47
Суккуленттер. Бұл ӛсімдіктердің жапырақтары немесе са-
бақтары сулы, ӛйткені ол мүшелерде су жинаушы ұлпалар бар.
Суккуленттер –
жапырақты (алоэ, агава, т.б.) және
сабақ-
ты (кактус, сүттегеннің кейбір түрлері т.б.) болып бӛлінеді. Са-
бақты суккуленттердің
жапырақтары редукцияланған, ал жер
беті мүшелері – бұл жуандаған, суы мол сабақтар.
Суккуленттер Орталық Американың, Оңтүстік
Африканың
аридті аймақтарында кеңінен таралған. Тамыр жүйесі нашар
дамыған және топырақ бетіне жақын орналасқан, сирек жауын-
дар мен шықты пайдалана алады.
Суккуленттердің қуаңшылыққа тӛзімділігі – ұлпаларда кӛп
мӛлшерде су жинақтап ұстауына байланысты. Ұлпаларындағы
су мӛлшері – 95-98%-ға дейін жетуі мүмкін, ол сулардың кӛпші-
лігі байланысқан.
Жапырақтары мен сабақтарының
жуандап шар тәрізді бо-
луы нәтижесінде ӛсімдіктің буландырушы беті кӛп мәрте азаяды
және де беті (үсті) балауызбен (воск) жабылып, буландыруды
барынша азайтады, лептесіктері аз,
олар ұлпалар ішінде орна-
ласқан. Сондықтан суккуленттердің транспирациясы ӛте тӛмен.
Осындай бейімделулердің нәтижесінде суккулент ӛсімдік-
терде фотосинтез интенсивтілігі (қарқындылығы) ӛте тӛмен. Нә-
тижесінде бұл ӛсімдіктер ӛте баяу ӛседі, табиғи жағдайда тұтас-
қан ӛсімдіктер қауымдастығын (фитоценоз) құрай алмайды.
Психрофиттерге – таулы жерлердегі және солтүстік ендік-
тегі ылғалды әрі суық топырақтарда ӛсетін ӛсімдіктер жатады.
Топырақ температурасы тӛмен болғандықтан физиологиялық
құрғақшылық болады және ылғалын сіңіре алмайтын торфты
топырақтарда ӛсімдіктер ылғал жетіспейтін қуаңшылық жағдай-
да ӛседі.
Психрофиттер арасында шӛптесін ӛсімдіктер бар: аққылтық
(Nardus stricta), селдірекшӛп (Deschampsia flexuosa),
бетеге
(Festuca vаria), қияқӛлең, батпақты жерлерде және тундрада ӛсе-
тін бұталы ӛсімдіктер, олар мәңгі жасыл және жапырағы түсетін
карлиқ талдар мен қайың, т.б. бар.
Психофиттер құрылымы – ксероморфты. Атап айтқанда,
психрофиттік злактердің жапырақтары жіңішке, ӛткізуші және
механикалық ұлпалары жақсы дамыған.
Мәңгі жасыл бұталы
48
ӛсімдіктердің жапырағы тері тәрізді, үсті кутикуламен жабыл-
ған.
Криофиттер. Экологиялық
тұрғыдан психрофиттерге жа-
қын және аралық формаларыда бар. Бұлар құрғақ әрі суық жер-
лерде – тундраның құрғақ учаскелерінде, суық жартастар мен
үйінді тастарда ӛсетін ӛсімдіктер. Криофиттердің арасында ӛзін-
ше ерекше, биік тауларда ӛсетін «жастық тәрізді» ӛсімдіктер
бар. Памирдегі осындай ӛсімдіктердің су алмасуы баяу, ұлпала-
рындағы ылғал аз және үнемдеп (экономды) пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: