«Сөзжасам» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебитеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша



Дата04.07.2016
өлшемі164.42 Kb.
#178052

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер кафедрасы

«Сөзжасам» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебитеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша



ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

(қолы) (аты-жөні)

20__ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: _____________ ф.ғ.к.,доцент Г.Т.Кәріпжанова

( қолы) (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер кафедрасы

(кафедра атауы)


«Сөзжасам» пәні бойынша 050117 - «Қазақ тілі мен әдебитеті» мамандығының студенттеріне арналған

пәнді оқыту бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

(факультет атауы)

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________


(қолы) (аты-жөні)


МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама



Теориялық курс мазмұны

Теориялық курс мазмұны
1-тақырып Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы.

Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы деп бірден қалыптасқан мәсе-ле емес екені. Жалпы тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуының түркі тілдеріне әсері. Сөзжасам – дербес сала. Сөзжасамның тіл білімінің негізгі салаларының көбімен байланыстылығы, тіл білімінде бірімен-бірі байланыспайтын саланың кездеспеуі, олардың ортақ объектілері, яғни нысандарының болуымен байланыстылығы. Сөзжасамның морфологиямен байланысының күштілігі, ол байланыстың ұзақ уақыт сөзжасамның морфология құрамында қаралуына себеп болғаны. Сонымен бірге олардың айырмасы. Тілде сөзжасам көрсеткіші мен қолданылған сөз лексемаТілде сөзжасам көрсеткіші мен қолданылған сөз лексема болып саналса, сөз түрлендіруші қосымшамен қолданылған сөз формасы болып танылады, яғни олар тілдегі екі басқа құрылыстарға жататыны туралы. Сөзжасамның синтаксиспен байланысы. Сөзжасамның аналитикалық тәсіл арқылы жаслған күрделі сөздердің табиғаты, құрылысы жағынан синтаксистегі сөз тіркестерімен ұқсастығы, ол ұқсастық осы тілдегі екі саланың байланысынан туғаны. Сөзжасамның лексикологиямен байланысы. Лексикология тілде бар сөздерді зерттейтін ғылым екені. Сөзжасам тілде бір кезде жоқ сөздің қалай пайда болғанын, қалай жасалғанын, керек сөзді қалай жасауға болатынын зерттейді. Сөзжасамдық әрекет нәтижесінде жасалған сөз лексикологияның қарамығына түсетіні. Осымен байланысты сөзжасам мен лексикология арасында байланыс пайда болатыны. Сөзді екі сала екі тұрғыда зерттейді. Сөзжасамның тілдің морфология мәселесімен байланысы. Сөзжасамның негізгі тілдік бірліктерді жұрнақтардың дыбыстық вариантта қолданылатыны. Жұрнақтардың дыбыстық варианттары фонетика заңдылықтары бойынша қалыптасқан, оны морфология саласы зерттейді, бұл арқылы екі саланың байланысы көрінетіні туралы.



[1], [2],[3],[11],[12],[13], [14].

2-тақырып. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Сөзжасамдық тәсілдер. Сөзжасамдық мағына. Туынды сөздер.

Қоғамдағы жаңалықтар жаңа атауды қажет ететіні, ол қажеттілікті үнемі қамтамасыз етіп отыратын сөзжасам екені. Бұл тіл болғалы үнемі үздіксіз жасалып келе жатқан тілдік әрекет болғандықтан, тілдің сөзжасам жүйесі үнемі дамып, екшеліп, толығып қалыптасып отырғаны. Сөзжасамның дамуы, баюы, екшеліп бір қалыпқа түсуінің нәтижесінде өзіндік сөзжасамдық бірліктері бар, тәсілдері бар, орныққан, қалыптасқан заңдылықтары бар тілде сөзжасамдық жүйе-нің бары туралы. Ол сөзжасамдық жүйе арқылы өмірде пайда болған барлық жаңа заттар мен ұғымдардың аталуы қамтамасыз етілетіні, өмір қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, тілдің сөзжасамдық жүйесінің қызмет ететіні туралы. Сөзжасамдық тәсілдер тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтары-ның біріне жататыны. Тілде жасалған сөздердің бәрі тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдердің бірі арқылы жасалады, өйткені сөзжасамдық тәсілдер жаңа сөздердің жасалу жолы, амалы екені. Қазақ тілінде көне замандардан бері қарай қалыптасқан үш түрлі сөзжасамдық тәсілдің бары: 1. синтетикалық тәсіл; 2. аналитикалық тәсіл; 3. лексика-семантикалық тәсіл. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі, оның көне заманнан бері қолданылып, дамып, қазір сөзжасамда негізгі орын алатыны, оның анықтамасы. Синтетикалық тәсіл арқылы сөздің жасалуын іске асыратын тілдік бірліктер, олардың әрқайсысының атқаратын қызметі мен айырмашылықтары, сөз таптарына қатысы. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөздің туынды түбір аталғаны, тіліміздің туынды түбір сөзге байлығы. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі де көне құбылысқа жататыны, қазір де сөзжасамда үлкен қызмет атқаратыны, оның анықтамасы. Аналитиклық сөзжасамда қызмет атқаратын тілдік бірліктер, олардың синтетикалық тәсіл бірліктерінен айырмасы мен ұқсас жақтары. Аналитикалық тәсілдің ішкі ерекшеліктері, түрлері. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздердің күрделі сөз аталып, оның ішкі түрлеріне байланысты күрделі сөздердің түрлері жасалатыны, сөзқосым тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздердің қос сөз, тіркестіру арқылы жасалған сөздердің тіркесті күрделі сөз, қысқарту арқылы жасалған сөздердің қос сөз аталатыны, сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілінің де көне замандардан келе жатқаны, қазір бұл тәсілдің қызметінің азайғаны, осы тәсілдің анықтамасы. Лексика-семантикалық тәсіл бір кездерде термин жасауда қызмет атқаратыны. Бұл тәсіл сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысатыны, осы тәсіл арқылы бір сөздің бірнеше сөздің қызметін атқаратыны. Сөзжасамдық мағынаның сөзжасам әрекеті арқылы жасалатыны, сөзжасамдық мағынаның сөзжасамдық бірліктер арқылы жасалатыны, сөзжасам әрекетіне қатысты тұрған сөзжасмдық бірліктердің бір-бірінен қатысы негізінде сөзжасамдық мағынаның жасалатыны. Сөзжасамдық бірліктердің сөзжасамдық тәсілдерге қатысының түрлілігіне байланысты олардың әр тәсілде сөзжасамдық мағына жасауға қатысты түрлі болатыны. Туынды мағынаның негізділігі. Туынды мағынаның түрлендірілген түрі. Көшірілген туынды мағына. Туынды мағынаның теңбе-теңдік түрі. Сөзжасамдық әрекеттің негізінде тілге қосылған сөздердің туынды сөз аталатыны. Яғни туынды сөздер тек сөзжасамға қатысты қолданылатыны. Туынды сөздердің тілде пайда болуы қоғамдағы жаңалықтарға байланыстылығы. Туынды сөздер сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалатындықтан, сөзжасамдық тәсілдердің түрлілігіне қарай туынды сөздердің де түрлі болатыны: туынды түбірлер, күрделі сөздер (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер) туынды түбірлер. Туынды сөз бен туынды түбір дегеннің айырмасы мен олардың бір-біріне қатысы. Туынды түбірлердің синтетикалық тәсіл арқылы жасалып, оның құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратыны. Негіз сөз бола алатын сөздер, олардың белгілері, түрлері негіз сөздің туынды түбір сөзді жасауда, жаңа мағына жасауда атқаратын қызметі. Жұрнақтың туынды түбір сөз жасауда мағына әсері, мағынаны өзгертетін және мағынаны түрлендіретін жұрнақтар, олардың сөз табына қатысы, өнімділігі, өнімсіздігі, сөздің құрамында жігі анық байқалатындары, түбірмен әбден кірігіп, қазір түбірден бөліп алуға келмейтін түрлері, олар арқылы жасалған сөздердің тек тарихи тұрғыда ғана туынды түбірге жататыны. Күрделі сөздер. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі күрделі сөздерге жататыны, олардың бәрі екі мағыналы лексемадан жасалып, бір мағыналы сөз жасайтын, оның күрделі сөз деп аталуы, күрделі сөздің анықтамасы мен түрлері. Біріккен сөз. Біріккен сөздер сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы, оның ішінде сөзқосым түрі арқылы жасалатыны. Біріккен сөз жасауға қатысатын тілдік бірліктер, олардың мағына жасауда атқаратын қызметі. Біріккен сөздің емлесі, оған қатысты қайшылықтар. Сөзқосым тәсілмен сөздердің құрамындағы сыңарлардың өзгеріссіз сақталуы мен түрлі өзгеріске түсуіне қарай олардың кіріккен сөздер мен кіріккен сөздер мен біріккен сөздер болып бөлінетіндігі. Кіріккен сөздердің көне құбылыс болып саналуы, оның ішкі ерекшеліктері мен бірікен сөздердің ерекшеліктері. Бұлардың сөз табына қатысы, тілде алатын орны яғни сөздік қордан алатын орны, түрлі сөз табына қатысы. Қос сөз. Қос сөздердің көне заманнан келе жатқаны. Қос сөздердің түркі тілдерінің ерекшелігіне жатып, басқа тілдерде көп қолданылмайтыны. Қос сөздердің анықтамасы, жасалу жолы, құрамы, сөз таптарына қатысы., сөздікте берілуі. Қос сөздердің анықтамасы, жасалу жолы, құрамы, сөз таптарына қатысы, сөздікте берілуі. Қос сөздердің құрамындағы сыңарларға қатысты заңдылық, қос сөздіңдердің түрлері: қосарлама қос сөз, қайталама қос сөз, оалардың әрқайсысының құрамы, мағынасындағы ерекшеліктер. Қысқарған сөз. Қысқарту әдісінде сөз мағынасы өзгермей, сөздің екінші варианты жасалады да, сөздің толық түрі мен қысқарған түрінің арасында мағыналық айырмашылық болмай, олардың лексикалық мағыналары тең болатыны, оның сөзжасамының ерекше түрі екендігі. Сөзді қысқарту әдісі – түрлі тілдерде жиі кездесетін, кең тарған әдіс. Тілдерді сөзді қысқартудың екі түрі бар: 1) қоғамдық қарым-қатынасқа қатысты сөздерді қысқарту. 2) күнделікті өмір, тұрмысқа қатысты сөздерді қысқарту. Қоғамдық қарым-қатынасқа байланысты сөздер, мекемелердің атаулары, қоғамдық ұйымдардың, қоғамдық ірі құбылысстардың атаулары, фирмалардың, кәсіптік орындардың атаулары, ғылыми еңбектердегі күрделі атаулар т.б. екені, олардың қысқарту жолы бары, олар ауызша, баспа бетінде, жарнамаларда т.б. жағдайларда қолданылатыны туралы. Күнделікті өмірде, тұрмыста қолданылатын сөздердің қысқартуына кісі аттарына жататыны. Бұл да әлемдегі тілдердің бәріне қатысты екені. Қазақ тілінде кісі аттарын қысқартып айту көне құбылыс. Кісі аттарын қысқартудың өз жолы қалыптасқаны (кісі атының басқы буыны сақталып, оған –еке, -қос, -а,-и қосымшаларын қосу, оған сый-құрмет мәні қосылуы. Кейде адамдардың қысқарған атының негізгі атқа көшуі. Құрамы өзгермей, мағынасы ғана өзгерген сөздер де туынды сөздер қатарына жататыны, бірақ оларды туынды сөздердің түрлері ретінде аталмай жүргені. Бұған лексика-семантикалық тәсіл арқлы жасалған сөздер жататыны.

[1], [4],[6],[8],[10],[23], [24].


3-тақырып. Сөзжасамдық талдау. Сөзжасамдық ұя.

Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы ретінде танылғанға дейін сөзге фоне-тикалық және морфологиялық, сөйлемге синтаксистік талдау жасалып келгені белгілі. Морфологиялық талдауда сөз құрамындағы морфемалар толық талданады. Сөзжасам жеке сала болғалы сөзжасамдық талдау мәселесі көтерілді. Сөзжасамдық талдауға сөздің құрамындағы сөз түрлендіруші, сөздің грамматикалық тұлғасын жасаушы морфемалар кірмейді де, сол арқылы ол қазіргі морфологиялық талдаудан ерекшеленетіні туралы. Сөзжасамдық талдаудың негізгі нысаны сөзжасамдық бірліктер, олардың сөздің мағынасын жасаудағы қызметі, сөзжасамдық мағына, туынды сөздердің түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар, үлгілер, сөз таптарының сөзжасамын көрсету . Бір негізгі сөзден тараған бір топ туынды сөздердің сөзжасамдық ұяға жататыны, бір сөзжасамдық ұядағы туынды сөз атауларының түбірлес сөздер деп танылатыны, олардың мағыналық байланысы, ол мағыналық байланыстың ұяның түп негіз сөзінен басталатыны. Сөзжасамдық ұяның көлемінің түрлілігі. Сөзжасамдық ұяның құрамы күрделі құбылыс саналатыны. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық тізбек сөзжасамдық ұяның бір мүшесі, оның анықтамасы, бір ұяда бірнеше сөзжасамдық тізбек бола беретіні жалпы құбылыс екені. Сөзжасамдық тізбектің өзіндік белгілері, оның түп негіз сөзден басталып, оны аяқтаушы туынды сөздің болуы, оның- сөзжасамдық тізбектің танылуына шешуші қызметі. Сөзжасамдық тізбек сөзжасамдық сатымен байланыстылығы, әр тізбекте қанша туынды сөз болатыны сатының саны арқылышешілетіні. Тілде сөзжасамдық тізбекте қанша сөз болатыны туралы. Сөзжасамдық саты. Сөзжасамдық ұяның негізгі мүшелерінің бірі –стаы. Сөзжасамдық ұядағы әр туынды белгілі бір сатыда жасалады яғни сөзжасамдық сатысыз ұя болмайтыны. Сөзжасамдық саты екі тұрғыда қаралатыны: көлденең бағытта және тік бағытта. Көлденең бағытта қарағанда, саты сөзжасамдық тізбекке қатысты, тізбектің қанша туынды сөзден тұратынын көрсететіні. Тік бағытта сөзжасамдық сатының сөзжасамдық парадигмаға қатыстылығы және ұядағы әр сатыда қанша, қандай туынды сөздердің жасалғанын көрсететіні. Сөзжасамдық тарам (парадигма). Сөзжасамдық тарам бір негіз сөзден жасалған бірнеше туынды сөз екіені, ол сөзжасамдық саты тік бағытта қаралғанда ғана анықталатыны. Сөзжасамдық тарамның құрамы түрлі болып, оның ең көп құрамда қолданылуы, кездесуі, бірінші, екінші сатыларға қатыстылығы. Саты саны өскен сайын сөзжасамдық тарамның азая беретіні, соңғы сатыда кездеспейтіні. Сөзжасамдық жұп. Сөзжасамдық жұп та сөзжасамдық ұяның мүшесі бола тұра, оның тікелей сөзжасамдық тізбек құрамына кіретіні. Сөзжасамдық жұп негіз сөз бен одан жасалған туынды сөзден тұратыны. Негіз сөз бен одан жасалған туынды сөз сөзжасамдық жп құрайтыны. Сөзжсамдық жұптағы негіз сөздің қызметі, негіз сөз бен туынды сөздің морфемдік құрамындағы айырмашылық, мағыналық айырмашылық пен байланыстылығы.

[1], [12],[13],[21],[22],[23], [26].

4-тақырып. Сөз таптарының сөзжасамы. Есім сөздердің сөзжасамы.

Сөз таптарының сөзжасамы қазақ тіл білімінде ертеден зерттеліп, бұл мәселеде бірсыпыра ғалымдардың еңбегі бары туралы, бірақ ол толық деп айту қиын. Әсіресе, зат есім, сын есім, сан есім, етістіктің сөзжасамына арналған зерттеулер бар екені. Сөз таптарының сөзжасамын есім сөздер-дің және етістіктің сөзжасамы деп екі бөліп қарау қолайлы, өйткені, сөз таптарының сөзжасамы өте үлкен және есім сөздердің сөзжасамында ұқсас жағдайлар да бар. Есім сөздердің сөзжасамына зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеудің сөзжасамы жататыны. Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталу қажет.



[1], [2],[3],[11],[12],[13], [14].

5-тақырып. Зат есім сөзжасамы.

Сөзжасамдық құбылыстың зат есімде орасан мол орын алатыны, тілдік сөз-жасамдық тәсілдерінің бәрінің зат есімнің жасалуында кеңінен қызмет атқаруы туралы. Зат есім сөзжасамы үзілмей жүріп жататын құбылыс. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнің синтетикалық сөзжасамы екі морфеманың қатысы арқылы жүзеге асуы, олар: негіз сөз бен жұрнақ. Негіз сөз қызметінде құрамы, тұлғасы жағынан негізгі түбірлер, туынды түбірлер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер. Негіз сөздің туынды түбір зат есім мағынасына арқау болуы, негіз сөздің мағынасы мен одан жасалған туынды түбір зат есім мағынасының байланыстылығы. Зат есімнің сөзжасамына негіз сөз қызметінде қатысатын сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, еліктеуіш сөздер, модаль сөздер. Олардың туынды түбір зат есім жасацу қабілетіндігі, қызметіндегі айырмашылық, белсенді қатысатын сөз таптары. Туынды түбір зат есім жасайтын зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары. Зат есімнің сөзжамсамдық жұрнақтарының көлемі, жалпы мөлшері, зат есім жұрнағының дара, құранды, байырғы, кірме түрлері, қолданылуына ұқарай өнімді, өнімсіз, өлі, белсенді түрлері, жұрнақтардың әр кезеңде белсенділігі өзгеруі, мағынасына қарай зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының сөз мағынасын өзгертуші, сөз мағынасын түрлендіруші түрлері, олардың айырмашылықтары. Зат есімнің есім сөздерден зат есім жасаушы жрнақтар. Зат есімнің етістіктен зат есім жасаушы жұрнақтар. Зат есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнің сөзжасамына аналитикалық тәсілдің барлық түрлері қатысатыны, олардың күрделі зат есімдер жасайтыны. Зат есімнің сөзқосым тәсілі арқылы жасалуы, оның туынды зат есімнің ішінде тұлғасы жағынан біріккен сөздер жасайтыны. Зат есімнің біріккен сөздерінің өзіндік белгілері, оның сыңарларының зат есімдерден, сын есім мен зат есімнен, зат есім мен етістіктен, сан есім мен зат есімнен жасала беретіні. Біріккен зат есім жасайтын сыңарлардың әрқайсысының өзінің дыбыстық құрамын сақтап бірігуі, не дыбыстық құрамдарын ықшамдап, бір-бірімен бірігіп кетуі мүмкін екендігі. Біріккен зат есімдердің тілде көптігі, тілдің сөз байлығына өзіндік әсері. Зат есімнің қосарлану тәсілі арқылы жасалуы, бұл тәсіл арқылы зат есімнің сөз тұлғасы жағынан қос сөздер аталатын түрі жасалатыны. Қосарланған күрделі зат есімнің екі сыңары мағынасы жақын, бір-біріне қатысты бар заттардың атына жасалуы: қас-қабақ, сақал-мұрт, бай-бәйбіше, қайғы-қасірет, құрт-май, сауық-сайран; сө табы жағынан екі сыңары да зат есімдерден жасалатыны: жиын-той, ақын-жазушы, ішім-жем, майлық-саулық. Зат есімнің тіркестіру тәсілі арқылы жасалуы, тіркестіру тәсілдерінің тілде күрделі зат есімдер жасауы, оның кейде тіркескен күрделі зат есім деп те аталатыны. Тіркестіру тәсілі арқылы жасалған зат есімдер ең кем екі, не одан да көп сөздердің бір-бірімен тіркесіп, бір заттың, заттық ұғымының атын білдіретін, тілдегі дайын лексикалық тұлғаға айналған, тілде бір сөздің қызметін атқаратын күрделі зат есімдер жасайтыны (қайын ата, сым темір, тоқ ішік, ара ағайын, ұзын омыртқа). Бұлардың ішінен біртіндеп біріккен сөздерге қосылып отыратыны (қайнаға, жамағайын). Бір топ күрделі зат есімдердің бірде бірге, бөлек жазылуының көбіне шартты түрде шешіліп жүргені. Күрделі зат есімдердің бұл тобының бірге, бөлек жазылуының көбіне шартты түрде шешіліп жүргені. Тіркескен күрделі зат есімдердің тобына тілде кейін пайда болған терминдік тіркестер аталып жүрген күрделі сөздердің де жататыны: қалалық кеңес, Еңбек Ері, Совет Одағының Батыры, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық университеті. Бұлардың еркін сөз тіркесінен айырмасы мен ұқсастығы. Олардың басқа күрделі сөздер тобынан өзіндік ерекшелігі, тілдегі бұл сөздердің қыр-сырының әлі толық ашылмағаны. Зат есімнің қысқару арқылы жасалуы. Қысқарту тәсілі кез-келген сөзге қолданылмайтыны, оның күрделі сөздердің ішінде көбіне терминдік тіркестермен, ғылыми терминдермен, т.б. белгілі топтағы сөздермен байланысты қолданылатыны. Қысқарту тәсілінің жолдары. Қысқарған сөздердің өздік ерекшеліктері. Зат есімнің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есім сөздер тілде белгілі мағынасының үстіне басқа мағынаны қосып алып, екі кейде одан да көп сөздің мағынасын беріп, қызметін атқаруы семантикалық сөзжасамға жататыны (жұма-бір күнің аты, жұма- бір жетінің аты, тәсіл-айла мағынасында, тәсіл-ғылымындағы термин, түбір-ағаштың түбірі, түбір-термин). Зат есімнен басқа сөз таптарының сөз құрамын өзгертпей, заттанып, зат есімге көшуі де зат есімнің семантикалық тәсіл арқылы жасалуына жататыны (жетісін беру, ыстығы үлкен, ыстық (тамақ мағынасында), ақ молайды, туысы көп, шығысы артық, айтысқа түсті). Контекстік заттанудың сөзжасамға жатпайтыны (үлкенді сыйла).

[1], [2],[3],[9],[10],[15], [17].



6-тақырып. Сын есім сөзжасамы. Сан есім сөзжасамы.

Сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы., Сын есім жасауға негіз болатын сөз таптары, сөз тұлғалары. Сын есімнің сөзжасамдық жұр-нақтары. Есімдерден сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар. Етістіктен сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар, етістіктерден сын есім жасайтын өнімсіз жұрнақтар. Сын есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сын есімдердің күрделі сын есім жасайтыны. Күрделі сын есімнің жасалуының жолдары, оларға қатыса-тын негізі, туынды сын есімдер, есім сөздер. Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі бар, сан есім сөзжасамына қа-тысатын тілдік тұлғалар, олардың негізгілері. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері. Аналитикалық тәсілдің сан есім сөзжасамында негізгі орын ала-тыны, аналитикалық тәсіл арқылы сан есімнің жасалу үлгілері, жолдары. Синтетикалық тәсілдің де сан есім жасауға қатысатыны, оның өзіндік ерекшелігі, бұл туралы түрлі көзқарастар. Сан есім сөзжасамының тарихи іспеті, қазіргі дәуірде сан есім сөзжасам арқылы өз құрамын толық-тырмайтыны. Бірлік сандарға алты, жеті, сегіз, тоғыз сандары туралы. Ондық сан атауларындағы алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сан атаулары туралы. Сан атауларының қосу, көбейту тәсілі арқылы жасалуы. Бірлік пен ондық аралас сандардың жасалуы. Жүздік атауларының жасалуы. Мыңдық, жүздік, ондық, бірлік аралас сан атауаларының жасалуы.



7-тақырып. Есімдіктің сөзжасамы. Үстеудің сөзжасамы.

Есімдіктің сөзжасамының өзіндік ерекшелігі, сөзжасам мүмкіндігінің аздығы. Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы есімдіктің жасалуы. Үстеу сөзжасамға кедей сөз табы. Үстеудің жасалуының өзіндік ерекшелігі. Үстеудің сөзжасамдық түрлері: аналитикалық, синтетикалық тәсілдер, көнеру арқылы үстеуге көшудің белгілі орын алатындығы. Үстеудің жасалуына негіз болатын сөз таптары: үстеу, зат есім, сын есім, есімдік, сан есім. Есім сөздерден үстеу жасайтын жұрнақтар, олардың мағыналары. Қосымшалардың түбірге көнеруі арқылы үстеудің жасалуы. Үстеудің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған үстеудің түрлері: 1) біріккен үстеулер, 2) қосарланған үстеулер, 3) тіркесті үстеулер.

[1], [2],[3],[11],[12],[13], [14].

8-тақырып. Етістіктің сөзжасамы.

Етістіктің қалыптасқан күрделі сөзжасам жүйесі. Етістік құрамын әр кезеңде де сөзжасам арқылы толықтырып отыратыны. Етістіктің сөзжасам арқылы құрамын толықтыруға басқа сөз таптарының да, етістіктің өзінің де негіз болатыны. Етістіктің семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Етістіктің сөзжасам жүйесінде бұл тәсілдің үлкен орын алатыны, сондықтан етістіктің туынды түбір етістіктерге байланысты екені. Есім негізді туынды түбір етістіктер, олардың негіз сөздері, есім негізді туынды түбір жасайтын жұрнақтар, олардың беретін мағыналары. Етістік негізді туынды түбір етістіктер, оларға есім негізгі туынды түбір етістіктің негіз болуы, негізгі түбір етістікьің негіз болуы. Етістіктен етістік жасайтын өнімсіз жұрнақтар –ла,-ле, -ғышта, -гіште, ыңқыра,-іңкіре, -қыла,-кіле, -лық,-лік, ық-, -ік, -ғы, -гі, -ыр, -ір, -бі,- ді. Етістіктен етістік жасайтын өнімді жұрнақтар-етіс жұрнақтары. Етіс жұрнақтарының сөзжасамға қатысы туралы көзқарастар. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың қызметі, мағына жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын күрделі етістіктер. Күрделі етістіктердің құрамы, олардың орны, қызметі, сөзжасамдық қабілеті, күрделі етістік жасауда тірек сыңар болатын етістіктер. Аналитикалық тәсіл арқылы құранды етістіктің жасалуы, оның құрамы, құранды етістіктің тірек сыңары. Құранды етістіктің құрамындағы сыңарларының беретін мағынасы. Сөздік құрамнан құранды етістіктің алатын орны.



[1], [2],[3],[21],[26],[13], [24].
Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

  2. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.

  3. Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уәждеме. Алматы, 2003.

  4. Қазақ грамматикасы. Елорда, 2002.

  5. Құрманәлиев К. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесінің теориялық негіздері. АДД. Алматы, 2002.

  6. Қоқышева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер. АКД. Алматы, 2002.

Қосымша:

  1. Қасым Б. Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері. Алматы, 2000.

  2. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1988.

  3. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.

  4. Қалиев Ө. Сөз тудыру жеке сала. КМ.1984, №6, Б.57-60.

  5. Қалиев Ө. Өнімді, өнімсіз жұрнақтарды анықтау критерийлері. ҚМ. 1980. №9.

  6. Қалиев Ө. Сөздік морфемалық және туу құрамы. ҚМ. 1979, №4.

  7. Қайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. Алматы, 1986.

  8. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі.

Алматы, 1986.

  1. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

  2. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. Алматы, 1982.

  3. Ибатов А. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. Алматы, 1988.

  4. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.

  5. Қасым Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. Алматы, 1996.

Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. (Семантикалық аспект). Алматы, 1999.

  1. Тілеуов І. Сөз таптары. Алматы, 1982

  2. Шаһарман Г. Қазақ тіліндегі сан есімдерден жасалған аталымдар. Алматы, 2002.

  3. Есімсейітов Б. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер. АКД. Алматы, 2002.

  4. Ганиев Ф.А. Сукффиксально словообразование в современном татарском языке. Казань, 1974.

  5. Севортян Э.В. Аффиксы глаголообразования в азербайджанском языке. Москва, 1962.

  6. Севортян Э.В. Аффиксы именного словообразования в азербайджанском языке. Москва, 1966.

  7. Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков. Ленинград, 1977.

  8. Хабичев М.А. Карачаево-балкарское именное словообразование. Черкесск, 1971.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет