Сынып: 0 «Б» Білім беру саласы



Дата20.02.2023
өлшемі15.42 Kb.
#469788
түріСабақ
Сабаққа талдау 0 Б (1)

    Бұл бет үшін навигация:
  • Күні

Мұғалімнің аты-жөні:Қайратқызы Аяулым
Сынып:0 «Б»
Білім беру саласы: «Таным»
Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Жол бойынан нені көруге болады? Бүтін жəне бөліктер.
Күні: 25.04.2022ж
ҰОҚ-ның мақсаты: Заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлу, бүтін мен бөлшектерді салыстыру.
Сабаққа талдау:
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақты шаттық шеңберінен бастады. Балалар бір-біріне күндерінің жақсы өтуіне сәттілік тіледі. Өткен сабақты қайталауда мұғалім жиынтық полотноны пайдалана отырып, тәрбиеленушілер геометриялық фигуралардың түрлерін қайталады. Өзектендіру барысында мұғалім «Жарыс» әдісін қолданып, тәрбиеленушілерге ойын-шартын түсіндірді. Аппликациялар жасау жарысының талаптары бойынша қолдан бұйым жасау үшін тек бір пішімді – геометриялық фигураны пайдалануға рұқсат берілді. Тәрбиеленушілердің көбісі шеңберді таңдады. Əліппе-дəптердегі 1-тапсырмада берілген дөңгелектерді қандай бөліктерге бөлуге болатынына қарауды ұсынды. Мұғалім тәрбиеленушілер таңдаған фигуралармен бүктеп бөліктерге бөлуді тəжірибелік жұмыс жасап көрсетті (жартысын, ширек бөлігін алу). 2-тапсырманы орындауды ұсынды, онда балалар шеңбердің бөліктерін атайды жəне суретті таңдауы бойынша бояйды. Бүтін фигураларды бір түспен, ал бөліктерін басқа түспен бояу керек екенін түсіндірді. Тәрбиеленуішлер шеңбердің ширек, жарты бөліктерін атады, суретті бояды. Мұғалім «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы - Өмірде дөңгелек заттарды бөліктерге бөліп көрдіңдер ме?, -Бүтін дөңгелекте неше жарты бөлік бар?,-деген сұрақтар қойды. Тәрбиеленушілер сұрақтарға өмірде торт, пицца, бəлішті бөліктерге бөлуге болатындығын және дөңгелекте 1 жарты бөлік бар екенін айтты. Мұғалім видео-ролик арқылы «Сәлем!Сәлем!» атты сергіту сәтін жасатты. Тәрбиеленушілер әндете, сергіту жаттығуын орындады. 3-тапсырма – логикалық тапсырма. Вагонға әжесі,анасы және немересі кірді.Олар үш орынға қалай жайғасуы мүмкін? Мұғалім рөлге бөлу арқылы тәрбиеленушілерге практикалық жұмыс жүргізді. Дана-әжесі, Айзере-анасы, немересі-Аяна атты тәрбиеленушілер рөлге бөлініп, өз нұсқалаларын үш орынға 3 түрлі жайғасуы мүмкіндігін көрсетті. Мұғалім сабақтағы көңіл-күйлерін «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынды. Сабақ басында таңдаған фигураларға сабақ ұнамаса төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салады, ал егер ұнаса жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болатынын айтты.
Ұсыныс:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет