 29 августа.-Алматы: Атмұра,1998.-164 стр., илл.

Сергазина Г.М., Балмуханов С.Б. Семипалатинский ядерный полигон: история строительства и функционирования.-Семипалатинск: Семипалатинское региональное управление окружающей среды; Семипалатнская медицинская академия,1999.-115 с.




8 наурыз

халық әртісі Әмина Өмірзақованың

туғанына 95 жыл (1919-2006)
Өмірзақова Әмина Ерғожақызы 8 наурыз 1919 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында туған - 26 қыркүйек 2006 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті – театр және кино актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі (1965).

1938 жылы Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік сахна өнері техникумының (кейін Ленинград театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітірген.

1938 – 1940 жылдары Шымкент облыстық драма театрының, 1940 – 1942 жылдары қазіргі Қазақ мемлекеттік академия драма театрының труппасында, ал 1942 – 1949 жылдары “Қазақфильм” студиясында қызмет атқарды.

1949 жылдан Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының (қазіргі Қазақ мемлекетік академия жастар мен балалар театры) актрисасы болды. Оның театр сахнасында тұңғыш ойнаған рөлі – М.Әуезовтің “Түнгі сарын” спектакліндегі Мөржан. Бұдан басқа ойнаған басты рөлдері қатарында Баян (Ғ.Мүсірепов “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Луиза (Ф.Шиллер “Зұлымдық пен махаббат”), Смеральдина (К.Гольдони “Екі мырзаға бір қызметкер”), Шәуәли (М.Ақынжанов “Ыбырай Алтынсарин”; Бүкілодақтық балалар және жасөспірімдер театрлары фестивалінің дипломымен марапатталды, 1958), Рәбиға (Ш.Хұсайыновтың осы аттас драмасында), Кенжегүл (І.Мұхамеджанов “Өзіме де сол керек”), Алтынай (Ш.Айтматов “Алғашқы мұғалім”), Гүлжамал (Т.Ахтанов “Күшік күйеу”), Қалампыр шешей (Ш.Уәлиханов “Тағдыр”), Глумова (А.Н. Островский “Адам аласы ішінде”), т.б. бар. 1942 жылдан киноға түскен: Ажар (“Абай әні”, 1945), Мұғалима (“Қанатты сыйлық”, 1956), Айша (“Бір ауданда”, 1960), Ана (“Ана туралы аңыз”, 1963, Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен байқаудың 1-сыйлығы, 1964; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1966), Тана (“Тақиялы періште”, 1968; Алматы қаласында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының 8-кино өнері байқауының сыйлығы, 1969), т.б. Отан, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.


Әдебиеттер:
Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.-502-503 бет.

Тарихи тұлғалар.Танымдық-көпшілік басылым.Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған./Құраст.Тоғысбаев Б., Сужикова А.-Алматы:Алматыкітап баспасы,2008.- 279 бет.



20 наурыз

композитор, этнограф, музыка

және қоғақайраткері.

Александр Викторович Затаевичтің

туғанына 145 жыл (1869-1936)
А.В. Затаевич бұрынғы Волхов, қазіргі Орёл облысында 1869 ж. өмірге келген.

Ол алғашқы музыкалық білімін сол Орёл қаласындағы әскери гимназиядан алған. Біраз жыл бойы Варшава консерваториясы жанынан шығатын «Варшава күнделігі» аталатын газетте музыка рецензенті қызметін атқарып, орыс, батыс классиктерінің шығармаларын, сондай-ақ халық музыкасын насихаттаумен айналысқан.

Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 1920 жж. басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А. Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. Ол жатақханаларды, мектептерді, құрылыстарды, орта дәрежелі оқу орындарын, казармаларды аралайды, съезге, конференцияға, кеңестерге келген қазақтардан ән жазады. Базар, театр, концерт орындарының фойелерінде кездескендердің бәрінен де жазып алады. Бала жасынан кіршіксіз еститін құлағы жасы елуден асқанша көрмеген елдің музыкасын жаза баспай нотаға түсіруге мүмкіндік береді.

Бірақ, өмірін музыкаға бағыштаған А.В. Затаевич әнді қалада отырып тек кездейсоқ келгендерден жазып отыруды жөн көрмеді, елге шығады, Жайықтың бойын, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы далаларын аралайды. Замандар бойы жабылып жатқан қазақтың ән қазынасын көтереді.

Қазақтың көл-көсір мұрасын жинақтауды өзіне парыз санаған жанның бірі. Ұлты басқа болса да, жер орта жасқа келгеніне қарамастан, 1920 жылы қиын-қысталаң кездерінде кездескен көлік атаулымен, болмаса, жаяу-жалпы аралап, халқымыздың ән-күйлерін музыка белгілерімен (нотамен) хатқа түсірген.

Халықтық кәсіби әнші-күйшілерінің шығармашылық қызметін, олардың орындаушылық шеберліктерінің сырын ашып, өте құнды мағлұматтар жинады. Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет, т.б. шығармаларын алғаш рет Затаевич жарыққа шығарды. Сөйтіп, ұлттық дәстүрлерді сақтаушылар мен дамытушылар жайында қайталанбас деректер жазып қалдырды. Этнографтың “Қазақ халқының 1000 әні” (1-бас., 1925 ж., 2-бас., 1963 ж.), “Қазақтың 500 ән-күйі” (1931), “Песни разных народов” (1971), жарияланбаған “Қазақ музыкасының 3-томы” деп аталатын жинақтарында қазақ халқының классик. ән, күйлерінің үлгілері мол орын алған. Затаевичтің еңбектері арқылы қазақ музыкасы дүние жүзіне тарады, бүкіл Еуропа елдеріне жетті, алдыңғы қатарлы өнер иелерінен жоғары баға алды. Мұнда қазақ музыкасының көптеген теориялық және тарихи мәселелерінің беті ашылды. Затаевичтің әрбір ән-күйге берген жеке талдауларының мәні зор. Халық композиторлары мен орындаушыларының шығарм-на берген мінездемелері де әлі өз бағасын жоғалтқан жоқ. Затаевич жинақтары қазақ халқының кәсіби музыкасының дамуына зор ықпал етті. Аталған жинақтардағы ән мен күйлер қазақтың кәсіби музыкалық жанрлары – опералық, симфониялық, камералық шығармаларында кеңінен пайдаланылды. Осы жинақтардағы ән-күйлерді қазақ композиторларымен бірге С.С. Прокофьев, Н.Я. Мясковский, М.М. Ипполитов-Иванов сынды орыс композиторлары да өз шығармаларында пайдаланды.

Композитор ретінде Затаевич қазақ музыкасының кейбір үлгілеріне фортепиано, аспапты ансамбльдермен қосылып айту үшін көптеген өңдеу жұмыстарын жүргізді. Затаевичтің “Қазақ музыкасы” атты фортепиянолық шығармасы – кәсіби дәрежеде жазылған туынды. Ол 1925 – 27 жылдары фортепиянолық пьесалар циклін жазды. Соның нәтижесінде “Халық тақырыбына жазылған миниатюралары” (1925), “Қазақтың халық әндері тақырыбы бойынша фортепианоға арналған пьесалары” (1927) жарық көрді. Қазақ халқының музыка мұрасын сақтап келген 500-ге жуық өнерпаздар – Майра Шамсудинова, Әміре Қашаубаев, Ғ.Айтбаев, Қ.Байжанов, М.Бөкейханов пен Н.Бөкейханов, Ғ.Мұхитов пен Ш.Мұхитов, ғылым қайраткерлері Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаев, М.Бөжеев, әдебиет және өнер қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, Ж.Шанин, т.б. өздері білетін ән, күйлерді Затаевичке айтып, жаздырды (қ. “Затаевичтің корреспонденттері”). Қазақтың муЗатаевич фольклорының жиналу дәстүрін қалыптастырып, одан әрі жалғастыруда А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Б.Ерзакович, М.Төлебаев, Л.Хамиди және басқалардың еңбектері орасан зор. Затаевич Қоспақов, Т. Қоңыратбай

Сөйтіп, 1920 көктемінен бастап 1923 ж. аяғына дейін, нағыз аш-жалаңаш жол қиындықтарына да қарамай, А. Затаевич қазақтың 1000 әнін жинап нотаға түсіреді.

Оның 1925 ж. Мәскеуде «Қазақ халқының 100 әні», және 1933 ж. «Қазақтың 500 әнімен күйі» атты этнографиялық жинақтары шықты.

А. Затаевич 1936 жылы Мәскеу қаласында дүние салған. А.В. Затаевичтың жарқын бейнесі, оның қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі, ірі тұлғасы ұлғайған үстіне ұлғая бермек, ұмытылмақ емес.


Әдебиеттер:
Затаевич А. 1000 песен казахского народа:песни и кюйи.-2-е изд.-М.:Госмуз. Изд-во,1963.-605 с.-(Ин-т литературы и искусства Академии Наук Каз ССР)

Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы:Аруна Ltd,2005.- Б.266

Қазақ өнерінің тарихы:3т. Ежелгі дәуір.т1.-Алматы:Өнер,2007.-

Кашляк В., Тусумбаева Т. Летопись семипалатинских улиц.-Семипалатинск,1998.- с.67



http://kk.wikipedia.org/wiki

12 сәуiр

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың

туғанына 110 жыл (1899-1964)
Қ.И.Сәтбаев аса көрнектi қазақ ғалымы, геолог, қоғам қайраткерi, қазақ ССР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президентi (1946), КСРО Ғылым Академиясының және Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигi.

Қаныш Сәтбаевтың ғылыми еңбектерiнiң басым көпшiлiгi рудалық кендер геологиясын және Қазақстанның минералдық ресурстарын зерттеуге арналған. Ғалым Жезқазған кен металлургиясын игеруде, Қарағанды металлургиялық зауытын салуда, Қостанай мен Алтайдың темiр және марганец, Алтай кендерiн, Қаратаудың фосфорит кендерiн тағы басқа да көптеген iрi объектiлердi игеруде тiкелей араласып, зор еңбек сiңiрдi.

Ғалым Қазақстанда геологияның төтенше, тiптен, өзгеше дамуы туралы теориялық база жасауды керек еттi. Осы жауапты мiндеттi өзi басқарды. Оның басшылығымен Қазақстан Ғылым академиясының Геология институты Кеңес Одағының аса iрi ғылыми орталықтарының бiрiне айналды.

Кеңес Одағының ауыр индустриясы құрылған жылдарда Қ.И.Сәтбаев және ол ұйымдастырған коллектив елiмiздiң мыс рудасы базасын жасауға баға жеткiсiз үлес қосты. Оның нәтижесiнде қазiргi уақытта Жезқазған дүние жүзiлiк iрi объектiлердiң дәрежесiне дейiн көтерiлдi.

Қ.И.Сәтбаевтың басшылығымен және оның тiкелей қатысуымен басқа да аса маңызды пайдалы қазба кендерiнiң тұтас комплексi (марганец, темiр және политеталл рудалары, отқа төзiмдi шикiзат, құрылыс материалдары) анықталып барланды.

Қ.Сәтбаев ғылыми өндiрiс жұмыстармен қатар, үлкен қоғамдық iстердi атқарды. КСРО Жоғары және арнаулы орта бiлiм Министлiгi жанындағы аттестация комиссиясы президиумының мүшесi (1946-62), КСРО Министрлер Кеңесi жанындағы Ленин және мемлекеттiк сыйлықтарын беру жөнiндегi комитеттiң президиум мүшесi, бiрнеше рет КСРО және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң депутаттығына сайланды. Депутат ретiнде Қ.Сәтбаев зор жұмыстар жүргiздi.

Ғалымның мүдделерi ешқашан өз мамандығы шеңберiнде шектелмеген. Ол елiмiздiң және Қазақстанның халық шаруашылығын өте жақсы бiлетiн. Қазақстан Халық шаруашылығын дамытудың маңызды шараларының барлығы Қ.И.Сәтбаевтың тiкелей қатысуымен шешiлдi. Ол республиканың өнеркәсiбi мен ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша көңiл бөлдi.

Қ.И.Сәтбаев ғылым мүдделерi өндiрiс қажеттiгiмен ұдайы ұштасып жатуы керек деген ұғымды дәрiптеген жаңа типтегi ғалым болды. Сондықтан да ол республикадағы маңызды-маңызды халық шаруашылығы шараларына - металлургиялық зауыттарды жобалауға, жаңа шахталар туғызуға, тың жерледi игеруге, республиканы сумен қамтамасыз ету мәселесiн шешуге мүдделi жаңа министрлiктер мен мекемелер құруға және т.б. жұмыстарға араласып қана қоймай, олардың табысты шешiлуiне жағдай жасап отырды.

Қ.Сәтбаев төрт рет Ленин және 2-шi дәрежелi Отан соғысы ордендерiмен марапатталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет