Спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша кешендi ғылыми топтың қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы



Дата25.02.2016
өлшемі59.91 Kb.
#18991
Спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша кешендi ғылыми топтың қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрiнiң 2011 жылғы 19 қыркүйектегi № 02-02-18/183 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 17 қазанда № 7258 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" газетi 2011 жыл 5 қараша N 529-530 (26922)


      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-1 бабының 14) тармақшасына, 23-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша кешендi ғылыми топтың қызметiн ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Спорт комитетi осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын және мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрi М.Е. Омаровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                               Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасы   
Туризм және спорт министрiнiң
2011 жылғы 19 қыркүйектегi 
№ 02-02-18/183 бұйрығымен 
бекiтiлген      

Спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасы құрама
командаларының спортшыларын даярлау жөнiндегi
кешендi ғылыми топтардың қызметiн
ұйымдастыру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Кешендi ғылыми топтардың қызметiн ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi – Ереже) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау жөнiндегi кешендi ғылыми топтың қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.


      2. Кешендi ғылыми топ – ғылыми-әдiстемелiк және медициналық-биологиялық зерттеулер жүргiзу, спортшының функционалдық жай–күйiн және даярлығының техникалық деңгейiн айқындау үшiн құрылатын бiлiктi мамандар тобы (бұдан әрi – КҒТ).
      3. КҒТ өз қызметiн спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдармен жасалған шарттың негiзiнде жүзеге асырады.
      4. КҒТ жұмысы Қазақстан Республикасы құрама командалары даярлығының құрамдас бөлiгi болып табылады.
      5. КҒТ жұмысының нәтижесiнде алынған барлық ақпарат құпия болып табылады және тек құзыретiнде осы мәселелер бар адамдар мен ұйымдарға ғана ұсынылады.
      6. КҒТ қызметiнiң мақсаты спортшыларды даярлау жөнiндегi әдiстемелердiң, технологиялардың және ұсынулардың жаңасын әзiрлеу және қолданыстағыларын жетiлдiру және оларды құрама командаларды даярлау практикасына енгiзу арқылы спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
      7. КҒТ мынадай мақсаттарды iске асырады:
      1) спортшыларды даярлауды жоспарлау және бағдарламалау процестерiн ғылыми-әдiстемелiк және медициналық-биологиялық қамтамасыз ету қажеттiлiгiн негiздеу;
      2) спортшыларды даярлаудың тiркелетiн параметрлерiн талдауды және спортшыларды даярлаудың бағдарламаларын түзету қажеттiлiгiн қамтамасыз ету;
      3) спортшыларды даярлаудың жаттығу процесiнiң жылдық және төрт жылдық циклiн ұйымдастыру бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу;
      4) спортшылар организмiнiң функционалдық жай-күйiн, бейiмделу мүмкiндiктерiн, физикалық жұмысқа қабiлеттiктерiн бақылауды қамтамасыз ету;
      5) тереңдетiлген кешендi тексерулердi (ТКТ), тереңдетiлген медициналық тексерулердi (ТМТ), кезеңдiк кешендi тексерулердi (ККТ), ағымдағы тексерулердi (АТ), шұғыл бақылауды (ШБ) ұйымдастыру және өткiзу.

2. КҒТ қызметiн ұйымдастыру

      8. КҒТ-ның құрамы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетiнiң (бұдан әрi – Комитет) ведомстволық бағынысты ұйымдарымен жұмыс iстейтiн КҒТ-ның жұмыс жоспары Комитетпен келiсiлгеннен кейiн көрсетiлген ұйымдардың бұйрықтарымен бекiтiледi.


      9. Спорт түрлерiнен федерациялар спортты дамыту мәселелерiн үйлестiру мақсатында КҒТ құрамына спорт түрлерi бойынша федерациялардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитеттерiнiң мамандары тартылады.
      10. КҒТ-ның барлық мамандары ғылыми-әдiстемелiк және медициналық-биологиялық қамтамасыз ету бойынша жоспарланған iс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуын, тексеру нәтижесiнде алынған деректердiң дұрыстығына қамтамасыз етедi.
      11. Оқу-жаттығу жұмысын өткiзу кезiнде КҒТ-ның мамандары:
      1) спорт түрлерiнен мемлекеттiк және бас жаттықтырушылармен өз жұмыстарының бағдарламасын және орындалу регламентiн келiседi;
      2) бас жаттықтырушыға спортшылардың тексерiлуге келмеген жағдайлары туралы хабарлайды;
      3) тексерiс нәтижелерiн, спортшыларды даярлауды оңтайландыру бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды құрама командалардың жаттықтырушылар құрамына уақытылы ұсынады.
      12. КҒТ мамандарына оқу-жаттығу жиындарын өткiзу кезiнде КҒТ-ның жоспарланған iс-шараларын сапалы өткiзу үшiн тиiстi өндiрiстiк жағдайлар жасалады.
      13. КҒТ басшысы тереңдетiлген кешендi тексерiс ТКТ аяқталғаннан кейiн 10 күн iшiнде және кезеңдiк кешендi тексерiстен кейiн ККТ 5 күн iшiнде Комитетке және құрама команданың бас жаттықтырушысына есеп бередi.
      Есеп тексеру нәтижелерiн спортшылар денсаулығының жай-күйi туралы жеке қорытындыларды спортшылар дайындығын одан әрi жетiлдiру туралы ғылыми-әдiстемелiк және медициналық-биологиялық сипаттағы ұсынымдарды қамтуы тиiс.
      14. КҒТ құрамына мынадай мамандар мен ұйымдар жұмылдырылады:
      1) спорт түрлерiнен бiрлескен салалық бейiндегi мамандар (дене шынықтыру және спорт жөнiндегi ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарының ғылыми-техникалық әлеуетi бар басқа ұйымдардың базасындағы уақытша ғылыми ұжымдар);
      2) дәрiгерлер, массаж жасайтын мамандар және спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасы құрама командаларының жаттықтырушылары;
      3) медициналық тексерулердi, емдеу-алдын алу және қалпына келтiру iс-шараларын өткiзу, тренажерлiк-өлшеу стендтерiндегi спортшылардың даярлық деңгейiн тестiлеудi жүзеге асыру, бақылаудың биохимиялық, биомеханикалық және басқа да түрлерiн өткiзу үшiн келiсiм-шарт бойынша жұмылдырылған ұйымдардың, мекемелер мен кәсiпорындардың мамандары.

3. Ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету бойынша
КҒТ жұмысын ұйымдастыру

      15. Спортшылардың даярлығын ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:


      1) спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерiн және мықты шетелдiк спортшылар iшiнен негiзгi бәсекелестерi қатысқан соңғы жарыстардың (белгiлi мерзiмде – бiр жыл немесе төрт жылдық цикл) қорытындылары бойынша дайындау үдерiстерiн талдау;
      2) спорт түрiндегi спорттық жетiстiктердiң деңгейiн болжауға қатысу және Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының спортшылары үшiн маусымының негiзгi сөрелерiндегi спорттық нәтиженiң деңгейi бойынша жоспарлы көрсеткiштердi және барлық даярлық кезеңдерiндегi осы деңгейлерге сәйкес даярлық сипаттамаларын (нормативтiк көрсеткiштердi) анықтауға қатысу;
      3) спортшылардың даярлауды жоспарлауға қатысу;
      4) спорттық ғылым деректерiн талдау және алдыңғы қатардағы спорттық тәжiрибенi тарату, спорттық даярлықтың жаңа құралдарын әдiстерi мен құралдарын анықтау;
      5) спорттық даярлық құралдарының және жаңасын экспериментальды анықтау және олардың қолданыстағы әдiстерi мен технологияларын жетiлдiру;
      6) ұлттық құрама командалардың тәжiрибесiнде жаңа құралдарды, әдiстер мен технологияларды теңестiрiлген қолдану бойынша ұсынымдарды әзiрлеу.

4. Медициналық-биологиялық қамтамасыз
ету бойынша КҒТ жұмысын ұйымдастыру

      16. Спортшылардың даярлығын медициналық-биологиялық қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:


      1) құрама командалардың спортшыларын даярлау кезiнде функционалдық тамақтануды ұйымдастыру және бақылау;
      2) дайындалу кезеңдерiнде және жарыс уақытында Қазақстан Республикасы құрама командалары спортшыларының биологиялық белсендi қоспаларды (бұдан әрi – ББҚ) пайдалануының жеке бағдарламаларын әзiрлеу;
      3) жаттығу процестерiн түзету бойынша ҚҒТ нұсқауларын орындауды үйлестiру.
      17. Спортшылар мен командаларды даярлау үрдiсiн кешендi үйлестiру мынадай iс-шаралардан тұрады:
      1) стационарлық жағдайда өткiзiлетiн ТКТ;
      2) ақпарат алу үшiн стационарлық жағдайда немесе оқу-жаттығу жиындары жағдайында өткiзiлетiн ККТ;
      3) спортшылар мен командалардың жекелеген жақтарының даярлық деңгейi және даярлықтың берiлген кезеңiнде жоспарланған көлемнiң жүзеге асырылу деңгейi туралы ақпарат дайындау.
      18. АТ оқу-жаттығу жиындарында жағдайында жедел және сандық сапалы ақпаратты алу үшiн өткiзiледi:
      1) орындалатын және жоспарланған жаттықтыру жаттығулары тәртiптерiнiң сәйкестiгi туралы;
      2) орындалатын және жоспарланған жаттықтыру жаттығуларының биомеханикалық сипаттамалары бойынша сәйкестiгi туралы;
      3) жаттықтыру жаттығулары мен сабақтарының тактикалық және психологиялық мiндеттерiн iске асыру деңгейi туралы;
      4) спортшының ағымдағы функционалдық жай-күйi деңгейiн жаттықтыру мiндет жүктемесi шамасының деңгейiне барабарлығын бағалау бойынша;
      5) спортшының ағзасының жаттықтыру жүктемесiне жауап ретiнде (тез арада) бейiмделуiнiң сипаты мен шамасы туралы (жаттықтыру жаттығуына, жаттықтыру сабағына, жаттықтыру күнiне, жаттықтырудың шағын циклiне арналған мөлшер-әсер);
      6) қалпына келтiру iс-шараларының тиiмдiлiк деңгейi туралы;
      7) спортшылар мен командалардың жарыстарға қатысқан жағдайда және спорт нәтижеге қол жеткiзуге жауапты спортшылар мен командалар даярлығының жекелеген жақтарының деңгейi туралы ақпарат алуды қамтамасыз ететiн жарыс қызметiн тексеру нәтижелерi туралы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет