Сырттай- педагогикалыќ факультеті “бмп жјне ОЈ” мамандыєы 211У(с) тобыныѕ “Жаѕа технологияларды бастауыш сыныпта пайдалану жо



бет1/9
Дата20.06.2022
өлшемі416.5 Kb.
#459357
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бастауыш сыныпта жаңа педагогикалық технологияны пайдалану

Бастауыш сыныпта жаңа педагогикалық технологияны пайдалану




МАЗМҰНЫ

Бастауыш сыныпта жаңа педагогикалық технологияны пайдалану 2
КІРІСПЕ 4
1.1 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
Жаңа педагогикалық технологиялардың даму және қалыптасу барысы 6
1.2 Жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері және өзіндік ерекшеліктеріне психологиялық-педагогикалық сипаттама 17
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ 24
2.1 Бастауыш сыныптарда жаңа педагогикалық технологияның бағыттарын оқу-тәрбие процесінде қолдану ерекшеліктері 24
Білім беру 26
Палуан 39
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66



КІРІСПЕ


Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.


Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

  • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтыланумен байи түсуде;

  • ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

  • баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық педагогикалық бағыттағы негізгі ой – тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

  • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл – ойды дамытатын оқуға көшу;

  • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту

технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.


ХХІ – ғасыр білімгерлер ғасыры болмақ. Білімгерлерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі ел алдындағы маңызы зор міндет, еліміздің қоғамдық, экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Зерттеу мақсаты:
Жаңа технологиялық әдістерді сабақ процесінде тиімді пайдалана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
Зерттеу міндеттері:

  1. Тақырып бойынша материалдар жинақтау.

  2. Оқушылардың қызығушылығын және қабілетін арттыру үшін әдістерді тиімді пайдалану.

  3. Педагогиканың кәсіби білімін, шығармашылық деңгейін көтеру, жаңа тезнологияны қолдана білуді жетілдіру.

Зерттеу нысанасы:
2 “в” сыныбы.
Зерттеу әдістері:
Түсіндіру, баяндау, тренингтер, “ой қозғау” әдісі, “ассоциация”әдісі, “ішіне - сыртына” әдісі, венн диаграммасы, “бес жолды өлең құрастыру” әдісі, эксперименттік жаттығулар, ойын т.б.с.с.
Зерттеу кезеңдері:
2001-2005 оқу жылдары
Бірінші кезеңде зерттеу жұмысының тақырыбы анықталып, тақырыпқа байланысты педагогикалық зерттеулерге арналған әдебиеттермен жұмыс жүргізілді. Зерттеу жұмысының өзектілігі анықталып, зерттеу жұмыстарының жоспары мен бағдарламасы бекітілді.
Екінші кезеңде бастауыш сынып оқушыларының арасында тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Бұл кезеңнің нәтижесінде жинақталған материалдар қорытындыланды.
Үшінші кезеңде жинақталған материалдар, алынған нәтижелер мен қорытындылар бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдістеріне ендірілді.
Зерттеу орны: Жамбыл облысы , Байзақ ауданы,Сарыкемер ауылы, «Теремок» бала-бақшасы «2»сынып.
Болжам:
Егер мектептерде жаңа технологиялық әдістерді тиімді пайдалана білсек, әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытсақ, шыңдасақ жоғары дәрежелі азамат болар еді. Қазіргі мектеп, ондағы сабақтар талапқа жауап бере ала ма? Яғни, жаңа технологияны қалыптастыру үшін не керек? Ол үшін жаңашыл бет бұруға әрбір ұстаздың көңілі болуы керек.
Оқытудың жаңа технологиялары ғылымға және тәжірибеге негізделген әр түрлі білім саласын кең түрде игеруде,оларды іс жүзінде пайдаланғанда аумағы кең, жаңа мәліметтер мен күнделікті іс әрекеттегі ұсныстарды іске асыруда аса пайдалы.
Оқытудың жаңа технологияларын жасап шығып, оны оқу орындарында күнделікті оқу процесіне жалпылама енгізу арқылы біз бірте-бірте кәсіди білімдік, дидактикалық бейімдеоген мазмұны жоғары оқу орындарында жаңа буын оқулықтарын шешкен болар едік.
Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін сабақ өту процесінде тиімді қолдана білсек, онда біз өз мақсатымызға жетер едік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет