Сыныбы: 6 «ә» Тақырыбы : Көкөністерден жасалған тағамдар Мақсаты : Білімділік



Дата27.06.2016
өлшемі59.33 Kb.
#161145
Сыныбы: 6 «ә»

Тақырыбы : Көкөністерден жасалған тағамдар
Мақсаты :

1.Білімділік: Оқушының білімі мен дүниетанымын кеңейтуге және шеберлік пен іскерлікке үйрете отырып, көкөністерді тағамның әр түрінде қолдана білу жолдарына түсінік беру.

2. Дамытушылық : Тағам әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға аспаздық қасиеттерін және логикалық ойлау, есте сақтау дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелігі: Қыз баланы ас мәзірін дайындауда жинақы, таза, тиянақты, жылдам істеуге тәрбиелеп, аспаздық өнерге баулу.

Пәнаралық байланыс : математика, физика, химия, биология

Көрнекіліктер : Рецептер жинағы, плакаттар, буклеттер, көкөністер /муляж/

Сабақтың әдісі : Сарамандық жұмыс

Сабақтың түрі : Топтық жұмыс, сайыс түрінде

Құрал-жабдықтар : Электролита-2, пышақтар, тақтайшалар жиынтығы-3, ыдыс-аяқтар/ табақ, қасық, тәрелке т.б/

Азық-түліктер : Картоп, сәбіз, тәтті бұрыш, қызанақ, пияз, қияр, өсімдік майы, қара бұрыш, тұз, сары май.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі :

  1. Оқушыны түгендеу

  2. Кезекшілер міндеті (арнайы киімді тарату, тақта, бор дайындау)

  3. Санитарлы-гигиеналық талаптарды орындау (арнайы киімді кию, қолдарын жуу, ыдыс-аяқ тазалығын қадағалау)

  4. Топқа бөліну (журналдағы тізім бойынша 3 топқа бөлу, әр топтың жұмыс орнын бекіту)

  5. Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау(электроплитаны қолдану, құралдарды пайдалану, ас әзірлеу барысындағы)

ІІ. Өткен тапсырманы қайталау:/ әр топқа сұрақ қою/

  1. Көкөніс тағамдарын даярлауда орындалатын талаптар

(Ұзақ уақыт салқын суда қалдырмау, азғана суда пісіру, пісіру уақытын сақтау)

  1. Каротиноид /к/, антоциан /а/ пигменттері және олардың қасиеттері

(«К» пигменті - сары, қызыл түсті көкөністерде/сәбіз, асқабақ, қызанақ/ болады және олар жоғары температураға тұрақты болғандықтан, пісірген кезде өз түстерін жоғалтпайды.

«А» пигменті /қызылшада/ –тек қышқыл ортада сақталғандықтан пісіргенде сіркесу қосады)



  1. Тұзсыз пісіретін көкөністер (бұршақ тұзды суда дұрыс піспейді, сәбіз бен қызылшаның дәмі нашарлайды)

ІІ.Жаңа сабақ:

  1. Әр топ өздерінің топ басшысын дайындап,топ атын қояды, тапсырма алады

  2. Тапсырмаға сәйкес жұмыс орыны белгіленеді

  3. Әр жұмыс орынынында қауіпсіздік ережелерін сақтау

  4. Нұсқау картасы бойынша топтық жұмыс


І топ : «Фаршталған қызанақ»

Қажетті азық-түліктер: қызанақ – 8 , піскен картоп, сәбіз - 2 , пияз, қара бұрыш, майонез- 4 ас қасық, тұз.

Дайындалу барысы :

  1. Жуылған қызанақтың жоғарғы жағынан «қақпақ» тәрізді кеседі

  2. Кесілген қызанақтың ішін қасықпен «кесе» тәрізді ояды

  3. Картоп, сәбіз, пиязды ұсақтап, текшелеп турайды

  4. Туралған көкөністерді тұздап,бұрыштап, майонезбен араластырады

  5. Дайын болған массаны қызанақ «кесенің» ішіне салып, «қақпағын» жабады

  6. Тағамды әсемдеу, ұсыну

ІІ топ : « Картоп езбесі»

Қажетті азық- түліктер: картоп- 5-6 , қызанақ езбесі, аскөк, сары май, тұз

Дайындалу барысы :

  1. Картоптың қабығын тазалау, жуу, текшелеп турау

  2. Қайнаған тұзды суда пісіру

  3. Сүзіп алып езу, сүт, май салып араластыру

  4. Тәрелкеге әдемілеп салу /кондитерлік шприцпен/

  5. Қызанақ езбесімен аскөкті араластырып езбенің жанына құю

  6. Тағамды әсемдеу, ұсыну

ІІІ. Топ: Тәтті бұрыштан «Фейерверк» салаты

Қажетті азық-түліктер : Тәтті бұрыш /қызыл, жасыл, сары/- 5, піскен картоп, қызанақ, қияр- 4, пияз- 3, қара бұрыш, тұз, өсімдік майы-100 гр

Дайындалу барысы :

  1. Көкөністерді жуу, кептіру

  2. Тәтті бұрыштың ортасынан бөліп, дәндерінен тазалау

  3. Картопты қабығынан тазалау

  4. Картоп, қызанақ, пиязды ұсақтап турау,

  5. Туралған тағамдарға тұз, бұрыш сеуіп, өсімдік майымен араластыру

  6. Аралсқан массаны жарты тәтті бұрыштарға бөліп салу

  7. Тағамды әсемдеу, ұсыну

ІІІ.Жаңа сабақты бекіту:

Көкөніс тағамдардың сапасына қойылатын талаптар:



  1. Пісірілген картоп өз түсін, қалпын сақтап, жұмсақ болуы керек

  2. Езілген көкөністердің массасы біркелкі, түйіршіксіз, табиғи иіс болады

  3. Фаршталған көкөністер жұмсақ, қалпын сақтаған, езілмеген болуы қажет

  4. Тағамдар дәмді, суйкімді, үнемді, пайдалы болуы қажет

ІҮ. Қорытынды:

  1. Не үйрендік? Не білдік? Не білгіміз келеді?

  2. Жұмыс орнын жинау

Ү.Үй тапсырмасы:

  1. § 4. Көкөністерден жасалған тағамдар (123-125 бет)

  2. Әр топ дайындаған тағамдардың рецептерімен алмасу, үйде дайындау

ҮІ. Бағалау:

  1. Оқушылардың жұмысын бағалау

  2. Оқушы күнделігіне баға қою

№ 8 жалпы орта білім беретін мектеп



/Технология пәнінен 6 «ә» сыныбында өткен ашық сабақ/

Пән мұғалімі : Калдыбаева Алмажан Тлеубаевна

Шалқар 2010



І топ : «Фаршталған қызанақ»

Қажетті азық-түліктер: қызанақ – 8 , піскен картоп, сәбіз - 2 , пияз, қара бұрыш, майонез- 4 ас қасық, тұз.

Дайындалу барысы :

1.Жуылған қызанақтың жоғарғы жағынан «қақпақ» тәрізді кеседі

2.Кесілген қызанақтың ішін қасықпен «кесе» тәрізді ояды

3.Картоп, сәбіз, пиязды ұсақтап, текшелеп турайды

4. Туралған көкөністерді тұздап,бұрыштап, майонезбен араластырады


  1. Дайын болған массаны қызанақ «кесенің» ішіне салып, «қақпағын» жабады

  2. Тағамды әсемдеу, ұсыну


ІІ топ : « Картоп езбесі»

Қажетті азық- түліктер: картоп- 5-6 , қызанақ езбесі, аскөк, сары май, тұз

Дайындалу барысы :

  1. Картоптың қабығын тазалау, жуу, текшелеп турау

  2. Қайнаған тұзды суда пісіру

  3. Сүзіп алып езу, сүт, май салып араластыру

  4. Тәрелкеге әдемілеп салу /кондитерлік шприцпен/

  5. Қызанақ езбесімен аскөкті араластырып езбенің жанына құю

  6. Тағамды әсемдеу, ұсыну


ІІІ. Топ: Тәтті бұрыштан «Фейерверк» салаты

Қажетті азық-түліктер : Тәтті бұрыш /қызыл, жасыл, сары/- 5, піскен картоп, қызанақ, қияр- 4, пияз- 3, қара бұрыш, тұз, өсімдік майы-100 гр

Дайындалу барысы :

  1. Көкөністерді жуу, кептіру

  2. Тәтті бұрыштың ортасынан бөліп, дәндерінен тазалау

  3. Картопты қабығынан тазалау

  4. Картоп, қызанақ, пиязды ұсақтап турау,

  5. Туралған тағамдарға тұз, бұрыш сеуіп, өсімдік майымен араластыру

  6. Аралсқан массаны жарты тәтті бұрыштарға бөліп салу

  7. Тағамды әсемдеу, ұсыну

Көкөніс тағамдарын даярлауда орындалатын талаптар



Тұзсыз пісіретін көкөністерді атаңыз және неліктен


Каротиноид /к/, антоциан /а/ пигменттері және олардың қасиеттері

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет