Спорт психологиясы



бет1/2
Дата03.01.2024
өлшемі18.85 Kb.
#488420
  1   2
Дене және тактикалық даярлықтың ерекшеліктері


Тақырыбы: Дене және тактикалық даярлықтың ерекшеліктері
Жоспары:

  1. Дене даярлығының психологияық ерекшеліктері.

  2. Тактикалық даярлықтың психологиялық ерекшеліктері.

  3. Тактикалық әрекеттер сәтілігінің психологиялық факторы.

Спорт психологиясы - жарыс және жаттығу әрекетіндегі адам психикасының білінуі мен дамуының, сондай-ақ топтық өзара әрекеттестіктердің заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы. Спорт психологиясының қазіргі уақыттағы негізгі міндеттері — спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады. Спорттық жарыстардың алдында спортсмендердің психикасын сол үрдіске бейімдеп жаттықтыру және бәсекелестік мәселесінен жеңімпаз ететіндей нұсқалармен қаруландыру. Жарыс барысында өзін-өзі билеп, басқара алатын дәрежеге машықтандыру. Спорт психологиясы — жарыс және жаттығу жағдайларында адам нсихикасының білінуі мен дамуының, сондай-ақ топтық өзара әрекеттестік заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының бағыты.
1-сұрақ: Адамды белгілі бір іс-әрекетке дайындау-бұл сол іс-әрекетке жемісті қатысуға дайындықты қалыптастыру процесі деген сөз. Осы дайындық ішінде бірқатар компонентерді атап көрсетуге болады: олар-бұлшықеттік, функционалды, операциялы, психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық жағынан дайын болуы керек. Әсіресе, өзгермелі жағддайларға, мақсатқа жету кезеңдерінде, қажеттіліктер секірулерде және құнды бағыт-бағдар қажет. Спортшы іс-әрекеті дәл осындай белгілерге ие. Енді іс-әрекет нәтижесі де оған риза болу, ішкі психологиялық жағдайы, адамның қобалжулары да оның іс-әрекет процесінде психологиялық дайындығына ғана емес, сонымен бірге, кез-келген іс-әрекетпен жүретін оның шарттарына: нақты күн тәртібіне, жеке тұлға бағалануына, мүмкін болатын жазалаулар мен мадақтауларға адамдардың белгілі бір тобымен араласу ерекшеліктріне және қуаттылығына қатысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет