Аққайың ауданы мәслихатының
2014 жылғы 30 қаңтардағы № 20-7
шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының Григорьевка ауылдық округінде
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Григорьевка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің осы қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Григорьевка ауылдық округі ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Григорьевка ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиын Григорьевка ауылдық округінің әкімі шақырады.
Аққайың ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Григорьевка ауылдық округі аумағында бөлек жиынды өткізуді Григорьевка ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды Григорьевка ауылдық округінің ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Григорьевка ауылдық округінің әкімімен немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Григорьевка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Григорьевка ауылдық округі ауылдары өкілдерінің кандидатураларын Аққайың ауданы мәслихатының бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |