Силлабус пәні: «Химия» Мамандығы



бет2/43
Дата04.10.2023
өлшемі173.79 Kb.
#479842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
sillabus him sd 103 2020-21

Алгебра және геометрия - химиялық реакциялардың формулалары мен теңдеулері бойынша заттың сандық құрамын зерттеуде математикалық есептеулерді қолдану; электрондық бұлттардың формалары, молекулалардың кеңістіктік құрылысы мен геометриясы;
Физика-атомның, атом ядросының құрамы мен құрылысы, изотоптар, радиоактивтілік, ядролық реакциялар; заттардың агрегаттық күйі, кристалдық торлар, газ заңдары; тұз ерітінділері мен балқымаларының электролизі; Фарадей электролизінің Заңы; энергияның баламалы көздері, Қазақстанның энергетикалық әлеуеті;
Информатика-электронды оқулықтармен, құралдармен, виртуалды зертханамен жұмыс істеу; компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы презентациялар, жобалар жасау; Интернет желісінде қосымша материалдарды іздеу, әртүрлі қосымшаларды қолдану дағдылары.
Бағдарламада оқытушы әрбір тақырыптық бөлімді оқу кезінде білім алушылардың алдына қоятын мақсаттар мен міндеттер көрсетілген.
Жаңартылған мазмұнға сәйкес, қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы орта мектептің 10-11 сыныптарында "химия" пәні бойынша оқу бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады:
I. Зат бөлшектері.
II. Химиялық реакциялардың өту заңдылықтары.
III. Химиялық реакциялардың энергетикасы.
IV. Біздің айналамыздағы Химия.
V. Химия және өмір.

Типтік бағдарламаға сәйкес 120 сағат жоспарланған, оның 120 аудиториялық сабақтар, симуляция жоқ.


Курс соңында студенттер сараланған сынақ тапсырады.
2.2 Пән/модульдің саясаты
Оқу үрдісін кезекті және мақсатқа бағытталған түрде жүзеге асыруға негізделген.
Оқытушылардың студенттерге қойылатын талаптары медициналық колледжде оқудың
жалпы қағидаларына сәйкес негізделіп жасалған:
• Дәріс сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысу.
• Дәріске міндетті түрде қатысу. Рейтинг есептеген кезде жіберілген әрбір дәріс (1 сағаттық) 1 балл шегеріледі.
• Аралық бақылауды тақырыптық жоспарға сәйкес тапсыруы тиіс. Аралық бақылау теория бойынша сұрақтарға жауап беріп тапсырудан тұрады.
• Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу конспектілеу, теориялық материалды дайындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу.
• Жіберген сабақты өтеу жіберілген сабақ саны көрсетілген оқу бөлімінің рұқсат қағазы болғанда ғана жүргізіледі.
• Студент сабаққа кешікпей келуі тиіс.
• Сабаққа таза, үтіктелген ақ халатпен келуі керек.
• Топтардағы талас тудырған мәселелерді колледждің оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен ашық түрде талқылау.
• Колледж мүлкіне: жиһазға, құралдарға, гүлдерге, химиялық ыдыстарға және т.б. жанашырлықпен қарау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет