2-тақырып. Жануарлар санының азаюына адамдардың тигізетін әсері
Тапсырмалар. Төмендегілерді категорияларға бөле отырып Көптісті жертесер (Белозубка – малютка), Жұпар (Выхухоль) картаға түсір.
Сирек, Қазақстанда зерттелмеген. Палеарктикада кең тараған. Қазақстанда екі жерде: Солтүстік Үстірт пен Арал теңізінің солтүстік жағалауында табылған. Тау бөктерлері мен таудың төменгі белдеулері, өзендер мен көлдердің бойындағы қалың тоғайларды мекендейді. Саны белгісіз, шекткйтін факторлар анықталмаған. Үстірт қорығында қорғалады. Көптісті жертесердің тарауы мен биологиясын зерттеу қажет.
Жұпар Выхухоль. Сирек таралу аймағы таралып, саны кемуде. Жайық өзенінің жайылмасында, Еділдің атырауы мен Үй, Тобыл, Обаған және Тоғызақ өзендерінің жайылмаларында кездеседі, Су өсімдіктеріне бай жайылма көлдер, ескі арналар, өзектер мен жылғаларда мекендейді. Қазастанда жалпы саны - 2,5-3,0 мындай; санының азаюының себептері - жайылма жерлерді құрғату, үлкен тасқындар, қасақылық (браконьерлік). Жайық өзенінің жайылмасындағы екі қорықшада қорғалады. Жайық өзнінің жайылмасында қорық және Қостанай облысында Тобыл – Үй қорықшасын ұйымдастыру қажет.
Әдістемелік нұсқау: №2 тақырыптың лекциялық тезистеріне, сонымен бірге негізгі [1–5] және [1–2] қосымша әдебиеттерге қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |