«Сүйікті кітабіммен бірге» атты шығармашылық фотосайысының
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ереже
-
Ереже «Сүйікті кітабіммен бірге» атты шығармашылық фотосайысының тәртібін, мақсаттары мен міндеттерін анықтайды (келесі - Сайыс).
-
Сайыс ұйымдастырушылары: А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы.
2.Мақсаттары мен міндеттері:
Өскелең ұрпақтың көрікті көзқарастарын қалыптастыру, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарау, өз жұмыстары арқылы эстетикалық талғамдарын көрсету, шығармашылық қабілеттерін ашу.
3.Сайыстың өткізілу мерзімі:
Сайыс 2016 жылдың 22 қаңтарында өтеді.
4.Сайыстың ұйымдастырылуы мен өткізілу шарттары:
-
Сайыс қаланың жалпы білім беретін оқу орындары арасында өткізіледі;
-
Сайысқа түскен фотосуреттер әділқазылар алқасымен қарастырылады.
5.Әділқазылар алқасы:
Жұмыстарды бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін әдідқазылар алқасы сайланады, мүшелігіне Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері кіреді.
Әділқазылар алқасы:
-қатысушыларға бірдей талап қояды;
-фотосайыстың өткізілу тәртібін қатаң бағалайды;
-таңдалған жұмыстарға фотокөрме ұйымдастырады.
6. Бағалау тәртібі:
Әділқазылар алқасы жұмыстардың тақырыпқа сәйкестігін бағалап, жеңімпаздарды анықтайды. Сайыс қорытындысы алқа отырысында анықталады.
7.Марапаттау
Фотосайыс нәтижесінде жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»
М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже
1.1. Осы ереже «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» мәнерлеп оқу байқауын өткізудің тәртібі мен шарттарын белгілейді (бұдан әрі – Байқау)
1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №3 кітапхана-филиалы
2. Байқау мақсаты мен міндеттері:
2.1. Оқушылар арасында М.Мақатаевтың шығармашылығын, кітап оқуды насихаттау;
2.2. оқушылардың оқырмандық көзқарасын кеңейту;
2.3. өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
2.4 әртістік қабілеті бар балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.
3. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу
Байқау М.Мақатаевтың шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп оқу бойынша өтеді. Байқау аясында қатысушыларға олардың өздері таңдап алған ақынның шығармасын қазақ немесе орыс тілінде дауыстап оқу тапсырылады.
3.1. Байқау 2016 жылдың 10 ақпан күні М.Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына арналып өткізіледі.
3.2. Байқауды ұйымдастыратын және жүргізетін Ұйымдастырушы комитет
3.3.Байқаудың әділқазылар алқасы жергілікті ақын-жазушылар, өнер және мәдениет саласы қызметкерлерінен, кітапханашылардан құралады.
3.4. Байқау екі кезеңнен тұрады:
-
1 кезең - өтінімдер мен байқау аясында оқылатын шығарма мәтінін қабылдау;
-
2 кезең – байқаудың өтуі, жеңімпаздарды анықтау, марапаттау рәсімі.
4. Байқаудың шарты
4.1. Байқауда М.Мақатаевтың өлеңдері орындалады.
4.2. Бір оқылымның регламенті 3-5 минуттан аспауы тиіс. Оқу барысында музыкалық сүйемелдеу, декорация, костюм қолдануға болады. Қатысушы дауысының жазбасын қолдануға болмайды. Әр қатысушы шығарманы ешкімнің көмегінсіз өзі оқуы керек.
4.3. Байқауға барлық 13-18 жас аралығындағы тілек білдірушілер қатыса алады.
5. Оқылымды бағалау
5.1. Байқау қатысушыларының оқылымын бағалаудың негізгі критерийлері:
-
таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі;
-
оқу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік бояуы);
-
актерлік шеберлік;
-
орындаушының сыртқы түрі;
-
шығарма тақырыбы мен музыкалық сүйемелдеудің, костюм мен декорацияның үндесуі.
-
Қатысушылардың өнері 10-балдық жүйемен бағаланады.
6. Марапаттау
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» байқауының жеңімпазы болып жоғары баллдары бойынша үш қатысушы таңдап алынады. Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Сұраныста көрсетілуі керек:
-
қатысушының аты- жөні;
-
оқу орны;
-
орындалатын шығармалардың авторы мен атауы;
-
байланыс телефоны, e-mail.
Байқауға қатысуға сұраныстар мына мекен-жай, электронды пошта арқылы қабылданады:
Балқаш қ., Сатпаев м/а, 10, №3 кітапхана-филиалы
- байл. тел.: 8-71036 57175
- е-mail: bfil3@yandex.ru
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Тәуелсіздік - тірегім, елім деп соғар жүрегім» атты мәнерлеп оқу байқауын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже
1.1. Аталған ереже «Тәуелсіздік - тірегім,елім деп соғар жүрегім» атты өлеңдерді мәнерлеп оқу байқауының ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қорытындысын шығаруды белгілейді (ары қарай – Байқау).
1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы:
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №4 кітапхана филиалы.
- өскелең ұрпақты патриотизмге және Қазақстанның дәстүрі мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
1.3. Міндеттері:
- дарынды оқушыларды анықтау, болашақта олардың дамуына ықпал ету;
- ұлттық құндылықтар мен өмірлік адамгершілік-эстетикалық қағидаларын қалыптастыру.
2. Байқауды ұйымдастыру комитеті
Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады:
- байқаудың дайындығы мен өткізілуіне байланысты сұрақтар бойынша шешім қабылдап, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
- қазылар алқасының құрамын бекітіп, ұйымдастыру сұрақтарын шешеді;
- байқауға қатысуға өтініштер қабылдайды;
- байқаудың өткізілу түрін анықтайды;
- бағалау өлшемдерін анықтайды;
- байқауға талдау жасап, қорытындылайды, жеңімпаздарды марапаттайды.
3. Байқауға қатысушылар
Байқауға қала бойынша қазақ тіліндегі мектептердің 5-10 сынып оқушылары қатыса алады.
4. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу шарттары
Байқау 2 тур бойынша өтеді:
І тур – берілген тақырыпқа байланысты өлең құрастыру - орындау уақыты 120 минут.
ІІ тур – өз шығармасын орындау. Әрқайсысы тек 1 ғана өлең оқиды. Өлең орындау уақыты 5 минуттан аспауы шарт. Орындау кезінде оқушылар презентациялар, музыкалық сүйемелдеу, декорациялар, костюмдер қолдануларына болады. Әрбір қатысушы шығармаларын орындау кезінде өзге адамның көмегіне жүгінбей өздігінен орындайды.
Шығармалардың жанры (І және ІІ тур үшін): өлеңдер, прозадағы өлеңдер, поэма, баллада және тағы басқалар.
Байқауға қатысу үшін өтінім жіберу қажет.
Өтінім үлгісі:
№
|
Қатысушының аты-жөні
|
Мектеп, сынып
|
Орындайтын шығарманың аты
|
Қатысушыны дайындаған мұғалімнің аты-жөні
|
|
|
|
|
|
Өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Балқаш қ., М.Хамзин атындағы мәдениет сарайы, №4 кітапхана-филиалы
Байланыс тел.: 8(71036)5 80 31
е-mail: syrlass@mail.ru
5.Байқау жұмыстарының бағалау өлшемдері
-
Сауаттылығы, әдеби тілге сәйкестігі;
-
Көркемділігі мен мазмұндылығы (көркем образ бойынша берілген - ойы, сезімі, қобалжуы);
-
Поэтикалық сауаттылығы (өлшем, ырғақ, ұйқас, әуенділік);
-
Байқау тақырыбына сәйкестігі
-
Шығармасының ерекшелігі
-
Мәнерлеп оқуы, тілінің нақтылығы (екпіні, интонациясы, оқу екпіні, дауыс ырғағы, эмоциалық-экспрессиялық орындау мәнері)
-
Актерлық шеберлігі
презентациясы
костюмінің болуы
декорациясының болуы
музыкамен сүйемелдеуі
6.Қорытындылау. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар беріледі. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етіледі.
«Веселый девичник» байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ереже
-
«Веселый девичник» қалалық байқауы кітапхананың белсенді оқырмандары арасында өтеді.
-
Байқау халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылады.
-
Байқау ұйымдастырушылары Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №3 кітапхана филиалы.
2. Мақсаттары мен міндеттері:
- Байқау Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылады;
- дарынды жастарды ынталандыру, эстетикалық тәрбие беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту;
- болашақ жастарымыздың патриоттық сезімін ояту.
3.Өтікізілу уақыты
«Веселый девичник» байқауы 2016 жылдың 5 наурызында өткізіледі.
4.Байқау бағдарламалары
-
Визитка «Таныс болайық»
-
«Менің өнерім» байқауы, өзінің түрлі жанрдағы шығармашылығын көрестеді.
-
«Құттықтау». Әрбір қатысушы ашықхат жасап, қазылар алқасына таныстыруы керек.
-
«Искусство общения» Сұрақтарға жауап.
5.Қазылар алқасының бағалау критерийлері:
- саханалық мәдениет
- байқау жұмыстарының бірегейлігі
- көркем өнер түрін қолдану
6.Марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпазды анықтайды. Қатысушылар номинациялар бойынша диплом алады.
Өтініштерді қабылдау
Өтініштер 2016 жылдың 1 наурызына дейін, Орталықтандырылған кітапхана жүйеі № 3 кітапхана филиалында, мына мекен жай бойынша қабылданады: Русаков көшесі 10,
Телефон : 8 (71036) 57175
«Ал, қане қыздар!» байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ереже
-
«Ал, қане қыздар!» қалалық байқауы кітапхананың белсенді оқырмандары арасында өтеді.
-
Байқау халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылады.
-
Байқау ұйымдастырушылары Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №2 кітапхана филиалы.
2.Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
2.1.Байқаудың мақсаттары: ұлттық құндылықтар мен өмірлік адамгершілік-эстетикалық қағидаларын қалыптастыру.
2.2.Байқау қатысушыларының шығармашылық, қарсыластық қабілеттерін дамыту. Мақсатқа талпынушылыққа тәрбиелеу.
3.Байқауды өткізу шаралары
3.1.Байқау 2016 жылдың 6 наурызында өткізіледі.
3.2.Байқау бағдарламалары:
- Визииттік карточка - таныстыру
- Интеллектуалды ойын жаттығулар – сұрақ-жауап.
- «Виртуоздық» байқау – шығармашылық байқау. Өз қолдарымен жасалынған сыйлықтар.
Байқауға қатысу үшін өтініштерді 2016 жылдың 28 ақпанына дейін №2 кітапхана-филиалына мына мекен-жай бойынша тапсыру қажет: 3 мөлтек ауданы, 22 үй. Телефон: 8 (71036) 48300
4.Байқау қорытындысы
4.1.Байқау қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы құрылады.
4.2.Байқаулар 5-балдық баға бойынша бағаланады.
4.3.Ең көп балл жинаған топ жеңіске жетеді
4.4.Жеңіске жеткен топ марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |