Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу фразеологиясының ережесiн бекiту туралы



бет1/7
Дата04.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#175923
  1   2   3   4   5   6   7
"Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу фразеологиясының ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң м.а. 2012 жылғы 3 тамыздағы № 489 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 6 қыркүйекте № 7897 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" газетi 26.09.12 ж. № 622-630 (27701); "Казахстанская правда" от 26.09.12 г., 27.09.12 г., 29.09.12 г. № 326-327, 328-329, 332-333 (27145-27146, 27147-27148, 27151-27152); Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2012 жылғы, № 23 (тираждың шыққан уақыты 07.11.2012 ж.)


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу фразеологиясының ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiмдемесiнде тiркелген) 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген, Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу фразеологиясының Ережесiндегi:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу фразеологиясының ережесi (бұдан әрi – Ереже) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына, «Әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiмдемесiнде № 6635 нөмiрмен тiркелген «Заң газетi» газетiнiң 2011 жылғы 29 шiлдедегi № 108 (2098) нөмiрiнде жарияланған) (бұдан әрi – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекiтiлген Әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулыққа, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның «Авиациялық электр байланысы» 10-қосымшасындағы Стандарттар мен Ұсынылатын практикаға сәйкес әзiрлендi, ол Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiндегi, сондай-ақ әуе қозғалысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы жүзеге асыратын одан тыс жерлердегi әуе кемелерiнiң экипаждары мен әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының диспетчерлерi арасында радиоалмасу жүргiзу тәртiбiн және үлгiлiк фразеологиясын анықтайды.»
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Бүтiн жүздiктерден, бүтiн мыңдықтардан және бүтiн мыңдықтар мен бүтiн жүздiктер қатарынан басқа сандарды ағылшын тiлiнде айтқан кезде, әрбiр сан жеке айтылады. Бүтiн жүздiктер мен бүтiн мыңдықтарды айтқан кезде жүздiктер немесе мыңдықтар санын бiлдiретiн әрбiр цифр жеке айтылғаннан кейiн, тиiсiнше «жүз» немесе «мың» сөзi айтылады. Мыңдықтар мен бүтiн жүздiктердi айтқан кезде әрбiр цифр мыңдықтар санын бiлдiретiн санда айтылып, одан кейiн «мың» сөзi, әрi қарай жүздiктер саны мен «жүз» сөзi айтылуы тиiс. Сандарды айту үлгiсi осы Ереженiң 2-қосымшасындағы 3-кестеде ағылшын және орыс тiлдерiнде келтiрiлген.
      39-тармақтағы:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) эшелондау бойынша көрсету арқылы – ...(эшелон, биiктiк) UC арқылы жүрiңiз – «cross UC at...(level);»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) күту аймағына бағыттауға байланысты көрсету арқылы (ПОД, бақылау нүктесiне) – «proceed to AI...»;»;
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Байланыста шақыру белгiлерi соңғы үш цифры немесе соңғы екi әрпi бiрдей немесе үндес (дыбысталуы ұқсас) екi немесе одан көп әуе кемесi анықталған жағдайда, оның шақыру белгiсiн қысқартуға рұқсат етiлмейдi. Белгiлерi үндес әуе кемелерi бар аймақта (ауданда) толық шақыру белгiлерiн қолдану туралы нұсқауды ӘҚҚ диспетчерлiк пунктiнiң диспетчерi бередi.»;
      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «82. Әуе кемесiнiң ұшуының барометрлiк биiктiгiн есептеу Нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi.»;
      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «91. Ұшу биiктiгiн өзгерту шектеулерi мынадай түрде берiлуi мүмкiн:
      1) әуедегi жағдай туралы ақпарат (қолданылатын үлгi: «эшелон 130-бен жүрiңiз, 140 эшелонда қарсы әуе кемесi»);
      2) әуе кеңiсiтiгiн пайдалану бойынша тыйым салулар мен шектеулердiң бары туралы мәлiметтер (қолданылатын үлгi: «Ақши - Ұзынағаш учаскесiнде 150-210 эшелондары жабық»);
      3) қауiптi метеожағдайлар немесе орнитологиялық жағдай туралы ақпарат (қолданылатын үлгi: «алдынан/сол жағынан/оң жағынан 50 қашықтықта жарық, борттар бұлттардың үстiнен 330 қашықтықта өттi» немесе «500-ге дейiнгi биiктiкте ауыспалы жел»).»;
      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «98. Қозғалтқыштарды iске қосуды сұрау диспетчерлiк қызмет көрсетудi жоспарлауды қамтамасыз ету және ұшуға рульдеуге рұқсатты күтiп отырған әуе кемесiнiң отынды босқа жұмсауын болдырмау мақсатында жүзеге асырылады.»;
      131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «131. «Әуеайлақтағы ауа-райы минимумынан төмен кезде және/немесе өзгеде қауiптi құбылыстар мен ауа-райы жағдайлары орын алған жағдайда, диспетчер бұл туралы әуе кемесiнiң экипажына хабарлайды. Экипаж өз шешiмдерiн қабылдайды және ол туралы диспетчерге хабарлайды. Үлгiсi осы Ереженiң 2-қосымшасындағы 63-кестеде келтiрiлген.»;
      142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «142. Келiсiлген сатысыз биiктiк алуды немесе төмендеудi қамтамасыз ету үшiн екiншi реттiк радиолокациялық бақылау болған жағдайда, диспетчер әуе кемесiнiң тiк жылдамдығына қарай, ӘҚҚ-ны тапсыру (биiктiгiн) эшелонын қиып өткенге дейiн шектес диспетчерлiк пункттiң жиiлiгiне ауысу туралы бұйрық бередi.»;
      144-тармақтағы:
      2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әуеайлақтағы қысымды және оған дейiн төмендеуге болатын биiктiктi.
      Егер экипаж таңдалған қонуға бет алу жүйесiн баяндамаса, диспетчер әуе кемесiнiң осы түрi үшiн және қолданылатын ұшуды орындау ережелерiне қарай сол әуеайлақта мүмкiн болатын жүйелердiң iшiндегi ең жоғарғы жүйе бойынша қонуға бет алуға рұқсат бередi.»;
      146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «146. Метеожағдайлар, ҰҚЖ-ның жай-күйi, тiркелу коэффициентi (тежеу тиiмдiлiгi), ауысу эшелоны туралы деректер экипажға әуежайда ATIS немесе МВ арнасының ақпараты болмаған жағдайда және экипаждың сұрауы бойынша барлық жағдайларда хабарланады.»;
      148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «148. Диспетчер экипажға мынадай ақпарат бередi:
      1) әуедегi жағдай туралы (қажетiне қарай);
      2) жердегi жел бағыты мен жылдамдығы туралы;
      3) ҰҚЖ-да 2000 метр және одан кем көрiну туралы;
      4) қауiптi метеожағдайлар және оларды айналып өту тәртiбi, жерге жақын қабаттағы желдiң ұйытқуы (болған жағдайда) туралы;
      5) бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi туралы, егер ол 200 метр және одан кем болса;
      6) ҰҚЖ-ның жай-күйi және егер олар берiлген болса тiркелу коэффициентi (тежеу тиiмдiлiгi) туралы;
      7) қону ҰҚЖ-сы туралы (оң жақ/сол жақ). Қону топырақты ҰҚЖ-да жүргiзiлсе, оның негiзгi ҰҚЖ-ға қатысты орналасуы және белгiсi туралы;
      8) құстардың ұшып келуi туралы мәлiметтер.
      Диспетчер бұлттылық биiктiгi, көрiну, жел бағыты мен жылдамдығы, ҰҚЖ-ның жай-күйi және егер олар берiлген болса тiркелу коэффициентi (тежеу тиiмдiлiгi), сондай-ақ топырақты ҰҚЖ-ның орналасуы мен олардың таңбалануы және құстардың ұшып келуi туралы мәлiметтердi әуежайда мыналар болмаған жағдайда хабарлайды:
      ауа-райын МВ арнасы арқылы автоматты түрде беру;
      ATIS ақпараты;
      экипаждың сұрауы бойынша барлық жағдайларда.»;
      3-тараудың 13-параграфының «ӘҚҚ диспетчерлiк пункттерiнiң әуе кемелерi экипаждарымен үлгiдегi радиоалмасу фразеологиясы» тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Аспаптар бойынша қонуға бет алу»;
      156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «156. ҰОЕ бойынша ӘҚҚ бақылау жүйесiн пайдалану арқылы қонуға бет алу кезiнде диспетчер ӘК экипажына ҰҚЖ басынан кетуiн хабарлайды және қонуға бет алуды жалғастыруға бұйрық бередi. Қонуға бет алу барысында диспетчер қону бағытының желiсiне қатысты әуе кемесiнiң жағдайын бақылайды және ауытқулар болған кезде ӘК экипажын ақпараттандырады. Тиiстi жағдайлар кезiнде қонуға рұқсат бередi. Үлгiсi осы Ереженiң 2-қосымшасындағы 80-кестеде келтiрiлген.»;
      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «157. ҰОЕ бойынша ӘҚҚ бақылау жүйесiн пайдаланбастан қонуға бет алу кезiнде диспетчер ӘК экипажына қонуға бет алуды жалғастыруға бұйрық бередi. Тиiстi жағдайлар кезiнде қонуға рұқсат бередi. Үлгiсi осы Ереженiң 2-қосымшасындағы 81-кестеде келтiрiлген.»;
      159-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «159. Диспетчердiң қонуға бет алуды жалғастыру туралы нұсқауы («continue approach») қонуға берiлген рұқсат болып табылмайды. Экипаж қонуға рұқсатты күтедi немесе рұқсат уақтылы берiлмесе, екiншi айналымға кете бастайды.»;
      160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «160. Ауа-райы әуеайлақтағы минимумiнен төмен болған және/немесе басқа да қауiптi құбылыстар мен ауа-райы жағдайлары орын алған жағдайда, диспетчер бұл туралы қонуға бет алған әуе кемесiнiң экипажын ақпараттандырады және оған қонуға рұқсат бередi, бұл:
      1) төмендеу жолындағы әуе кеңiстiгi мен ұшу жолағы бос екендiгiн;
      2) қону алдындағы түзуде әуе кемелерi арасындағы белгiленген аралықты бұзатын еш қауiп жоқ екендiгiн;
      3) ҰҚЖ-ның жай күйi әуе кеменiң экипажына мәлiм екендiгiн бiлдiредi.
      165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «165. Қонуға көзбен шолып бет алған жағдайда экипаж жер үстiндегi бағдардың және ҰҚЖ-мен көзбен шолу мүмкiндiгiнiң орнағанын хабарлайды. Диспетчер қонуға көзбен шолып бет алуға рұқсат бередi, ҰҚЖ нөмiрiн көрсетедi.»;
      166-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «166. «Мұнара» диспетчерiмен байланысқа ауысу туралы нұсқау, жиiлiктi көрсетiп, ӘК тапсыру межесiне жеткен кезде берiледi. Үлгiсi осы Ереженiң 2-қосымшасындағы 86-кестеде келтiрiлген.»
      167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «167. Әуе кемесiнiң экипажы байланысқа шыққан кезде, «Жақындау» диспетчерi әуе кемесiн таниды және ол туралы ӘК экипажын (РЛК болған кезде) ақпараттандырады, ӘК экипажына әуеайлақ ауданынан шыққан эшелонды (биiктiгiн) және бағытын (SID қолданған кезде – баяндалынбайды) баяндайды. Қажет болған кезде диспетчер ӘК экипажынан ӘҚҚ қабылдау-тапсыру межесiн ұшып өтудiң есептiк уақытын алады, әуе жағдайы туралы ӘК экипажын ақпараттандырады, жедел түрде және/немесе метеоақпараттарды баяндайды.»;
      181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «181. Көзбен шолып ұшу ережелерi (бұдан әрi - КҰЕ) бойынша ұшуды жалғастыруға болмайтын жағдайлар туындаған кезде, экипаж диспетчерден көзбен шолып ұшудың арнайы ережесi бойынша немесе аспап арқылы ұшу ережесi (бұдан әрi АҰЕ) бойынша ұшуға ауысу туралы рұқсат сұрайды.»;
      192-тармақтағы:
      Екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әуе кемесi қонуға бет алу үшiн оны векторлау кезiнде әуе кемесiнiң экипажына алдын ала тура қонуға бұрылыс жасаған кезде дербес навигациялауды қайта бастауға нұсқау берiлмейдi.»;
      206-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «206. Егер ӘК экипажының баяндауы бойынша биiктiк көрсеткiштерi мен әуе жағдайының индикаторында берiлген мәлiметтер RVSM және RVSM-мен әуе кеңiстiгiнде 60 метр (200 фут) қолданылмайтын жердегi әуе кеңiстiгiндегi 90 метр (300 фут) көп айырмашылықта болады, бұл туралы пилотты ақпараттандырып, эшелонды қайта баяндауын сұрау қажет. Әуе жағдайындағы индикаторда көрсетiлген биiктiк туралы диспетчердiң пайдаланған мәлiметтерiндегi жiберген ауытқулар шектен шыққан кезде рұқсат етiлмейдi. Диспетчер бұл туралы экипажды ақпараттандырып, тиiстi нұсқаулар бередi. Үлгiсi осы Ереженiң 2-қосымшасындағы 112-кестеде келтiрiлген.»;
      208-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «208. Қайталама радиолокациялық ақпаратты қолдану арқылы әуе кемесiнiң қозғалысын тұрақты бақылау кезiнде радиобайланыстың мiндеттi сеанстарын қысқарту мақсатында диспетчер нақты әуе кемелерiне «қайталама бақылау» режимiн енгiзедi. Мұндай режимде экипаждар кезектi МЖП-дан ұшып өткендiгi және ӘҚҚ аймағынан (ауданынан) шықандығы туралы диспетчердiң нұсқауы (сұрауы) бойынша ғана баяндайды. Егер ұшу эшелонын (биiктiгiн) өзгерту қажет болса, онда мұндай өзгерту диспетчердiң рұқсатымен немесе диспетчердiң нұсқауымен экипаждың сұрауы бойынша жүзеге асырылады.»;
      217-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «217. Жылдамдықты басқару жөнiндегi диспетчерге берiлетiн ұсынымдар:
      1) әуе кемесiнiң экипажынан жылдамдықты талап етiлетiн шамаға дейiн азайту мүмкiн бе екенiн анықтау қажет, үдемелi жылдамдықты көтерiп-азайтуға берiлетiн жалпы бұйрықты қолдану тиiмсiздеу болып табылады, себебi әуе кемесiнiң экипажына жылдамдықты қаншалықты өзгерту дәрежесi туралы ештеңе айтылмайды;
      2) 7600 метр биiктiкте (250 эшелон) немесе одан жоғары жылдамдықты түзетудi 0,01 Маха еселiк мөлшерде, ал 7600 метрден төмен биiктiкте (250 эшелон) - 20 км/с (10 торап) еслiк аспаптық жылдамдық (IAS) мөлшерiнде көрсету қажет;
      3) әуеайлақ ауданына әуе кемесi кiрген кезде жылдамдықты жайлап азайту кезiнде сағатына 500 километрге (270 торап) дейiн азайтудан басталу керек (Indicated Air Speed – IAS);
      4) үлкен тiк жылдамдықпен түсу кезiнде үдемелi жылдамдықты азайту қиынырақ болады және үдемелi жылдамдықты азайту ресурстары кейбiр әуе кеменiң түрлерiнде шектеулi екенiн ескерген жөн;
      5) 150 (4550 метр) эшелоннан төмен биiктiкте турбореактивтi әуе кемелерi үшiн жылдамдықты механикаландыруы және шассиi алынып тасталған турбореактивтi ӘК-ның ең төмен жылдамдығына сәйкес келетiн IAS 410 км/сағатқа (220 уз) дейiн және 1500 метрден төмен биiктiкте механикаландыруды шығару кезiнде 350 км/сағатқа (190 уз) дейiн азайтуға болады.»;
      227-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «227. Хабар басында «mayday (апат)» сөзiн қолдану апат туралы хабарды бiлдiредi, ал хабар басында «pan pan pan (шұғыл)» шұғыл хабар екенiн бiлдiредi. Орын алған жағдайға байланысты, бұл сөздердi апат жағдайына және шұғылдығына қарай бастапқы шақыру кезiнде үш рет айтқан дұрыс.»;
      246-тармақтағы:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) шұғылдық сигналы – «pan/пан» (үш рет хабарланады);»;
      247-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «247. «pan/пан» сигналы бойынша әуе кемелерiнiң немесе борттағы қандай да бiр адамдардың ұшу қауiпсiздiгiне қатысты хабарлар берiледi.»;
      254-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «254. Борттағы қабылдағыш құралдың iстен шығуына байланысты, екi жақты байланыс болмаса, экипаж белгiленген тәртiпте қолдануға белгiленген жиiлiкте жеткiзулерiн берудi жалғастыра бередi. Мұндай хабарлар «қабылдағыштың iстен шығуына байланысты блиндпен хабарлаймын (Transmitting blind due to receiver failure)» деген сөз тiркестерiнен кейiн екi рет қайталанады. Хабарларда кезектi хабарлау уақыты немесе орны, сондай-ақ әуе кемесi экипажының ұшуды орындау тәртiбiне қатысты әрi қарайғы ойы көрсетiледi.»;
      265-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «265. Тiркелу коэффициентi («braking coefficient») немесе тежеу тиiмдiлiгi («braking action») тиiстi өлшеу деректерi болған жағдайда хабарланады.»;
      270-тармақтағы:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) әуе кемесi байқалған қашықтық және өзi мен байқалған әуе кемесiнiң нақты ұшу траекториясы.»;
      290-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «290. ӘҚҚА диспетчерi әуе кемесi ауданға кiрер алдында ЖДП диспетчерiне мыналарды хабарлайды:
      1) әуеайлақ ауданына кiру орны;
      2) әуе кемесiнiң келiп қонуының есептi уақыты;
      3) рейстiң нөмiрi және литерi;
      4) әуе кемесiн шақыру және ВОРЛ жауап берушiнiң коды;
      5) ұшу эшелоны (биiктiгi);
      6) қону әуеайлағы және әуе кемесiнiң түрi (қажет болған жағдайда)
      Үлгiсi осы Ереженiң 2-қосымшасындағы 139-кестеде келтiрiлген.
      2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Б.К. Сейдахметов) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу үшiн осы бұйрықты ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдiң


      мiндетiн атқарушы                          Р. Скляр

Қазақстан Республикасы    


Көлiк және коммуникация    
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2012 жылғы 3 тамыздағы     
№ 489 бұйрығына        
қосымша            

Ұшуды орындау және   


әуе қозғалысына қызмет 
көрсету кезiнде радиоалмасу
фразеологиясының ережесiне
2-қосымша       

Таблица 1



Латинский алфавит

Русский алфавит

Буква

Слово

Произношение, выраженное буквами русского алфавита (подчеркнутые слоги являются ударными)

Буква

Слово

A
B
C
D
E
F
G
H
I
J
K
L
M
N
O
P
Q
R
S
T
U
V
W
X
Y
Z

Alpha
Bravo
Charlie
Delta
Echo
Foxtrot
Golf
Hotel
India
Juliet
Kilo
Lima
Mike
November
Oscar
Papa
Quebec
Romeo
Sierra
Tango
Uniform
Victor
Whiskey
X-ray
Yankee
Zulu

Алфа
Браво
Чарли или Шарли
Дэлта
Эко
Фокстрот
Голф
Хотэл
Индиа
Джульет или Джулиэт
Кило
Лима
Майк
Новембер
Оскар
Папа
Кэбек
Ромео
Сьерра
Танго
Юниформ или Униформ
Викта
Уиски
Эксрэй
Янки
Зулу

А
Б
В
Г
Д
Е
Ж
З
И
Й
К
Л
М
Н
О
П
Р
С
Т
У
Ф
Х
Ц
Ч
Ш
Щ
Э
Ю
Я
Ы
Ь
Ъ

Анна
Борис
Василий
Григорий
Дмитрий
Елена
Женя
Зинаида
Иван
Иван краткий
Константин
Леонид
Михаил
Николай
Ольга
Павел
Роман
Семен
Татьяна
Ульяна
Федор
Харитон
Цапля
Человек
Шура
Щука
Эхо
Юрий
Яков
Еры
Мягкий знак
Твердый знак

Таблица 2

Число или элемент числа

Русский язык

Английский язык

Произношение, выраженное буквами русского алфавита

0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Десятая доля (запятая)
Сотня
Тысяча

ноль
один
два
три
четыре
пять
шесть
семь
восемь
девять
запятая

сто
тысяча



zero
one
two
three
four
five
six
seven
eight
nine
decimal 

hundred
thousand



Зи-ро
Уан
Ту
Три
Фо-эр
Файв
Сикс
Сэв-эн
Эйт
Найн-эр
Дэ-си-мал 

Хан-дред
Тау-зэнд



Таблица 3

Число

Передается на английском как:

Передается на русском как:

0
03
5
10
75
100
583
2 500
 
5 000
11 000
25 000
38 143

зи-ро
зи-ро три
файв
уан зи-ро
сэв-эн файв
уан хан-дред
файв эйт три
ту тау-зэнд файв
хан-дред
файв тау-зэнд
уан уан тау-зэнд
ту файв тау-зэнд
три эйт уан фо-эр три

ноль
три
пять
десять
семьдесят пять
сто
пятьсот восемьдесят три
две пятьсот
 
пять тысяч
одиннадцать тысяч
двадцать пять тысяч
тридцать восемь тысяч сто сорок три

      Ескерту: Бағытты ағылшын тiлiнде айтқан кезде, үнемi үш сан пайдаланылады, мысалы: «heading 050 (зиро-файв-зиро)»; «heading 275 (ту-сэвен-файв)». Ұшу эшелонын, 90 эшелонға дейiн қоса айтқан кезде екi сан пайдаланылады, мысалы: «flight level 70 (сэвен-зиро)». Ұшу эшелонын, 100 эшелонға дейiн және одан жоғары айтқан кезде үш сан пайдаланылады, мысалы: «flight level 270 (ту-сэвен-зиро).»;    

Таблица 4



Число

Передается на английском как:

Передается на русском как:

0
03
5
10
75
100
583
2 500

5 000
 


11 000
 
25 000

38 143


зи-ро
зи-ро три
файв
уан зи-ро
сэв-эн файв
уан зи-ро зи-ро
файв эйт три
ту файв зи-ро зи-ро

файв зи-ро зи-ро зи-ро
уан уан  зи-ро зи-ро зи-ро
ту файв зи-ро зи-ро зи-ро
три эйт уан фо-эр три

ноль
ноль три
пять
один ноль
семь пять
один ноль ноль
пять восемь три
две тысячи пять ноль ноль

пять тысяч


 
один один тысяч
 
два пять тысяч 

три восемь один четыре три



Таблица 5

Число

Передается на английском как:

Передается на русском как:

118,1

уан уан эйт дэ-си-мал уан

Сто восемнадцать, запятая один.

Таблица 6

Время

Передается на английском как:

Передается на русском как:

08.03

13.00


20.57

ЗИ-РО ТРИ или
ЗИ-РО ЭЙТ ЗИ-РО ТРИ
УАН ТРИ ЗИ-РО ЗИ-РО
 
ФАЙВ СЭВ-эн или
ТУ ЗИ-РО ФАЙВ СЭВ-эн

Три минуты 

Тринадцать часов 



Двадцать часов
пятьдесят семь минут

Таблица 7

Диспетчер

Пилот

Аstanа Line 504, time 0611

Аstanа Line 504, request time check

Астана Лайн 504, время 7 часов 25 минут

Астана Лайн 504, прошу проверку времени


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет