ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Алматы технологиялық университеті
Дизайн, Текстиль және Киім Технология факультеті
«Тоқыма материалдарының технологиясы және дизайн» кафедрасы
СӨЖ 14
Тақырыбы: Мақта маталарға су өткізбеу қасиеттерін қамту жолдары
Орындаған: Айтжан А.А
Тобы:ТТП 21-13
Қабылдаған: Досқалиева Д.Б
Алматы 2023-2024
Жоспар
Кіріспе…………………………………………………………………………3
1. Мақта маталарға су өткізбеу қасиеттерін қамту…………………………5
1.1 Гидроскопиялық қасиеті, жұмыс істеуі, қасиеті………………………..5
1.2 Мақта маталарға су өткізбеу қасиеттерін қамту жолдарындағы тәжірибелік кезеңі………………………..………………………..………………..7
1.3 Нәтижелері және оны талқылау кезеңі…………………………………8
1.4 Мақта маталарға су өткізбеу қасиеттерін қамту жолдарындағы тәжірибелік кезеңінін қорытындылары………………………..………………….9
Қорытынды………………………..………………………..………………..11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………..…………………12
Кіріспе
Өңдеу өндірісіне түскен өңделиеген мақта маталары жарамдылығына қарай бөлініп, тазалығына және ақау санына қарай ағартуға, бояуға немесе сурет басуға жіберіледі.
Өндірістің жоспарына сәйкес және жабдықтардың өнімділігіне қарай бір артикульдегі маталарды біннеше жүздеген бумамен партияларға топтастырады.
Іріктелген бума маталарға жуғанға кетпейтін таңба (клеймо) салады да өңдеудің барлық операциясынан өткізу үшін үзіліссіз лента қылып тігеді.
Мақта маталарды өңдеудің негізгі операциялары мыналар: отпен шарпу, шликтовканы кетіру, пісіру, ағарту, мерсерлеу, түктендіру, бояу, баспа сурет салу және соңғы өңдеу (аппреттеу, керу, каландрлеу).
Отпен шарпу – іш киімдік маталардың кірлеуін тездететін және баспа сурет салғанда ақаулар жіберетін сыртқы көрінісін бұзатын талшықтың ұштарын өңделмеген мата бетінен кетіру. Дәке мен түкті маталардан басқаларының барлығын отпен шарпиды. Ол үшін газбен шарпитын машиналар мен науалы шарпығыш агегеаттар пайдаланылады. Газбен шарпитын машиналарда мата газ жанарғысында күйдіріледі, жалынның үстімен талшықтардың ұшы өтеді. Науалы шарпығыш агрегаттарда талшықтардың қатты қыздырылған металл науаның бетіне жанасады да күйін кетеді.
Үнемділігіне байланысты газбен шарпитын машиналар өндірісте кең қолданылады. Әдетте матаның бет жағы үйтіледі. Жанарғы жалынының үстінен беттік тығыздығы төмен жұқа матаны өткізгенде матаның бетіндегі және жіптердің арасындағы талшықтың үштері де күйеді. Отпен шарпылғаннан соң мата бу ұшқын өшіргішіне немесе су құйылған ваннаға салынады.
Күйдіру процесінде мынандай ақаулар болуы мүмкін: толық шарпылмау (матаның қозғалу жылдамдығы жоғары болса), тегіс шарпылмау (машинаның бұзылғандығынан), ұшқынды өшірмегендіктен немесе қозғалу жылдамдығының аздығынан матаның күйіп кетуі (жалпы немесе кейбір жері). Шлихтамен кетіру – шлихталау кезінде жағылған крахмалды кетіру үшін жасалатын өңдеу операциясы. Маталарды 4-24 сағат су құйылған жәшікте ұстап, дымқылдап, артынан шаяды..
Жібіту процесін жеделдету үшін крахмалдың ашуына жағдай туғызатын күкірт қышқылы, ащы натр, натрий гетохлориді және бактерия тектес басқа да препараттарды (биолаз, т.б.) суға қосады.Ашу процесінде крахмал қантты затқа айналады, ал бұрапжуғыш машинасы матаны жуғанда ол тез кетеді. Шлихтамен кетіру кезінде мынандай ақаулар болуы мүмкін: шлихтамен жөнді кетпейді, шлихта тегіс кетпейді, бүктетіліп не кептеліп қалу, ұзақ жатқандықтан немесе қышқылдың әсерінен матаның босауы. Қайнатып-пісіру целлюлоза қоспаларынан (балауыз тектес, пектинді, азотты және минералды заттардан ), және де кірден, шлихта қалдықтарынан тазарту мақсатымен маталарды сілті ерітіндісімен өңдеу.
Қайнату үшін кальцийленген сода, бисульфит және натрий силикаты және т.б. қосылған күйдіргіш натр ерітіндісі пайдаланылады.
Маталарды қысыммен 4-8 сағат қақпағы тығыз жабылған пісіру қазандарында, немесе 98-100оС температурада 1-2 сағат уақыттай үздіксіз әсер ететін аппаратында қайнатады. Қайнатқан соң маталарды алдымен ыстық, сонан соң суық сумен шаяды.
Қайнату нәтижесінде матаның массасы 4-8 %-ке кемиді. Қайнап –піскен маталардың гигроскопиялық қасиеті жоғары, суда және бояу ерітінділерінде жақсы жібиді әрі ағарады.
Қайнатып пісіру ережесін бұзу төмендегідей ақаулар туғызады: матаны қазанда дұрыс жайғастырып салмасақ, күйдіргіш натрдың концентрациясы дұрыс болмаса, қайнатқыш сұйықтықтың айналымын жасамаса толық қайнап піспейді; суда магний мен кальцийдің тұздары болса матаның бетінде тұрса да дақ пайда болады; қазандағы ауа оттегінің артықтығы матаны босатады. Ағарту – мата үнемі аппақ шаңқаң болып тұру үшін тотықтырғыш ерітіндімен жасалатын өңдеу. Ағарту барысында мақтаға сарғыш түс беріп тұратын табиғи бояғыш пигменттер тотығады. Ағарту үшін натрийгипохлоридін, сутегі пероксиді тотығын, натрий хлоридін, асқын оксидті сірке қышқылын қолданады. Ағартуды ескі, химиялық әдіс пен жүргізуге де болады, бұл жағдайда мата үздіксіз, ұзақ уақыт жатады. Ағартуды классикалық тәсілмен іске асырады, мұның өзі матаның ұзақ уақыт жатуы және үзіліссіз ағынды әдіспен жүргізіледі. Үзіліссіз ағынды әдісте шлихтовканы кетіру, қайнатып пісіру және ағарту бірінен соң бірі үзіліссіз жүргізіледі. Мталарды толассыз ағартуда жоғарғы өнімді құрал-жабдықтары пайдалану өңдеу уақытын қысқартады және де шыққан өнімнің сапасын арттырады. Ағартудан болатын ақауға мыналар жатады: мақтаның босауы, ағанрту сапасынаң төмендігі, қоспадан нашар тазартудың салдарынан матаның сақтағанға шыдамай сарғайып кетуі.
Мерсерлеу – керілген матаны 16 – 20оС-де күйдіргіш натрдың концентрацияланған ерітіндісімен өңдеп, ыстық сумен, одан кейін суық сумен шаю. Мерсерлеу матаның мықтылығын 20%-ке көтереді, оған жылтыр, жібек сияқты түр береді, гигроскопиялық қасиетін арттырады және боялу қабілетін жақсартады.
Түктеу – мата жұмсақ үлпілдек және жылусақтағыш болу үшін оның бетіне түк салу. Матаға түктеу - білтелерін инелі лентамен қаптаған түксалғыш машиналарда жүргізіледі. Түктеу кезінде түкті біліктермен қапталған жіңішке металл инелері арқау жіптен талшықтарды суырып шығарады, соның нәтижесінде матаның бетінде түк апйда болады. Бәйке, фланель, помази, мақтадан тоқылған шұға, шибарқыт және тағы да басқа қыстық киімге арналған маталарға түк салынады.
Түк салғанда туатын ақаулар: матаның босауы, нашар таралу. Бояу – матаға түгелдей бір түр беру үшін бояғышқа қолдану. Бояғыштар табиғи көбіне өсімдік текті және синтетикалық болуы мүмкін. Маталарды бояу үшін, негізінен, тас көмірден алынатын синтетикалық бояғыштар қолданылады. Бояғыштар майдаланған құрғақ ұнтақ немесе паста түрінде шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |