Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»


Бессонова Ксения, 10 класс



бет2/5
Дата12.06.2016
өлшемі309.5 Kb.
#129844
түріСочинение
1   2   3   4   5

Бессонова Ксения, 10 класс,

Алгинский областной детский дом
На протяжении всей истории человечества армия имела огромное значение. Сила и мощь, безопасность и свобода напрямую зависят от армии.

Ведущей основой армии всегда была дисциплина. Вторая, немаловажная сторона армии это четко поставленная цель, идеология - поддерживаемая государственным строем, которая отвечает всем требованиям современного времени.

Армия не приемлет для себя недисциплинированности, стихийности и неподчинения.

История знает много примеров успешного управления государства, благодаря жесткой дисциплине. В армии важна консервативная сторона. Но и новшества приняты ею с энтузиазмом. Думаю, немаловажным является человеческий фактор – личность, хоризма военачальника. Дальновидный военный – никогда не пойдет на операцию, маневр, несущий огромные потери в рядах солдат. Армия- это детище человечества, она подкована, оснащена, имеет свой опыт и специфику.

Очень интересно рассмотреть армию прошлого, к примеру, армию Чингисхана, великого владыки Вселенной. Еще с рождения ему было предначертано завоевать мир, при рождении он твердо в кулачке сжимал кровь. Это по поверью говорит о рождении сильного властелина. Модель создания армии у Чингисхана сложна и многогранна. И речи не могло быть о создании армии, если бы не внутреннее единство и сплочение. Только позже можно было говорить о ее реконструкции, делении на десятки, сотни, тысячи, десятки тысяч. Если во время караула засыпал часовой- смертная казнь. Побег с военных действий – смертная казнь. Состав армии был различным - татары, меркиты и другие народы. Ставилось условие или добровольное вступление в армию или смерть. Неповиновения Чингисхан не терпел. Была тотальная власть, часто правитель сетовал на свою безграмотность, почтительно относился к грамотным, ценил труд писарей, летописцев.

Во время битв Чингисхан действовал с математической точностью, инстинктивно, чутье никогда его не подводило. Он был хорошим учеником, не допускал дважды одну и ту же ошибку, уважал противника. С интересом использовал военную технику. Так, например, он приобрел стенобитные и каменнометные орудия в Китае и успешно использовал при взятии городов и крепостей. Архитектура средних веков представляет собой укрепленные города с цитаделью, самой защищенной частью города. На практике применялись все новшества того времени.

Результат армии зависел от четкой установки, как действовать в бою, кого умерщвлять, а кого использовать. Рабства у монголо- татар не было, пленных использовали в домашней работе.

Благодаря правильной тактике, дальновидному взгляду армия Чингисхана во многом преуспела. Думаю заслуга в этом самого Чингисхана.

Были в истории ошибки – например, у Наполеона Бонапарта. Современная армия несмотря, что мы живем в 21 веке- эпохе демократии и гласности, остается консервативным явлением. Все святое, доброе, старое для нее свято – служить добросовестно Родине, защищать Отечество и быть достойным человеком.

Бөгенбаева Гүлнұр, 9 класс,

Құрман орта мектебі,

мұғалімі Жұмағұлова Д.
Құбылған заманда құбыланамасынан

жаңылмаған Қазақстан дамудың

өзіндік даңғыл жолына түсті.

Аз уақытта айбыны асқан алаш жұрты

әлеуеті асқан, дәулеті тасқан, іргесі берік,

беделі зор айбынды елге айналды

Н.Ә.Назарбаев
Тәуелсіздігімізге 20 жыл. Қоғам тұрғысынан алсақ, бір ғана жаңа ұрпақ өмірге келіп, бой көтеретін кезең. Тарихпен салыстырсақ қас-қағым сәт. Үкілі үмітімізбен өлшесек тәуелсіздік деп ғасырлар бойы аңсаған асқақ арманымыздың орындалғанының алғашқы мерзімі. Басынан өткізген оқиғалар шоғырымен бір емес, бірнеше ғасырға парапар жылдар. Ахмет Байтұрсынов айтқандай , «төбе де, төре де» өзгерген жылдар. Қазақ деген халықтың есімін барша әлемге танытқан кезең. Тек қана танытып қоймай, әлем елдерінің алқалы жиынның төрінде қазақ перзенті отырып, айшықты ойлар, аталы сөздер айтылған жұлдызды сәт. Ел болып еңсеміз көтерілген, руx биіктеген мерейлі белес. Президент Жолдауында айтылғандай егемен еліміздің іргесі бекіп, талай асулардан өтіп, әрі қарай жүретін бағыт-бағдарымызды, шығатын биіктерімізді анықтадық. Бүгінгі таңда нысанада әлемдегі дамыған елдердің санатына қосылу тұр. Осыларды айта келіп, тәуелсіздік біздің елімізге ешқандай қиындықсыз, аспаннан бақыт құсы болып қона қалды деген пікірден аулақпыз. Қай елге болсада азаттық, бостандық, тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ.

Бүгінгі тәуелсіздігіміздің астарында қазақ xалқының отаршылыққа, бодандыққа қарсы бірнеше ғасырға созылған күресі, оның ішінде Сырым, Исатай, Маxамбет, Кенесары xан бастаған ұлт-азаттық күрестер, Алаш арыстарының азаттық ұраны, өткен ғасырдың басында Торғайда, Меркіде, Созақта, Қарқара Албанда, басқа да өңірлерде болған. Кеңес өкіметіне қарсы үлкенді-кішілі көтерілістер, сол ғасырдың соңында азаттық аңсаған қазақ жастарының Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы, осылардан туған ыза-кек, оларды енді болдырмаймыз деген намыс пен жігер жатыр. Тәуелсіздіктің біз үшін ерекше қастерлі, қасиетті болатыны да сондықтан. Олар бізді егемендік алған ұлт ісіне белсене кірісуге, ел бірлігін сақтауға, қандай қиыншылық болса да оны төзімділікпен өткізуге шақырады. Қазақстан үшін экономикалық реформалардың алғашқы жылдарын нағыз сын сағаты болды десек қателеспейміз. Егемендік алғаш xалықтың орасан қиындықтарға төзімділігінің, армандаған тәуелсіздігін қалай да сақтап қалуға берік сенімнің сыны болды.

Елдің руxы, қажыр-қайраты, бірлігі сынға түсті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың келешекке деген сенімі, қиыншылықтан шығатын жолдар табу мүмкіндігі сынға түсті. Н.Ә. Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде осы кезеңнің қиындығын, өзінің сол кездегі күмәні мен үмітін жан-жақты баяндайды. Осы сындардан xалық та, Елбасы да абыроймен өтті. Өміршең, өзегі таза, өжет қазақ деген ел бар екендігі әлемге дәлелденді. Жиырма жылдық тәуелсіздігімізді атай отырып, осындай тарихи сыннан өткен кезеңімізді ерекше еске алуымыз керек. Сол кездегі алыс-жақын көршілеріміздің біздің тіршілігімізге үңіле, күдікпен қарап, «қазақтар осы дербес ел бола алмайды-ау» деген күмәнін жасырмай ашық айтқандары да болатын. Орын алған қиыншылықтардың төркінін терең түсініп, оларға тосқауыл болатын деректі, тиянақты шаралар жүргізіп, біздер ол күмәнді жоққа, теріске шығардық.

Ал ол қадамдар қандай еді. Алдымен, Қазақстан халықаралық қауымдастыққа өзінің бейбіт сүйгіш ел екенін, басқа елдермен ашық, әрі өзара тиімді саяси экономикалық қатынастарға дайын екендігін, өз елінде ұлтаралық келісім мен ішкі ұлттың бірлігін сақтай білетіндігін, демократиялық даму жолының туын биік ұстаған, әлем қорындағы парасат пен құндылықтарды жоғары бағалап қана қоймай, оларды дамытуға атсалысатын ел екендігін көрсете білді. Осы бағыттағы ерен еңбектің иесі, бастамашысы Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Ол егемен қазақ елінің сыртқы саясатының негізін қалаушы, архитекторы болды десек артық емес. Семейдегі атом полигонын жабу, өз қолындағы ядролық қару-жарақтан бас тарту, Америкаға, Батыс Еуропаға, Қытай Халық Республикасына, басқа да елдерге достық қарым-қатынас орнату үшін жасалған сәтті сапарлар, әлемде әрі беделді, әрі дамыған үлкен елдермен ұзақ нысананы көздеген стратегиялық әріптестікті жасау, сабырлы да өзара түсіністікпен жүргізілген шекара туралы нәтижелі келіссөздер, тағы да басқа көптеген Президент тарапынан жасалған іс-шаралар әлем елдерінің оң назарын аудара білді. Қазақстан ашық демократиялық қоғам құрып жатқан ел екеніне олардың көзін жеткізді.

Нәтижесінде әлем елдерімен, алыс-жақын көршілерімен достық, өзара түсіністік негізінде тұрақты қарым-қатынас орнады. Нәтижесінде біз өз ішіміздегі реформаларды сырттағы ешбір елдерге, ешбір жағдайға алаңдамай дамытып, кеткен олқылықтарды түзетіп, ілгері жылжуға мүмкіндік алдық.

Тәуелсіздік таңы атты. Осы тұстағы бүгін 20 жасқа келген балғын тәуелсіздік туралы түсінігіміз де кеңи түсті.

Бүгін біз тәуелсіз ел деп Отанымыздың иелі болуын, ана тіліміздің киелі болуын, ата тариxымыздың жүйелі болуын тілейтін жас ұрпақпыз.

Елбасының «Отанға адалдық, елге қызмет ету, біздің азаматтарымыздың тыныштығымен өмірін күзету, бейбіт өмір сүру, болашығымызды қорғау – жас офицерлер, бұл Сіздердің міндеттеріңіз. Сіздерге біздің жас ұрпақтың, жас сарбаздардың тағдыры тапсырылады, сондықтан Сіздер оларға әке, аға бола білулеріңіз керек. Олардың бойында Отанға деген сүйішпеншілікті қалыптастырыздар, біздің Отанымызды қорғай білетін мықты , ақылды азамат етіп тәрбиелей біліңіздер», - деген Елбасымыздың сөзі - көпшіліке мәлім.

Ішкі әскерлер Қазақстан Республикасының Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қойған міндеттерге сәйкес елдегі Конституциялық құрылымды және құқықтық тәртіпті үздіксіз қорғауда.

Отан - табиғи, тарихи, әлеуметтік, саяси, мәдени орта, адам баласының тіршілігінің негізі. Әр халықтың өз Отанын сүюі - заңдылық. Егер біз пендешілік жасамай, өз ұлтымызды елден ерек, көптен бөлек деп қарамай, оны адам баласының құрамды бөлігінде қарап, басқа ұлтқа өгейлік көрсетпесек отансүйгіштік, ұлтжандылық, жасампаздық қасиетімен жарқырай түседі. Отансүйгіш ұрпақ сол тәуелсіздікті баянды етуге қызмет етуі керек.



Ғалымжанқызы Айдана, 11 класс,

21 орта мектеп-гимназия


...Отанына, халқына, туған жеріне

деген сүйіспеншілігі болмаса,

қазақстандық патриотизмді шын

жүрегімен сезінбесе, онда темір

қарудың ешқандай қауқары жоқ.

Н. Назарбаев

Отаншылдық - адамның Отанына, кіндік қаны тамған жеріне, туған еліне, оның топырағына, аққан суына, ұшқан құсы мен жүгірген аңына деген ұлы махаббат. Дүние есігін ашып, «іңгә» деген даусы шыққаннан бастап, сәбидің бойына туған мәдениеті, туған тілі, діні, мен ділі ананың ақ сүтімен қызыл қанға сіңеді емес пе?!

Төрт әріптен тұратын «Отан» деген сөздің құдіреті қаншама?! Өзін қазақпын деп таныған адамға бұл сөздің орны ерек, қасиеті ұлы.

Өз туған жерін қасық қаны қалғанша қорғау қай уақытта болмасын пенденің парызы болған. Адамзаттың асылы да, ардақтысы да, қысылғанда сүйенері де, қуанғанда сүйсінері де туған жері - өз Отаны. Ертеден-ақ ақындардың өлең жолдары, жазушылардың бал тамған қара сөздері өз Отанын сүйіп аялауға шақырады. Әрбір адамның өз Отанының топырағында өлсем деген арманы да тегін емес.

Ұлы қазақтың кең байтақ жері - ата-бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы. Түркі заманынан келе жатқан Күлтегін ескерткішінің мәтінінде де Отанды сүю, туған жерге деген махаббат туралы айтылған. XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінің өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов секілді Алаштың арыстары мен атаның баласы емес, адамның баласына болған ұлы ақын Абай Құнанбайұлы аталарымыз өз жерлерін, өз халқын сүйген. Осылайша қазақ халқы өз ұрпағының өнегелі, үлгілі, өнерлі, еңбексүйгіш азамат болып өсуін армандаған. Белгілі ғалым-педагог Мағжан Жұмабаев: «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, сол ұлттың тәрбиесін алуға тиіс», - деген.

Біздің Отанымыздың, тәуелсіз Қазақстанның, тарихында болашақ ұрпағы үшін «ақ найзаның ұшы мен ақ білектің күшін» аямай, туған жері, елі үшін жанын шүберекке түйген ерлер аз болмаған. 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысы қазақ халқына тарихи тағы бір белес болды. Сол сұрапыл соғыстың алаңында өз елі, жері үшін оқты кеудесімен тоқтатар қазақ батыр ұлдары мен қыздары аз емес еді. Осындай рухтың көмегімен тағы бір қиындық жеңіспен аяқталған болатын. Сол Ұлы Жеңістің өзіне де биыл 67 жыл болды. Бір ғасырға жуық уақыт өтсе де Ұлы Жеңіс лебі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, Отанға деген жас жүректердің лүпілін жиілетер көмек екені анық.

Қазіргі кезде еліміз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кезеңді өткеріп жатса да, өз туған елімізді қорғауға әзір болу біздің есімізден шықпауы қажет. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, қаншалықты бейбіт, қаншалықты тыныш мемлекетте өмір сүріп жатсақ та, бес қаруын асынған, жүректері Отан деп соққан ерлерімізді сақадай сай қылып ұстап отыруымыз қателік болмас. Осының қамын жеген біздің Президентіміз Н.Ә Назарбаев тәуелсіздікке бір қадам аттағаннан-ақ, 1992 жылдың 7 мамырында елге қорғаныш болар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жинаған болатын. Сол кезден бері елдің тыныш, жарқын күннің астында уайым-қайғысыз отыруы да еліміздің әскерінің арқасы десек артық болмас. Қазіргі Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндеттерінің бірі болып табылады.

Қарулы Күштер қатарында қызмет ету - Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз. Отанды қорғауды біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен соғысу, қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға ат салысамыз. Қазір енді Отан қорғаушылар қатарында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ұлдары мен немерелері тұр. Олар әкелері мен аталарына тиген қатал сынды бастарынан кешірмесе де, халқымыздың қаһармандық дәстүріне адал, еліміздің қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен, агрессия құрбандарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қазақ жауынгері дүние жүзінің алдында қандай да болсын қиыншылықты жеңуге әзір тұратын, қалтқысыз әрі ержүрек патриот, интернационалист ретінде көрінеді. Қазіргі әскер жауынгеріне ерік-жігері мен психологиялық төзімділігіне үлкен талап қойылады. Ол әскери техникаларды, ракета кешендері мен радио электрондық жүйелерді, атомдық сүңгуір қайықтары мен дыбыстан жылдам ұшатын әуе кемелерін шебер меңгере білу керек. Бұл жерде жауынгердің ұйымшылдығы мен тәртіптілігі қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.»

Дегенмен 18 жасқа жеткен азаматтардың Қарулы Күштер қатарына енуі, бүкіл дүйім жұрттың жүрегінде Отаншылдықты туғыза алмас. Ол үшін бесіктегі баладан еңкейген қарияға дейін әрбір тынысын Отан деп алу керек. Күн сәулесін жаңа қарсы алған сәбидің санасына осы өмірдегі адамның ең басты құндылығы өз туған елі, туған жері деп тоқыту - ата-анасының үлкен парызы. «Отан отбасынан басталады» деп қазақ халқы тектен-тек айтпаған ғой. Адамның жақсы болып, айналасына күндей шуағын шашуы да, кері кетіп, жұрттың көзіне күйік болуы да тәлім-тәрбиенің жемісі. Қазақстаннан шыққан қаһарман жазушы, панфиловшы, даңқты жауынгер, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы «Ұлттық патриотизм», «Қазақстандық патриотизм» ұғымдарына мынандай философиялық анықтама берген: «Ұлттық патриотизм - бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық жағынан да әбден айқын, әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты».

Ұлы Жеңіске жетуімізге үлкен үлесін қосқан батыр Бауыржан атамыздың сөзінің де жаны бар. Қаншалықты ұлт болсақ та, әрбір адам - ой-санасы, талабы, талғамы бар жеке тұлға. Өз жерін, өз Отанын сүю үшін де, дүйім жұрттың патриотизмін ояту үшін де әрбір адам өз жүрегінің туған жеріне деген сезімін арттыру қажет. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығармасақ, алға қойған ісіміздің де өнімі болмас. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өзі қазақ халқының, қазақстандықтардың бетке ұстар құндылықтары - бірлік, ынтымақ, Отансүйгіштік деген болатын. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп бабаларымыз бекер айтпаған. Отансүйгіштік те басқа да құндылықтарды сақтау халықтың ынтымағы мен бірлігіне байланысты. Кез келген адам өзінің түйсігі мен жүрегінің түкпірінде кішкене ғана болса да туған жерге деген сүйіспеншілігін сақтаса, барша халықтың патриотизмі қарқындап өседі.

Отаншылдық, елжандылық отбасының, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталары хақ. Сондықтан да Отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік қасиеттері болмақ. Өзін адаммын деп санайтын пенде Отан алдындағы борышын қалт жібермес. Ал Отаншылдық - ұлтжандық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, қуанышын бөлісе алатын азаматтар ғана хас отаншыл бола алады.

Осындай Отаншылдықты сипаттап, артықшылығын алға ұстап, кемшілігін сынап отыратын қазақ жазушылары мен ақындары аз емес. Солардың бір өкілі - Қасым Аманжолов. Ол Ұлы Отан соғысының кезінде жауынгер халықтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлтжандылығын, туған жерге деген сезімін оятып, намысты қолдан бермеуге қарумен де, өлеңмен де үлес қосқан халық ұлдарының бірі болатын.

Қазіргі егемен қазақ елінің бейбіт заманында да ұлтты ұлт, халықты халық етіп сақтау үшін келер ұрпақты туған дінімізге, тілімізге, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге, ділімізге, ең бастысы туған Отанын сүйіп, қадірлеуге, кең байтақ жерімізді қорғап, қорғаштауға үйрету - біздің бабалар алдындағы аса үлкен парыздарымыздың ең бастысы, ең құдіреттісі.

Отан десе ақ найзасын асынған,

Отан десе бар байлығын асырған.

Алғысым көп бабаларым сендерге

Байтақ жерді мұра етіп қалдырған.

Отаншылдық берілген ғой қанменен,

Отаншылдық ауысқан ғой жанменен.

Отан сүю - үлкен парыз, үлкен жүк,

Қалдырылған бабалардан құдіретпен.

Тәуелсіздік тұғырында болғасын,

Сезінбеспіз сұм соғыстың азабын.

Алға жүрсін тұлпарларың, қазағым!

Алда болсын армандарың, қазағым!



Джулмухамбетова Азаткүл, 11 класс,

Алға ауданы Шибаевка орта мектебі
«Ерлік – тәрбие жемісі. Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр. Солдаттың анасы – Отанның анасы.» - деген қанатты сөздер 25 жыл әскерде болған қазақ халқының ұлы перзенті Бауыржан Момышұлынан қалған өсиет.

Әрине, Отансүйгіштік сезім – туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезіммен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.

Бүгінгі таңда еліміз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет атанып, төрткүл дүниемен тереземіз теңескен шақта республикамызда Қарулы Қүштерге аса зор көңіл бөліне бастады. Осындай жері бай, елі бай, кең байтақ Отанымызға өзге елдердің көз алартып отырмағанына кім кепілдік бере алады? Әрине, елімізді, жерімізді қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті. Ол туралы Ата заңымыздың 36 - бабында көрсетілген.

«Армия – халықтың перзенті, Отан - қорғаушысы». «Армия – мемлекет қорғаны, бейбітшілік тірегі» - дегендей, әскерімізге жақсы дайындықтан өткен қор қажет. Осы қорды дайындау мақсатында арнайы әскери міндеттілер даярлайтын оқу орталықтары ашылды. Әскери жиын – запастағы әскери міндеттілердің әскери дайындығы. Әскери жиыннан өткен әскери міндеттілерге түрлі салада әскери мамандықтар беріледі. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады. Әрине, армиямыз қуатты, айбынды, шыншыл, табанды болса, біз де қуанамыз. Отанын, туған жерін сүйген ер азамат елінің жарқын болашағы үшін қиыншылыққа төтеп беруге міндетті. Өйткені, оларға ел мен жер тағдыры тапсырылған.

Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзінің «Қазақстан – 2030» Жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық – экономикалық өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», - деп нақты көрсеткен болатын. Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестерге қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды Отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.

Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Елін сыйлап, туған жерін қадірлеген әрбір адам баласының бойындағы Отанына деген сүйіспеншіліктің мектеп қабырғасынан бастау алатындығы бесенеден белгілі. Олай болса, мектеп пен әскери бөлімнің арасындағы достықтың тереңдеп, нығая түсуін тілейік. Өйткені, Отан қорғау – баршамызға ортақ міндет. Отаншылдық дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман – саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқаша айтқанда, Отаншылдық мемлекет деген ұғымды жеке адаммен яғни, оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым – қатынасты білдіреді.

Қазақстандық Отаншылдықтың арқауы – қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, өз мемлекетін Отаным деп тануы, оның негізін алып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарына бас ию, рәміздерін құрметтеу, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру. Кешегі өткен заманда үш жүздің басын қосқан ер Абылай, елінің телісі мен тентегін шашау шығармай, уысында ұстай білген Құнанбай қажы, елінің бостандығы үшін он жыл аянбай күрескен Кенесары хан, ержүрек Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай батырлар халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі үлгі боларлық мақтанышы болып еді.

Тәуелсіздігіміздің жиырма жылы ішінде, Елбасының ерен еңбегінің арқасында еліміз еңселі асулардан асты. Биылғы жыл – Отан қорғаушылардың 20 – жылдығы. Биылғы жыл – ерлік пен елдіктің үні аңқыған жыл. Біздің рухшыл жастарымыздың қанына елін, жерін қорғау, ұлттық салт-дәстүрлерін қадірлеу, ата-баба ерліктерін келешек ұрпаққа жеткізу, Отансүйгіштік, ерлік рухы қалыптасқан, әскери біліммен өнерге, қарулы күштерге деген сүйіспеншілік дарыды. Өйткені, жиырма жыл ішінде Қазақстанның әр азаматы өзін болашақ Отан қорғаушы ретінде сынап, ел алдындағы азаматтық міндетін сезіне білді.

Біз, жас ұрпақ, еліміздің ертеңгі қорғаны боларлық қайсар да қайратты ұландардың бар екендігін, оларға сенуге болатындығын қуана құптаймыз. Еліміздің Тәуелсіздігі бүгінгі жас ұрпаққа аманат. Сол тәуелсіздікті бойымызға ұлттық рухы жоғары жастар ретінде қорғаймыз.

Егізбаева Анар, 9 класс,

Шалқар ауданы Бозой орта мектебі
Мен өмірді сүйемін! Азат және

тәуелсіз Отанымды сүйемін!

өмір үшін ұрысқа кіремін,

Отан үшін жан пида. Отаным

азат, тәуелсіз өмір сүрсе,

менің де бақытты болғаным.

Бауырларым менің! Отан

үшін отқа түсуге әзірмін

Б.Момышұлы

Қазақстан – бүкіл қазақ халқының атамекені, кіндік қаны тамған жері. Іргелі ер атанып бабаларымыздың жатса түсінен, тұрса ойынан кетпеген, ғасырлар бойы аңсаған арманы - тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл тәуелсіздік қазақ халқы үшін, Қазақстанды отаным, жұртым деп білетін әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға, зор қуаныш болды. Қазақ «мың өліп, мың тірілсе де» қазақ болып қала берді. Бүгінгі таңда Қазақстанды бүкіл әлем жұртшылығы кеңінен танып отыр. Жаңа XXI ғасыр табалдырықтан аттап, жаңа дәуір туып жатыр. Әр дәуірдің өз міндеттері бар. Президентіміз осы жаңа мыңжылдықта алыс болашақты - 2030 жылға дейін еліміздің болашағын қандай күйде көргісі келетінін айқындап, ұсынып отыр. Біздер бүгінгі күннің проблемасымен өмір сүріп қана қоймай, алдағы міндеттерді де шешу жолын ойластыруымыз керек. Президентіміздің барлық ақыл-ойы, күш- жігері – қазақтың басын біріктіріп, оны іргелі ел, мызғымас мемлекет етіп қалыптастыруға бағытталған. Мемлекетті аяққа тұрғызу қай кезеңде болса да оңай шаруа болмағаны анық. Елбасы талай сынақтан сүрінбей өтіп, еліміздің келешегін келісті ету жолында тыңбай еңбек етіп, толағай табысқа қол жеткізді. Елбасының әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның көк байрағының биік желбіреуі үшін өлшеусіз еңбек еткенін төрткүл дүние мойындайды. 1992 жылғы 7 мамырда мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен құрылған Қарулы Күштеріміз тәуелсіз елімізбен өсіп, нығайып келеді. Бүгінде біз қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ете алатындай жауынгерлік қабілетті армия құра алдық.

Отанды, ата-жұртты ерлікпен қорғау – халқымыздың тарихи дәстүрі. Оның тамырлары өте тереңге, бағзы замандарға тартады. Бүкіл әлемге әйгілі «Алтын адамның» Отан қорғаушы символына айналуы да кездейсоқтық емес. Ғасырлар бойы қазақ халқына өзінің ұлан-ғайыр жерінің тәуелсіздігін талай рет қорғауға тура келген. Бүгінде еліміздің көпұлтты халқына Қарасай, Жәңгір, Әбілқайыр, Абылай хан, Бөгенбай сынды батыр бабаларымыздың есімдері жақсы мәлім. Еліміздің әскерінің өз кәсіби мейрамын Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күні қарсаңында атап өтіуінің өзінде ұрпақ сабақтастығы бар. Бүгінгі Отан қорғаушылар үшін Ұлы Отан соғысы қаһармандарының жанқиярлық ерлігі өшпес өнеге болып табылады. Даңқты батырлар генерал Панфилов пен Бауыржан Момышұлының, Талғат Бегелдинов пен Қасым Қайсеновтің, Нүркен Әбдіров пен Рақымжан Қошқарбаевтың, Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлованың және басқа мыңдаған қазақстандықтардың ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалатыны, тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегі аңыздай болып айтыла беретіні ақиқат. Сол батырларымыздың ерлігінің арқасында бақытты елміз. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бері 67 жыл болды. Солай болса-дағы қаһармандық белгілі бір мерзімге ғана қоймайды, ол ешқашан ел жадынан өшпейді. Майдангерлердің ерлік дәстүрлері біздің Қарулы Күштерімізде лайықты қызмет етіп жүрген жауынгерлермен бірге жасап келді. Е Егемен Қазақстанның әскері бірден қалыптаса қойған жоқ. Республика тәуелсіздігі жарияланған күннен бастап мемлекеттің аса маңызды міндеттерін шешумен қатар ұлттық қауіпсіздік проблемалары, осы заманғы және әскери қабілетті армия құру Президент Н.Ә.Назарбаевтың қамқорлығындағы бірінші кезектегі іс болды.

Қазақстанның әрбір азаматы Отан алдындағы борышын өтеуге дайын. Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы. Әр жас жігіт, бойжеткен қыз еліміздің келешегі жолында табанды күрескер болуы керек екенін сезінуі тиіс. Патриот, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді тәрбиелеудің негізі мектепте қаланады. Әскери – патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және бітім жағынан даярлау болып табылады. Өскелең ұрпақтың идеялық сенімі мен өз Отаны үшін күреске әзірлеу бір – бірімен тығыз байланысты. Алғашқы әскери дайындықтың енгізілуіне байланысты мектептерде оқушылар арасында жүргізілетін қорғаныс бұқаралық жұмыстардың аясы кеңейді, осы жұмыстардың арқасында қызмет етуге әзірлеу жақсарды. Елбасы «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру», -деп жазды. Көпұлтты Қазақстан халқы үшін Отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлікке, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. «Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. «Еліңді сүйсең, ерлік істейсің», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» тәрізді мақал-мәтелдерден Б.Момышұлының патриоттық тәрбиеге жоғары талап қойғанын байқауға болады. Одан біз ерлердің ерен ерліктері ұрпақ жалғастығын табатынын ұғынамыз. «Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол», - дей келіп, адамның ұлы болуы үшін кісіге «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кеткен. Бұл өсиет, пікірлер бүгінгі жастар арасында жеке тұлғаны патриотизм рухында тәрбиелудің темірқазығы.

«Отан» деген сөз әуелде көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыздың от жағып, тіршілік еткен ұясы ұғымынан шыққан екен. Отан үшін от пен оққа кеудесін тосқан Бауыржан ата: «Отан үшін отқа түс, күймейсің», - деп аманат қалдырған. Осындай Отанын сүйген және сезімнен қуат алған, ел қорғаны болған перзенттері бар елдің алар асуы мен шығар белесі әлі алда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет