СөЖ-2 Тақырып: Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі. Кестелік талдау



бет1/5
Дата06.03.2022
өлшемі61.24 Kb.
#456010
  1   2   3   4   5
БӘ.СӨЖ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Орындаған: Абдуллаева Мухаббат
Қабылдаған: Юсуп Пархат Корабайулы


СӨЖ-2
Тақырып: Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі.


Кестелік талдау:

  1. Зерттелуі.

Қазақ балалар әдебиетінің 30-жылдары зерттелуі.
Қазақ балалар әдебиетінің 50-60-жылдары зерттелуі.
Қазақ балалар әдебиетінің 70-жылдардан кейін зерттелуі.

  1. Ұлы тұлғалардың ой-пікірі.

  2. Қорытынды. Өз ойым.






Зерттелуі:



Қазақ балалар әдебиетінің 30-жылдары зерттелуі.
Балалар әдебиетінің жіктелуі, салаланып дамуы, сараланып сөз бола бастауы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан басталды
20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басында жарыққа шыққан «Тағы да сауаттылық туралы», «Балалар әдебиеті туралы», «Балаларға - әдебиет», «Тақырыптар туралы»,
«Балалар кітаптары мен ойындары туралы жазбалар» мақалаларында болашақ балалар жазушыларын тәрбиелеу мәселесі басты орынға қойылды.
«Лениншіл жас» газетінің 1934 жылғы 29 майда шыққан санында бұрынғы Әулиеата қаласының бір мектебі оқушыларының «Бізге көркем жазылған жақсы, қызық балалар кітабы мен ойын, өлең, әңгімелер керек» деген ашық хаты басылады.
Балалар хатына Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев және тағы басқа ақын-жазушылар жауап береді.
Қазақстан Жазушыларының көптен күткен бірінші съезі Алматыда 1934 жылы 12-18 маусым аралығында өтеді. Съезд жүріп жатқан кезде Саттар Ерубаевтың «Не айтар еді» атты публицистикалық шығармасы «Лениншіл жас» газетіне «Оқушы» псевдонимімен шығады. Онда ол жас жеткіншектер үшін шығармалар жазу мәселесін көтереді:
Жазушыларды балалар әдебиетін жасауға шақырған Саттар Ерубаевтың өзі жас оқырмандарға арнап арнайы шығарма жазды ма деген сұрақ туады.
«Өз сөзіне лайық Саттар Ерубаев «Терек пен гүл» дейтін әңгіме мен
«Мәңгілік өмір туралы» жас ұрпақтың еліктеуіне тұратын өлмейтін де өшпейтін, әрқашан айтып жүретін жыр жазып берді» - делінген 1976 жьлы жарық көрген «Қазақ совет балалар әдебиеті» оқу құралында.
Саттар Ерубаев Денсаулығының дімкәстігіне қарамастан, көркем шығарма жазумен қатар, әлеумет тіршілігінің бәріне араласып, пікірін айтып отырған. Ерубаевтың көрнекті ақын-жазушы ағаларына сыпайы тілмен «балалар әдебиетін жасайық!» деуі олардың даярлығына кәміл сенгендігі деп ұққанымыз жөн.
Баубек Бүлқышев та Қазақстан жазушыларының II съезі қарсаңында жазылған «Балаларға жақсы кітаптар керек» мақаласында балалар әдебиетіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келе жатқандығын айтады.
Олардың әр нәрсеге әуестенгіш, әсерленгіш, жылт еткен құбылысқа ынтық көңілдерін дөп басып көрсетеді. Балалар үшін үлкен тәрбие құралы - көркем әдебиет екендігін жұртшылық есіне салады.
Қазақ балалар әдебиетінің сараланып сөз бола бастауы XX ғасырдың 30-жылдарында басталса, С.Ерубаевтың, Б.Бұлқышевтің балалар әдебиеті мәселелеріне арнаған мақалалары сол тұстағы зерттеулер сапында балалар әдебиетінің даму ерекшелігінен қалың жұртшылықты хабардар етті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет