«Сот сөзі» пәні бойынша орындалуы міндетті тапсырмалар



Дата23.09.2022
өлшемі14.64 Kb.
#461202
тапсырмалар


«Сот сөзі»
пәні бойынша орындалуы міндетті тапсырмалар


1-блок: Жазбаша түрде электронды форматта тапсыратын тапсырмалар жиынтығы:



    1. Электронда папка ашамыз – папка аты студенттің фамилиясы бойынша.Сол ашылған папканың ішінде:

  1. Кез-келген өзіңізге ой салған фраза бойынша ой фигураларының түрлері бойынша сөз дайындау – Word форматта жазылған файл;

  2. «Қастандық» шығармасы бойынша қылмыскердің психологиялық-криминологиялық портреті – Word форматта жазылған файл;

  3. «Түнде атылған оқ» шығармасы бойынша қылмыскердің психологиялық-криминологиялық портреті – Word форматта жазылған файл;

  4. «Таудағы жаңғырық» шығармасы бойынша қылмыскердің психологиялық-криминологиялық портреті – Word форматта жазылған файл;

  5. «Қастандық», «Түнде атылған оқ», «Таудағы жаңғырық» шығармаларының ішінен таңдап, соның біреуі бойынша айыптау сөзі – Word форматта жазылған файл;

  6. «Қастандық», «Түнде атылған оқ», «Таудағы жаңғырық» шығармаларының ішінен таңдап, соның біреуі бойынша қорғау сөзі – Word форматта жазылған файл;

  7. «Қастандық» шығармасы бойынша кез-келген ұсақ қылмыстық эпизодты сипаттап жазып шығу (өткен сабақтарда видеодағы жасөспірімдердің құқық бұзушылығын сипаттап жазғанымыздай);



2-блок: Ауызша түрде тапсыратын тапсырмалар:



  1. 1-блокта берілген тапсырмаларды ауызша талқылауда нақышына келтіріп орындау;

  2. Өз өміріңізде болған бірнеше оқиғаны жүйелеп, бір-бірімен байланыстырып, ішіне бір өтірік оқиғаны қосып, тұтас бір әңгімені аудиториядағы тыңдаушылар сенетіндей етіп айтып беру;

3-блок: видеоға түсіру арқылы видеоматериал ретінде орындалатын тапсырма:

Кез-келген өзіңізге ұнайтын тақырыпта ой фигурасының бір түрі бойынша 5-7 минуттық жария сөз сөйлеу


ЕСКЕРТУ: барлық тапсырмаларды орындау барысында сөз, ой фигуралары, троптар, логика заңдылықтары қолданылу керек + ауызша тапсырмалар мен видео тапсырмаларда артикуляция, сөйлеу техникасының бөлімдері (дауыс ырғағы, интонация, т.б.) + жестикуляция, сөйлеушінің сыртқы келбеті, т.б. талаптары сақталуы тиіс!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет