Сөйлемнің түрлері


-тапсырма. Сөйлемдерден кейін тиісті тыныс белгілерін қойып, олардың түрлерін ажыратыңыздар



бет4/5
Дата14.10.2023
өлшемі61 Kb.
#480757
1   2   3   4   5
Сөйлемнің түрлері. Шешендік өнер

^ 2-тапсырма. Сөйлемдерден кейін тиісті тыныс белгілерін қойып, олардың түрлерін ажыратыңыздар. 

Бұл үшеуі де елін, жерін шапқыншы жаудан қорғап қалуда елдің, халықтың бірлігін, ынтымағын сақтауда, адамгершілік, салт-дәстүрді сақтауда зор еңбек сіңірген билер. 



Ойпырмай, мынау бір керемет қой Сен кеткелі жатырсың ба Сабаққа қашан барасың Бізді тәрбиелеп өсірген халқымызға көп алғыс айтамыз Бұлбұлсыз бау-бақша мен саяжайлардың сәні бола ма Қазақ тау-кен металлургия институтының тұңғыш директоры кім болды Жетеді, доғар Тезірек кет Халықтар достығы жасасын Мен өмірімде Д. Қонаевты екі рет көрдім Қап, кешігіп қалғаным-ай Тапсырманы міндетті түрде орында Бөлмені сыпыр Тез жинал Мерекеңмен ҚазҰТУ-дың кітапханасы 1990 жылы бірінші категориялы кітапхана қатарына қосылды Оқырмандар интернеттің әлемдік желісі қызметтерін пайдалансын 


^ 3-тапсырма. Бұйрықты сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар. 
Слушайте команду! Встаньте в строй! Не выходите из рядов! Равняйтесь налево! Спойте! Выполняйте приказ! Готовьтесь к экзаменам! Пишите! Выйдите из дома! 
^ 4-тапсырма. Сөйлемнің әр түріне үш сөйлемнен, барлығы он екі сөйлем құрастырыңыздар. 
Қазақ халқының шешендік өнері
5-тапсырма. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне ажыратып, олардың орын тәртібін түсіндіріңіздер. Шешендік өнерден мәлімет алып, есте сақтаңыздар
Қазақ өнерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері негізінен ауызекі айтылып, ауызша таралған. Бізге жеткен деректерге қарайтын болсақ, қазақ шешендерінің атасы – Жиренше деп айтуға болады. 
Ал аңыздарда Жиренше Әз Жәнібек хан мен Асан қайғының (XIV-XV) тұстары ретінде айтылады. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дейтін сөз бар. Абай сол Майқыны «Шыңғыс ханның он екі биінің бірі» деп атайды. Бұл дерекке қарасақ, шешендік өнердің тарихы әрі қарай тереңдей түседі. Қазақтың шешендік өнерінің кеңірек дамып, биіктеген кезеңі XV-XVIII ғасырлар. Бұл қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына, патша үкіметінің озбырлығына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жүргізген жылдар еді. Тап осы кезеңде билер мен шешендердің, ақындардың халықты жұмылдырып, рухтандырудағы рөлі мен беделі арта түсті. Осы кезеңде сөз өнерін жетік меңгерген адамдар сирек дарын ретінде жоғары бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да үлкен сый құрметке ие болып отырған. Шешендік сөздердің кейде билер сөзі деп аталуының өзі де талай сырдың бетін ашады. Шындығында да шешендік сөздер негізінен билер айтысы, билік шешім үстінде туып отырған. Би – халықтың көкейіндегісін, көкірегіндегісін жарыққа шығарған айтушысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет