Философияның жаңғыруға рөлі
Отаршылдық тұсында сөнуге сәл қалған рухани мұраның ұшқынын қайта тұтату үшін Елбасының бастамасымен көтеріліп, жүзеге асқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының тигізген әсері зор болды. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойғы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.
Қазіргі Қазақстан территориясы екі ежелгі мәдениеттің тоғысқан жерінде орналасқан – көшпенді және отырықшыл. Олар көптеген ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келген, үздік материалды және рухани жетістіктермен бөліскен. Бұл жерде көп халықтар, ежелгі өркениеттер мәдени ескерткіштері пайда болған. Қазақстандағы 25 мың тіркелген ескерткіштер арасында алғашқы адамдардың тұрақтары, мыңдаған жылдар бойғы тарихы бар қалалар бар. Осы мыңдаған археологиялық куәліктер арасында ежелгі, ортағасырлық, шығыс сәулет өнерінің құнды қазынасы жатыр. Маңғыстау ескерткіші - өзіндік, автономды сәулет стилінің әлемде қайталанбас дамуы. Жамбыл облысындағы Айша-Бибі
кесенесі – Қазақстан территориясында VII-VIII ғасырларда құрылыс технологиясының даму деңгейінің зор екендігін көрсететін тағы бір әлемде қайталанбас сәулет туындысы. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп таныды.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен негізгі приоритеті тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама жасалып, қабылданды. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы бері қазірге дейін Айша-Бибі кесенесі, Арыстанбаб, Абат-Байтақ, Есімхан, Қара Сопы, Мақұл Там, Ысқақ Ата қорымдары сияқты 78 тарих пен мәдениет ескерткіштерінде реставрациялық жұмыстар аяқталды, біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Соңғы үш жылда «жоқтан» екі мұражай-қорық - Алматы облысындағы Есік және Шығыс Қазақстан облысындағы Берел - мұражай-қорық жасалған. Мемлекет «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шет елдердегі ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Дамаск қаласындағы Сұлтан Әз-Захир Бейбарс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарс мешіті реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің құрылысы сәтті аяқталды.
Қорытынды
Дүниетаным, ақиқатты рухани-практикалық игерудің танымдық жүйесі болса, дүниетанымның соңғы және жоғарғы формасы философия деп есептеледі. Оның ішіндегі бір ұлтқа ұйысқан адамдардың білім мен сенім жиынтығы, рухани-адамгершілік және моральдық мұраттары, әлеуметтік- саяси бағдарлары мен қоршаған ортаға деген психологиялық және эстетикалық көзқарастары дүниетаным түсінігінен қуат алады. Олай болса, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының ауқымында ұлттық рухани құндылықтар мен мұрамызды игеруде философия өте үлкен рөл атқарады.
Философия ұлттың тарихын сақтап қалуда үлкен, аса зор, тіпті ерекше рөл ойнайды. Оны жоққа шығару мүмкін емес. Философия тармақтары өте көп. Оның әр салада атқаратын қызметі жетерлік. Ал тарих қойнауларын жаңалап, жаңғыртып, халық санасына сіңіруде тіпті ерекше рөл ойнайды. Сонау ежелгі дәуірден адамзат қоғамындағы дүниетанымдық сауалдарға жауап іздеп келе жатқан бұл ілім түрі бұнымен шектеліп қоймай, тек үшінші жаңғыруда емес, жалпы рухани жаңғыруда елеулі үлес қосары анық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
https://online.zakon.kz/m/amp/document/35328131
https://e-history.kz/kz/e-resources/show/13048/
https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8885/
Достарыңызбен бөлісу: |